Түркістан-2021 Қазіргі ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар



Дата02.05.2023
өлшемі28,04 Kb.
#88805


Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық факультеті

Кейс тапсырмалары

Орындаған:Жұмаділ Нұрай
Тобы:ППМ-011
Қабылдаған:Шалабаева Жанар

Түркістан-2021

  1. Қазіргі ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар.

XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын,көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.Әр ұстаз – ХХІ ғасыр педагогына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. Ұстаздық – киелі, әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде. Ұстаз алдындағы басты міндет - ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениетті, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу. Мұғалімдік — ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдык және педагогикалық-психолгогиялық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Бүгінгі таңда мұғалім қандай болуы керек? Оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді? Мұғалім ең алдымен бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып , оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігінен, бейімділігінен,айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда ғана нағыз тамыршы бола алады. Оқытуға деген ынта,өзіндегі барды асқан шеберлікпен жеткізе білу-ұстаз шеберлігінің бір қыры.. Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзгерістер –олардың талаптарына жылдам жауап бере алатындай икемді, өз ісінде құзырлы,шығармашыл мұғалімнің ролін көтеруде. Қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талап-мұғалім өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи танымдылығы, педагогикалық-психологиялық сауаттылығы,саяси –экономикалықбілімділігі жоғары болу керек. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет