Юнеско әзірленген акт құзыреттілігі стандарттары



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата12.10.2022
өлшемі266,19 Kb.
#42481
  1   2   3   4   5   6   7   8


ЮНЕСКО әзірленген АКТ құзыреттілігі стандарттары 
ЮНЕСКО әзірленген мұғалімдерге арналған АКТ құзыреттілігі стандарттары жобасы 
білім беру реформасы мен тұрақты даму саясаты тұрғысынан қарастырылады. Білім беру 
кез келген мемлекет пен қоғамның өзекті функциясы болып табылады және ол әртүрлі 
мақсаттар мен міндеттерге бағытталады. Экономистер адам мүмкіндігінің артуы негізінде 
өрлеуге алып келетін үш факторды бөліп қарастырады, олар: капиталдың нығаюы (алдыңғы 
болжамдарға қарағанда анағұрлым өнімді болып табылатын жұмыс күшінің жабдықтарды 
пайдалану қабілеті), еңбек сапасының артуы (экономикалық өндірістің құндылығын 
ұлғайтуға қабілетті жұмыс күші) және технологиялық инновациялар – жұмыс күшінің жаңа 
білімді жасауға, таратуға, жеткізуге және пайдалануға қабілеті. Өнімділіктің осы үш 
факторы экономикалық даму мен білім беру саласының саясатын біріктіретін тәсілдерді 
қандай да бір деңгейде арттыруда үшеуіне қосымша негіз болып қаланады:

Білім беру бағдарламаларына технологиялық дағдыларды енгізу есебінен 
оқушылардың, азаматтардың және еңбек ресурстарының технологиялық 
сауаттылығының артуы – технологиялық сауаттылыққа негізделген тәсіл.

Әлемдік деңгейдегі күрделі проблемаларды шешу барысында қоғам мен экономика 
үшін қосымша мән-мағына беретін білімді қолданудағы оқушылардың, азаматтардың 
және еңбек ресурстарының арту қабілетінің жоғарылауы– білімді тереңдетуге 
негізделген тәсіл.

 Оқушылардың, азаматтардың және еңбек ресурстарының инновацияларға және 
жаңа білім негізін қалауға деген қабілетін дамыту.  
Мұғалімнің кәсіби дамуы және білім беру реформасы 
Жаңа технологиялар мұғалімдерден жаңа біліктілікті және оларды оқытуда жаңа 
педагогикалық әдіс-тәсілдерді талап етеді. АКТ-ны сынып көлемінде білім беруге табысты 
кіріктіру мұғалімнің жаңа технологияларды педагогикадағы жаңа идеялармен біріктіру 
үшін оқу ортасын дәстүрлі емес тәсілмен құрылымдау, әлеуметтік белсенді сыныптарды 
дамыту қабілетіне байланысты болып табылады.
Бұл сыныпты басқару дағдыларының түрлі жиынтықтарын әзірлеуді талап етеді. 
Болашақтың түйінді дағдыларына оқу ортасының тиімділігін арттыру, технологиялық 
сауаттылықты ынталандыру, бар білімді тереңдету және жаңасын құру үшін 
технологияларды пайдаланудың инновациялық тәсілдерін әзірлеу қабілеті енгізілетін 
болады.
 
Саясат және 
ұстаным
Технологиялы
қ сауаттылық
Білімді 
тереңдету
Жаңа білім 
қалыптастыру
Білім беру 
бағдарламасы 
және бағалау
Базалық білім
Білімді 
қолдану
ХХІ ғасыр 
дағдылары
Педагогика
Технологиялар
ды енгізу
Кешенді 
проблемалард
ы шешу
Өзін-өзі 
басқару
АКТ
Қарапайым 
техникалар 
мен құралдар
Кешенді 
техникалар 
мен құралдар
Жан-жақты 
техникалар 
мен құралдар
Ұйымдастыру 
және басқару
Стандартты 
сыныптар
Бірлескен 
топтар
Оқу ұйымдары
Мұғалімнің 
кәсіби дамуы
Ақпараттық 
сауаттылық
Басқару және 
бағыттау
Мұғалімдер 
білім алушы 
моделі ретінде




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет