Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Сол сәтте тура бір айдан кейін Мұхтар Омарханұлының өзімен қоштасамыз деп ешкімде ойлаған жоқ»



бет265/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   273
Сол сәтте тура бір айдан кейін Мұхтар Омарханұлының өзімен қоштасамыз деп ешкімде ойлаған жоқ».

Ал оның өзі сол сәтте қабірдің басында тұрып: өзінің тәні де дәл осы өзінің табаны басып тұрған жерден орын алуы мүмкін – екенін ойлап, құмығып тұрған шығар, бәлкім.

Мәскеуге ұшардың алдында Валентина Николаевнаның есіне салған мына сөзі соған анық сендіреді.

В.Н.Әуезова: «1926 жылдың күзінде біз өз тағдырымызды қосуға бел байладық. Мұхтар Омарханұлы мені алдағы уақытта не күтіп тұрғанын ескертуді өзіне парыз санаса керек, маған біраз жайларды түсіндіріп берді. Соның ішінде есімде қалғаны, Семей қаласында жол-жөнекей жолыққан бір балгердің өзіне бал ашып бергені, өзінің алдағы өмірінің қалай өтетіні туралы әңгімесі. Сол балгердің аты-жөнін, болмаса оған қалай кездескенін Мұхтар Омарханұлынан сұрап алмағаныма әлі де өкінемін. Әлгі балгер әдеттегідей алақандағы сызықтар арқылы емес, Мұхтар Омарханұлына харпі таныс емес бір кітаптағы жазу арқылы болашағын болжап беріпті. Мұхтар Омарханұлы көзін сәл кысыңқырап тұрып: «Оның айтуынша мен өте, тіпті асқан атақты адам болады екенмін»,– деді. Көріпкел оған: 3 рет некеге отырасың, үйленгеннен соң үш жылдан кейін үшінші әйелің дүниеден қайтады немесе мәңгілік айырыласың. Бұл сенің соңғы үйленуің болады, бұдан кейін қайтып үйленбейсің. Сен 56 жаста жарық дүниемен қоштасасың және туғаныңнан бастап үш рет тәніңе пышақ тиеді-міс»– депті. Мен Мұхтарға: «Мүмкін менің пешенеме өмірің қысқа болсын деп жазылған шығар. Соңдықтан да қалған өмірімізді бірге өткізейік»– дедім.



Алайда осының барлығы соқыр сенімге негізделген наным мен ырым сияқты көрінгенімен, көріпкелдің меңзеген мерзімдері біздің тіршілігіміздің қиын да күрделі кезеңдеріне тұп-тура келіп отырды. Үш жыл бірге тұрғаннан кейін ол тұтқынға алынды да мен Мұхтар Омарханұлының өмірінен ысырылып қала бердім, көз жаздырып кеттім, 1953 жылы тура елу алты жасқа келді... Міне, сол 1954 жылы маған жазған хатының бір үзіндісі мынау: «Бәлкім, сен сезіп те жүреген боларсың. Өміріміздің өткен қиын белестерінде, әділетсіз жазаға ұшыраған жылдарда мен сен үшін қатты толқыдым. Сені қайғыға батырып, балаларыммен бірге қаражатсыз қалдырмас үшін мың өліп, мың тірілуге бармын. Әйтеуір шейіт боп кеткенше сендерге біраз талғажау болатын қаражат қалдырып, алаңсыз өтсем деп тілеп едім»,– депті онда.

Мұны еске алып отырған себебім, сол бір жылдардан кейін әлгі көріпкелдің айтқандары туралы ешқашан да екеуара әңгімелесіп көрмесек те, сәуегейдің сөзі Мұхтар Омарханұлының ойынан кетпепті. Өйткені Мәскеуге аттанып бара жатып ол маған: «Бұл менің соңғы операциям, менің үшінші рет «пышаққа түсуім»,– деді. Ол өзіне жасалған операцияларды санап жүріпті: Семейде соқырішекке жасатты, одан кейін Мәскеудегі Рыжих жасаған операция, енді міне, үшінші және ең соңғы операцияға тәуекел етіп, өзінше ырымдап отыр. Ол мұны әлдебір көтеріңкі көңілмен, бейне бір ауыр жүктен құтылып жеңілдеп қалған адам сияқты боп әзілдей айтты. Мұның соңының қайғыға әкеп соқтыратынын кім болжап білді дейсің, әлдебір кесірлі дерттің алдын алатын сақтық операциясы деп түсіндік қой, оны ешкім де қауіпті қадам деп ойлаған жоқ. Ал оның өзі болса ғой: бұл менің соңғы рет «пышаққа ілінуім», ал содан кейін қауіп-қатерсіз тамаша өмір сүремін – деп есептеп, ерекше қуанып жүрді».

Сөйтіп ол ақырғы сапарға осындай ауыр оймен жеңіл аттанды.

Ғ.Бисенова: «Қазақ интеллигенциясының, әдеби қауымның ағасындай болған Мұқаңның бір жаққа сапарға шығуы мен қайтып оралуының өзі үлкен той болатын. Мұндайда Мұхаң үйіне шығарып салушылар мен тосып алушылар толып кететін-ді.

Міне, жолдас-жоралары, достары, туған-туыстары, шәкірттері тағы да Мұқаңның үйіне жиналды. Бұл жолы ол емделуге Москваға жүргелі отыр. Кісінің соншалық көп жиналғанына риза болды ма, әлде көпшіліктің өзіне деген жақсы тілегін, ниетін ырым етті ме, кім білсін, әйтеуір Мұхаң ерекше көңілді болды. Ол ауру жайын ауызға да алғысы келмеді. Бұрынғысынша әңгіме-дүкен құрып, күліп-ойнап жарқын отырды.

Сөйтіп, көшкен елдей улап-шулап оншақты машинамен аэропортқа да жеттік. Самолеттің ұшуына әлі біраз бар. Ортада Мұхаң, айнала көпшілік. Тағы да тамаша әңгіме, тағы да жақсы тілек. Ақыры әз аға көпшілікпен қоштасып, самолетке отырды. Мұхаңды шығарып салушылар «ИЛ-18» ұшқанша тарамады. Ақыры самолет те көтеріле жөнелді. Мұхаң мінген самолет бірден-бірге биіктей берді, биіктей берді. Самолет емес, Мұхаңның өзі бірден-бірге жоғарылап, әуелеп бара жатқан сияқты. Иә, Мұхаң қашан да аспандай береді, биіктен-биікке шырқай береді!»

Ол өзінің осы ақтық сапарында мұқым ғұмырын көз алдына келтіріп, әр қайсысының дидарын көргенде сол адамға қатысты мейірімді де шуақты, жанына жақын да жылы сәттерін есіне алатындай қимас адамдарының көпшілігімен көзайым болды. Ағайын, туыс, дос, жаран, қимас жандар оны Алматыдан алақанына салып шығарып салды. Мәскеуде оның рухани өсиетінің иесі болып қалған, ол дүниеден қайтқан соң «Қилы заман» сияқты қиын тағдырлы шығармаларын жарыққа шығарған Л.Пантиелев пен З.Кедрина сияқты ерлі-зайыпты жанашыр достары, алақанына салып қарсы алды.

З.Кедрина: «Мұхтар Омарханұлы өзінің қонақта болған өмірінің ең соңғы күнін біздің үйде өткізіп еді-ау. Онымен бірге азербайжан жазушылары Сүлейман Рагимов пен Мехти Гусейн және Дүниежүзі әдебиеті институты директорының орынбасары Арфо Аветисовна Петросян мен қазақ ақыны Әбділда Тәжібаев болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет