Ұзақ мерзімді активтер есебі Негізгі құралдар есебі №16 «Негізгі құралдар»



бет1/4
Дата04.04.2023
өлшемі43,16 Kb.
#79219
  1   2   3   4
Байланысты:
лекция 9


1.9 Ұзақ мерзімді активтер есебі

Негізгі құралдар есебі №16 «Негізгі құралдар» халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Аталған стандартқа сәйкес негізгі құрал деп кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немссс әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтерді айтады.


Негізгі құралға қозғалмайтын мүлік, жер, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетік, машина мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары, есептеу машиналары, көлік құралдары, аспаптар, шаруашылық құрал-саймандар, және т.б. жатады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шартқа сай келсе актив ретінде танылуы (есепке алуға) тиісті:
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
ә) егер кәсіпорын үшін оларды сатып алуға кеткен нақты шығындарды сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құрал есебін ойдағыдай жүргізу үшін жүйелеп топтастыру қажет.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік негізгі құрал деп өндірісте қызмет ететін, пайдалы құралды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіштік тетік, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, және т.б. жатады.
Өндірістік емес негізгі құрал қатарына шаруашылық өндірістің басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құрал жатқызылады. Оларға: тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылықтарда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және т.б. жатады. Негізгі құралдар өнеркәсіптік ауыл шаруашылығы, орман, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату, өткізу әосіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқа ұйымдар, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және т.б. салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құрал пайдалану мақсаты және қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

      1. Жер (кәсіпорында пайдаланатын барлық жер).

      2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар.

      3. Машина мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер.

      4. Көлік құралдары

      5. Басқадай негізгі құралдар.

Негізгі құрал кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдарды бағалаудың түрлері:

      • бастапқы құны;

      • жойылу құны;

      • амортизациялық (тозу) құны;

      • әділетті (сатып өткізу) құны;

      • баланстық құн;

      • өтелмелі құны

Бастапқы (тарихи) құн — негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаруға кеткен нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, сондай-ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқты кез келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны былайша қалыптасады-қайта бағаланған негізгі құралдар бойынша олардың қайта бағалау кезінде белгіленген төртіппен бекітіліп, есепте көрсетілген қайта қалпына келтіру құны;
Мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жасалған негізгі құралдар бойынша—алуға, жеткізуге, құрастыруға және орнатуға кететін және объектілердің мүліктік құнына енгізілуге тиіс басқа шығындар;
Құрастыруды қажет етпейтін басқа машиналар бойынша -сатып-алуға, жеткізуге кететін шығындар және оларды сатып-алуға байланысты басқа да шығындар;
Тегін алынған объектілер бойынша тапсыру құжаттарында көрсетілген құн (құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін--жеткізу және құруға кететін шығындар қоса есептеледі);


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет