Әуезов әлемі



Дата10.04.2023
өлшемі13,17 Kb.
#80866

Эссе
Әуезов әлемі

«Әуезов үлкен гуманист адам еді. Ол өз халқын,оның биік мәдениетін щексіз сүйетін,өзге халықтың әдебиетін өз халқының әдебиетіндей терең түсініп, оны құрмет тұтып, үнемі қошеметтеп отыратын.»


Александр Корнейчук
Қазақтың Ұлы Даласы өмірге әкелген, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдыздары аз емес. Олардың қай қайсысын жырға қосып, дастандарға арқау етсек те көптік етпейді. Сондай дара да, дана тұлға, шырайлы Шығыс өңірінің тумасы –Мұхтар Әуезов. Қазақтың даңқты жазушысы, әдебиет сыншысы, тамаша педагогы,қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың даралығы мен даналығы, заңғарлығы мен дархандығы қай салада болмасын көрініс тауып отырған. Ол-проза, драмматург жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын,қазақ елінің, әсіресе, ауыл адамдарының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың басынан кешірген оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын көрсетті.
Оның қаламы қарымды қаламгер болуына қазақи тәрбие мен Абай шығармашылығына деген ынтызарлық себеп болса керек. Енді бір жағынан алып қарайтын болсақ, Абайдың көзін көріп, одан тәрбие алуына түрткі болған десеек қателеспейміз.
Мұхтар Әуезов туындыларының ішіндегі шоқтығы биік еңбегі-«Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл еңбек қазақ халқының тұрмысы мен қасиетін, ұлттық болмысы мен танымын тамаша суреттеген қазақ әдебиетінде бірегей орнға ие болған еңбек әрі бүкіл қазақ халқының мақтанышы. Алғашқыда жазушының роман жазу туралы ойы да болмаған көрінеді. Роман дүниеге келместен бұрын жазушы ақынның шығармашылығы мен өмірбаянын зерттеумен шұғылданады. Кейіннен Абай туралы жиналған материалдардың көптігі соншалық, жазушыға роман жазуға тура келеді. Бұл еңбекте жазушы өзінің дарынының барлық қырынан ашылады. Өзінің бала күніндегі әрбір сәтті есіне алып, оқырманға барынша шынайы бейнелеуге тырысады. Кемеңгер тұлғаның болмысын кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен жазушы бұл еңбекте балалық күндеріндегі Абай туралы естіген әңгімелер мен естеліктерге жан бітіріп, ақынның ғибратты өткеніне өмір сыйлады. Ол бала кезінен ақынның жары, балалары, жақындары, туыстары, достары мен ауылдастарымен Абай туралы естеліктерді ұзағынан тыңдап, Абайдың өнері мен талғамына қанығушы еді. Жазушы Абайды ең біріншіден өз уақытының жемісі, өз заманының үні екенін жадында ұстады,соны оқырманға жеткізді. Нәтижесінде, Мұхтар Әуезов әлемдік әдебиет алыптарының қатарынан ойып тұрып орын алды.Қазақ тілінің байлығы мен тазалығын әлемге паш еткен «Абай жолы» эпопеясы аса жоғары бағаланды да, дүниежүзілік әдебиеттің классикалық шығармасы қатарында адамзат рухани байлығының алтын қазынасына енді.
Әуезов-әлемдік құбылыс. Әуезов-ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі.
Мұхтар Әуезов қазақтың басына біткен бағы десем еш қателеспеймін. Ол «Абай жолындай» тамаша туындыны дүниеге әкеліп, жер жаханға қазақтың қасиетті болмысын, асқақ мәдениетін, терең философиясын Абайдай кемеңгер тұлға арқылы ашып берді. Оның қанша ғасыр өтсе де, өзінің маңыздылығын жоғалтпайтын өшпес еңбектерінен әлі талай ұрпақ жігерін қайрап,баба сөзінен тамыр жайып, болашаққа бой түзері анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет