YouTube платформасында математиканы оқыту әдістері


YouTube платформасының теориялық негіздері және оны математиканы оқытуда қолдану



бет2/5
Дата18.05.2022
өлшемі3,25 Mb.
#34829
1   2   3   4   5
YouTube платформасының теориялық негіздері және оны математиканы оқытуда қолдану

  1. YouTube желісінде жұмыс істеу нұсқаулықтары


Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда жас буынға дәстүрлі сабақ өту қызықсыз болары сөзсіз. Қазіргі таңда қарапайым есептеулер мен дәстүрлі түсінік айтып, мұғалімнің айтқанын қайталауы қолданыстан шығу кезеңінде тұр. Себебі жаңа заман талабы бойынша, қоғам жаңашылдықты талап етеді. Солай ғана олардың қызығушылықтарын оятып, білімге қарай беттеуіне жол ашуға болады. Егер оны оқытушы жасамаса, онсыз да жас жеткіншектер өздері іздене алатын жағдайға да жеткен. Қандай да ақпараттық коммуникациялық ресурстарын сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үрдісіне көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдану керек.

Ақпараттық технологиялардың баршаға таныс әрі қолдануға ең ыңғайлы түрі- YouTube желісі. Оны қазір барлық білім беру орындарында көмекші ресурс ретінде қолдану- қалыпты жағдай. Ендеше YouTube  жайлы толығырақ ашып айтайын.

YouTube ( ютьюбютюбютуб) — бұл бейнематериалдар хостингінің сервистерін ұсынатын қызмет болып табылады . Мұнда қолданушылар қандай да бір бейнежазбаларды қосуға, қарауға не оларға пікір жазып бөлісу мүмкіндігі бар.
YouTube қолдануға ыңғайлы әрі қарапайымдылығының арқасында бейнежазбаларды жүктеуге арналған ең танымал сайттың біріне айналған. Бұл сайттан кәсіби түсірілген фильмдер мен клиптерді, сонымен қатар, әуесқойлық бейнежазбалар мен видеоблогтарты табуға болады. You Tube бейнематериалдарды келесі әдістер арқылы таратады:

- You Tube.com сайтында: Қолданушылар бейнені бірнеше таралған форматтарда, яғни .mpeg және .avi-да, енгізе алады. You Tube оларды автоматты түрде Flash Video (flv) – да түрлендіріп, оларды онлайн да көруге рұқсат етеді. Flash Video, оның әртүрлі платформаларда үйлесімді және рұқсатты болуының арқасында, танымал формат болып табылады.

- You Tube.com шегінен тыс: Кез-келген жазбаларды көшіріп, басқа орындарда тарату мүмкіндігі HTML белгісі арқылы жүзеге асырылады. Нақты сілтемесін беру арқылы бөлісу мүмкіндігі туады. Оны кез келген веб парақшаларға енгізу арқылы табуға болады.

- Бейнені көшіріп алу: You Tube арқылы бейнені оффлайнда көру үшін көшіріп алудың бұрынғы тәсілдерінен басқа әдісі де қамтылған . Ол “kiss” сөзін бейненің сілтемесіне қосу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы www.kissyoutube.com/example деп белгілеу арқылы көшіруге болады. Сонымен қатар қазір You Tube-тен бейнені көшіре алатын бірнеше арнайы сайттар бар.

ҮouTube - бұл екі типтегі пайдаланушылар басқаратын бейнееплатформасы.

Бейне жасаушылар- олар арналары бар және оларға бейнелердіі жүктейтін адамдар.

Бейнені көрушілер – олар бейнелерді көретін, оларды бөлісетін және үзбей тамашалу үшін арнаға жазылатындар.

Сiз әрi жасаушы, әрі көрермен де бола аласыз. Егер сізде өз арнаңыз болса және оған бейнелерді жүктейтін болсаңыз, сiз басқа адамдардың да бейне материалдарын еркін тамашалай аласыз.

Компьютерге немесе мобильдi құрылғыға және интернетке қосылу мүмкiндігі бар кез- келген адам YouTube мазмұнын көре алады және өзгемен бөлiсе алады. YouTube шынымен бәрiне арналған - сiз креативтi iзденуші болсаңыз да, оқытушы болсаңыз да , тіпті үлкен ұйымның бас директоры болсаңыз да. Оның қолданушы базасы жастан үлкенге дейін болса да, YouTube әсіресе дәстүрлі теледидардан гөрі мазмұнның кең ауқымын, интерактивті компоненттерді және YouTube бейнематериалдарын жедел қанағаттандыруды ұнататын жастардың көңілінен шығары сөзсіз. Көптеген адамдар оны ойын-сауық мақсатында, кез- келген бір істі үйрену немесе оқу мақсатында, сүйiкті әртістерінің соңғы бейнеклиптерінен хабардар болу үшін , телехикая мен фильмдерді қарау үшін қолданады. Бәрімізге таныс пандемия жағдайында бұл желі ресурстары кеңінен қолданылды. Мектеп бағдарламасы да, жоғарғы оқу орындары да арнайы парақшалар арқылы балаларға түсіндірме бйнелермен бөлісіп отырды. Соңғы жылдары бұл желі ресурсын бизнес көзіне де айналдырған оқыту саласындағы адамдарды көруге болады. Жабық парақшаларға түсіндірме видеолар салып, оның сілтемесі арқылы ақылы бөлісуге болатыны белгілі. Соны пайдалана отырып біліммен де бөліседі және табыс та табуға болады екен. Демек бұл ресурсты әр адам өз мақсатына дұрыстап қолданса, пайдалы болары анық.

Мен қазір сайтты тұтынушы яғни бейнелерді көрушілердің сайтты қолдануы жайлы арнайы нұсқаулық жасап өтетін боламын. YouTube бейнелерін көрудiң көптеген әдiстері бар. Оларға мыналар жатады:



  • YouTube.com сайтына өтіп, ұсынылған бейненi іздеңіз.

  • IOS немесе Android үшін YouTube мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз және ұсынылған бейнені көріңіз немесе іздеңіз.

  • YouTube-тегi әлеуметтік медиа хабарламасына енгізілген бейненi көру.

  • Веб-бетте немесе блогта орналастырылған YouTube бейнесiн қараңыз.

  • YouTube-те бейнелерді мәтіндік хабарлама , электронды пошта, әлеуметтік медиа арқылы жiберiлген сiлтемелерді басу арқылы көріңіз.

Жеке бейне ұсыныстарын алу, көретін бейнелер тізімін жасау, басқа бейнелерді көру және арналарға жазылу үшін пайдаланушылар YouTube есептік жазбасын құруы керек. Немесе бұрыннан бар жаһандық Google есептік жазбасын жаңа YouTube арнасымен байланыстыруы керек болады. YouTube есептік жазбасын құрудың және пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар.

Сурет 1. YouTube есептік жазбасы.


Суреттен көріп тұрғанымыздай YouTube есептік жазбаңыздың көмегімен сіз:

  • Шолу тарихына негізделген үйге арналған бейненің жеке ұсыныстарын алыңыз.

  • Таңдаулы арналарға жазылыңыз, сонда сіз олардың соңғы бейнелерін оңай таба алатын боласыз.

  • Жаңа бейнелерді жүктеген кезде арналардан хабарландыру алыңыз.

  • Сіздің сүйікті авторларыңызбен олардың бейнелерімен қарым-қатынас жасау арқылы қолдау көрсетіңіз . Яғни оларға «ұнайды» батырмасын басып, пікір қалдыра аласыз.

  • Бейнені көру тарихын қадағалай аласыз.

  • Кейінірек көру үшін бейнені сақтай аласыз.

  • Жеке немесе жеке бейне ойнату тізімдерін жасап, кез-келген уақытта көру мүмкіндігіне ие бола аласыз.

YouTube-тен көргіңіз келетін нәрсені табудың бірнеше әдісі бар.

Сурет 2. Іздеу жолағы арқылы шолу.

Сурет 3. Тақырыптар мен санаттар бойынша іздеу.


Суретте көріп тұрғандай, YouTube платформасында сіз:

  • Іздеу жолағын пайдаланып бейнелерді кілт сөзі немесе сөз тіркесі бойынша іздеу жүргізе аласыз;

  • Тақырыптар мен санаттар бойынша бейнелерді таба аласыз;

  • Күні мен танымалдығы бойынша нәтижелерді сүзгілей аласыз;

  • Трендті тақырыптар бойынша кіре аласыз;

  • Алдында ізделген материалдар бойынша ұқсас бейнелерді қарай аласыз;

  • Өзіңіз жазылған арнайы YouTube арнасын көре аласыз;

Сонымен, егер сіз өзіңізге ұнайтын бейнені тапсаңыз, бейне ойнатқыштың астында бірнеше опцияны көресіз. Соған байланысты сіз мыналарды жүзеге асыра аласыз:

Сурет 4. Ойнатқыштың астындағы опциялар.


Бұл суретте көріп тұрғандай сіз ойнатқыш астындағы опциялар көмегімен мына мүмкіндіктерге ие бола аласыз:

  • Сізге ұнайтын-ұнамайтындығыңызға байланысты видеоға бас бармақты жоғары немесе төмен түсіре аласыз;

  • Өзіңізді ойыңызды білдіру арқылы пікір қалдыру;

  • Егер сізге ерекше ұнайтын және басқалармен бөліскіңіз келетін бейнені тапсаңыз, оны жақындарыңызға бөлісе аласыз;

  • Кейін көру мақсатында сақтап ала аласыз. YouTube-те мазмұн көп болғандықтан, платформа басқа уақытта көргіңіз келетін бейнелерді кейінірек көру тізіміне немесе сіз жасаған ойнату тізіміне сақтауға болады;

  • Бейне ұнамаған жағдайда ту батырмасын басу арқылы шағымданып, сізге көрсетпейтін әрекет жасай аласыз.

Көру тарихы жайлы не білеміз? Біздің бұрынырақта қараған бейнелерімізді осы бөлім арқылы таба аламыз. Ол 1- суретте көрсетілген сол жақта тұратын есептік жазбаның көмекші құралдары арасында 6-шы тұр. Сол батырманы басу арқылы төмендегі суреттегідей нәтижеге ие бола аламыз.

Сурет 5. Көру тарихы.


Көру тарихы арқылы өзіміздің қараған арналардың бейнелерін қайта қарау мүмкіндігіне қол жеткіземіз. Оны түгелімен тазалауға да болады. Сонымен қатар іздеу тарихын да көруге және тазалауға болатынын айта кеткен жөн.

Барлық YouTube тұтынушыларына қажетті негізгі нұсұаулықтар мен қызмет түрлеріне толықтай тоқталып шықтым. Осыларды қолдана отырып сапалы арна ашып, жұмыс жасауға да болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, математиканы оқытуда осы ресурстарды қолдану жайлы келесі тәжірибелік бөлімде айтатын боламын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет