Вестник КазНУ. Серия филологическая, №2(132).2011
119
М. Қ. Мəмбетова
САНА ЖƏНЕ ТІЛДІК САНА
Сана жəне тілдік сана ұғымдары əртүрлі
ғылыми жұмыстардың зерттеу пəніне айналды.
Айталық,
психология, философия, логика, лин-
гвистика ғылымдарының əрқилы салаларында
жан-жақты сөз етіліп жүрген аталмыш ұғымдар
ғылыми термин ретінде əрқалай түсіндіріліп
жүргендігі белгілі. Оның себебі бұл ұғымдардың
күрделі табиғатынан болса керек. Əр ғылым
саласы сана ұғымының өзіне тəн ерекшеліктерін
айқындауға талпынуда. Осы уақытқа дейін сана
мен тілдік сана бір нəрсе ретінде қарастырылып
келсе, қазіргі таңда сана мен тілдік сана ара-
сында теңдік белгісін қоюға болмайтындығына
көптеген зерттеушілер назар аударып отыр.
Психологияда «сана» ұғымы «адамдардың
қоғамдық-тарихи əрекетінің
жалпыға бірдей
формаларымен сипатталатын объективтік əре-
кетке қатысты адамға тəн амал. Сана – əлемнің
объективтік заңдылықтары, қасиеттері мен мүм-
кіндіктері жайлы біліммен дүниеге деген көз-
қарас» [1, 361-362 бб.] ретінде анықталады. Сана
көптеген пəндер үшін ақиқатты мінсіз қайталау
қабілетін, сондай-ақ əртүрлі деңгейде механизм-
дер мен формаларды білдіретін негізгі ұғым
болып табылады. Өткен ғасырда сана мəселесі
тек гуманитарлық ілімдер пəні, соның ішінде
əсіресе философия мен психологияның пəні
болып табылады деп есептелді. ХХ ғасыр бұл
шеңберді айтарлықтай кеңейтті. Көптеген
жаратылыстану жəне
гуманитарлық ғылымдар
да сананы зерттеумен айналысып, оның кейбір
заңдылықтарын айқындады. Философия мен
психология үшін сана мəселесі негізгі зерттеу
нысандарының бірі болып саналады. Ал тіл
білімін сананың тілдік сипаты қызықтыратыны
сөзсіз, осы тұрғыдан лингвистиканың қарқынды
дамып келе жатқан
жас бағыттарының бірі
психолингвистика үшін «тілдік сана» ұғымы
орталық ұғымдардың біріне айналып үлгерді,
оның себебі де жоқ емес. Тіл – сана мазмұнын
білдіретін негізгі құрал болып табылады. Тілдің
өзі тіл білімінің жас бағыты психолингвистикада
арнайы бейнеде əлемді бейнелейтін жəне
адамдардың айналадағы ақиқат жайлы ұғым-
түсінігін қалыптастыратын тірі құрал ретінде
түсініледі.
Қазіргі лингвистикада да тілді антропология-
лық аспектіде, яғни адаммен,
оның санасы-
мен, ойлаумен, рухани-практикалық əрекетімен
тығыз байланыста қарастыру қажеттігі атап
көрсетіледі. Тіл иесі – сөйлеуші адамның ішкі
əлеміне назар аударуды місе тұтқан көптеген
зерттеулер тұтас лингвистикалық парадигманың
өзгеруіне əкеп соқтырды, сөйтіп ғалымдардың
назары сөйлеу құралдарының көмегімен жүзеге
асатын күрделі
адами өзара қатынастардың
жиынтығына ойысты. Қазіргі лингвистикалық
ғылыми парадигманың антропоцентризмі тілді
сөйлеу, когнитивтік, əлеуметтік жəне оны қол-
данушының басқа да қызмет түрлерімен бай-
ланыстыра зерттеудің бірқатар бағыттарына бас-
тау алды.
Қазіргі лингвистикада тіл табиғатын қарасты-
рудағы түбегейлі өзгерістердің себептері көп-ақ,
солардың бірі тілді жəне оның қарым-қатынас-
тық қызметін тек формалық құрылым тұрғысы-
нан зерттеу арқылы тіл табиғатын толық əрі
жан-жақты тану мүмкін еместігі болып отыр.
Жиырмасыншы ғасырдың
аяғында тілге деген
антропоцентристік көзқарастың нығая түсуіне
байланысты лингвистердің зерттеу мүдделері
тіл – əлеуметтік ақиқат, болмыспен тығыз бай-
ланысты құбылыс тұжырымында тоғысты.
Антропоцентристік ғылыми парадигма тілді
статикалық жүйе ретінде зерттеумен шектеліп
қалмай, тіл мен қоғамның өзара байланысын
қарастыруға дейінгі ғылыми зерттеулердің
шекарасын кеңейтетін лингвистикадағы жаңа
бағыттарға негіз болды.
Тіл жəне
санамен қатар сана мен ойлау, тіл
мен мəдениеттің өзара байланыс мəселелері
Э. Сепир, А.А. Потебня, Л.В. Щерба, Л.В. Выгот-
ский, А.Н. Леонтьев, А.А. Леонтьев, А.А. Залев-
ская, Е.Ф. Тарасов, Н.В. Уфимцева жəне т.б.
секілді əртүрлі ғалымдардың еңбектерінде əр-
қилы ғылыми жəне əдіснамалық тұрғыдан түсін-
діріліп жүр. Ғалымдардың аталмыш мəселені
жан-жақты талдауы арқылы «тілдік сана» ұғы-
мының күрделілігін байқауға болады. Көптеген
зерттеулердің барлығына қарамастан бірегей
тұтас тілдік сана теориясы бар деп айта алмай-
мыз. Тілдік сананы талдау амалдарының ортақ
нəтижесі көрсетіп отырғандай,
тілдік сана тіл
арқылы көріністенеді. А.Н. Леонтьев сананы
«қоғамдық тұрғыдан қалыптасқан тілдік ма-
ғына, ұғымдар арқылы санада түсінілетін ақи-
қаттың көрінісі» деп анықтайды [2, 232 б.]. Ал
А.А. Леонтьев «тілдік сана» ұғымын «əлем бей-
несі» ұғымымен салғастырып, «əлем бейнесін»
«индивид психикасындағы заттық мағыналар