ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ ГИГИЕНА
КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: « Малды союға дайындау, оларды сояр алдындағы тексеру және оның маңызы »
Орындаған: 6В09102 –
«Ветеринарлық санитария»
мамандығының 4 курс 415 топ студенті
Жұмабек Ләззат
Тексерген: Тұрдық Е.
Алматы 2022
Мазмұны:
I. Кіріспе…………………………………………………………..…….............3
II. Негізгі бөлім..............................................................................................4-15
2.1 Сойыс жануарларын шаруашылықтардан ет өңдеу кәсіпорындарына тасымалдау.......................................................................................................4-6
2.2 Малды ет өңдеу кәсіпорындарына
қабылдау...........................................................................................................7-8
2.3 Малды сояр алдындағы тексеру және оның
маңызы. ……………………………………………………………………..8-12
2.4 Малды сойар алдында және сойғаннан кейін орындалатын
операциялар .................................................................................................12-15
III.Қорытынды..............................................................................................16-17
IV. Қолданылынған әдебиеттер.......................................................................18
Кіріспе
Мал және құсты, мал өңдеу кәсіпорындарында олардың тірідей массасы бойынша, ал негізінен еттің шығымы және сапасы бойынша қабылдайды. Етке өткізілетін мал, шаруашылықта арнаулы дайындаудан өтеді. Оны кәсіпорынға жіберер алдында ветеринарлық байқаудан өткізеді. Малдың дене қызуы (бәрінің немесе ветеринардың қалауы бойынша ішінара) өлшенеді. Малдың түрі, сырғасының нөмірі немесе таңбасы, ал бордақылауда болған малға бөлімшенің нөмірі көрсетілген тізбе дайындалады.
Союға жіберілетін әр малға, ветеринариялық заңдылықта көрсетілген тәртіп бойынша ветеринарлық анықтама толтырылады. Онда анықтамада көрсетілген барлық мәліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ мекендерден шыққандығы көрсетілуі тиіс. Топ (партия) малға бір шаруашылық субъектілерінен шыққан, бір түлік мал және бір мезгілде, бір анықтамамен берілген мал жатады. Шаруашылықта ұстауға, бордақылауға келмейтін, жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акт толтырылады. жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акт толтырылады.
Жануарлардың жұқпалы аурумен ауыратыны, ауыр күйдегі, күштеп өлтірілгені немесе мәйіттері табылған, сондай-ақ ветеринариялық анықтамада көрсетілген бастардың саны сәйкес келмеген жағдайда жануарлардың партиясы диагнозы немесе себептері анықталғанға дейін карантинге қойылады. сәйкессіздік белгіленеді, бірақ үш күннен аспайды.
Ет үшін малды союға тыйым салынатын жағдайлар:
Сібір жарасы, эмфизематозды карбункул, сіреспе, түйе дерті, құтыру, сіреспе, қатерлі ісік, брадзот, қой энтеротоксемиясы, ірі қара мал мен қойдың катаральдық обасы (көк тіл), шошқаның африкалық обасы, туляремия, ботулизм, безді мелиоз, эпизооз, гландиоз, ), қояндардың миксоматозы және геморрагиялық ауруы, құс тұмауы.
Мал сою - бір-біріне жалғасқан әр түрлі технологиялық жұмыстардан тұрады. Оның ең алғашқысы малды есеңгірету және бауыздау болып табылады. Бұл жұмыстар кезінде малдан неғүрлым канды толық шығару, малды қинамау, сонымен қатар жұмысшыларды жарақаттанудан сақтау алғы шарт болып саналады. Малды есеңгірету оның қозғалыс қабілетін жояды. Ол малды аспалы жолға ілу, бауыздау кезінде тітіркену, ауырсыну қаупінен сақтайды. Ал аспалы жолға ілу қанның толық шығуына және кейінгі жұмыстарды жеңілдетуге жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |