Заманауи жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері



бет1/4
Дата19.11.2022
өлшемі0,73 Mb.
#51277
  1   2   3   4

Заманауи жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері

Орындаған: 7M05101-«Биология» мамандығының 1-ші курс магистранты Кенжебаева Ж.А.

Тексерген: педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Нургалиева Д. А.

Жоспар

  • 1. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздерін дәлелдеу.
  • 2. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық тұғырларына қысқаша сипаттама беру.
  • 3. Құзыреттілік тұғырдың мәндік сипаттамасын ашып көрсету.

Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері

  • Әдіснама – әдістер туралы ілім. Әдіснама – грек сөзінен алынған,
  • «Зерттеу» деген мағынаны білдіреді, яғни әдіс туралы ғылым. Ғылымның әдіснамасы ғылыми-зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Ғылыми әдіснаманың негізін Гегель салды. Гегель әдісі дегеніміз – мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсету Әдіснама танымның жаңа саласын зерттеу стратегиясын анықтау үшін қажет. Педагогика ғылымының әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделеді.
  • Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық идеялары жалпы педагогикадан шығады,сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері – бұл оның ғылым ретіндегі идеяларының өзегін құрайды және оның даму барысына әсерін тигізетін негізгі философиялық тұғырлардың немесе тәсілдемелердің жүйесі.

Әдіснамалық білімдер құрылымының төрт деңгейі бөліп көрсетіледі (Э.Г.Юдин бойынша):

  • Әдіснаманың барлық деңгейлері арасында белгілі бір тәуелділіктері бар бір-бірін толықтыратын күрделі жүйені құрайды.

Бірінші, жоғары философиялық деңгейін философиялық білім жүйесі (категориялық аппарат - термин, заң, заңдылық, тұғыр, теория) құрайды. Бұл деңгейде зерттеу бағыттарын, стратегиясын, пәні мен объектісін анықтау тәсілдерін қамтамасыз ету қызметі іске асырылады.
Екінші жалпығылыми әдіснама деңгейі - теориялық тұжырымдарды белгілейтін, көптеген ғылыми пәндерге бағдар беретін теориялық ережелер (жүйелілік, іс-әрекеттік, тұлғалықбағдарлық тұғырлар), нақты ақиқат-шындықты бейнелеп көрсететін жалпығылыми идеялар, теориялар (іс-әрекет, тұлға, жүйе, мәдениет).
Үшінші деңгей - нақты-ғылыми әдіснама, яғни, арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеу ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді. Мысалы, тұтас педагогикалық үдеріс теориясы, дидактика теориясы, тәрбие теориясы жәнепедагогикалық зерттеулердегі жүйелілік тұғыр мәселесі немесе жобалау.
Төртінші теоларды алғашқы өңдеу, сосын ғылыми білімге енгізуді қамтамасыз ететін процедуралар (жинақтау, талдау, қорытындылау, ұсыныс беру, т.б.). хнологиялық әдіснама деңгейі - зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды, яғни шынайы тәжірибелік материалдар және Әдіснамалық білімнің бұл деңгейі айқын нормативтік сипатқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет