Түркі империясы-көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі



бет1/3
Дата12.05.2023
өлшемі492,69 Kb.
#92685
  1   2   3

Түркі империясы-көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі.
Тарихтан жиі ұшырасатын Скиф (Сақ), Үйсін, Қаңғы (Қаңлы), Дулат, Оғыз, Қыпшақ – бәрі де Сібірді, Қазақстанды, Орта Азияны, Орта-төменгі Еділді, Каспий жағалауларын сонау ерте замандардан-ақ мекендеген түркі руларының әркездегі ру-ұлыстық, түрлі бірлестік аттары еді. Заманымыздың V ғасырынан бастап бұл өңірлерде әлгі аталған бірлестік, мемлекеттердің негізінде түркі халқы қоғамдасып, соның негізінде Түркі қағанаты орнады.

Бүгінде түркі халықтары деп аталатын қазіргі әзербайжан, түркімен, қырғыз, қазақ, өзбек, қарақалпақ, башқұрт, татар, алтай, хакас, ұйғыр, чуваш, ойрат, тува халықтары осы Түркі қағанатында топтасқан ру-тайпалар негізінде қалыптасқан Күші жағынан да, аумағы жағынан да заманының іргелі мемлекеті болған Түркі қағанатының тарихы V ғасырда ашындардан басталады. 460 жылы Ашын тайпасы жужан (Европа тарихшыларының деректерінде «Аварлар») өкіметінің қол астына қарады, сөйтіп, олар Шығыс Түркістаннан Алтайға көшірілді. Олар жужан өкіметіне темір және металл бұйымдардан төлем беріп отырды. Тарихи деректерге қарағанда, ашындар көшіп келген Алтай тауын ол кезде өздерін «Түркіміз» деп есептеген байырқылар, булақтар, қарлұқтар, кимектер, едіздер, қыпшақтар, қаңлылар, үйсіндер, дулаттар, сол сияқты бертінде түркі халықтарының негізін құраған басқа да көптеген дала тайпалары мекендеген.
Түрік этнонимы
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй кінәздігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты. Қытайлар түріктерді сүнну-ғұндар деп атаған. Түрік этнонимі ежелгі Көк түріктеріне тән. Оны түркиялық түріктермен шатастырмау керек. Оларды Осман түріктері деп атаған жөн. Ал бүгінгі күндегі кең қолданылып жүрген түркі сөзі - жасанды сөз. Ресей ғалымдары көк түріктерді осман түріктерімен шатастырмау үшін тюрк сөзін ойлап тапқан. Кейіннен қазақ ғалымдары да ресейлік әріптестерінен қалыспай тюрк сөзін өздерінше түркі деп аударып алады.

Тарихы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет