Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігі



бет1/9
Дата13.06.2023
өлшемі167,85 Kb.
#100993
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫ



СӨЖ
Тақырыбы: Өндірістік биотехнология негіздері. Жемдік препараттар алу

Қабылдаған:Тұрғанбай Г.


Орындаған:Қасымхан А.
Тобы:БТ-405к.
Алматы 2022ж
Жоспар
Кіріспе
1.1 Жемдік қоспалардың түрлері
Негізгі бөлім
2.1 Жемдік қоспа өндірісі
2.2 Жемдік қоспалардың әлемдегі өндірісі
2.3 Жемдік қоспа құрамындағы биологиялық активті заттар
2.4 Жемдік қомпалардағы минералды заттар
2.5 Жемдік қоспалардың энергетикалық құндылығы
2.6 Жемдік қоспа құрамындағы судың көрсеткіші
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Жемдік қоспалар өндірісі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі буыны болып табылады. Ауыл шаруашылық жануарларын жемдік қоспалармен қамтамасыз ету арқылы мал шаруашылығының даму мөлшерін анықтауымызға болады. Мал шаруашылығына жемшөп өндірудегі жемдік қоспалардың өзіндік құны 65-75% құрайды.


Кез-келген жемдік қоспаларды өндіру кәсіпорының мақсаты ауыл шаруашылық жануарларын қоректік заттарға бай, олардың қауіпсіздігін, өсуін, дамуын және өнімділігін қамтамасыз ететін жемдік қоспаларды дайындау болып табылады.
Жемдік қоспаларды өндіру ауыл шаруашылығының күн санап дамуымен маңыздылығын арттыру үстінде. Қазіргі уақытта жаңадан құрылған ферма, ірі кешендер және құс фабрикаларындағы құс немесе жануарларды өндірістік жолмен кәсіпорындарда өңделген жемдік қоспаларды пайдаланбай өсіру мүмкін емес. Сонымен қатар жемдік қоспаларды өндіру барысында барлық талаптарға сай өнім алу өте қиын. Бірақ та ғылыми негізделген қоректік заттар мөлшерін, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және де малдардың туғаннан союға дейінгі кезеңдерде берілетін жемдік қоспалардың түрлерін сақтау ең маңызды талаптар болып есептелінеді.
Спирт және сыра өндірісінің қалдықтарын жемдік қоспалар алуда пайдалану экологиялық және экономикалық тұрғыда өте тиімді болып есептелінеді. Спирт өндірісінің қалдықтарының бірі - спирт бардасы. Спирт бардасы энергиялық құндылығы жоғары биологиялық активті заттарға өте бай суспензия. Бүгінде әлемдік тәжірибеде спирт бардасын пайдаға асыру жолдарының ең негізгілері: мал шаруашылығында, құс шаруашылығында негізгі азыққа қосымша қоспа ретінде пайдалану және биогаз алуда пайдалану. Бұлардан басқа витаминдер алу, ашытқы саңырауқұлақтарын өсіру, желім өндіруде, аминқышқылдарын алуда т.б. биологиялық препараттар өндіруде аз мөлшерде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет