Юнеско әзірленген акт құзыреттілігі стандарттары


ЮНЕСКО әзірленген АКТ құзыреттілігі стандарттары



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата12.10.2022
өлшемі266,19 Kb.
#42481
1   2   3   4   5   6   7   8
 
ЮНЕСКО әзірленген АКТ құзыреттілігі стандарттары 
Адам әлеуетін
дамытуға негізделген білім беруді реформалаудағы үш тәсілді – 
технологиялық сауаттылық, білімді тереңдету мен жаңа білімді қалыптастыру тәсілдерін 
және білім беру жүйесінің алты құрамдас бөлігін – саясатты, білім беру бағдарламасын, 
педагогиканы, АКТ-ны, ұйымдастыруды және мұғалім даярлауды үйлестіру жолымен 
ЮНЕСКО-ның Мұғалімдерге арналған АКТ құзыреттілігі стандарттары жобасына арналған 
білім беру бағдарламасының форматы жасалды. Білім беру бағдарламасы матрицасының 
әрбір ұяшығы өздігінен жеке модульді құрайды. Осы модульдердің әрқайсысының аясында 
жеке оқу мақсаты қойылған, мұғалімдердің дағдылары көрсетілген. Төменде осы 
модульдерге шолу жасалған. Әрбір модульде пайдаланылатын мұғалімнің құзыреттілігі
мақсаттар мен әдістердің жан-жақты сипаттамасы педагог кадрларды даярлайтын ЖОО 
оқытушылары мен педагогтердің кәсіби дамуын ұйымдастырушыларға арналған арнайы 
веб-сайтта ұсынылған. Осы оқытушылар мен педагогтер жаңа оқу материалдарын әзірлеуде 
немесе қолданыстағы материалдарын қайта қарауда олардың жоғарыдағы үш тәсілдің 
біреуін немесе бірнешеуін қамтуы мақсатында білім беру бағдарламасы мен құзыреттілік 
стандарттарын ескеріп отырады. Сонымен қатар, оқытушылар мен педагогтер құзыреттілік 
жобасының мазмұны жөнінде ескерту жасай алады, сол арқылы қоғамды стандарттарды 
бірлесе жасауға ынталандырады. 
Технологиялық сауаттылыққа негізделген тәсіл
 
Саясат 
және 
ұстаным
Бұл тәсілдің саяси мақсаты - әлеуметтік дамуға қолдау көрсетуді 
қамтамасыз ететін және экономикалық өнімділікті арттыратын жаңа 
технологияларды қабылдау үшін білім алушыларды, азаматтарды және 
жұмыс күшін дайындау болып табылады. Білім беру саласындағы 
саясаттың өзара байланысқан мақсатының құрамына мектептік біліммен 
қамту, сапалы ресурстардың қолжетімділігінің артуы, сауаттылықтың 
негізгі дағдылары, соның ішінде техникалық дағдыларды жетілдіру 
енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет