Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Бұдан былай біздің арамыздан бәріміздің ерекше қадірлейтін ардақтымызды көре алмайсыздар. Ол қазірдің өзінде ортамызда тұрған жоқ, міне, алдымызда жатыр



бет271/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   273
Бұдан былай біздің арамыздан бәріміздің ерекше қадірлейтін ардақтымызды көре алмайсыздар. Ол қазірдің өзінде ортамызда тұрған жоқ, міне, алдымызда жатыр.

Бүгін қазақ әдебиеті көлденең бір жұтқа ұрынғандай. Басқа мадақтарын қоспай-ақ, Мұхтар Әуезов дегенде ғана аузымыз толмаушы ма еді? Ойымыз да лық толатын. Бұл Мұхтар енді жоқ арамызда. Сағынар кезіміз, іздер кезіміз, жоқтар кезіміз аз болмас, таба алмаспыз бірақ.

«Ат тұяғын тай басар» дейтін ескі нақыл көркемөнер дүниесіне заң емес. Бір жазушының орнын екінші жазушы баса алмайды, әрбір жазушы өз орнында бағалы. Бұдан былай қақ ортамызда ойылып қалған Мұхтардың орнын өзінен қалған асыл мұрасы ғана толтырады. Мұхтар бізге орнын қалдырған жоқ, Мұхтардай мол, құлашты еңбектер жазу борышын қалдырды, орнын жоқтатпау парызын қалдырды.

Әдетке кірген сөзді айтпасаң амал жоқ: хош бол, Мұхтар, баладай нәзік жан, көркемөнердің өзіндей қатал сыншы, әділ жан! Үлкен аға! Еркелеткеніңізді де сағынармыз, ұрысқаныңызды да сағынармыз. Бар бейнең көз алдымызда болар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет