ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ
№17 (708)
26 наурыз,
2015 жыл
Газет 1931 жылдың
5 тамызынан шыға бастады.
e-mail: akketikaraii@mail.ru
ТҮ
ПҚ
АРАҒА
Н
АРДАГЕРЛЕР
АРДАҚТАУҒА ЛАЙЫҚ
Қазақы дәстүр бойынша қай істің
болмасын басында алдымен ақсақал
ды қарияның батасы жүреді. Қазақы
жаңа жыл саналатын бұл күнде наурыз
бата міндетті түрде айтылса, кейін
анала рымыз молшылық болсын деген
ниетте шашуын шашты. Осылай бас
талған тойдың ақ тілектерін аудан әкімі
Темірбек Асауов, аудандық мәслихат
хатшысы Айкүміс Досанова және ар
дагерлер кеңесінің төрағасы Боқан
Таңғұлов жалғап, аудан халқын жаңа
қой жылымен құттықтады. Өз сөзінде
аудан әкімі Темірбек Асауов өткен жыл
дардағы жасалған істерге тоқталып,
осы жылы да атқарылар көп істердің
бар екендігін айтса, Айкүміс Досанова
әлемдегі дағдарыстарға тоқталмай өт
педі. Десек те, қазақ хандығының 550
жылдығы, Қазақстан халықтары Ассам
блеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің
70 жылдық атаулы мерекелері өз дең
гейінде өтетіндігін, Қазақстан халқы ның
бірлігі мен ынтымағының сақталуы ең
асыл іс екендігін жеткізді.
Самарқанның көк тасын еріткен нағыз
шуақты күн Ақкетікте осы мейрамда
болды. Маңғыстаудың, соның ішіндегі
Ақкетіктің көктем басталса қатар жү
ретін шаңы осы жылы ішін бір тый
ғандай. Жылда ауарайына қарамай
көңіл ді жүретін көпшілікке мамыражай
көктем шуағында тойланған мейрам
жылдағыдан да әсерлі өткен секілді.
Тізілген киіз үйлерде жайылған дас
тархан басы үлкендер әңгімесімен
әсерленсе, сыртта жастар жағы наурыз
көже сайысы бойынша таратылған дәм
дер ден ауыз тиіп, алтыбақан тебісіп,
күш сынасып, арқан тартысып, асық
атып, тоғызқұмалақтан жарысқа түссе,
енді бірлері бөрене басына тігілген сый
лық тар үшін сайысып жатты.
Қа зақша күрес өткен жердегі көрініс
бір бөлек. Көбі қазақтың қара дома
лақтары, бірбірінен асып түсіп, жеңілуді
намыс са нап тұрған азаматтар атадан
қалған спорттың бұл түрінде болашақ
барын ұққызғандай. Өнерге жақын көп
шілік сахна маңында наурыз туралы
көрі ніс терді, аудан, ауылдық жерлерден
кел ген өнерпаздардың әндері мен
билерін тамашалады.
«Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі
Қазығұрт тауына келген сәтте, жердің
бетін жайлаған топан су кері қайтады.
Сол сәт жер бетіне табаны тиген бар
лық тіршілік иелері көк аспаннан түскен
қасиетті қазаннан бірге дәм татады.
Содан бұл күнді ұлыстың ұлы күні деп
жариялайды» деп келтіреді кейбір
дерек көздерінде. Наурызды тойлау
бүгін пайда болмағаны анық, 3000
жылдық тарихы бар мерекені тойлау
дағы ниет – адамзатты мейірім ділікке,
ізгілікке шақырып, өкперенішті ұмыт
тырып, бірбіріне жақындастыру. Адам
заттың бірбіріне деген ниеті бұзылған
жағдайда жер бетіндегі жақсылық та
бірге жоғалары анық. Лайым да, тыныш
тық пен береке қазағымның басына
қонған бағы болып, қой үстіне бозторғай
жұ мыртқалаған жыл болсын!
Клара ҚАНСҰЛТАНОВА
ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚОШАҚАН ЖЫЛ!
ҚОЙ ЖЫЛЫНДА
МОЛШЫЛЫҚ БОЛСЫН!
Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда, деп әндететініміздей, Ақкетіктің орталығы Ұлыстың
ұлы күнінде тойдың дүркіреп өтетін орнына айналғалы қашан. Осы жылы да нағыз қазақы киіз үйлер
тігіліп, сахна алды әдемі безендіріліп, жастарға арналып алтыбақан да орнатылып қойылыпты. 22 күні
ертемен дүбірлі тойға жиналған көпшілікте жасы да, таяққа сүйенген қарияларымыз да ата дәстүрді тағы
бір жаңғыртып, қазақы киімдерді де киюден танбаған. Қарап көз сүйсінетін көрініс. Себебі, бұл күн ұмыт
болған ата-баба дәстүрін еске салатын, көктемді күткен көңілдерге қуаныш ала келетін, үзілген үміттерді
жалғайтын, ұлт дәстүрін үйретуден талмайтын, бүкіл әлемге бақыт пен береке, бейбітшілік дарытатын –
төл мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні емес пе?!
Болпан Заманова
1926 жылы Гурьев
облысы, Манғыстау
аймағы, Қарқын ау
лында шаруа жан
ұясында
дүниеге
келген. Кішкен та йы
нан қой баққан, әке
шешесінің кө мек ші сі
болған
еңбекқор
Болпан небары 15
ж а с ы н д а 1 9 4 1
жылы Ұлы Отан
соғысы басталған
тұс таең бекке тартылады. Алайда, бұл кісінің
құжаттары бойынша тылдағы еңбегін 1943
жылдан бастап Таушық елді ме кенінде
ашылған Маңғыстау кен ком бинатында «За
бойчик» болып жұмыс бастағандығы белгілі.
Осы жұмыстан 1963 жылы Маңғыстау кең
комбинаты жабылып, көмір қазу тоқ таған
кезде ғана бір шыққан. 20 жыл шахтаның
ауыр жұмысын жасағанына қарамастан, Бол
пан апай қарап қалмай, 1963 жылдан 1990
жылға дейін әртүрлі жұмыстарымен айна
лысты.
Заманова Болпанның соғыс жылда рын
дағы тынымсыз еңбегі үшін «Ұлы Отан соғы
сының жеңісіне 50 жыл», «Ұлы Отан соғы
сының жеңісіне 60 жыл» медальдарымен
марапатталды. Еңбек тегі ерен істері үшін
1983 жылы «Социа листік еңбек озаты», 1987
жылы «Бірінші тоқсанның жеңімпазы», ал
1988 жылы «Халықаралық кооперацияға 66
жыл» болғанына «Алғыс хатпен» мара пат
талған екен.
Заманова Болпан ұлқыз өсіріп, еліне
белсенді азаматтарды тәрбиелеп, қа тарға
қосты. Жиеннемерелері бар, үл кен ұлағатты
жанұя. 2002 жылы Болпан апай дүниеден
өтті.
Артында қалған ұл–қыздары мен ұрпағы
үшін Жеңіске 70 жыл қарсаңын да оның атын
атап өтуді жөн санадым. Жеңісті жақын
датқан жан ретінде Болпан ананың еңбегі
ерен. Ел ұрпағының бейбіт күн кешуіне тылда
тынымсыз тірлік еткен жандар ешқашан
ұмытылмасы анық.
Осындай кісілердің тылдағы еңбегі бола
шақ ұрпаққа үлгі етіп көрсетілсе деген жақсы
ниет пен тілек бар. Алда Ұлы Отан соғысының
жеңісіне 70 жыл толуына бай ланысты осын
дай кісілердің есімдерін еске алып, ес керілсе
деймін.
Тілекбай ДЕМЕГЕНОВ,
жиені
ТЫЛДА ТЫНЫМ
ТАППАҒАН БОЛПАН АПА
Ұлы Отан соғысы
басталған сәттен елдегі
барлық кәрі –жас
еңбекке тартылды.
Тылдың тынымсыз
тірлігі әрбір жанның
жеңіс үшін жасаған
үлесі еді... 1939 жылы Маңғыстау дағы
Таушық жерінен көмір кені ашылып, оның
қоры 100 миллион тонна деп бағаланған
болса, онда бес шахта жұмыс жасаған
екен. Дәл осы шахта тылдың тірегі,
соғысқа жіберілген негізгі көмектің өзегі
еді. Сол шахталардағы жұ мыс негізінен
ауыр болса да, әйел дердің мойнын да
болатын. Сондай әйел дердің бірі Болпан
Заманова еді.
2
akketikaraii@mail.ru
№17 (708) 26 наурыз 2015 ж.
Облыстық төтенше жағдайлар бөлімі нің
бастығы Қ. Базарбаев аудандық төтен ше
жағдайлар бөлімдерінде болып, құт қа ру
шылардың жайкүйімен танысты. Сон дайақ
аудандық судан құтқару бөлімі не 6 адам дық
су жаңа моторлы қайық бе рілді. 1 ком плекті
сүңгуірлерге арнал ған киімдері де бар.
Мұның бір артық шылығы бұрынғы ка
теріміз Бау тинде жағалауда тұратын, оны кез
келген жерден теңізге қоса алмайтын быз, ал
мына жаңа қайық кезкелген жерден құт
қаруға дайын, жеңіл, осы қаламыз дағы тұр
ғындар көп келетін теңіз жағасында тұ рады,
және оны кезкелген жер ден жа ғаға да, суға
да сала аламыз дейді, аудандық судан
құтқару бөлімінің бас тығы Б.Тілемісов.
Биылғы жылдың 3 айының қоры тын дысы
бойынша судан құтқару қызметін де төтенше
жағдайлар тіркелмеген. Бұл өт кен жылғы осы
кезеңдегі аралықпен са лыстырғанда жақсы
көрсеткіш.
Жадыра ЖОЛДАСОВА
Наурыз айында барша жұрт тал егіп,
айналасын абаттандырып жатады. Биыл да
жылдағы дәстүріміз бойынша «Нау рыз тал»
егу рәсімі Ұлы жеңістің 70 жылдық мереке
сіне «70 жылға – 70 тал» деген ұранмен жас
шыбықтар отыр ғызылды.
Тал егу шарасына аудан әкімі Т.Т.Асауов
қатысып, «Атаңнан мал қал ғанша, тал қал
сын» деген ұстаныммен орталық сая бақта
жастармен біріге тал егуге қатысты.
Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңістің 70 жыл
дық мерекесі жастарымыздың бо йын дағы
Отансүйгіштік қасиетін оятады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төр ағасы
Б.Таңғұлов пен ау
дандық
«Жас Отан»
жас тар
қана тының
атқарушы
хат шысы
Г.Бекшеева сөз сөйлеп
жастар мен аудан тұр
ғын дарын 26сәуірдегі
Президент сай ла уына
атса лы суға ша қыр ды.
Тал егу рәсіміне Жас
отандық жастардың ат
са лы суымен, ұлттық на
қышта киін ген ақжау
лықты
ана ла рымыз,
әже леріміз егілген шы
бықтарға ақ құйды.
Рәсім со нында жастар
«Мың тағзым, саған
Ұлы Жеңіс! Ұрпаққа
ұран болған Ұлы Же ңіс!» деп ұрандатты.
«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым
биік болуы тиіс. Жастары жа лын жүректі,
өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің
еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл, жас
отаншыл, патриот келеді, халқына өз ұлтына
адал қызмет етуге ұмтылады» деп Елбасы
бүгінгі жас ұрпаққа өз сенімін білдірген.
Жастар елімізде болып жатырған жаңа баста
малардың жаршысы ретінде өз үлестерін
қосып қана қоймай, Ел бірлігі сыналар сәтте
де елмен бірге!
Жадыра ЕДІГЕҚЫЗЫ
«Нұр Отан» партиясы Түпқараған ау
дандық филиалы жанындағы «Жас Отан»
Жастар қанатының кезектен тыс V конфе
ренциясында «Жас Отан» Жас тар қана
тының 2020 жылға дейінгі бағ дар ла
масының жобасын талқылап, Маң ғыстау
облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының
V кезектен тыс кон фе рен ция сына деле
гаттар сайланды. Кон фе ренцияны ау дан
дық «Нұр Отан» пар тиясы фи лиа лы төр
ағасының
бірінші
орын басары
О. Жарыл ғапова ашып, жүр гізіп отырды.
Аудандық конференцияға ауданға қа
расты мекеме жастары, белсенділер, қо
ғамдық ұйым, БАҚ, өкілдері барлығы 33
делегат қатысты. Жастар партия төр аға сы,
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың жас тарға
қа тысты жүргізіп отырған сая сатын қол
дайтындықтарын жеткізді. Об лыстық кон
ференцияға қатысуға ауда нымыз дың ең
белсенді жастары делегат ретінде қа
тысатын болды.
Жадыра ЖОЛДАСОВА
70 ЖЫЛҒА – 70 ТАЛ!
«Көктемнің әр күні жылға азық» деп халқымыз бекерге айтпаған. Жер
ана еміреніп, дала төсі бусанып жатыр. Көктем мезгілі ағаш отырғызатын
қолайлы кезеңдердің бірі. Наурыз – табиғаттың күн мен түні теңескен
күні, наурыз барлық ұлт баласының табысқан күні.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
«ЖАС ОТАН»
КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
СҮЙІНШІ!
ҚҰТҚАРУ ҚҰРАЛДАРЫ
ЖАҢАРДЫ
Кездесуге мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтер, атааналар комитетінің мүшелері,
жеке кәсіпкерлер қатысып, аталған тақырыпта өз ойларын ортаға салды. Жиналыс барысында
аудандық білім бөлімінің маманы Гүлнұр Нұрымбетова аудан бойынша мектеп оқушыларының
ыстық тамақпен қамтылуы туралы айтып өтті. Аудан прокурорының орынбасары Қарымсақ
Нұркен Аманқосұлы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алмас Ысқақов, аудандық
тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Б. Саралтаев баяндама оқыды.
«Түпқараған ауданында 8 жалпы білім беретін орта мектеп бар. Қазіргі таңда мектептің 111
сынбында жалпы саны 5358 оқушы білім алады. Сонымен бірге мектепалды даярлық
сыныбындағы бала саны 719. Аудан бойынша орта мектептерде барлығы 6077 оқушы оқиды.
Жалпы алғанда ыстық тамақпен 1309 оқушы, оның ішінде аз қамтылған, мүжәлсіз, т.б. отбасы
балалары 583, 1сынып оқушылары 726, ал буфеттік, ақылы ыстық тамақпен 3607 оқушы,
барлығын қоса алғанда 4916 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл оқушылардың
91,6 пайызын құрайды. Мектептерде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
бойынша көрсетілген қызметтерді берушілерді таңдау өткізіліп, конкурстан ұтып алған жеке
кәсіпкермен 1 балаға 286287 теңгеден тамақ беруге келісімшарт жасалынды» деді білім
бөлімінен келген маман. Атап айтсақ Е.Өмірбаев және М.Әбдіхалықов атындағы орта
мектептерінің білім алушыларын тамақтандыруға жауапты жеке кәсіпкер Мейірман Назира
Тілегенқызы, З.Баймырзаев атындағы орта мектебі мен Ж.Мыңбаев атындағы орта
мектептерінің білім алушыларын тамақтандыруға жауапты жеке кәсіпкер Саудабаева Шара
Құлмырзақызы, М.Горький атындағы мектеплицейінің білім алушыларын тамақтандыруға
жауапты жеке кәсіпкер Қарғабаев Теңел Амангелдіұлы, Шахта орта мектебінің білім
алушыларын тамақтандыруға жауапты жеке кәсіпкер Тасимова Шынар Сырымқызы, №1
мектеплицейінің білім алушыларын тамақтандыруға жауапты жеке кәсіпкер Толқын Түйебаева,
Ақшұқыр мектеплицейінің білім алушыларын тамақтандыруға жауапты жеке кәсіпкер
Тұралиева Фируза Ыбырайқызы екендігі айтылса, бұлардың қызметіне асханада оқушылардың
ыстық тамағының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалайтын арнайы комиссия мүшелері
құрылған. Барлық мектепте 1сынып және аз қамтылған оқушыларына беріліп отырған тегін
ыстық тамақтың екі апталық ас мәзірі Түпқараған ауданы бойынша Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасымен келісілген түрде бекітіліп отырады. Оқушыларды ыстық
тамақпен қамту Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64
қаулысы «Әлеуметтік қорғалмаған білім алшылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан
білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау
ережесін бекіту туралы» мен ҚРҮ 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысы «Әлеуметтік
көмек көрсетілген азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру
қағидаларын бекіту туралы» және ҚРҮ №320 қаулысына 15 қосымша (ыстық тамақтың бір
күндік мөлшері) және ҚРҮ №64 қаулысына өзерістер енгізу бойынша №255 қаулысына
негізделіп жасалған. Заң бұзушылықтардың алдын алуда аудандық прокуратура қызметкерлері
бұл заң орындалысын қадағалауда ұстайтынын жеткізді.
Клара ҚАНСҰЛТАНОВА
ТАМАҚТАНДЫРУ ЖАЙЫ
ТАЛҚЫЛАНДЫ
17 наурыз күні Есбол Өмірбаев орта мектебі базасында аудандық
білім бөлімі, аудандық прокуратура, аудандық төтенше жағдайлар бө
лімінің, аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының
ұйымдастыруымен «Мектептерде білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер туралы» тақырыпта
жиналыс өткізілді.
ЖИЫН
Түпқараған аудандық мәслихатының сессиясы төрағасының
ШЕШІМІ
Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сес
сиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148ІІ «Қазақстан Респуб ли
касындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы» Заңының 10 бабына
сәйкес
ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы
сессиясы 2015 жылғы 30 наурызда ФортШевченко қаласында шақырылсын.
Сессия төрағасы А.ҚОСУАҚОВ
25 наурыз 2015 жыл №44ш
Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының
кезекті жиырма тоғызыншы сессиясының күн тәртібі:
1.Аудандық мәслихаттың 20152017 жылдар аралығындағы аудандық бюджетке өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы.
2. Аудандық мәслихаттың отызыншы сессиясының төрағасы туралы.
Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының
депутаттарының назарына!
Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы
сессиясы 2015 жылғы 30 наурызда сағат 14 00 –де аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында
басталады.
Аудандық мәслихат хатшысы А. ДОСАНОВА
3
akketikaraii@mail.ru
Білім
№17 (708) 26 наурыз 2015 ж.
Жаңа Заңның талаптарына сәйкес, ҚК-не
бірқатар өзгерістер енгізіліп, қылмыстық құ-
қық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және
жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыс-
тар және қылмыстық теріс қылықтар болып екіге бөлінді (ҚК 10-бабының 1-бөлігі).
Қылмыстық теріс қылық ұғымына тоқталатын болсақ, қылмыстық теріс қылық деп
қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген, не адамның жеке басына,
ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны
үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу
түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет танылған (ҚК 10-бабының
3-бөлігі).
Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарымен қылмыстық құқық бұзушылықтың
алдын алу барысында, тәжірибеде кеңінен қылмыстық теріс қылықтың жолын кесу
жүзеге асырылуда.
Айта кететін мәселе, бұрынғы күші жойылған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының Кодексіне сай бөтеннің мүлкiн ұсақ-түйектеп ұрлау
136-бабымен сараланып, ең ауыр жаза 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға
алу көзделген болса, қазіргі жаңа Заңның талаптарына сәйкес, қылмыстық теріс
қылық болып танылып, ҚК 187-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылып, ең
ауыр жаза 90 (тоқсан) тәулік мерзімге қамаққа алу белгіленген.
Мысал ретінде, 2015 жылдың 31 қаңтарында азаматшалар Т.Н.-ға және О.Б.-ға
қатысты қонақ үйде орын алған, яғни асхана ішінде сақтаулы тұрған азық-түлікті
ұсақ-түйек жымқыру дерегі бойынша ҚК 187-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі
тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде аталған күдіктілер жәбірленушімен тату-
ласуына және келітірілген зиянды қалпына келтірулеріне байланысты қылмыстық
істің өндірісі тоқтатылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Осыған орай, аудан прокуратурасы барлық азаматтарды жаңа Заңның та-
лаптарымен танысып, қылмысқа жол бермеуге шақырады.
Тұрлан МАЙЛАНОВ,
Түпқараған ауданы
прокурорының көмекшісі, 2-сыныпты заңгер
Сот органдарының сервисіне элек-
тронды түрде кіруге арналған бірыңғай
терезе болып табылатын онлайн ре-
жиміндегі «сот кабинеті» интернет –
сервисін жүзеге асыратын бағдарлама
былтырдан бері іске асып келе жатыр.
Алайда, «Сот кабинеті» арқылы элек-
тронды түрде талап арыздарды беруге,
шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға,
сонымен қатар, істің қаралу барысын
бақылауға мүмкіндіктерді кеңінен пай-
далануға әлі де болса кейбір мекемелер
құлықсыздық танытып келеді. Негізінен
өз жұмысыңызды жеңілдетіп, уақытты
үнемдей түсетін бұл бағдарламаның
сервисінің тиімділігі тіркелушіге қолай-
лы. Сізді қағазбастылық пен шалғай
қаты насқа жүрістен, уақыт жоғалтудан
бөлек, қызметкерлердің бәлсіну, бю ро-
краттық қатынастарынан құтқарып, ісі-
ңіз дің жүрісін, арызыңыздың қоры тылуын
сот кабинеті арқылы үйден шық пай-ақ,
бақылап,
таныса
аласыз. Оған алдымен
ғаламторыңыз
болса,
кейіннен ХҚКО арнайы
электронды
цифр лы
қол таңба ал саңыз, ке-
йін нен «сот каби не тіне»
тіркелсеңіз ғана бол-
ғаны. Қалған шаруа сіл-
теме арқылы орна-
ласқан бағыттармен ба-
тырманы басу арқылы
бір қайырасыз.
Осы жөнінде кеңінен
түсінік алып, танысу
үшін арнайы Түпқараған
ау дандық
сотының
ұйым дастыруымен өткен
басқосуда ауданға қа-
расты барлық мекеме
заңгерлері мен өкілдері қатынасты.
Негізінен бүгінде аудан бойынша бұл
жүйе негізінде аудандық сот жұмысқа
көшіп үлгерген, алайда ау данда орна-
ласқан ХҚКО тарапынан кедергілер көп
көрінеді. Бұл жөнінде жиынды ұйым-
дастырушы аудандық со тының судьясы
Рақымжан Бисенов жә не ау дандық
соттың кеңсе меңгерушісі Гүлмира
Ниязбаева айтты. Сонымен қатар, бүгінгі
таңда аудан бойынша кілт алып, тіркеліп,
өз өтініштерін электронды түрде іштен
шықпай уақыттарын үнемдей отыра
қызмет атқарып отырған бірнеше ме-
кемелер бары да айтылды. Сондай-ақ,
жеке тұлғалардың да «сот кабинеті»
арқылы арыз беріп, істерін бақылап
отырғандары бар. Аудан бойынша қа-
ралған істің көбісі осы жүйеге тиімділігі
үшін жүгінген екен.
Милана ЕЛЕУСІНОВА
ОЗЫҚ ЗАМАН
СОТ КАБИНЕТІНЕ КІЛТ
АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ
ЖАҢА ЗАҢ – ЖАҢА ТАЛАП
2015 жылдың қаңтар айының 1-нен
бастап, 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-
V Заңымен қабылданған Қазақстан
Республикасының Қыл мыстық ко-
дексі (әрі қарай – қолданыстағы ҚК)
қол данысқа енгізілді.
ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
№5 23 наурыз 2015 жыл
Түпқараған ауданы бойынша сайлау
комиссияларының құрамына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының10,19 баптарын және
«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №1018
Жарлығын басшылыққа ала отырып,Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
№127 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына:
1.Отбасылық жағдайына байланысты шығарылған Айдаров Өміржан Берді-
ғалиұлының орнына Казиева Алмагул Балшыбаевна, 1973 ж.т., партияда жоқ,
Форт-Шевченко қаласы тұрғыны, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің ди-
ректоры тағайындалсын;
№128 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына:
1. Отбасылық жағдайына байланысты шығарылған Капурын Мадина Махам-
бетовнаның орнына Нұрадинова Салтанат Алмасовна, 1989 ж.т., партияда жоқ,
Форт-Шевченко қаласының тұрғыны, нотариус көмекшісі тағайындалсын;
№129 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына:
1. Отбасылық жағдайына байланысты шығарылған Ермекбаева Аманкул
Ерсайынқызының орнына Ермекбаева Узил Ахметовна,1963 ж.т.,партияда жоқ,
Баутин ауылының тұрғыны, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының шаруа-
шылық саласының меңгерушісі тағайындалсын;
№130 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына:
1. Денсаулығына байланысты шығарылған Доғдырбаева Жанаргүл Құралқызы-
ның орнына Айжанова Галия Рахметовна, 1954 ж.т., партияда жоқ, Баутин ауылы
тұрғыны, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының кітапханашысы таға-
йындалсын;
№133 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына:
1.Отбасылық жағдайына байланысты шығарылған Амантаев Қамбар Өте-
генұлының орнына Тлеубаева Қаламқас Қалиқызы, 1957 ж.т., партияда жоқ, Ақ-
шұ қыр ауылының тұрғыны, Ақшұқыр мектеп-лицейінің директоры;
2.Отбасылық жағдайына байланысты шығарылған Чаханова Гульфира
Конысбаевнаның орнына Жүсіпова Жазира Өтесінқызы, 1986 ж.т., партияда жоқ,
С.Шапағатов селолық округі тұрғыны, Ақшұқыр мектеп-лицейінің директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тағайындалсын;
2. Түпқараған ауданы бойынша сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы осы қаулы сайлаушылар танысу үшін бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялансын.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы
А. ҚУАНБАЙ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ ТУПКАРАГАНСКОЙ
РАЙОННОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИСИИ
№5 23 март 2015 год
О внесении изменений и дополнений в составы
избирательных комисси по Тупкараганскому району
Руководствуясь статьями 10, 19 Конституционного Закона Республики Казахстан
«О выборах в Республике Казахстан» от 28 сентября 1995 года и Указом Президен-
та Республики Казахстана «О назначении внеочередных выборов Президен та
Республики Казахстан» от 25 февраля 2015 года № 1018, Тупкараганская район-
ная избирательная комиссия
ПОСТАНОВЛЯЕТ:
Всостав участковой избирательной комиссии №127:
1. Назначить вместо Айдарова Умиржан Бердигалиевича, выбывшего по се-
мейным обстоятельствам, Казиеву Алмагул Балшыбаевну,1973 г.р., жителя города
Форт-Шевченко, директора школы-лицея имени А.М.Горького, беспартийная;
В состав участковой избирательной комиссии №128:
1Назначить вместо Капурин Мадины Махамбетовны, выбывшей по семейным
обстоятельствам, Нурадинову Салтанат Алмасовну,1988 г.р., жителя города Форт-
Шевченко, помощник нотариуса, беспартийная;
В состав участковой избирательной комиссии №129:
1. Назначить вместо Ермекбаевой Аманкул Ерсайыновны, выбывшей по се-
мейным обстоятельствам, Ермекбаеву Узил Ахметовну,1963 г.р., жителя села
Баутино, заведующая по хозяйственной части школы-гимназии им.Ж.Мынбаева,
беспартийная;
В состав участковой избирательной комиссии №130:
1. Назначить вместо Догдырбаевой Жанаргул Кураловны, выбывшей по сос-
тоянию здоровья, Айжанову Галия Рахметовну, 1954 г.р., жителя села Баутино,
библиотекарь , беспартийная;
Всостав участковой избирательной комиссии №133:
1. Назначить вместо Амантаева Камбар Утелгеновича, выбывшего по семейным
обстоятельствам, Тлеубаеву Каламкас Калиевну, 1957 г.р.,жителя села Акшукур,
директор школы-лицея Акшукур, беспартийная;
2. Вместо Чахановой Гульфиры Конысбаевны, выбывшей по семейным об-
стоятельствам, Жусипову Жазира Отесиновну, 1986 г.р., жителя сельского округа
С.Шапагатова, заместитель директора по воспитательной части обще обра-
зовательной школы–лицея Акшукур, беспартийная.
2. Опубликовать настоящее постановление о внесении изменений и дополнений в
составы избирательных комиссии по Тупкараганскому району в средствах массо-
вой информации для ознакомления избирателей.
Председатель районной избирательной комиссии А. КУАНБАЙ
4
akketikaraii@mail.ru
ТҮ
ПҚ
АРАҒА
Н
Меншік иесі:
Газет Ќазаќстан Республикасы Мәдениет және аќпарат министрлігінде тіркеліп,
№13362-Г куєлігі берілген.
Газет жарияланымдарындаѓы автор пiкiрi редакцияныњ т‰пкiлiктi кµзќарасы болып есептелмейдi.
Жарияланѓан материалдарды сiлтемесiз кµшiрiп басуѓа болмайды.
Жарнама, хабарландырулар мазм±нына редакция жауап бермейді.
Редакцияѓа жолданѓан материалдарѓа рецензия жасалмайды жєне ќолжазба авторѓа ќайтарылмайды.
Тақырыптық суреттер ғаламтордан алынады
Газет “Маңғыстау - Медиа” ЖШС Ақпарат және дизайн орталығында беттелдi.
Мекенжайымыз:
Аќтау ќаласы , 14 ш/а, Облыстыќ єкімдік ‰йі, 2-ќабат. Қабылдау бөлмесі 8 (7292) 42 97 95
e-mail:mangistau-media@mail.ru
Таралымы:1050
Индекс: 65809.
газеттің бағасы келісімді.
«CASPY PRINT» ЖШС
баспаханасында басылды.
130000, Аќтау ќаласы, 22 ш/а.
тел: 750999, 750666.
Беттеуші дизайнер: Асем РАБАЕВА
Редактор: Милана ЕЛЕУСІНОВА
Тілшілер: Жадыра ЖОЛДАСОВА; Мұқанбетулла КЕМЕР
Редакцияның мекенжайы:
Маңғыстау облысы, Түпқараған
ауданы, Форт-Шевченко қаласы,кіші
акимат ғимараты. № 21-22 кабинет
ТЕЛ/факс: 8(72938) 22-59-6,
e-mail: akketikaraii@mail.ru
Түпқараған аудандық қоғамдық-саяси газет
ТҮ
ПҚ
АРАҒА
Н
Директор:
Маңдайлы ҚОСЫМБАЙ
АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
26 НАУРЫЗ
түнде: +4 күндіз: +13
27 НАУРЫЗ
түнде: +6 күндіз +14
28 НАУРЫЗ
түнде: +7 күндіз +11
29 НАУРЫЗ
түнде: 0 күндіз 0
Жетекшісі: Сағындық РЗАХМЕТОВ
Фототілші: Айсағали ҚЫДЫР
№17 (708) 26 наурыз 2015 ж.
«Балбөбек» балабақшасының «Балдәурен» тобы
бұл жолы да ертеңгіліктерін ерекше өткізді. Ата мен
әже бейнелерін сомдаған бүлдіршіндер бірі шашу
шашып, ақ ұсынса, бірі бесікке салу, ат қою рәсімдерін,
тұрмыс-салттарын сах налады. Ән мен биде
де десте бермеген бүл діршіндердің бар да-
йындығын жасақтаған тәр биешілер Гүлжан
Шүкірбаева мен Әлия Ағод жанова лар Тазша
баланы ша қы рып «Қыз қуу» ұлттық ойынын
ойнатып, балаларды бір серпілтті. Викто-
риналық сұрақ тар мен білім дерін саралап,
саналарын сергітті. Бала бақ шаның жаңа ән
жетекшісі Айнұр Қараба лаева бұл жолғы
ертеңгілікте бала қайлардың ән ре пертуарын
жаңартқа ндығы байқалады. Жаңа балалар
әндері «Көктем келді», «Наурыз», «Киіз
басу», «Әжем» ән дерімен әрлей түссе, бүл-
діршіндер Жансейіт, Шадияр, Камила,
Элина, Азамат, Жан еркемдер қойылымдағы
өз рөл дерін кере мет сомдады.
Би мен әннен өріліп, наурыздың нақышын
танытқан ертең гілік ел ертеңінің тізгінін ұстар ұрпақ
бойына ұлағат сіңірері сөзсіз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Балабақшаның І-сәбилер тобында «Шілдехана»,
«Бесікке салу» рәсімі ата-анамен бірлесе көңілді
өтсе, ал ІІ-сәбилер тобында «Тұсау кесу» рәсімінде
Сайын ата мен Артық әженің немересі Айсұлтан ның
тұсауы кесіліп, көңілдерге қуаныш сыйлады. Ор-
таңғы топта «Сүн дет той»
рәсімінде Бей неубай ата
мен Тоқсұлу әженің не-
мересі Жанболатты сүн-
деттеу ерекше қызықты
өтті. Ал ересектер тобы
«тіл ашар» рәсімінде ата-
анамен бірлесе ұйым-
дастырылып, бүлдір шін-
дердің өнерлерін тама-
шалаумен мерекелік іс-
шара аяқталды. Салт-дәс-
түрлерді ұйымдастыру нә-
ти жесінде балабақша мен
ата-аналар
арасындағы
бай ланыс шыңдала түсіп,
«ұлт тық
салт-дәстүр-ұр-
пақ қа өне ге» де гендей, ұрпақ тәр биесіне ұлағат
орнайтыны белгілі.
А. СОҢБЕРГЕНОВА,
МКҚК «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі
Сондай ерекше ертеңгіліктің бірін аталмыш мек теп–
гимназиясы ның 1 «а» сыныбы жетекшісі Айгүл
Дауымшарова ұйым дастырыпты. Оқушылар көріністер
мен қатар, ұлыс туралы, салт-дәстүр туралы білімдерін
ортаға салып, өнерлерін көрсетті. Сынып ата-аналары
өздерінің дайындаған «тұ сау кесу» рәсімін оқушыларға
салтты таныту үшін көрсетсе, оқушылар мағлұмат
алды. Сыныпта арнайы ұлттық та ғамдардан ақ
дастархан жайылып, сынып әжесінің «Наурыз кө-
жесінен» дәм татылды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
ЛИЦЕНЗИЯ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті
мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мем лекеттік реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толық ты рулар енгізу туралы» 2014
жылғы 18 маусымдағы №210-V ЗРК Қазақстан Республикасы Заңымен
«Салық және бюджетке төле нетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Респуб лика сының Кодексі нің (Салық кодексі) 472-бабы 2 және
3-тармақтарына өзгерістер бойынша түсініктемелермен таныстырамыз.
Салық кодексінің 472-бабының 2-тармағына сәйкес алкоголь өнімін өндіру
аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті
қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек
саудада өткізу бойынша қызметті қос пағанда, ойын бизнесі саласындағы
немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша,
алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өкізу бойынша қызметті жүзеге
асыруға лицензия алатын төлеушілер лицензиялық алым (бұдан әрі - алым)
сомасын лицензияға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.
Бұл ретте, Салық кодексінің осы бабының 3-тармағымен осы баптың
2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған
төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асы рудың бірінші жылын
қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағым дағы жылдың 20 қаңтарына
дейін төлейді.
Осылайша, Салық кодексінің 472-бабы 2-тармағында көрсетілген алымды
төлеушілер алым сомасын:
лицензия алған жылда-лицензияны алуға тиісті құжаттарды тап сырғанға
дейін бюджетке төлейді;
лицензияны алған жылдан кейінгі жылдары-жыл сайын ағымдағы жылдың
20 қаңтарына дейін төлейді.
Түпқараған ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
ФОРТ-ШЕВЧЕНКО
ТАУШЫҚ АУЫЛЫ
НҰРЫН ШАШҚАН НАУРЫЗ
Таушық селосындағы «Айгүл» балабақшасында Наурыз мерекесіне орай, ата-
аналармен бірлесіп дайындаған «Нұрын шашқан Наурыз» атты мерекелік іс-шаралар
өткізілді. Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру, елін, Отанын сүюге,
имандылыққа, инабаттылыққа, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу, ата-
анамен байланысты нығайтуды мақсат еткен бұл шара өте қызықты өтті.
БАУТИН АУЫЛЫ
ХАБАР АЙТАМЫЗ
Биманов Айтқали Тәжіғалиұлының 100 күндік садақасы
наурыздың (27-қона қасы), 28-күні болатынын хабар лаймыз.
Болатын жері: «Самал» шағын ауданы, № 49 үй
«Құлыншақ» балабақшасының «Құлагер» тобы «Құлпырып
келді-Наурыз» атты шығыс халқына тән, күн мен түн теңелетін,
жаңа күннің бастауына орай ертеңгілік ұйымдастырды. Тәрбиешілері
Н.Мейірманова, Г.Тағанова, Б.Муратова ата-аналармен бірлесіп,
ұлттық дәстүр мен тәрбиені балалардың бойына қатар сіңіру
мақсатында Наурыз думанды барынша ұлттық нақышта өткізуге
тырысты. «Бесікке салу» рәсімін ата-аналар тамаша сомдап
шықты.
Шара аяқталған соң балалар мен ата-аналар наурыз көжеден
дәм татып, мерекелік дастархан басына жиналды. Бір үйдің ба-
ласындай болып кеткен балақайлардың ата-аналары да бір-біріне
жақсы тілектерін арнап, тәрбиешілерге алғысын жеткізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Көктем келісімен балабақшалардағы әр топта гүл көк-
темнің қуанышты мейрамдарына орай түрлі ертең-
гіліктер өткізіледі. Балабақша ұжымы да бүлдіршіндер ді
әбден дайындап, әдемі де, қайталанбас кеш ұйым-
дастырады.
Баутин ауылындағы Жалау Мыңбаев атындағы мектеп -гимназиясы наурыз тойын
атап өтті. Мектеп ауласына киіз үй тігіліп, өнерлерін ортаға салса, бастауыш сыныптар
ертеңгіліктер өткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |