Түсініктеме Өзектілігі: Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді - 2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді. Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу. Еңбек пен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп, шығармашылыққа тарта отырып, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу.Балаларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.
Мақсаты: Балаларға еңбекқор адаммен жалқау адамның жолдас бола алмайтындығын түсіндіре отырып, өнерге деген қызығушылығын, өз өнерін бағалай білуге баулу. Еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау қабілетін қалыптастыруға, әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы байқағыштығын, шығармашылық қабілетін, қиялын, қол ептілігін дамыту. Еңбек мәдениетін сақтауға, адам еңбегін құрметтеуге, батылдыққа, еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мектепалды даярлық «Жауқазын» тобының «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша «Шебердің қолы көпке ортақ» бейімделген бағдарламасының тақырыптық жоспары