Түркиядағы саяси модернизацияның ерекшелігі. Модернизациясы үдерісіндегі дәстүршілдіктің көрінісі



Дата21.06.2023
өлшемі463,27 Kb.
#102889

Түркиядағы саяси модернизацияның ерекшелігі.
Модернизациясы үдерісіндегі дәстүршілдіктің көрінісі
Орындаған: 1-курс магистранты Умбетьярова С.
Мұстафа Кемаль Ататүрк кезіндегі модернизацияның себептері:
  • Осман империясынан кейінгі мемлекеттің жағдайы;
  • Батыс елдерінің боданына айналмау;
  • Түркияны әлемдік державаға айналдыру;
  • Дін мен мәдениетті, саясат пен қоғамдық өмірді реттеу.

Кемалистік реформаларға дейінгі реформа жүргізу әрекеттерінің барлығының сәтсіздікке ұшырау себебін зерттеушілер, түрік қоғамының саяси және қоғамдық өмірінде діннің шексіз үстемдік етуімен, халықтың жаппай сауатсыздығы, билеуші тап пен шенеуніктердің парақорлығы, халықтың реформалардың маңызын түсінбеуі және ұлттық, діни және басқа да қайшылықтардан әбден тозығы жеткен қоғамның тарапынан реформалардың қолдау таппауымен түсіндіреді.
ХХ ғ І жартысындағы модернизацияның тиімді (артықшылығы) тұстары:
  • Ар-ождан бостандығы;
  • Діннің мемлекеттен бөлінуі (азаматтық қорларды діни мақсаттарда пайдалануды тоқтату,заң шығару жүйесін діннің бақылауынан шығару, білім беру жүйесін діннен босату, басқа дінді ұстанатын немесе өзін атеист деп жариялайтындардың барлығына түсіністікпен қарау);
  • Ұлт пен дін екі бөлек ұғым;
  • Швейцария Азаматтық кодексінің негізінде заңдар құрылымын алу;
  • Ер мен әйел теңсіздігі;
  • Тарих, әдебиет, тіл жүйесі реттелді;
  • Қарапайым тұрмыстағы модернизация (киім кию, этика т.б. жаңарды)

  • Кемшілігі: Ататүріктің реформасын түрік авторы Дж. Таниол қоғам – «балалық шақ» идеясына негізделді дейді, билік оны "тәрбиелейді", қажет болған жағдайда білім берудің қатаң әдістеріне жүгінеді.
    Модернизацияға шолу кезінде басты мақсаты – дамудың батыстық әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын және басқару шешімдерінің тетіктерін үйрену емес, олардың сыртқы үлгілеріне бейімделуге, жай ғана «батыс секілді болуға» ұмтылу болып көрінеді.

ХХ ғасырдың І жартысында саясатта модернизация мен дәстүршілдік қатар көрініс тапты ма?
  • Әкімшілік құрылым;
  • Заң жүйесі;
  • Партиялық жүйе;
  • Қоғамдық жүйе;

Аталған салаларда толық модернизация үдерісі жүргізілгенімен, қоғамда модернизация мен дәстүршілдіктің тоғысуы айқын көрінді.
ХХ ғ аяғы – ХХІ ғ модернизацияның себебі:
Кемализм саясаты сыртқы саясаттағы шамадан тыс амбицияларға, қоғам мен мемлекетті тек қатаң шаралармен жаңғыртуға деген ұмтылыс, нәтижесінде модернизацияға жұмсалған күш пен қаржыға сәйкес келмейтін өзгерістерге әкелді.
90-шы жылдары әскери күштердің орнына келген түрік жаңа буын саясаткерлерінің алдында (Т. Озал, с. Демирель, а.н. Сезер) дамудың жаңа модернизациялық моделін және оған сәйкес келетін идеологияны таңдау мәселесі тұрды.
2002 жылы билікке келген Р.Т. Ердоған бастаған "Adalet ve Kalkınma Partisi" (әділдік және даму партиясы) көшбасшылары нақты мақсаттар қойып, модернизацияның бұрынғы демократияға дейінгі практикасына оралуды жөн көрді. Бұл модернизация Жаңа Османшылдық атауын алды.
  • Түркияның жаңа сыртқы саяси бағыты еуропалық вектордың қолдауымен қалыпты ислам дәстүршілдігі формасындағы тиімді саясатты қамтамасыз етті;
  • Бұл ретте басқарушы билік Ислам және демократиялық қағидаларының оңтайлы үйлесімділігінің әлеуетті мүмкіндігін көрсетеді;
  • Өңірлік мәселелерді шешуге жаңа көзқарас елдегі басқа ұлт өкілдерімен диалогты оңтайландыруға мүмкіндік берді, екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге шығарды;
  • Алайда жүргізіліп жатқан бағытты тұрақсыздандырудың айқын қаупі бар, бұл елдегі ішкі саяси жағдайға қатты теріс әсер етуі мүмкін (бұл, өз кезегінде, жалпы шиеленіс жағдайында Таяу Шығыс саясатын шешуге Түркияның бірқатар тәсілдерін қайта қарауды талап етеді)

ХХІ ғ. саясатта модернизация мен дәстүршілдік қатар көрініс тапты ма?
  • Демократия мен діннің тоғысуы;
  • Нақты заңдар қабылдануы: діни пәндер енгізу, дінде тыйым салынған заттарды қоғамдық орындарда пайдалануға болмайды, жасанды түсікке тыйым салынады т.б.
  • Осман империясы кезіндегі елдермен қарым-қатынасты жаңғырту, батыс елдерінен де алшақтамау;
  • Әкімшілік құрылым батыстық үлгіде қалады.

Қазіргі Түркия екі құбылыстың синтезі болып табылады, яғни мемлекеттің модернизациясы мен дәстүршілдікке құрылған бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар мемлекет.
Түркия мұсылмандық бірегейлік пен еуропалық даму бағдарын, діни дәстүрлерді, демократия мен саяси исламды өзара ұштастыру бойынша ерекше тарихи тәжірибе жинақтаған ел.
Түркияның осы бағыттағы жинақтаған тәжірибесін талдау мұсылмандық мәдени-өркениеттік негізді, заманауи батыстық зайырлы демократияның қоғамдық-саяси құндылықтарымен ұштастыру туралы мәселеге жауап табуға ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет