Зат есімнің құрылымы. Дайындаған: Бабаханова М. Т. Қабылдаған: Қайырбекова Ұ. Ж. Жоспары



бет1/3
Дата15.11.2022
өлшемі339,01 Kb.
#50280
  1   2   3

Зат есімнің құрылымы.


Дайындаған: Бабаханова М. Т.
Қабылдаған: Қайырбекова Ұ. Ж.

Жоспары:


Зат есімдердің жалаң және күрделі болып бөлінуі
1
Негізгі және туынды түбір зат есімдер
2
Күрделі зат есімдердің жасалу жолдары
3
    • Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатаржаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды
Зат есім сөздердің құрылымы
ЖАЛАҢ
КҮРДЕЛІ
Жалаң зат есімдердің іштей 2 топқа бөлінуі: 1) негізгі түбір зат есімдер; 2) туынды түбір зат есімдер.
Түбiр зат есiмдер деп –сөздiң морфемаларға бөлшектенбейтiн, тек бiр ғана түбiр морфема (сөз) ретiнде қабылданатын заттық атауларын айтады. Мысалы, тау, тас, адам, ағаш, мектеп, бала, гүл, кiтап, теңiз, жер, аспан, тамақ, ауа т.б.
Туынды түбiр зат есiмдер деп – түбiр морфема мен қосымша морфемаға бөлшектенетiн, яғни түбiр сөзге сөзжасамдық жұрнақ жалғану арқылы кейiннен жасалған жаңа заттық ұғымдарды айтады. Мысалы, мал-шы, киiм, ег-iн, тұз-дық, кiсi-лiк т.б.
Күрделi зат есiмдерге – кемiнде екi не одан да көп дербес мағыналы түбiр морфемалардан құралған сөздер жатады. Ондай зат есiмдер қазақ тiлiнде мыналар:
1.Бiрiккен зат есiмдер
2.Қосарланған зат есiмдер
3.Тiркескен (құрама) зат есiмдер
4.Қысқарған зат есiмдер.

Бiрiккен зат есiмдерге дербес мағыналы екi түбiр морфемадан бiрiгу арқылы жасалған зат есiмдер жатады. Мысалы, бәйтерек, белбау, қайнаға, ағайын, қолбасы, қолқанат. Бiрiккен зат есiмнiң тұтаса біріккен және кіріге біріккен деген екi түрi бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет