Ветеринария факультеті


-26-сабақтың тақырыбы. Ішкі сауда обьектілеріндегі ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы жұмыстарын ұйымдастыру



бет116/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   131
25-26-сабақтың тақырыбы. Ішкі сауда обьектілеріндегі ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы жұмыстарын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: ішкі сауда обьектілеріндегі ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы жұмыстарымен танысу
Ет комбинаты - малды (құсты, қоянды) соятын және одан тағамдық, техникалық, мал азығын, дәрілік өнімдер шығаратын өнеркәсіп орны. Ет комбинатында механикалық және автоматты құрал-жабдықтар қолданылып, санитарлық тазалық жағдайлар қатаң сақталуға тиіс. Өнім шығару мүмкіншілігіне қарай ет комбинаттары бірнеше дәрежеге бөлінеді.

Бұрынғы Бүкілодақтық ет өнеркәсібін жобалау нормасына қарай ВНТП 532/739-85 (ет-сүт өнеркәсібі министрлігі, 1985 жылы 27 желтоқсанда бекіткен 0144) ет өңдеу кәсіпорындары әр түрлі көрсет-кіштеріне сәйкес төмендегі топтарға бөлінеді.

Кейбір қалаларда (Москва, Санкт-Петербург, Семей, Улан-Удэ ж.б.) айналымда 300-400 т. ет өндіретін кәсіпорындар да бар.

Ет комбинаттары төмендегі бөлімдерден тұрады:

1.мал алаңы (база);

2.өндіріс цехтары, көмекші цехтар (жылыту, тазалау орындары ж.б.);

3. кеңсе үйлері, асқана, дәрігерлік пункт т.б.

Мал алаңы ет комбинатына түскен малды қабылдауға және оны 1-2 күн ұстауға арналған. Бұл уақытта малдың жалпы жағдайы анықталады (мал дәрігерлік байқау, температурасын өлшеу, маллеиндеу ж.б.), қажетті жағдайда малды демалдырады. Малды көліктен түсіруге арнаулы жер дайындалады. Ал басқа алаңда малды 1-2 күн ұстауға жағдай жасалынуы керек. Онда көлеңкелі орын тұрғызылады, автосуарғышпен жабдықталып, барлық алаң асфальттенеді. Айта кететін бір жай малды аланда дұрыс ұстау кейіннен алынатын еттің сапасына да әсерін тигізеді. Сондықтан онда малды суықтан, ыстықтан, жауын-шашыннан қорғайтын жағдай жасау қажет. Бұл алаңда сонымен қатар мал дәрігерлік-санитарлық құрылымдар да орын алады. Карантин жайы биіктігі екі метр қоршаумен оқшауланады. Оның сыйымдылығы тәулік ішінде түсетін малдың 10% сәйкес. Мұнда құжаттардағы мал саны мен ауру малдың диагнозын ажыратқанша үш тәулікке дейін ұсталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет