Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі (СРСП)
1- дәріс. Физика есептерін шығару әдістемесінің жалпы сұрақтары. (2 сағат)
Есеп шығару – оқу үрдісінің бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады. Себебі, ол физикалық ұйымдарды қалыптастыруға оқушылардың физикалық құбылыстарды ойлау қабілетін дамытуға, оны практикада қолданып білуге үйретеді. Есептер шығаруда мына жағдайлар қолданылады:
проблемалық ситуация тұғызуға
жаңа мәлімет беруде
практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырады
білімін, нақтылығын және тереңдігін тексеру
бекітуде, материалды қайталауда
техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципін түсіндіруге
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру
Бұл жағдайлармен бірге еңбек сүйгіштікке, өзіндік ойлау қабілетін дамытуға, алдына қойған мақсатына жетуге тырысуға тәрбиелейді.
1. Мұғалім (тақтаға) есепті оқып, талдау жасайды. Әртүрлі сұрақтар беру арқылы сыныпты есеп шығаруға жұмылдыра отырып, тақтаға есепті өзі шығарып көрсетеді.
2. Есепке талдау жасау, талқылау мұғалімнің басшылығын бүкіл сынып бір талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға шығарып, қалғандары орындарында шығарады. Мұнда тақтаға орташа оқушыны шығарған дұрыс.
3. Мұғалім есепті береді. Оқушылар оны өздерінше орындайды. Мұнда мұғалімнің әр есептің түріне қарай кететін қателерге кеңес беріп отырғаны жөн. Мұнда оқушыларға таратпалар жасап, өзіндік жұмысты сол арқылы орындаса да болады.
Бұл 3 түрден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта физикаға қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыруға болады.
Физикадан есептер шығаруда оларды:
Мағынасына қарай.
Берілу тәсіліне қарай.
Шешу әдістемесіне қарай да бөлуге болады.
Мағынасына қарай физикада есептерді механика, малекулалық физика, электродинамика, тербеліс т.б.
Мұның ішінде жеңіл (жаттығу) орташа және қиын, шығармашылық болып бөлінеді. Жеңіл есептер немесе жаттығу есептері бір-екі формуланы қолданып, шығаратын есептерді айтады. Бұл есепті материалды бекіту үшін қолданады.
Орташа және қиындау есептер деп бірнеше формула, кейде бір тараудағы формулаларды немесе бірнеше бөлімдерінің формулаларын қолданып шығаратын есептер мен белгіленіп бір дағдыны керек ететін эксперименттік есептерді толық тарауды немесе бөлімді қайталаған кезде шығарған дұрыс.
Шығармашылық есептердің өзі іздену (яғни неге деген сұраққа жауап іздейтін) есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер.
Есептердің берілу тәсіліне қарай (4-түрге бөлінеді) графиктік, эксперименттік,сурет, есептер болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің өзі шартты түрде, себебі кей есептер суретімен, сызбасымен, графиктерімен қоса жүреді.
Есептер шығарылу әдістемесіне байланысты сапалық, сандық немесе есептеу, графиктік және эксперименттік болып бөлінеді. (Мұндай бөліну қажетті және маңызды, себебі мұғалімнің оқушылардың дайындықтарына қарай есеп таңдауына көп септігін тигізеді.)
Сапалық есептердің ерекшелігі мұнда оқушылардың ойын жинақтап белгілі бір физикалық құбылыстардың мағынасын алуға көмектеседі. Оларды логикалық ойлау арқылы физиканың заңдылықтарына сүйене отырып шығарады:Мыс:суға көлемдері бірдей мыс және аллюминий кубтар бататын, осы кубтарға шама жағынан бірдей кері итеруші күштер әсер ете ме?
Есептеу әдістеріне тән қасиет берілген, сұраққа жауапты тек математикалық амалдарды қолдана отырып табуға болады. Мұндай есептерді көбіне оқытудың 2-ші сатысында қолданады. Шығармашылығы математикалық тәсілдерді қолдануға байланысты есептер арифметикалық, алгебралық, геометриялық болып бөлінеді. Осылардың ішіндегі көп қолданылатыны алгебралық.
Шығарудағы логикалық ойлауға байланысты аналитикалық және синтетикалық есеп болып бөлінеді.
Графиктік есептер деп – график бойынша берілген есепке керекті шамаларды анықтап, шығаруға болатын есептерді айтады.
Эксперименттік есептер деп – керекті шамаларды есеп шығаруға тәжірибе арқылы алатын есептерді айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |