Зар заман поэзиясы. Зар заман поэзиясының зерттелуі



бет1/4
Дата29.03.2023
өлшемі51,04 Kb.
#77298
  1   2   3   4

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


СӨЖ
Тақырыбы: Зар заман поэзиясы.Зар заман поэзиясының зерттелуі.
Қабылдаған: Бисенбаев Пазылбек Куанбаевич
Орындаған:Оразалы Айбике

Алматы 2023


Жоспар:
1.Кіріспе......................................................................................................................................
2.Негізгі бөлім.............................................................................................................................
1. Зар заман поэзиясының зерттелуі.
2. «Зар заман» ағымы ақындарының толғауларындағы елдік идеясы
3.Қорытынды...........................................................................................................................
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................................
Жұмыстың мақсаты:
Жұмыстың тарихнамасы: Дереккөздер мен пайдаланған әдебиеттер бойынша қарастырылды.
Кіріспе.
Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат БабатайұлыШортанбай ҚанайұлыМұрат МөңкеұлыӘбубәкір КердеріАлбан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді. Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады. Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды.
1927 жылы М.Әуезов әдебиет туралы тарихи мәселедегі аса мәнді жайлар есебінде мынадай күрделі сұрақтарға өз тұжырымын ұсынды. Зар заман деген бағыт неден басталып, немен бітті? Ақындары кімдер? Әдебиетте бұл дәуір қандай орын алады? М.Әуезов жүз жылдық дәуір аталған зар заман әдебиетіне байланысты бірнеше тұжырым жасады.
1. Зар заман әдебиетін туғызушының бірі – жырау. Оның қазақ әдебиетіндегі орны, өнері, өлеңі несімен ерекше.
2. Тарихи жыр - зар заман әдебиеті тұсында туған түр.
3. Зар заман кімнен басталып, кімнен аяқталады.
4. Зар заман әдебиетінің негізгі сарындарына айғақтар.
5. Зар заман әдебиетінің жанр, түр, өлең үлгісі. Осы тұжырымдамалардың ішінде әлі де ілгері дамытуды, ашуды күтіп жатқаны аз емес.Соның жырау өнернамасы, ауызша әдебиет пен жазба әдебиет арасындағы өтпелі кезең ерекшеліктері, зар заман әдебиетінің жанр, түр, өлең үлгісі, қай ақын қай сарынмен сөйледі дегендей жайлары әсіресе көкейкесті сол әдебиеттің ғылыми-көркемдік негіздерін нығайта түсуге қажет шарттар. Жыраулық - қазақтың сөз өнер топырағындағы өзгеше бір құбылыс. Дулат, Мұрат, Шортанбайлардың заман күйін жырлаған толғаулары сол үлкен өнердің бір қыры. Әрине, әдебиеттегі зар заман ағымы мәселесіне М.Әуезовтың ғасыр басындағы пікірлері арқау болып қала береді. Бүгінгі әдебиеттану ғылымы жеткен меже, таным деңгейінен арғы-бергіні саралап, елеп- екшелеу ғана бұл ағымды қазақ әдебиетінің тарихындағы бір арна есебінде түпкілікті орнықтыруға, ғылыми негіздеуге мүмкіндік бермек. Себебі, зар заман ұғымы бірде ақиқаттың баламасы болды, бірде, жат пиғылдық атауы болды, бір кездерде әдеби, ғылыми айналымда мүлде «ұмытылды». Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері түрлі саяси науқандар тұсында көптеген бұрмалауды, бұралаң жолдарды бастан кешті. Әдебиет тарихында кімдер қалып, кімдер аталмауы керек деген мәселе төңірегінде ұзақ жылдар бойы айтыс-тартыс үзілмеді. Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесінде «зар заман» аталған дәуірге байланысты айтылған ой-пікір, солардан туындаған ғылыми, танымдық мәселелер аз емес. М.Әуезов зар заман, отаршылдық дәуір әдебиетіндегі уақыт мерзімін іштей ХYІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасыр әдебиетіне жатқызады. Зар заман ағымы отаршылдық дәуірдің көп өзгешелігін қамтыған үлкен әдеби ағым. Ол дәуірде өзіндік саяси, теориялық өзгешелігімен жаңа сипатты, әлемдік деңгейдегі, европалық мәндегі профессионал әдебиеттің де туып, жасағаны мәлім. Бір дәуірдің әдебиеті, оның негізгі сарын-бағыты, түр, мазмұн өзгешелік-ерекшелгі жөнінен Дулат, Мұрат, Шортанбайлар өмір сүрген кезең белгілі бір деңгейде сараланып ,бағаланды. Мысалы: Мына заман қай заман!?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет