В. С. Виноградов және т б. ғалымдар тұшымды пікірлер айтқан және олар осы



бет1/15
Дата12.12.2022
өлшемі211,43 Kb.
#56584
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

АЛҒЫ СӨЗ


Қазіргі таңда көркем аударманы зерттеу әдістемесінде көркем шығарманы аудару мен талқылау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. ХХ ғ. аударма теориясында мәтінді аудару мен талқылау зерттеушілердің ұдайы назарынан тыс қалған емес. Бұл жайында К.И. Чуковский, И.А. Кашкин, Е.Г. Эткинд, В.С. Виноградов және т.б. ғалымдар тұшымды пікірлер айтқан және олар осы күнге дейін өз өзектілігін жойған жоқ.


Көркем мәтінді интерпретациялаудың лингвистикалық аспектілері туралы, сондай-ақ «Көркем мәтінді филологиялық талдау» атты жаңа пәннің қажеттігі туралы соңғы уақытта жиі айтылып жүр. Мұның барлығы да аталмыш тақырып аясының өзектілігінен туындайды.
Көркем шығарма өзге де өнер туындылары іспеттес қабылданушы шығармаға қабылдаушының бағалау сияқты қатынасын қамтиды. Нәтижесінде көркем әдебиет туындысы талқылаусыз, термин тілінде айтқанда, интерпретациясыз өмер сүруі мүмкін емес. Интерпретатор рөліндегі қабылдаушы – аудармашының дүниетанымдық, тұлғалық қасиеттеріндегі өзгешеліктер қандай да бір шығарма интерпретациясының алуан түрлі болуына өз әсерін тигізеді.
Аударма үдерісінде коммуникацияға қатысушы аудармашы интерпретатор рөлін атқарады. Ол коммуникацияның дәстүрлі дәнекері ретінде қарастырылады. Көркем аударманың шығармашылық сипаты мен аудармашының тұлғасы туралы Р. Якобсон, И.И. Резвин, В.Ю. Розенцвейг, В.Н. Комиссаров, Ю.А. Сорокин, П.М. Топер, А.Д. Швейцер, И. Левый, К.И. Чуковский, В.С. Виноградов сияқты ғалымдар өз еңбектерінде атап өткен.
Оқу құралында аударманың теориялық және тәжірибелік мәселелеріне байланысты «интерпретация» терминінің мәні мен оның аудармашылық тәжірибедегі рөліне назар аударылды. Осы ретте «интерпретация» термині аударма үдерісімен және аудармашылық іс-әрекеттермен тығыз байланыста қарастырылды. Жазушы туралы қалыптасқан рецепция оның шығармаларын интерпретациялауға әсерін тигізеді. Сонымен қатар, аудармалардың өзі рецепцияның бір бөлігі болып, әдеби мәдениетті, автор туралы көзқарасты қалыптастыратындығы пайымдалды. Түпнұсқаны интерпретациялаудағы аудармашының маңызды рөліне басымдық көрсетуде автор «түпнұсқаны дұрыс түсіну үшін аудармашы әлемге жазушының көзімен қарай білуі тиіс» деген қағидаға жүгінеміз.
Қазіргі заманғы аударматануда аударма мәдениетаралық коммуникацияның бір түрі ретінде қарастырылады. Осы мәдениетаралық коммуникацияда автор мен оқырманнан басқа осы үдеріске қатысушы үшінші тұлға – аудармашының тұлғасы көрініс табады, ол дәстүрлі түрде байланыстың дәнекері немесе делдалы болып табылады. Көркем аударма шығармашылықтың бір саласы ретінде, ал аудармашы шығармашылық тұлға ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, аударма үдерісінде аудармашыға басты қиындық тудыратын реалиилер мен оларды аудармада жеткізу мәселесі қамтылды. Қазақ-орыс әдеби байланыстарының тарихына үңіле отырып, екі

әдебиет тарихындағы өзара ауыс-түйіс, ықпалдастық үдерісі туралы сөз қозғалды. Соның ішінде орыс классикалық туындыларының аударылу тарихына шолу жасалынды, олардың аударылу және интерпретациялау үлгілері салыстырмалы талдауға негіз болды. Көркем шығарманың поэтикасы негізінде аударма поэтикасын қарастыруға талпыныс жасалды.
Оқу құралы «Аударма теориясы», «Көркем мәтінді аудару және интерпретациялау», «Мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері» пәндеріне, сондай-ақ «Аударманың лингвистикалық аспектілері» сияқты таңдаулы курсты жүргізуде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет