ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қоғамдық пәндер және педагогика кафедрасы
«Жоғары әскери мектептің педагогикасы» пәні бойынша докторанттармен сабақ өткізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕУ
1-ТАҚЫРЫП: «ЖОҒАРЫ ӘСКЕРИ МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАСЫ: ТАРИХЫ, ТӘЖІРИБЕСІ, БОЛАШАҒЫ».
Астана, 2023
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қоғамдық пәндер және педагогика кафедрасы БЕКІТЕМІН Қоғамдық пәндер және педагогика кафедрысының бастығы полковник М. Бектұрғанов 2023 ж. «____________» «_____»
«Жоғары әскери мектептің педагогикасы» пәні бойынша докторанттармен сабақ өткізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕУ
1-ТАҚЫРЫП: «ЖОҒАРЫ ӘСКЕРИ МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАСЫ: ТАРИХЫ, ТӘЖІРИБЕСІ, БОЛАШАҒЫ».
Кафедра отырысында қарастырылды 2023 жылғы «____»________№___хаттама
Кафедра отырысында нақтыланды 2023 жылғы «____»________№___хаттама Астана, 2023
МАҚСАТТЫ НҰСҚАМА
Жоғары әскери мектеп педагогикасының курсын зерделеу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық мамандықтарының докторанттарын кәсіптік және дүниетанымдық даярлаудың маңызды бөлігін құрайды.
Жоғары әскери мектеп педагогикасы курсының пәні ғылыми білімнің қазіргі қоғамдағы рөлі мен орнын көрсетеді, өзіне ғылымның қалыптасу және даму тарихын, сондай-ақ ғылыми білім туралы философиялық рефлексияны – мазмұнды, әдістер мен дүниетанымдық негіздерді қосады. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері офицерінің практикалық қызметіндегі педагогикалық ғылымның рөлін ғылыми түсінуді қалыптастыруға бейімдейді.
Қоғамның дамуымен қатар тарихқа, материалдық және рухани болмыстың іргелі негіздеріне қатысты рефлексияға қажеттілік күшейеді. Бұл жоғары әскери мектеп педагогикасы пәнін өзекті етеді.
Ұлттық қорғаныс университетінің докторанттарын жоғары әскери мектеп педагогикасының негізгі тұжырымдарымен таныстыру, оның даму кезеңдерін көрсету және әр кезең үшін маңызды проблемаларды ашу, гуманитарлық пәндердің (психологиялық, әлеуметтік, саяси, экономикалық және т.б.) әдістемелік өрісін қарастыру курстың мақсаты болып табылады.