Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Бұған не айтасыздар, кеңес жастарын осымен тәрбиелейміз бе? Бұл адалдыққа жатпайды, ұят, мұндай хандық-феодалдық поэзияға көз жұмып қарау дегенміз масқаралық!



бет123/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   273
Бұған не айтасыздар, кеңес жастарын осымен тәрбиелейміз бе? Бұл адалдыққа жатпайды, ұят, мұндай хандық-феодалдық поэзияға көз жұмып қарау дегенміз масқаралық!

Ал енді «зар заман» ақындары туралы айтайық. Мұқанов, Кенжебаев және Исмаиылов жолдастар: «зар заман» поэзиясын орыс патшалығының отарлау саясаты тудырды дейді. Оны тудырған тек қана ол жағдай емес. «Зар заман» поэзиясы ескі феодалдық-патриархалдық қатынастың топырағында өніп, өсті. «Зар заман» ақындары артына қарады, олар еуропалық үлгідегі сауда мен ақша айналымына, қалалардың салынуына, қарасүйектердің ақсүйектермен теңесуіне, әйел теңдігіне, ағартуға қарсы болды...

Олар өздерінің шығармаларында мемлекеттіктің мінсіз үлгісі ретінде феодалдық-патриархалдық өмірді әспеттеді, қазақ хандығын дәріптеді, олар Россияның озық ойлы адамдарының жағымды ықпалын жоққа шығарды, олар Қазақстанға тек қана патшаның қанаушы аппаратымен қоса алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің де келетінін түсінбеді, түсінгісі де келмеді. Өкінішке орай, әдебиеттанушылар ешқандай іріктеместен, ғылыми-сыни саралау жасамастан мұны өткеннің асыл мұрасы есебінде кеңес оқырмандарына ұсынады. Феодалдық қоғамның үстем таптырының идеологиясын жырлаған осы ақындардың шығармаларын табандап қорғағандардың қандай мақсат көздейтіні мүлдем түсініксіз. Кейбір жолдастар: бұл біздің мәдени мұрамыз, бұл біздің дәстүріміздің айнасы – дейді. Қатты қателесу бұл. Мысалы, Нысамбайдың «Кенесары – Наурызбайын» оқығанда: кейбір авторлардың мұның еңбекші қазақтардың қандай ұлттық мақтанышын оятатынын, қандай ұлттық дәстүрді жырлайтынын айтып отырғанын түсінбейсің. Көзбен жүгіртіп шыққанның өзінде Нысамбай Кенесары Қасымовтың қырғыз халқына қарсы қазақ сұлтандары мен феодальдарының шапқыншылығын жырлағанын анық байқайсыз...».

Кремльдегі жазалаушы саясатты жасап, бағыттап, қаулы-қарарды дайындап отырған идеология көсемінің бірі, БК(б)П-нің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасарының өзі алдағы «қара дүлей» науқанға «азық дайындау» үшін арнайы келген мәжілісте қала хатшысының бұлай сөйлемеске лажы да жоқ. Дегенмен де: «Бізге: сендер бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасын жер бетінен ысырып тастағыларың келе ме?,– деп сұрақ қойғыларың келе ме?» – деген сауалы, сол «сұр кардиналдың» өзіне қаратыла өзі қойған сұрақ сияқты әсер қалдырады. Ондай тәсілдер де кезінде қолданылған. Әрине, бұл сөз саяси екпін алу үшін ғана айтылғаны анық. Н.Н.Поспелов сол жиналыстағы өзінің баяндамасында Ғабиттің жобаны алдына-ала екшеу тұсында айтылған сөзін сөзбе-сөз қайталап:



«Әуезов автор ретінде «Абай» романының екінші кітабінің бірінші тарауында Құнанбай бейнесін жан-жақты марапаттай суреттеуі оқырмандардың ренішін туғызады. Романның бірінші кітабында жағымсыз кейіпкер ретінде бейнеленген аса ірі феодал Құнанбайды Мекеге барар сапары алдында Әуезов оны Ұлжанның, Мәкіштің, тіпті Абайдың өзінің де ықыласын аударатындай қайырымды етіп көрсетпеуі тиіс еді»,– деп «төрелік» айтты.

Партияның оқшантайы әдебиеттегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді саяси сахнаға шығарып, олардан идеологиялық дұшпан, яғни, тап жауын жасағысы келді. БК(б)П Орталық комитетінің осы жылдары Украина мен Қазақстанның идеология саласына қатты шұқшия қарағаны байқалады. Оның басты себебі «Қазақстан тарихы» мен Кенесары Қасымовтың қозғалысына қатысты СССР Ғылым Академиясының деңгейінде туындап жатқан пікір таласы болатын. Әрине, партия мен оның оқшантайы араласқан жер әшкерелеусіз қалмайтыны анық. Сол жағдайды білуге келген идеологиялық барлаушы, Қазақстанды шулатып, Бекмахановтан бастап Мұхамедхановқа дейінгілерді соттатып, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, А.Жұбановтарды қуғынға ұшырату науқанының алғашқы сатысын ұйымдастырған Н.Н.Поспеловтің бұл сөзін кейін БК(б)П Орталық комитетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісінің орынбасары П.Поликарпов:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет