Тоқпен және электромагниттік өріспен ұлпаларға әсер еткенде пайда болатын үдеріс



бет1/3
Дата21.12.2023
өлшемі18,49 Kb.
#141971
  1   2   3

Тоқпен және электромагниттік өріспен ұлпаларға әсер еткенде
пайда болатын үдеріс
Барлық заттар зарядтар жүйесі болып табылатын молекулалардан тұрады. Сондықтан әр ағзаның күйі ол арқылы өтетін токқа және әсер ететін электромагниттік толқындарға тәуелді. Адам ағзасының маңызды бөлігін биологиялық сұйықтықтар құрайды, олар үлкен сандық иондарды құрайды, сондықтан олар әртүрлі алмасу процесстерге қатысады. Электр өрісінің әсерінен иондар әртүрлі жылдамдықта қозғалады және клеткалық мембраналар маңында жиналады, қарсы электрлік өріс құралады, ол поляризациаланған деп аталады. Сонымен алғашқы тұрақты тоқ іс – әрекеті иондардың қозғалысына байланысты, олардың бөлшектенген және өзгертілген концентрациясы әртүрлі элементарлық ұлпалар. Магнит өрісінің организмге тигізетін әсері мен тірі организм туғызатын магнит өрісін зерттейтін биофизиканың бір саласын магниттік биология деп атайды. Магнит өрісінің адам организміне әсері өте ерте заманнан-ақ зерттелген. Магнит өрісі нерв жүйесіне жақсы әсер ететінін орыс ғалымы С.П.Боткин ашқан. Тіпті магнит өрісімен кез-келген ауруды емдеп жазуға болады деп ғылымда дәлелденген. Магнит өрісі нерв жүйесіне тежегіштік әсер етеді. Ал қан айналым жүйесінде, қан тамырларының кеңеюін байқауға болады. Өте күшті магнит өрісінің әсерінен микроорганизмдер өсу жылдамдығы және оның өсу сипаты өзгеріске ұшырайды. Диагностикалық және терапевтік құралдардың ішінде қолданылатын электромагниттік (ЭМ) медициналық құралдар ең көп таралған, әрі жиі қолданылатындар санатына жатады. Осындай ЭМ жататын электр өрісі мен оның потенциялын, электр кедергісін, магнит өрісін және ЭМ тербелістер мен толқындарды диагностикалық және терапиялық мақсаттарда қолданады. Адам ағзасына тұрақты немесе айнымалы электр тогымен немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері электро физикалық әдістер қатынасына жатады.Жиілігіне сәйкес ол факторлар былай бөлінеді:
Төменгі жиілікті 0-20гц
Дыбыс жиілігіндегі(ДЖ) 20гц-20кГц
Ультрадыбысты жиілік(УДЖ) 20кГц-200кГц
Жоғары жиілікті(ЖЖ) 200кГц-30мГц
Ультражоғары жиілікті(УЖЖ) 30МГЦ-300МГц
Аса жоғары жиілікті(АЖЖ) 300МГц-тен жоғары.
Ағзаға әсер ететін айнымалы ток жиілікке тәуелді. Төменгі, дыбыстық және ультрадыбыстық жиіліктегі айнымалы ток биологиялық ұлпаларға тітіркендіргіштік әсер береді. Бұл құбылыс электролит ерітінділеріндегі иондардың ығысуымен түсіндіріледі. Адам ағзасына электро-физикалық факторлармен әсер ету әдістері 2-ге бөлінеді: токпен әсер ету және өріспен әсер ету. Токпен әсер ету кезінде электродтар адам денесіне тікелей жабыстырылады. Ал өріспен әсерету кезінде электродтар адам денесінен белгілі бір арақашықтықта орналасады. Адам ағзасына электір тогымен әсер ету әдістеріне мыналар жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет