Вестник Казнпу имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г



жүктеу 3.11 Mb.
Pdf просмотр
бет3/18
Дата21.03.2017
өлшемі3.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Резюме 

Саркыткан Кастер - доцент, к.г.н., kaster0102@mail.ru, А.Исакова – магистр, kanatiainurka@mail.ru КазНПУ им. Абая 

«Экономический производительность агрорного сектора Жамбулской облости района Турар Рысыкулова» 

В  статье предусмотренно развития  селского хозяйство района и после региональных экономических  предприя-

тий, участвующих в области инвестиций, малого и среднего бизнеса будет реализация проектов и реализация проек-

тов в Жамбулской облости Т.Рыскуловского района. Для стремительного развитие аграрного сектора предусмотрен-

но много работы. Площадьпринимиательскихмер государственной поддержки, направленной на  улучшение эконо-

мики страны. Также предусмотренно работа крестьянского хозяйство и предпринимательская деятельность который 

принесит  большой  доход  в  экономике  района.  При  производстве  пищевых  зерн,  производимых  в  областиичто  бы 

посев был прибыльном региональные  предприниматели познакомились  с передовой  технологией.  В подавляющем 

большинстве выручки поступает из крестьянского хозяйство и животноводство. А также расматривается увеличение 

инвестиций в районе. 



Ключевые  слова:  агробизнес,  экономическое  развитие,  инфроструктура,  производительная  производственный 

сектор, инвестиция, кредит, агроструктура, агротехника, бизнесмен,экономический производительность 

 

Summary 

Sarkytkan Kaster - associate professor. kaster0102@mail.ru, Isakova Ainur - master, kanatiainurka@mail.ru 

Kazakh national pedagogical university after Abay 

«Economic performance agrоbusiness Zhambul area Turar Rysykulov region» 

The article is stipulated Countryside economy development area and after regional economic enterprises involved in the 

field of investment, small and medium-sized businesses will be the implementation of projects and implementation of projects 

in Zhambul area T.Ryskulov region. For the rapid development of the agricultural sector is stipulated a lot of work. Area of 

business  of  government  support  measures  aimed  at  improving  the  country's  economy.  Also  provided  in  the  work  of  the 

peasant economy and entrepreneurship which onebrought more income in the economy  of the region. In the production of 

food grains produced in the region and that would crop was profitable regional entrepreneurs met with advanced technology. 

In the vast majority of revenue comes from farms and livestock. As well as a word increase investment in the area. 

Keywords:  agrоbusiness,  economic  development,  infrostruktura,  productive  manufacturing  sector,  investment,  loan, 

agrostruktura, agricultural machinery, businessman, economic performance 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

11 


ӘОЖ 338.7 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАМА ЭНЕРГЕТИКА КӨЗДЕРІН ДАМЫТУ 



 

А.У. Абулғазиев – аға оқытушы, 

Ж.Б. Қалдыбаева – аға оқытшуы, Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Мақалада  Қазақстанның  энергетикалық  кешені  ішіндегі  –  жел  энергиясының  мүмкіндіктері  және  оның  даму 



болашағы  қарастырылады.  Сонымен  бірге  Қазақстанда  «Болашақтың  энергиясы»  еліміздің  энергоресурстарын 

тиімді  пайдалану  және  сол  сияқты  сарқылмайтын  ресурс  түрлерін  пайдаланудың  қазіргі  жай-күйі  туралы  шолу 

жасалған.  «Жасыл»  экономика  -  бұл  табиғи  қорларды  тиімді  пайдалану  есебінен  қоғамның  әл-ауқатын  сақтауға 

бағытталған,  сондай-ақ  соңғы  пайдалану  өнімдерін  өндірістік  циклге  қайтаруды  қамтамасыз  ететін  экономика. 

«Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстар-

ды  үнемді  тұтынуға  және  сарқылмайтын  ресурстарды  тиімді  пайдалануға  бағытталған.  Жасыл  экономиканың 

негізінде  –  таза  немесе  «жасыл»  технологиялар  жатыр.  Мамандардың  айтуы  бойынша  «жасыл»  экономиканы 

дамыту,  көптеген  постиндустриалды  елдерде  өзінің  ауқымымен  қозғаған  экологиялық  дағдарысты  біздің  елде 

болдырмауға  мүмкіндік  береді.  Елімізде  табиғатты  таза  сақтау  бойынша  «жасыл  экономика»  жобалары  жасалып, 

іргелі жұмыстарға басымдық берілуде. Соның бірі – жел энергетикасын заман талабына сай қолданысқа енгізу, сол 

арқылы  табиғатты  таза  сақтау.  Заман  көші  алға  озып,  экономика  дамыған  сайын  қоршаған  ортаны  қорғау  қиынға 

соғып барады. Өндірісті дамытпаса, экономика алға баспайтыны белгілі. Бұл жолдан өгізді де өлтірмей, арбаны да 

сындырмай аман-есен алып шығудың жалғыз жолы – «жасыл экономиканы» дамытудың маңызы зор. Қазіргі таңда 

балама  энергия  көздерінің  Қазақстан  үшін  тиімділігі  жоғары  жел  энергиясы  екендігі  даусыз.  Жел  энергетикасы 

әлемнің 80-нен астам елінде энергетикалық кешеннің едәуір бөлігін құрайды. Жел энергиясының қоры, ғаламшары-

мыздағы барлық өзендердің гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп.  



Кілттік сөздер: болашақтың энергиясы, табиғи қорлар, жасыл технологиялар, жел энергиясы, қуат көздері, 

энергия қуатын үнемдеу, ресурстарды тиімді пайдалану, жасыл экономика, жел электр станциялары, энергети-

калық кешен  

 

Электр энергиясынына деген сұраныс өндірістің дамуына және халық санының көбеюіне байланысты 



жыл  өткен  сайын  өзекті  проблеманың  біріне  айналуы  заңды  құбылыс.  Мәселе,  электр  энергиясынының 

өндірілуінде қолданылатын ресурс түріне байланысты. Әлі күнге дейін электр энергиясын өндіруде ЖЭС 

жетекші  орында тұр. Бұл тек Қазақстан емес дүние  жүзіне тән үрдіс. ЖЭС өздеріңізге белгілі көмір, газ 

және мұнай өнімдерін пайдалану арқылы электр энергиясын береді. Аталған минералды ресурстар электр 

энергиясын өндіруден де басқа салаларда сұранысқа ие табиғи байлық түрі. Ресурсты өндіру барысында 

бірнеше проблема туындайды

1) қоршаған ортаны ластау қарқыны жоғары;  

2) өзіндік құны жыл сайын артуда; 

3) табиғи қоры жыл санап азаюда; 

Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанда мұнайдың бүгінгі күнгі қорын қарқынды пайдалан-

ған  жағдайда  70  жылға,  табиғи  газ  85  жылға  жетеді.  Тек  қана  көмірдің  қоры  бірнеше  жүздеген  жылға 

жетеді.  Еліміздегі  электр  энергиясының  тапшылығымен  қатар,  оны  тарату  желілері  де  ескірген  және 

нысандардың тозуы да үлкен проблемаға айналып отырғаны белгілі. Үдемелі индустриялық-инновация-

лық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында да энергия тапшылығын шешу мүмкін еместігін білікті 

мамандар  мойындайды.  Қазірде  елімізде  электр  энергияны  өндірудің  85%  -  көміргенегізделген.Елімізде 

электр  энергияның  72%-ы  Екібастұз,  Майкүбі,  Торғай  және  Қарағанды  алаптарының  көмірімен  жұмыс 

істейтін 37 жылу электр стансасынан өндіріледі. Келесі электр энегиясы өзен суларынан алынады [1]. 

Қазақстан  өзендерінің  су  энергетикалық  жылдық  қоры  162,9  млрд.  кВт/сағат  болып  бағаланады. 

Соның ішінде техникалық тұрғыдан пайдалануға болатыны 62 млрд. кВт/сағат. Қазақстанның су энерге-

тикасы  қорлары  негізінен  Ертіс,  Іле,  Сырдария,  Жайық  сияқты  ірі  өзендер  мен  оңтүстік-шығыспен 

шығыстың таулы өзендерінде. Қазіргі кезде СЭС-тің үлесі 10 пайызға жуық. Қазақстанның өзен суларына 

тапшы  мемлекет  екенін  ескеретін  болсақ,  өзен  суларының  құлау  күшін  пайдалану  арқылы  болашақта 

энергетикаға  деген  тапшылықты  шеше  алмаймыз.  Жыл  сайын  дамып  келе  жатқан  экономикамызды 

жандандыру  үшін  энергетиканы  өндіру  қарқынын  жеделдету  керек.  Мысалға  айтатын  болсақ,  өткен 

жылы Ресей – 1053 млрд. кВт/сағат, АҚШ – 3900 млрд. кВт/сағат, Қытай – 4744 млрд. кВт/сағат электр 

энергиясын өндірсе,  еліміз 92  млрд.  кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Бұдан көретініміз энергиямен 

қамтамасыз  ету  жан  басына  шаққанда  Ресейде  –  6,7  МВт/сағат,  АҚШ  –  14  МВт/сағат,  Қытайда  –  3,2 

МВт/сағат құрайды [2]. Ал біздің елде 3,9 МВт/сағат құрайды. Аталған елдерде дәстүрлі энергия көздері-



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

12 


нен басқа балама энергия көздерін пайдаланудың қарқыны ширақ. Қазақстандағы жағдайға келсек, мұнай 

қоры жағынан еліміз әлемдік ондықтың қатарында тұр. Мұнайдан басқа табиғи ресурстардың кендері де 

елімізде  мол,  газымыз  да,  көміріміз  де  баршылық.  Уран  қоры  жағынан  да  әлемде  жетекші  орынында 

тұрмыз. Дегенмен, соған қарамастан Қазақстанда таяу жылдары электр қуатының тапшылығы үлкен про-

блемаға айналатындығы жасырын емес. Мәселені айқын бағамдау үшін  «KEGOC» ұлттық компаниясы-

ның болжамына сүйенсек, 2020 жылға таман еліміздегі энергия тұтыну көлемі 2 есеге дейін артады. Соң-

ғы уақытта Қазақстандағы электр энергияны өндіру мен тұтыну көлемі жыл сайын 4,5 пайызға өсіп отыр. 

2012 жылғы дерекпен айтатын болсақ, ел бойынша тұтынылған энергия көлемі 91,44 млрд кВт/сағат, ал 

өндірілген энергия көлемі 90,24 млрд кВт/сағат құрады.Бұдан көріп отырғанымыз өндірістен тұтынудың 

артықшылығы.  «KazEnergy»  ұлттық  энергетика  агенттігінің  болжамы  бойынша,  2030  жылға  қарай 

энергияны тұтыну 144,7 және 150,2 өндіру млрд кВт/сағатқа өседі. Яғни, 58/68 қатынасында өсуі қажет. 

Өндіріс  әрқашан  алдыда  жүруі  тиіс.  Жаңа  энергетикалық  саясат  қуат  көздерін  үнемдеу  мен  тұтыну, 

тиімділігін  арттыру  мақсатында  оның  көлемін  2015  жылға  дейін  10  пайызға,  ал  2020  жылға  дейін  25 

пайызға  дейін  азайтуды  көздейді.  Шындығына  келгенде,  әлемдік  қауымдастық  энергетикалық  қорды 

тиімді  пайдалану,  ұлттық  энергожүйені  дамыту,  баламалы  қуат  көздерін  жетілдіруді  Мыңжылдықтағы 

Дамудың Мақсаттарына жетудің кілті ретінде бағалап отыр. Ғалымдардың болжамы бойынша, үстіміздегі 

ғасырдың ортасына таман жаһандық энергетикалық баланстағы балама қуат көздерінің үлесі 35% пайызға 

жететін  көрінеді.  Еуроодақ  өзінің  мұндағы  үлесін  2020  жылдары  20%  пайызға,  ал  2040  жылдары  40% 

пайызға жеткізуді көздеп отыр. Қазір іс жүзінде барлық дамыған елдерде жаңа технологияны қалыптас-

тыру және дамыту бағдарламалары кеңінен іс жүзіне асырылуда [3].  

Қазақ  еліне  тығырықтан  шығудың  ең  тиімді  жолы  -  сарқылмайтын  энергия  көздерін  пайдалану. 

Қазақстанның  климаттық  жағдайы  күн  және  жел  энергиясын  пайдалануға  қолайлы  болып  табылады. 

Елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 млрд. кВт/сағатқа бағалануда. Қазақстан солтүс-

тік ендікте орналасқанына қарамастан, республика аумағындағы күн радиациясының әлеуеті өте жоғары. 

Сонымен қатар, өңірде күн энергиясы электр қуатын өндіру үшін ғана емес, жылу алу үшін де пайдалану-

ға  болады.  Күннің  энергиясын  пайдалануға  оңтүстік  және  оңтүстік-батыс  аймақтардың  әлуеті  жоғары. 

Күн  сәулесінің  түсу  ұзақтығы  3000  сағаттан  астам.  Жаз  айларында  бұлтты  күндердің  қайталануы  өте 

сирек. Күн батареяларын шығаруға қажетті кремний қоры елімізде жеткілікті. Фотоэлектрлік стансадағы 

1 кг кремний өндіретін энергияның көлемі жылу электр стансасында 75 тонна мұнай жұмсап өндірілген 

энергиямен  пара-пар.  Сондықтан  кремнийді  ХХI  ғасырдың  мұнайы  десек  те  артық  айтпаймыз.  Қазіргі 

таңда  күн  батареяларын  Астана  қаласындағы  «Astana  Solar»  компаниясы  шығарса,  күн  батареяларына 

қажетті  фотоэлектрлі  пластинаны  Өскемен  қаласындағы  зауыт  шығаруда.  Қазақстан  осындай  құрал-

жабдықтарды  шығаратын  бесінші  мемлекет  болып  тіркелді.  Өткен  2014жылы  Калифорния  штатында 

дүние жүзіндегі ең үлкен «Тopaz» күн стансасының құрылысы аяқталды. Қуаты 550 МВт. 160 мың үйді 

жарықпен қамтамасыз ете алады екен. Стансаны салуға 9 млрд. доллар қаражат жұмсалған. Біздің еліміз 

үшін осыншама қаражат жұмсау оңайға соқпайтыны анық [4].  

Дегенмен  де  қуаты  төмендеу  стансалар  салынуда.  «Жасыл  экономика»  бағдарламасына  сәйкес  жел 

энергиясын  қолдану  үшін  бірнеше  ірі  жобалар  қолға  алына  бастады.  Сол  себепті,  еліміз  2011  жылдың 

наурызында Жамбыл облысында екі бірдей ірі жобаны – Жаңатас (400 МВт) және Шоқпар (200 МВт) жел 

энергетикалық  кешенін  іске  асыру  жұмыстарын  бастады.  Олардың  құрылысына  құйылған  инвестиция 

көлемі  1  млрд  долларға  жуықтады.  Сонымен  қатар,  2014-2015  жылға  қарай  мемлекеттің  қолдауымен 

Алматы  облысында  51  МВт  қуаттылықпен  Шелек  дәлізі,  Жетісу  қақпасы  (алғашқы  кезеңде  50  МВт) 

аумағында, Шығыс Қазақстан облысыныда Ұлан ауданында (24 МВт) және өзге де өңірлерде жел энерге-

тикалық  кешені  құрылысын  жүргізу  жоспарланып  отыр.  Қыс  кезінде  желдің  соғатын  бағыты  оңтүстік, 

оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдам-

дығы  6,8-7,8  м/сек,  ал  жел  электр  стансалары  4-5  м/сек-тан  энергия  бере  алады.  Қазіргі  уақытта  жел 

электр стансасын салу үшін 10 ірі жоба қолға алынуда. Жетісу қақпасы ЖелЭС-тің қуаттылығы 72 МВт, 

Шелек  дәлізі  100МВт,  Қордай  21МВт,  Жүзімдік-Шаян  50МВт,  Астана  45МВт,  Ерейментау  50МВт, 

Қарқаралы  20МВт,  Арқалық  48МВт,  Атырау  50МВт,  Форт-Шевченко  50МВт.  Бұл  аталған  жобалардың 

нәтижесін  алдағы  уақытта  көретін  боламыз.  Ал  кішігірім  жел  стансаларын  Қазақстанның  әртүрлі  елді 

мекендерінен көруге болады [5].  

Кішігірім  жел  қондырғыларын  жасауда  отандық  өнертапқыштардың  жетістігі  де  жетерлік.  Мысалға, 

Бүктіков  қондырғысы  еуропалық  қондырғылардан  бірнеше  есе  арзан.  Сонымен  бірге  Қазақстанның 

климаттық  ерешеліктерін  ескере  отырып жасалған. Болашақта балама энергия көздерін қолдану арқылы 

табиғи  ресурс  қорларын  үнемдеуге  және  экологиялық  проблеманы  оңтайлы  шешуге  мүмкіндік  береді. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

13 


Жел энергиясын пайдаланудағы жетекші елдерде оның үлес салмағы жыл өткен сайын артуда. Мысалға, 

Германия 2010 жылы 18427,5 МВт энергияны желден алса, 2015 жылы 35056,2 МВт-қа жеткізуді көздеп 

отыр. Испанияда 1847,5МВт-18290МВт. АҚШ 9149МВт-15964МВт. Өсім 10-30 %-ға жетпек. Өсу қарқы-

ны ең жоғары дәрежені Қытай республикасының үлесінде - 64%. 2010 жылы 31 желтоқсан бүкіл дүние-

жүзілік  жел  энергетикасының  өндірілетін  қуаты  58982  МВт  болды.  Осындай  қарқынды  өсу  сатысында 

Бүкіләлемдік жел энергетика ассоциациясы 2015 жылы жел энергиясының қуатын 120000 МВт-қа өсіруді 

жоспарлап  отыр  [6].  Қазақстан  да  аталмыш  елдерден  қалмау  керек  деп  ойлаймыз.  Біздің  ойымшазша, 

алдағы уақытта Қазақстанның ұлан-байтақ аумағындағы әр жерде шашырап орналасқан елді мекендерге 

ұзақтан  электр  желілерін  тартып,  энергия  тасымалдап  шығынданғанша,  автономды  режимдегі  балама 

энергия  стансаларын  салу  арқылы  халыққа  сапалы  қызмет  көрсетуге  болады  деп  ойлаймыз.  Сонымен 

бірге электр энергиясының құны біршама арзан болар еді. 

 

1 Нургалиев К.Р., Нургалиев А.К. Экономика Казахстана: Учебник. – Алматы: «Зият» Пресс», 2007. – 5-33 c. 



2 Demeo,  E.A.;  Grant,  W.;  Milligan,  M.R.;  Schuerger,  M.J.  (2005).  "Wind  plant  integration".  Power  and  Energy 

Magazine, IEEE3 (6): p 38–46. doi:10.1109/MPAE.2005.1524619. 

3 ҚР  электр  энергетикасын  дамыту  жөніндегі  2010-2014  жылдарға  арналған  бағдарлама.  -  Астана,  2010. 

http://normativ.kz/view/77593/ сайтынан алынды.  

4 Возобновляемые источники энергии в Казахстане - htpp//.solar.kz сайтынан алынды.  

5 Қазақстан республикасы энергетика министрлігі ресми сайты - energo.gov.kz сайтынан алынды.  

6 Мировая энергетика: прогноз развития до 2020 г. / Пер. англ. под ред. Ю.Н. Старшикова. – М.: Энергия, 2004. - 

112-114 с. 

 

Резюме 

А.У. Абулғазиев - старший преподаватель, aksai66@mail.ru, Ж.Б. Калдыбаева - старший преподаватель, 

zhanar_161081@mail.ru, КазНПУ имени Абая, город Алматы, Республика Казахстан 

«Развитие источников альтернативной энергии в Казахстане» 

В  статье  рассматриваются  вопросы  энергетического  комплекса  Казахстана,  а  именно  возможности  и  развитие 

ветренойэнергия,  а  также  анализируются  вопросы  рационального  использования  энергоресурсов  и  исчерпаемых 

ресурсов, которые являются основой будущей энергии. Как известно зеленая экономика это экономика, направлен-

ная на рациональное использования и сохранения потенциала будущего, а также неоднократное использование энер-

гии в производственном цикле. В первую очередь зеленая экономика направлена на сохранения исчерпаемых ресур-

сов как нефть, уголь и др. то есть переход на альтернативный источник электроэнергии. Принципы зеленой экономи-

ки используются во многих постиндустриальных странах, опыт которых может быть применим и для Казахстана. В 

качестве примера может привести энергию солнца и ветра, которые являются экологически чистыми производства-

ми.  Как  известно,  Казахстан  обладает  значительным  световым  и  ветроэнергетическим  потенциалом,  которые 

послужат основой будущей энергии. Они являются неисчерпаемыми и имеют повсеместное распространение.  



Ключевые  слова:  энергия  будущего,  природные  ресурсы,  зеленые  технологии,  энергия  ватра,  источники 

энергия, экономия электроэнергии, рациональное использование ресурсов, зеленая экономика, охрана окружающей 

среды, ветреная электростанция, энергетический комплекс  

 

Summary 

A.U. Abulgazyev - senior lecturer, aksai66@mail.ru, 

Z.B. Kaldybaeva - senior lecturer, zhanar_161081@mail.ru 

KazNPU named Abai, city Almaty, Republic of Kazakhstan 

«Development ofalternative energy sourcesin Kazakhstan» 

Abstract. This article discusses features and development of the energy sector of Kazakhstan, namely wind energy, as well 

as issues of energy and finite resources, which are the basis for the future of energy. As it is known the green economy is the 

economy  directed  on  rational  uses  and  preservations  of  potential  of  the  future,  and  also  numerous  use  of  energy  in  a 

production cycle. First of all the green economy is directed on preservations the ischerpayemykh of resources as oil, coal, etc. 

that  is  transition  to  an  alternative  source  of  the  electric  power.  The  principles  of  green  economy  are  used  in  many  post-

industrial countries which experience can be applicable and for Kazakhstan. Can give energy of the sun and a wind which are 

environmentally friendly productions as an example.  

Therefore the International Expo-2017 exhibition held in Astana it is called will serve as an example uses nonconventional 

and alternative energy sources. It is known that Kazakhstan possesses the considerable light and wind power potential which 

will  form  a  basis  to  future  energy.  They  are  inexhaustible  and  have  universal  distribution.  It  is  known  that  Kazakhstan 

possesses the considerable light and wind power potential which will form a basis to future energy. They are inexhaustible and 

have universal distribution. 



Keywords:Еexhibition  Еxpo-2017,  energy  of  the  future,  natural  resources,  green  technology,  windenergies,  energy 

source, energy saving, conserve the water, recourses conservation, green economy, environmental safety, wind power plant, 

power complex 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

14 


ӘӨЖ 338. 48-1-025.27(574) 

 

АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ 



ДАМЫТУҒА ТАБИҒИ-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

Р.Е. Қалдыбекова – география магистрі, оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Табиғат ресурстары мемлекет байлығының негізі. Қазақстан табиғи ресурстарға өте бай мемелекеттер қатарына 

жатады. Мақалада еліміздің оңтүстігінде орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығының табиғи-рекреациялық мүмкіндік-

тері  айтылады.  Автор  аталған  ерекше  табиғаты  таңқалдырар  нысанның  әу  баста  құрылуы  тарихына  тоқталады. 

Сондай-ақ аталған табиғат аясын зерттеген ғалымдардың Д.Н. Кашкаров, Б.П. Тризна, Н.Х. Кармышеваның еңбекте-

рі туралы талдау жасаған. Олардың еңбектерінде сипатталған аймақтың микрофлорасы, микрофаунасы, гидрология-

лық және геологиялық жағдайлары қазіргі қорықтағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қосар үлесінің молды-

ғын айтады. Сонымен қатар, қорық табиғатының сұлулығын, ауасының тазалығын пайдаланып, экологиялық туризм 

жұмыстары  жүргізіліп  келетіндігінен  хабардар  етеді.  Дегенмен  аталған  аймақтағы  экотуризмді  дамытудың  бұдан 

мол мүмкіндіктері бар екендігін айта келіп, атқаруға тиіс жұмыстарды ұсынады. Ғылыми еңбекте өсімдіктер дүние-

сінің  алуан  түрлілігіне,  оның  ішінде  орны  ерекше  қорық  символы  саналатын  Грэйг  қызғалдағы  туралы  сипаттама 

берген. Қызғалдақтың отаны еліміздің Батыс Тянь-Шань өңірі екендігін бүгінде әлем ғалымдарының мойындағанын 

айтып өткен. Бұл біздің мақтанышымыз. Бірақ әсем гүлдің шетел ғалымының атымен емес, өзі табиғи өсетін алқап-

тың,  немесе  атамекенмен  байланысты  атаумен  аталмағандығына  қынжылатынын  білдіреді.  Сондай-ақ  ерекше 

маңызы бар арша ормандарына  тоқталып өтуді жөн  көрген. Ғалымдардың  дәлелдегеніндей, небәрі бір  ғана гектар 

арша алқабы күніне ауа арқылы тарайтын 30 кг фитонцид бөледі. Фитонцид ағыны жүрген жерде микроб болмайды.  

Мақалада ауасы шипалы ормандары мен таза мөлдір бұлағы бұрқыраған осынау аймақта экологиялық туризмді 

дамыту  мақсатында  жорықтар,  экскурсиялар  және  танымдық  іс-шаралар  өткізуге  мол  мүмкіндіктер  бар  екендігі 

қарастырылған.  Ал,бұл  мүмкіндіктерді  іске  асыруға  экология  және  туризм  салаларының  білікті  мамандары  біріге 

жұмыс атқаруы тиіс екендігі айтылады. 



Түйінді сөздер: қорық, табиғат ресурстары, микрофауна, микрофлора, экотуризм, фитонцид, ландшафт, гидроло-

гия, каньон, эндемик, экскурсия, петроглиф 



 

Мемлекеттің  ең  басты  ұлттық  байлығының,  дәулетінің,  іргетасының  бірі  -  оның  табиғи  қорлары, 

табиғат  байлығы.  Қазақстандағы  осындай  байлығымыздың  бірі  саналатын  Ақсу-Жабағылы  қорығы  – 

Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан еліміз-

дегі 1926 ж. ашылған тұңғыш қорық.  

Алаш ардақтыларының ақыл-парасатына, алыстан ойлап, тереңнен түйсіне  білгеніне қайран қаласыз. 

Орталық Азиядағы, қала берді Қазақстандағы айрықша аймақ, бүкіл дүние жүзіндегі бірегей аумақ сана-

лар  Ақсу-Жабағылы  қорығының  құрылуына  айрықша  үлесін  қосқан  ұлт  мақтанышы-Тұрар  Рысқұлов- 

тың  сіңірген  еңбегінің  ерекше  екендігін  әрқашан  есте  ұстағанымыз  абзал.  Өткен  ғасырдың  1920 

жылының шілде айында Ташкент  университетінен ғалымдар тобы тақырыбымызға өзек болып  отырған 

Талас Алатауына жіберіле бастады. Нақтырақ деректерге  сүйенсек, 1920 жылы профессор, гидробиолог 

А.Л. Бродскийдің бастауымен, Ташкент  университетінің ғалымдары Батыс Тянь-Шань өніріндегі қазіргі 

корық орналасқан ауданда болып қайтты.  

1922-1923  жылдар  -  Табиғат  пен  өнер,  көне  ескерткіштерді  қорғау  және  мұражайлар  ісі  жөніндегі 

Түркістан комитетіне ғалымдар тарапынан қорық ұйымдастыру туралы ұсыныс жасалды. Аймақты зерт-

теген ғалымдар тобында болған М.Г. Попов, М.В. Культиасов, Е.П. Коровин, Д.Н. Кашкаров, Н.А. Димо 

Ақсу мен Жабағылы өзендерінің бас жағы аралығындағы өңірдің бірегей екенін атап көрсетті.  

1923  ж.  алғаш  рет  Қасқабұлак  шатқалындағы  петроглифтер  -  жартастағы  бейнелер  туралы               

Д.Н. Кашкаров өз еңбектерінде жария етті. 1925 жылғы ақпан айында Ақсу-Жабағылы қорығын құруды 

жедел  түрде  қолға  алу  туралы  шешім  шығарылды.  Одан  әрі  1926  жылдың  шілдесіне  дейін  тынымсыз 

жұмыстар  жүргізілді.  Көп  ұзамай-ақ  Қазақ  АКСР  басшылығы  Ақсу-Жабағылы  қорығын  құру  туралы 

қаулы қабылдады. Аталған қаулыны Мәскеудегі Михаил Иванович Калинин мен Тұрар Рысқұлов бекіт-

кен еді.  

Ақсу-Жабағылы  қорығының  тұңғыш  директоры  қызметін  Орыс  географиялық  қоғамының  толық 

мүшесі, табиғаттың шынайы жанашыры, аса білікті  де білімді маман, ізгі ниетті ғалым Борис Петрович 

Тризна  атқарды.  Алғашқыда  30545  гектар  болған  қорық  аумағы  осы  Тризнаның  табандылығы  және 

Т.Рысқұловтың қамқорлығы арқасында 1935-1937 жылдары 69826 гектарға дейін ұлғайтылды. Ал қорық-

тың  қазіргі  аумағы  -  85754  га.  Оның  негізгі  аймағы  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Түлкібас,  Төле  би 

және  Бәйдібек  аудандары  және  Жамбыл  облысы  Жуалы  ауданы  жерінде  орналасқан.  Сонымен  қатар, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

15 


қорық  құрамына  екі  палентологиялық  бөлім  кіреді.  Бірі  Қарабастауда  жер  көлемі  126  га.,  екіншісі  - 

«Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай 

қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі жоғарыда атап өткендей, 85754 га. Оның ішінде: 

Түлкібас  ауданында  -  21255  га.,  Төле  би  ауданында  -  53597  га,  Бәйдібек  ауданында  -  231  га.,  Жамбыл 

облысы, Жуалы ауданында - 10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысын-

да,  18-20  шақырымдай  жердегі  Жабағылы  ауылында.  Қорықтағы  ең  ірі  өзен  -  Ақсудың  ұзындығы  120 

шақырым, ені 10 метрге жетеді. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден 

астам  түрі  бар.  Олардың  көпшілігі  Қызыл  кітапқа  енгізілген.  Тау  өңірінде  бидайық,  түрлі  шөптер,  боз 

жусан, беткейінде  селдір арша  орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Шыңдарын мұздықтар мен 

көп жылдық қар жапқан. [6, 8-б.]. 

Өсімдіктер  дүниесіне  тоқталар  болсақ,  әр  алуан.  Онда  мүіктің  61,  қынаның  58,  жоғары  сатыдағы 

өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, 

шәйқурай, талас қорғасыны; техникалық өсімдіктерден: арша, рауғаш, таран; жеміс-жидектерден: жабайы 

алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктерден: жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұй-

рық,  көде;  эндемик  өсімдіктерден:  талас  қайыңы,  ақшыл  сары  жоңышқа,  майысқыш  қия,  қаратамыр, 

томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: Минквиц кендіршесі, жалған масақша, Қаратау сетені) түрі 

бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-

Шань  қоңыр  аюы,  борсық,  сусар  т.б.);  құстардың  238  (гималау  ұлары,  кекілік,  сақалтай,  бүркіт,  қара 

құтан,  бозторғай,  сарытоғай,  ителгі,  шымшық  т.б.);  бауырымен  жорғалаушылардың  9  (алай  жалаңкөзі, 

сары  бауыр  кесіртке,  қалқантұмсықты  қара  шұбар  жылан,  сұржылан  т.б.),  қосмекенділердің  2  (жасыл 

құрбақа  және  көлбақа)  және  өзендерінде  балықтың  2  түрі  тіршілік  етеді.  Омыртқасыз  жәндіктердің  де 

алуан  түрлері  бар.  Қорықта  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  үзбей  жүргізіледі.  Ғалымдардың  қорықтың 

табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектері жарияланды.  

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, 

жартасты  шатқалдармен  қиылысады.  Өзендері  терең  шатқалдарға  құйылып,  ақырған  сарқырамаларды 

түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады. 

Заманымыздың біртуар қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза: Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. 

Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым. Мұхит-

тың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркте болдым – олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде 

бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім. Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағы-

лыны көремін - деген екен бір сөзінде [1, 14 б.]. 

Шын мәнінде бұл аймақтың табиғатының сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қорыққа көктемде 

келген адам, Ақсу-Жабағылының көзтартар қызғалдақтарының, басқаша айтқанда қорықтың көрігі сана-

латын, сондай-ақ символы саналатын Грэйг қызғалдағының нағыз құлпырған шағын тамашалауына бола-

ды. Еуропа елдерінің ерен ғалымдары бүгінде бүкіл дүние жүзінің өркениетті елдеріне "Грейг қызғалда-

ғы” және "Кауфман қызғалдағы” деген аттармен белгілі қызғалдақтардың отаны Ақсу-Жабағылы екенді-

гін  мойындауға  мәжбүр.  Ғылыми  тұрғыда  зерттеп,  алғаш  ашқан  ғалымдардың  атымен  осылай  аталып 

жүргенін қарапайым халық түсінсе игі ғой. Әйтпесе, Ақсудың алқызылын, Жабағылының қып-қызылын 

Алатауға  теліп  атаса  немесе  қазағыма  еншілеп  ныспыласа  қандай  жарасым  табушы  еді.  Әттең!  Грейг 

қызғалдағы 1877 жылы Голландияда биік бағаланып, ерекше дипломмен марапатталған. Содан бері біздің 

қызғалдағымыздан 200-ден астам түр тараған. Ақсу-Жабағылы флорасының ерекшелігін белгілі ботаник 

ғалым Н.Х. Кармышева зерттеп, мол еңбектер қалдырған. Өзі әрі ғылыми қызметкер, әрі дирек-тор бол-

ған (1939-1959 ж). Ғылым үшін үлкен жаңалық ретінде танылған, тек текті төріңізде – Ақсу-Жабағылыда 

ғана  өсетін  өзгеше  өсімдіктер  түрін  ашқан.  Осы  өңірдің  ерекше  өсімдігі  аршаны  айрықша  зерттеген. 

Ақсу-Жабағылының аршасы. Ғалымның зерттеуінше, Алатау мен Қаратаудың түйісер тұста-рында арша-

ның алты түрі болған екен. Кейінгі үш жүз жылдың ішінде оның үш түрі мүлдем жойылып кеткен. Бүгін-

де қара арша, балғын арша және сауыр арша дейтін  түрлері қалған. Аршаны алаш баласы, қазақ жұрты 

әулие ағаш санаған. Аршаға орынсыз балта шаппаған. Тек бесікке ғана, қобызға ғана, онда да абайлап қа-

на, Табиғат-анамыздың таңдау-талғауымен ғана, меңзеуімен ғана мәністеп қиған. Он тоғызыншы ғасыр-

дың басынан бастап аршаға алапат қырғын келген. Қарашекпенділер өздерінің таусылмас қара орманын-

дай, қарағайындай қараған. Отындыққа қырыққан. Үй-жайларына, шошқа қораларына дейін шығындаған. 

Кендер мен кеніштердің өндірілетін аймақтарына жіберілген. Темір жолдың табанына төсеген. Әскерле-

рінің гимнастеркаларын аршадан алынатын бояумен бояған деген деректер де жоқ емес. Жиырмасыншы 

ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарында отындыққа кесілген арша арбаға, тракторға, мәшинеге 

тиеліп  әкетіліп  жатқан.  Қаратаудың  Құлантау,  Жыландытау,  Пістелітау,  Бозторғай  мен  Боралдай  жағы, 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

16 


Машат  шатқалы  мен  Арыс  арналары аршадан  осылайша  айырылып  қалған.  Осы  ретте  Ақсу-Жабағылы 

қорығы  құрылып,  әсем  аршаның  бүгінге  жетуіне  себепкер  болғаны  анық  [1,  10-б.].  Қазіргі  кезде  қорық 

аумағының  30%  -ын  арша  орманы  алып  жатыр.  Н.Х.  Кармышева  өз  еңбектерінде:  "Ғасырлар  бойы 

жасайтын ғажайып арша алқаптары Қазақстан бойынша тек  Ақсу-Жабағылы аумағында және Сайрамсу 

мен  Сарыайғыр  шатқалдарында  ғана  сақталып  қалған”  –  деп  жазды.  Ғалымдардың  дәлел-дегеніндей, 

небәрі бір ғана гектар арша алқабы күніне ауа арқылы тарайтын 30 кг фитонцид бөледі екен. Фитонцид 

ағыны  жүрген  жерде  микроб  болмайды.  Әйгілі  Бурабай  аймағының адам  ағзасына  пайдалы,  тыныс  алу 

жолдарын, сондай-ақ өкпе ауруларын емдейтін шипасы да осы фитонцидте екенін қарапайым халық білсе 

игі. Айырмашылығы Бурабайдағы фитонцид қарағай ормандарынан таралатынындығында [4,124 б.]. 

Ақсу-Жабағылының таңғажайып тауларында көшкін болдырмай, жарлауыттандырмай, жақсы сақтап 

келе  жатқан  да  осы  -  арша.  Ылғалды  ықыласты  түрде  реттейтін  де  –  арша.  Сонымен  қатар  қорықтың 

мақтанышы  марал,қоңыр  аю  осы  арша  ормандарын  паналайды.  Арша  ормандары  қабан,  борсық,қасқыр 

мен түлкіге де мекен. Суырлар да сусылдап келіп, аршаның түбінде аялдайды. Биігіректегі арқарлар мен 

таутеке-тауешкілер  белгілі  бір  мезгілдерде  арша  төңірегіне  үйіріледі  екен.  Сұлу  аршалар  Үлкен  Ақсу, 

Кіші  Ақсу,  Жабағылы,  Балдыберек  және  Балабалдыберек  сияқты  өзендерді,  мыңдаған  бастау-бұлақтар 

мен Айнакөл, Қызөлгенкөл сияқты жүздеген көл-көлшіктерді сақтауға септесіп келе жатқаны туралы да 

пікірлер ғалымдар тарапынан айтылған. Ақсу-Жабағылы қорығының мұражайында төрт жүз жылға жуық 

уақыт  жасаған  аршаның  кесіндісі  сақтаулы  тұр  [5,  16-б.].  Алты  жүз,  жеті  жүз  жыл  жасаған  аршалар  аз 

емес. Қорық аумағында мыңдаған жылдардан бері маңғаздана мұнартып көрінер керемет аршалар алыс-

тан  менмұндалайды.  Жай  жүргіншінің  оларды  жақыннан  тамашалауға  мүмкіндігі  жоқ.  Арнайы  қорық 

қызметкерлерімен бірге атпен көп жерлерді көруге болады. Аршыл аршаның ақсөңке тартқан сүйектеріне 

дейін  иірқобызданып,  шиырланып  өсетіні  таңқалдырады.  Тянь-Шанның  Ақсу-Жабағылы  аймағындағы 

аршалы  алқаптар  Қазақстанның,  Қырғызстанның,  Өзбекстанның  өз  маңайындағы  өңірлеріне,  кенттері 

мен шаһарларына ауа тазартатын табиғи асылзаты-фитонцид таратып тұрғаны анық.  

Ғалымдардың  айтуынша,  Батыс  Тянь-Шаньның  бұл  бөлігі  осыдан  440-570  миллион  жылдар  бұрын 

теңіздің түбі болған. Сұрғылт әктастардың құрамынан небір жануарлардың қалдықтары табылған. Кейін-

нен  құрғақтанған  қорықтың  орнын  екінші  қайтара  су  басқан.  Осыдан  350-400  миллион  жылдай  уақыт 

бұрын  қолайлы,  жылы  климат  орнаған.  Ал  230-280  миллион  жылдар  ілгеріректе  қылқан  жапырақты 

ағаштар  пайда  бола  бастапты.  Ата-бабаларымыз  Ақсу-Жабағылының  тарихи  тастарында  талай-талай 

таңбалы жазбалар мен суреттер қалдырған. Сол жазбалар мен таңбалар және сурет-сызбалар көп жылдар-

дан бері ғалымдарды, мамандарды, саяхатшыларды, жалпы табиғат сүйер жұртшылықты қайран қалды-

рып келеді. Жабайы жануарлар, олардың ішінде бұлақ кешкен маралдар, сол маралдардың маңайындағы 

қайқы  құйрық  иттер,  таутекелер  мен  арқарлар,  сондай-ақ  аңшылар  айтарлықтай  шеберлікпен  бейнелен-

ген. Қасқабұлақтағы қоңырқошқыл, жалтыр тастардағы жүздеген жазба-сызбалар жоғары мәдениеттілігі-

мен,  талғам  биіктігімен  бөлекшеленеді.  Олардағы  маралдар  да,  таутекелер  мен  арқарлар  да,  адамдар  да 

дегдарлықпен,  бекзаттықпен  бейнеленген.  Өкінішке  қарай,  осы  жазбалар  мен  таңбалар,  сырлы  суреттер 

жан-жақты,  жүйелі  зерттелмеген.  Түбегейлі  түрде  жазылған  туындылар,  дерек-дәйектері  толыққанды 

дүниелер, сипатты суреттері жетіп-артылып жататындай альбом-кітаптар жоқтың қасы. Қысқаша айтқан-

да, Қасқабұлақ құпиялары әлі толық танылып, ашылып біткен жоқ [2, 78-б.]. 

Ақсу-Жабағылының қызғалдағы мен аршасынан басқа, жабайы алмаларының өзі айрықша әлем. Олар-

ды ғылыми әдебиеттерде Сиверс алмасы деп атайды. Ал, шындығында – Ақсудың алмалары. Ақсу өзені-

нің арналарын қуалай өседі. Арна емес, шатқал дегеніміз дұрыс шығар. Ақсу шатқалының (каньон) ұзын-

дығы 18 шақырым, тереңдігі 500-600 метр, ені жарты километрге жетеді. Кейбір деректерде, Америкада-

ғы атақты Колорадо шатқалынан кейінгі екінші орында делінеді. Ақсудың жабайы алмалары түрлі-түрлі. 

Түстері  ақсары,  сарғыш,  қызғылт  сары,  қызыл  т.б.  Дәмі  де  әртүрлі.  Өзі  пісіп,  өзі  түсіп  жататын  бұл 

алмаларды  жергілікті  халық  жинауға  үлгермейді.  Себебі  аймақтағы  ауылдың  әрбір  үйінде  үлкен  жеміс 

бақтары  самсап  тұрады.  Өгем  өзеніндегідей,  Сайрамсу  мен  Қасқасудағыдай  қазақы  қайың  кездеседі. 

Аққайың  емес,  қызыл  қайың  емес,  жіңішкелеу  қоңырқай  қайың  емес,  күреңдеу  реңді  қазақы  қайың. 

Сондай-ақ  өзен  бойларында  қалың  бұталы  тоғайлар,тобылғы,  долананың  сары  және  қызыл  жемістілері, 

жабайы шие мен өрік қаулай өседі. 

Қорық  қызметкерлері  аңдарды  жылына  3  рет,  көктемде,  күзде  және  алғашқы  қар  жауғанда  санақтан 

өткізіп тұрады екен. Сол санақтардың нәтижесі бойынша өсу байқалатыныны бізді қуантады. Қорықтағы 

санақ жүргізу қиын саналатын Майданталға бару мүмкіндігі тек жазда туады екен. Қазірге дейін ол жақта 

жоқ  деп  есенптеліп  келген  арқарларды  көрген  қорықшылар  табиғат  жанашырларын  ерекше  қуантқан 

жағдайы  бар.  Ал  енді,құстар  әлеміне  тоқталар  болсам,  қанаттылар  фаунасын  зерттеген  атақты  ғалым  


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

17 


А.Ф. Ковшарь "Талас Алатауының құстары” атты кітап шығарған. Сол кітапта осы қорықты мекендейтін 

240-қа жуық  құс  сипатталған. Шерхан Мұртазаның шығармаларындағы сарышымшық пен сайрауықтан 

бастсақ, ұлар, кекілік,бүркіт, күшіген, тазқара тағы да басқа құстарға сүйікті мекен бұл таулар [3,70-б.]. 

Қорықтың  ағылшын  тілін  білетін  қызметкерлерінің  шет  елден  келген  саяхатшыларға  жаяу  немесе 

атпен саяхат жасауға арнайы экологиялық он бағыт бойынша, үш соқпақпен саяхат жасау қызметі дұрыс 

жолға қойылып келеді.Сондай-ақ автомобиль көлігінің бағыттары да қарастырылған. Туристік бағытпен 

келген  қанша  адам  болсын,  тіпті  жалғыз  турист  болса  да,  жанына  экскурсиялық  жетекші  нұсқаушы 

қызметі  даяр.  Шетелдік  туристер,  әсіресе,  Ақсу  каньонына  көбірек  қызығады  екен.  Табиғи  күйінде 

сақталған  тауды,  Ақсудың  арналарын,  Жабағылы  жықпылдарын,  көбелектер  мен  құстарды,  арша  мен 

қызғалдақты, гүлдер мен өзге де ағаштарды таңырқап бастарын шайқап, қайран қалып қайтатыны туралы 

жиі айтылып та, жазылып та келеді. Ендеше, неге осынау табиғат сұлулығын әлемге паш етіп мақтанбас-

қа.  Туризм  индустриясын  дамытуға  қосар  үлесінің  мол  екендігі  белгілі,  неге  табиғат  қорғаушылар  мен 

бірігіп туризм саласы қызметкерлері аталған аймақта экологиялық туризм мақсаттағы жаңа жобалаларды 

жасауға  құлықсыз.  Табиғатты  аялай  отырып,  танымдық-демалыс  және  сауықтыру  сияқты  жқмыстарды 

неге қолға алмасқа?  

Осындай  табиғаттың  байлығы  мен  көз  тартар  сұлулығын  сақтай  отырып,  экологиялық  танымдық 

туризмді дамытуға жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабағылымен қатар, еліміздің басқа өңірлерінде де мүмкін-

діктер  бар.  Тек  оған  арнайы  заңдарға  қосымшалар  енгізу,  қаржылай  демеушілік,  сондай-ақ  экология, 

туризм салаларының білікті мамандары тізе қосып жұмыс істесе деген ұсыныс ойға оралады. Ұлан-байтақ 

Қазақстан мемлекетінің табиғатқа жанашыр азаматтары көп болса бұл ұсыныстың шынайы іске айнала-

тын күні алыс емес. 

 

1  Сәтімбеков  Р.,  Келемсейіт  Е.,  Шілдебаев  Ж.Б.,  Қазақстанда  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  және 



биоалуантүрлілік. Оқу құралы. – Алматы: Нур-Принт, 2012. - 254 б. 

2 Омаров Қ.М. Қазақстанның туризм географиясы. Оқу құралы. - А.: Ұлағат, 2011. - 74 б. 

3 Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. - Алматы: Ғылым, 2001. - 238 б. 

4 Кельбуганова Л. Казахстанский туристский продукт в кластерной политике Журнал Экономика и статисти-

ка 2005. - 126 с. 

5 Заповедники Средней Азии и Казахстана. - Алматы, Казахстан, 2006 г. Под общей редакцией Романа Ященко. 

6 Международный союз охраны природы IUCN- TheWorldConservationUnion. Физико-географические особенно-

сти (по Кертешев, Вагапов, Ященко, 2001).  



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет