Вегетативтік,соматикалық жүйке жүйесі Вегетативті жүйке жүйесі



Дата05.03.2023
өлшемі5,18 Kb.
#71750

Вегетативтік,соматикалық жүйке жүйесі Вегетативті жүйке жүйесі

Вегетативтік,соматикалық жүйке жүйесі

Вегетативті жүйке жүйесі


  • Вегетативтік жүйке жүйесі— адам мен жануарлар организміндегі тамырлар жүйесі (қан айналым жүйесі, лимфа айналым жүйесі, қантүзу) мүшелерінің, ішкі ағзалардың (ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею жүйелері ағзаларының), эндокринді (ішкі секреция) және экзокринді (сыртқы секреция) бездердің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің тәуелсіз бөлігі. Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.

  •  Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі.

Соматикалық жүйке жүйесі


  • Соматикалық жүйке жүйесі (лат. systemа nervosum somatіcum) - организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Соматикалық жүйке жүйесі сезім (көру, есту) органдары мен тері рецепторлары арқылы сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдап, оларға көлденең жолақты бұлшық еттерді жиыру арқылы жауап береді. Бұл қаңқа және кейбір ішкі органдардың (тіл, көмей, жұтқыншақ) көлденең жолақты бұлшық етті жүйкелендіруі арқылы іске асады.

  •  Соматикалық жүйке жүйесінің шеткі бөлігін (31 жұп) жұлын және бассүйек жүйкелері құрайды. Организмнің өзінен және сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіштер (жүйке импульстері) жұлын, бассүйек жүйкелері, өткізгіш жолдар арқылы ми қыртысындағы (сұр затындағы) сезім орталықтарына келеді.

Соматикалық және вегетативті жүйке жүйесінің маңызды айырмашылығы - соматикалық жүйке жүйесі ерікті қозғалыстарды реттейді, ал вегетативті жүйке жүйесі дененің еріксіз қозғалыстарын реттейді.


  • Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі — оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді.

  • Соматикалық жүйке жүйесінің қозғыштығы мен импульсті өткізу жылдамдығы вегетативтік жүйкемен салыстырғанда жоғары болады. Соматикалық жүйке жүйесінің миелиндік қабығы қозғалтқыш ядроларының орталық жүйке жүйесінде орналасуына байланысты олардан шығатын шеткі жүйкелер органдарға еш жерде үзілмей жетеді.


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет