Зерттеу іс-тәжірибесінің күнделігі



бет1/3
Дата22.12.2022
өлшемі32,61 Kb.
#59070
  1   2   3
Байланысты:
майра


Ф.7.27-11


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті



ЗЕРТТЕУ іс-тәжірибесінің күнделігі


Магистрант Арыстанова Ботакөз Қайратқызы


(А.Т.Ж)



Факультеті «Жаратылыстану ғылыми педагогикалық» курc 2 Тобы МЕП-21-4нк1
Кафедра «Химия»
Дайындау бағыты ғылыми педагогикалық
Іс-тәжірибеден өту мерзімі
Оқу жоспарына сәйкес:
Басталуы: «5» қыркүйек 2022 ж.
Аяқталуы: «21» қазан 2022 ж.

Кафедрадағы іс-тәжірибе жетекшісі: _________________________________


Тегі: Утелбаева
Аты: Ақмарал
Әкесінің аты: Болысбекова
Ғылыми атағы: х.ғ.д., доцент

Шымкент,2022.


зерттеу іс-тәжірибесі бойынша тапсырмасы

Магистрант Арыстанова Ботакөз Қайратқызы


(А.Ж.Т)


№ р/с

Тапсырма түрі

Орындау мерзімі

I.

Мақсаты: Оқытудың әртүрлі формаларын зерттеп және оны сабақта қолданудың әдістемесін, сонымен қатар оқушылардың танымдық, оқу және шығармашылық қабілеті, жеке ерекшеліктеріне сәйкес басқару дағдыларын игеру.



05.09-09.09.2022 ж

II.

Іс-тәжірибе мазмұны:

        1. Танысу: педагогикалық шеберліктің, дағдылардың және оқу-тәрбие жұмыстарын өзіндік жүргізудің негіздерімен танысу.




        1. Іс-тәжірибеде орындау: заманауи ақпараттық технологиялар туралы идеяларды қалыптастыру;
          - оқу процесін жоспарлау, сабақты дамыту және өткізу кезінде практикалық дағдыларды орындау.




        1. Дағдыны икемдеу деңгейі: мектеп оқытушысының кәсіби дағдыларын қалыптастыру және дамыту.


12.09-16.09.2022 ж

19.09-23.09.2022 ж


26.09-30.09.2022 ж

III.

Қосымша тапсырмалар: өзін- өзі тәрбиелеу және өзін – өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру,ғылыми-педагогика-
лық белсенділікті арттыруға ықпал ету; педагогикалық жағдайды талдау дағдыларын қалыптастыру.



03.10-14.10.2022 ж

IV.

Әдістемелік-нұсқауларды ұйымдастыру:



17.10-21.10.2022 ж

Ғылыми жетекшісі Утелбаева А.Б. « » 2022 ж.
(А.Ж.Т, қолы )

Магистрант Арыстанова Б.Қ. « » 2022 ж.


(А.Ж.Т, қолы )

Іс-тәжірибеде орындалған жұмыстың жазбаша нәтижесі





Күні

Орындалған жұмыстың қысқаша мазмұны



Ғылыми жетекшісінің орындалған жұмыс туралы белгісі

05.09-09.09.2022 ж

Зерттеу іс-тәжірибесі өтетін оқу орнына барып, мектеп басшысы мен химия пәні мұғалімімен, мектеп тарихымен таныстым.
Іс- тәжірибеге зерттеуге алынған сыныптың сабақ кестесімен, сабақтарының өткізілу барысымен, жоспарымен таныстым. Бірінші апта танысу ретінде өтті. Оқушыларға өзімді таныстырып, өзім де оқушылармен таныстым.




12.09-16.09.2022 ж

Педагогикалық шеберлікті, дағдыларды қалыптастыруға және оқушылардың қызығушылығын оятуға байланысты видеосабақтар көрдім. Өзіме бекітілген сыныптың сабақ кестесіне сай бірнеше сабағына қатысып, оқушылардың белсенділігін бақыладым.
Оқытушы сабақ түсіндіріп, оқушыларға тапсырма беріп, тапсырмаларға қоса дескриптор ұсынды. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде дескрипторларға сүйеніп, өздерінің қанша балл алғандарын біліп отырды.




19.09-23.09.2022 ж



Зерттеу тәжірибеміздің үшінші аптасы. Мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын өзіндік жүргізудің негіздерін игердім.
Сабақта оқытудың әртүрлі формаларын қолданып сабақ жоспарлары құрастырылды. Жеке тапсырма бойынша сабақта критериалды бағалау жүйесін қолдандым. Әртүрлі тапсырмалар құрастырып, тапсырмаларға дискрипторлар жасалынып, оқушыларды бағаладым. Сабақ кестесі бойынша сабақ өтілді. Сабақ соңында оқушылардан алған бағалары бойынша өз ойларын сұрадым. Олар өз бағаларымен келісетінін, одан да жоғары балл алу үшін қандай критерийлерге жауап беру керектігін түсінді.
21.09.2022 жылы ,Сәрсенбі күні, 8.9 сыныптада сабақ өтттім. Иондардың түзілуі, Электролиттер және бейэлектролит тақырыбына. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс жасалды.






26.09-30.09.2022 ж

Сабақта оқытудың әртүрлі формалары және өткізу әдістемесіне негізделген сабақ жоспарын дайындадым.
Зерттеу практикасы барысында мектептен тыс жұмыстарға дабелсене ат салыстым. Аманат партиясы өткізген Мемлекет Президенті Жолдауын талқылауға қатысты жиналысқа қатыстым.
30 қазан күні сабақ кестесі бойынша 9 а сыныбына катиондарға сапалық реакция тақырыбына зертханалық жұмыс жасалды. Оқушылар түрлі түсті реакцияларды көріп, сапалық талдау жасау туралы біраз керекті біліммен қаруланды. Оқушылармен түрлі деңгейлік тапсырмалар орындадым. Қоңырау кезінде кезекшілікке шығып, балаларға сырттай бақылау жүргіздім. Диссертация тақырыбына байланысты керекті мәліметтерді жиақтап тәжірибе жүргіздім.




03.10-07.10.2022 ж





Оқушылардың танымдық, оқу және шығармашылық қабілеті, жеке ерекшеліктеріне сәйкес басқару дағдыларымен таныстым. Сабақ кестесі бойынша сабақ жүргіздім. Дарынды оқушылармен және үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге жоспар құрдым. Диссертация тақырыбының тәжірибелік жұмысына бақылау сыныбы мен салыстыру сыныбы таңдап алып, оларға критериалды бағалаудың білім сапасын артуындағы маңызын қарастырдым. Екі сыныптың біреуіне дәстүрлі сабақ, ал екіншісіне критериалды бағалауды қолданып сабақ жоспары құрылды. Сабақ бойынша бағалау критерилері беріліп, тапсырма дайындалып, тапсырмаларға дескриптор ұсынылды. Бағалау қорытындысы салыстырылып қорытынды жасадым.




10.10-14.10.2022 ж

Microsoft teams бағдарламасы арқылы «Сутегі » тақырыбында тобында ашық сабақ өткіздім. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыс орындалды. Сутегінің алынуына демонстрациялық тәжірибе көрсетілді.Сергіту сәті How am I орындалды. Оқушыларға 5-6 элемент бейнеленген тапличка берілді. Оқушылар келтірілген сипатамасы арқылы оқушының қандай элемент екенін табу керек. Сабақ өте қызықты өтті.




17.10-21.10.2022 ж

Зерттеу практикасының соңғы аптасы. Жасалған жұмыстарды барлығын қағаз бетіне түсіріп, практика есебін жазуға кірісіп кеттім. Жүргізілген сабақтарға талдау жасадым.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет