Мембраналар: құрылысы



бет1/6
Дата14.09.2023
өлшемі6,85 Mb.
#107353
  1   2   3   4   5   6


medkrmu.kz

№ 1 Дәріс. Биологиялық мембраналар: құрылысы, қасиеттері және оларды зерттеу әдістері. Биологиялық мембраналар арқылы заттардың тасымалдануы


«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы Аға оқытушы Д. Уразакынов

Медициналық биофизика

Биологиялық мембраналар: құрылысы, қасиеттері және оларды зерттеу әдістері. Биологиялық мембраналар арқылы заттардың тасымалдануы.
Жоспары:

  • Биологиялық мембраналардың түрлері және олардың қызметтері.

  • Мембраналық липидтердің түрлері және олардың қасиеттері.

  • Мембрананың негізгі моделдері

  • Биологиялық мембрана арқылы зат тасымалы

Ағзаның өмір сүруін оқып үйренудің күрделілігінің бірі тірі ағзаның жоғары құрылымдығы. Тірі ағзаның құрылымдық және функционалдық бірлігі негізгі өмірлік функциялары өтетін жасуша болып табылады. Жасуша қоршаған ортамен заттың, энергияның және ақпараттың алмасуы жүретін ашық жүйені құрайды. Барлық жасушалар плазмалы (жасушалық) мембранамен қоршалған цитоплазмадан тұрады.


Кез-келген мембрана құрылымының негізін липидтердің екі моноқабатынан тұратын екі липидтік қабат құрайды. Екі қабаттың да гидрофобты “құйрықтары” ішке қарап жатады. Бұл кезде молекуланың гидрофобты бөлігінің сумен жанасуы азырақ болады.

БИОЛОГИЯЛЫҚ МЕМБРАНА


Биологиялық мембрана дегеніміз – жасушаны, жасуша ішілік органеллаларды және тіндерді қоршап тұратын жұқа қабықша. https://youtu.be/tSvhkZOuTrA



БИОЛОГИЯЛЫҚ МЕМБРАНА ТҮРЛЕРІ






  • Плазмолемма (жасушаның сыртқы қабаты)




  • Жасушаішілік мембраналар (вакуоль, ядро және басқалардың қабықшасы)




  • Базальді мембрана (тіндер қабықшасы)


МЕМБРАНА ҚЫЗМЕТТЕРІ

Биологиялық мебраналар ағзада көптеген функциялар атқарады: олар тепе-теңдік емес жағдайдағы ағзаны ұстап тұруға мүмкіндік беретін, жасушаны жеке бөліктерге бөліп отыратын (компартаменттер) жасушаны (цитоплазматикалық мембраналар немесе плазмалемма деп аталатын) және жасушалық органеллаларды қоршап тұрады; жасуша аралық байланысты түзейді, жасушаның механикалық қорғайды, зат тасымалын, нерв импульсін жүргізеді, АТФ синтезіне қатысады, кеңістікте ферментативті реакцияларды жүзеге асыратын мембрана ақуыздарының орналасуын, рецепторлар және иммундық жүйенің қызметін қамтамасыз етеді.



МЕМБРАНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет