Зерттеуші Исследователь – The Researcher


Қанның  маңызы  және  оның  қозғалысы



жүктеу 43.02 Mb.
Pdf просмотр
бет13/20
Дата24.03.2017
өлшемі43.02 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Қанның  маңызы  және  оның  қозғалысы.  Қан  ткань  сұйықтығына  дене 
клеткаларына қажетті оттегі мен қоректік заттарды беріп, одан көмір қышқылы мен 
клеткалар бөліп шығаратын басқа да өнімдерді сіңіреді. Осы арқылы организм үшін 
қажетті  ішкі  орта  құрамының  тұрақтылығы  қамтамасыз  етіледі.  Ал  бірқатар 
мүшелер қан құрамының тұрақтылығын сақтап тұрады. Тыныс алу мүшелері арқылы 
қан  оттегін  сіңіріп,  көмір  қышқылын  береді.  Зат  алмасудың  басқа  өнімдері  қаннан 
арнаулы  зәр  шығару  мүшесі  –  бүйрекке  келеді;  кейбір  заттар  шамалы  мөлшерде  ас 
қорыту  жолының  кілегейлі  қабықшасы  мен  тері  арқылы  бөлінеді.  Қоректік  заттар 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
103 
қанға  ішек-қарыннан,  сондай-ақ олар  қор  ретінде  жиналатын  мүшелерден, мысалы, 
бауыр мен шелден келеді. 
Қан арқылы дене мүшелері арасындағы химиялық байланыспен олардың өзара 
әрекеттесуі  жүзеге  асырылады.  Мәселен,  бір  мүшеден  қанға  енген  заттарды  басқа 
мүшелер  де  пайдалануы  мүмкін.  Кейбір  мүшелер  ерекше,  өте  актив  заттар  – 
гормондар жасап, оларды қанға бөліп шығарады. 
Қан  айналым  үлгісі.  Қан  айналым  капиллярлар  қабырғалары  арқылы  зат 
алмасу  іске  асатын  тіндерде  басталады.  Капиллярлар  қан  мен  лимфаның 
микроциркуляциясы жүретін микроциркуляциялық арнаның басты бөлігін құрайды. 
Микроциркуляциялық арнаға лимфа капиллярлары мен аралық кеңістік те жатады. 
Микроциркуляциясы – қан мен лимфаның тамыр арнасының микроскопиялық 
бөлігіндегі  қозғалысы.  Микроциркуляциялық  арна  В.В.  Купрянов  бойынша  5 
буынды  қамтиды:  1)  артериялық  жүйенің  ең  дисталды  буындары  ретіндегі 
артериялар; 2) артериолалар мен нағыз капиллярлар арасындағы аралық буын болып 
табылатын прекапиллярлар немесе посткапиллярлық артенриолалар; 3) капиллярлар; 
4)  посткапиллярлар  немесе  посткапиллярлық  веналар;  5)  веналық  жүйенің 
тамырлары болып табылатын венулалар. 
Бұл буындары барлығы тамыр қабырғасының өткізгіштігі мен микроскопиялық 
деңгейдегі 
қан 
ағымын 
реттеуді 
қамтамасыз 
ететін 
механизизмдермен 
жабдықталған.  Қанның  микроциркуляцисы  артериялар  мен  артериолалардың 
бұлшық  еттер  арқылы  және  И.М.  Сеченов  болжап  айтқан  «крандар»  деп  атаған 
ерекше  бұлшық  етті  қыспақшалар  пре-  және  посткапиллярларда  болады. 
Микроциркуляциялық  арнаның  кейбір  тамырлары  негізінен  тарату  қызметін,  ал 
қалғандары  негізінен  трофикалық  қызметін  атқарады.  Әрбір  сәтте  капиллярлардың 
тек бір бөлігі жұмыс атқарып, ал қалған бөлігі резервте тұрады. 
Қанның  жасқа  байланысты  ерекшеліктері.  Балаларда  қанның  түзілуі. 
Нәрестелерде  сүйек  қызыл  майы  сүйек  кемігінің  талшықтары  аралығындағы 
кеңістікті  ғана  емес,  сондай-ақ  ұзын  сүйектердің  диафиздері  ішіндегі  қуыстыда 
толтырып тұрады. Қан жасайтын бұл тканьнің жалпы мөлшері 70-80 грамға жетеді. 
Бұдан  кейін,  шамамен  2-3  жастан  бастап  ұзын  сүйектердің  диафиздерінде  сүйек 
қызыл  майы  біртіндеп  май  тканімен  алмасады  да,  пассивті,  сүйек  сары  майына 
айналады. Көптеген сүйектердің борпылдақ тканьдерінде де ішінара осындай поцесс 
өтеді.  Алайда  сүйек  қызыл  майының  жалпы  мөлшері  кемімейді,  мұны  скелеттің 
өсуіне  және  дамуына  қарай  борпылдақ  сүйек  ткані  массасының  артатындығымен 
түсіндіруге болады. 
Ерекше  жағдайларда,  организмнің  қан  жасауға  мұқтаждығы  күрт  артатын 
кезде,  мысалы  қан  көп  кеткенде  немесе  кейбір  аурулардан  кейін  құрсақ  ішіндегі 
даму кезеңінде активті болған қан жасау ошақтары қайтадан уақытша қызмет атқара 
бастайды:  көк  бауырда,  бауырда,  лимфа  түйіндерінде  және  басқа  мүшелерде 
эритроциттер  мен  басқа  да  қан  түйіршіктері  түзіле  бастайды.  Сүйек  сары  майының 
май  тканьдері  алмастырған  жерлерде  ішінара  сүйек  қызыл  майы  қалпына  келеді. 
Бұлайша  «өткенге  қайтып  оралу»  бұрынғы  барлық  қан  жасайтын  ошақтарда  қан 
түйіршіктерін түзетін алғашқы дәнекер ткань клеткалары сақталғандығын білдіреді. 
Қан  жасау  резервтерін  бұлайша  жұмылдыру  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде 
оңай  атқарылады.  Өмірдің  алғашқы  жылдарында  эритроциттердің  түзілуі  оп-оңай 
бұзылатындықтан  және  ол  қан  аздыққа  әкеп  тірейтіндіктен  мұның  айтарлықтай 
маңызы  бар.  Оған  мынадай  жағдайлар  себепші  болуы  мүмкін:  дұрыс  тамақтанбау, 
таза ауада жиі болмау, ұйқы режимінің бұзылуы, сондай-ақ әртүрлі аурулар. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
104
Қан құрамы мен қасиетінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Баланың, сондай-
ақ  ересек  адам  қанының  плазмасында  белгілі  бір  заттар  шамамен  бірдей  мөлшерде 
кездеседі. Мұның атап айтқанда, анорганикалық заттарға қатысы бар. Есейген сайын 
кейбір  органикалық  заттардың  мөлшері  өзгеріп  отырады.  Атап  айтқанда, 
нәрестелерде  және  өмірдің  алғашқы  жылында  белоктар  мен  ферменттер  қанда 
кейінгі жылдарға қарағанда аз, мұның үстіне олардың өлшемі тым тұрақсыз болады: 
ол  бірде  артуы,  бірде  кемуі  мүмкін.  Үш  жасқа  қарай  белоктардың  мөлшері 
ересектердегідей шамаға жетеді. 
Бала есейген сайын оның қан түйіршіктерінде айтарлықтай өзгеріс туады. Бала 
қаны  туғаннан  кейінгіге  қарағанда  ол  өмірге  келгенге  дейін  оттегін  едәуір  аз 
қабылдайды.  Оттегінің  жетіспеушілігі  оны  гемоглобиннің  өте  жақсы  қосып 
алғыштығымен толықтырылады: оттегінің концентрациясы ересек адамның осындай 
реакциясына  қажетті  концентрациядан  1,5  есе  кем  болғанда  ұрықтың  гемоглобині 
оп-оңай  оксигемоглобинге  айналады.  Оның  үстіне  құрсақ  ішіндегі  дамудың  соңғы 
күндерінде  және  нәрестелерде  эритроциттердің  мөлшері  6-7  миллионға  жетуі 
мүмкін.  Бұл  кезеңде  қандағы  гемоглобиннің  мөлшері  өте  көп,  шамамен 
ересектердегіге қарағанда 1,5 есе артық болады. 
Қоршаған  ортадағы  оттегінің  концентрациясы  неғұрлым  жоғары  болғанда 
нәрестелердегі  гемоглобиннің  бір  бөлігі  оттегімен  қосылады,  басқаша  айтқанда, 
ересек  адамдар  гемоглобиннің  қасиетіне  ие  болады,  мұның  өкпемен  тыныс  алуға 
көшуде  өте  зор  маңызы  бар.  Нәрестенің  жекелеген  эритроциттерінің  өлшемдері  әр 
түрлі  болады:  олардың  диаметрі  3,5-10  мкм,  ал  ересектерде  6-9  мкм  болады. 
Нәрестелерге сипаты эритроциттер санының өте көптігінен қан едәуір қою болады. 
Оны  тұндырғанда  басқа  да  қан  түйіршіктері  секілді,  эритроциттеріне  қарағанда 
едәуір баяу тұнады. 
Нәрестелерде  лейкоциттердің  мөлшері  алуан  түрлі  болуы  мүмкін,  бірақ  ол 
әдетте өмірдің алғашқы тәуліктерінде 1 мм куб қанда 15-30 мыңға дейін жетіп, одан 
соң  кеми  бастайды.  Лейкоциттердің  жекелеген  түрлерінің  салыстырмалы  мөлшері 
бала өмірінің алғашқы күндерінде ересек адамдардағыдай болады. 
Баланың  өмірге  келуі  организмге  әдеттен  тыс  көптеген,  яғни  күшті 
тітіркендіргіштердің әсер етуімен байланысты болады. Кіндік кесудің, бұдан кейінгі 
оттектік ашығу мен өкпемен тыныс алуға көшудің ерекше зор маңызы бар. Қанның 
реакциясы ең алдымен эритроциттердің, әсіресе құрамында оттегін өте жақсы қосып 
алатын  гемоглобині  бар  эритроциттердің  көптеп  бұзылуынан  білінеді.  Ал  бұл 
барлық  қан  түйіршіктерінің  көптеп  түзілуінен  себепші  болады.  Қанға  жетілмеген, 
яғни  өзінің  дамуын  аяқтамаған  түйіршіктер,  атап  айтқанда,  әлі  де  ядросынан 
айрылмаған  эритроциттер  және  нейтрофилдердің  жас  формалары  деп  аталатын 
түрлері  ене  бастайды.  Қанда  гемоглобиннің  ыдырау  өнімдерінің  бірінің  жиналуы 
көбінесе  тері  мен  көздің  ақ  қабатының  сары  реңге  ие  болуына  –  нәресте  сары 
ауруына әкеп соғады. 5-7 күннен кейін 5 мм куб  қандағы эритроциттердің мөлшері 
4,5-5  миллионға  дейін,  ал  лейкоциттердің  мөлшері  –  10-12  мыңға  дейін  кемиді. 
Алайда  қан  жасайтын  мүшелердің  жұмысы  мектеп  жасына  дейінгі  кезең 
аяқталғанша  организмге  алуан  түрлі  әсерлердің  өзінен  оңай  бұзылатындықтан,  қан 
түйіршіктері мөлшерінің күрт ауытқуы әлі де ұзақ уақыт сақталады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  қан  жасайтын  мүшелер  таза  ауа  мен  күннің 
жетіспеушілігіне,  денеге  түскен  ауыртпалыққа,  ауруға,  тамақтану  режимінің 
бұзылуына  және  басқа  да  көптеген  әсерлерге  жауап  қайтарады.  Режимді  дұрыс 
сақтауда  жойылып  кететін  қан  аздық  та  осы  жылдары  пайда  болады.  Балада  қан 
аздық пайда болғанда сапалы тамақ беру ісін ұйымдастырудың маңызы бар 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
105 
Қанның  тамырлар  бойымен  ағуы.  Артериялар,  капиллярлар,  веналар  өзінің 
құрылысы  жөнінен  артериялардың,  капиллярлар  мен  веналардың  бір-бірінен  көп 
айырмашылығы бар. Артерияның қалың қабырғасы негізінен бірыңғай салалы және 
созылғыш  келген  серпімді  бұлшық  ет  тканьдерінен  тұрады.  Құрылысының  мұндай 
болуы артериялардың өте берік әрі серпімді болуына мүмкіндік береді. 
Қанның веналар бойымен ағуы. Ұсақ веналарда қан қысымы 10 мм Hg-ге әзер 
жетеді,  ал  ірі  веналарда  одан  да  төмен  болады.  Демек,  веналардағы  қанның 
қозғаушы  күші  шамалы  болады:  оның  қозғаушы  күшінің  көп  бөлігі  негізінен  ұсақ 
артериялар  мен  капиллярлардан  өтуге  жұмсалады.  Сондықтан  қан  артеияларға 
қарағанда  веналарда  едәуір  қиындықпен  ағады.  Қан  ағысы  әсіресе  дененің  төменгі 
бөлігінің  веналарында  көп  қиындыққа  кездеседі,  мұнда  қан  жоғары  көтерілуі 
жолында  өзінің  ауыр  салмағын  да  женеді.  Еңбек  қимылдары,  жүру,  гимнастикалық 
жаттығулар  және  кез  келген  жалпы  бұлшық  ет  әрекеті  қанның  веналар  бойымен 
ағуын  жеңілдетеді,  өйткені  жиырылу  кезінде  бұлшық  еттер  оларды  бойлай  өтетін 
веналардың  созылғыш  қабырғаларын  қысып,  оларды  бойлай  өтетін  веналардың 
созылғыш  қабырғаларын  қысып,  қанды  жүрекке  қарай  сығып  шығарады,  ал 
босаңсыған  кезде  оларды  едәуір  ұсақ  веналардан  сорып  алады.  Қолқа  мен  өкпе 
артериясының  бастамасындағы  айшық  қақпақшаларға  ұқсайтын  қақпақшалар 
кедергі  жасайтындықтан,  қан  кері  бағытта  аға  алмайды.  Мұндай  қақпақшалар 
веналардың барлық жерінде кездеседі. 
Қорытынды.  Адам  организімінің  тіршілігі  денеге  қуат  беретін  қоректік 
заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік 
заттар  организмде  қорытылып,  оттегінің  қатысуымен  болатын  тотығу  барысында 
энергия  бөледі.  Қоректік  заттардың  осы  өзгерістерінің  нәтижесінде  адамның 
денесінде зат алмасудан пайда  болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, 
тіпті  денені  уландыратын  заттар  да  пайда  болады.  Мұның  бәрін  тасымалдау 
қызметін  денедегі  қан  атқарады.  Қан  бүкіл  денені  аралап,  оның  ұлпаларындағы 
клеткалардағы  заттың  алмасуына  қажетті  химиялық  заттарды  әкеліп,  қажетсіз 
заттарын  әкетеді.  Мұнымен  қоса,  дененің  тұрақты  температурасын  сақтауға 
қатысады,  организмнің  имундық  қасиеттерін  қамтамасыз  етеді  және  мүшелердің 
қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. 
Қан құрамы мен қасиетінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Баланың, сондай-
ақ  ересек  адам  қанының  плазмасында  белгілі  бір  заттар  шамамен  бірдей  мөлшерде 
кездеседі. Мұның атап айтқанда анорганикалық заттарға қатысы бар. Есейген сайын 
кейбір  органикалық  заттардың  мөлшері  өзгеріп  отырады.  Атап  айтқанда, 
нәрестелерде  және  өмірдің  алғашқы  жылында  белоктар  мен  ферменттер  қанда 
кейінгі жылдарға қарағанда аз, мұның үстіне олардың өлшемі тым тұрақсыз болады: 
ол бірде артуы, бірде кемуі мүмкін. 
Әдебиеттер 
1 Биология және салауатттылық негізі. – №5. – 2009. 
2 Республикалық ғылыми-әдістемілік журнал «География. Биология. Экология 
орта мектепте». 
3 Буренин В.И. Овощные культуры. – Л.: Лениздат, 1979. – С. 92-99. 
4 Овощные культуры в закрытом грунте. – П.: Лениздат, 1968. – С. 227-230. 
5  Урожайность  и  качество  петрушки  при  рациональном  использовании 
удобрения // Агрохимия. – №5. – 1991. 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
106
МҰХАМБЕТИЯ Айжан Бақытқызы, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар 
«Мұрагер» мектебінің 9 сынып оқушысы, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ОҢДАШЕВА Бақытгүл Кеңесқызы, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар 
«Мұрагер» мектебі «География» пәнінің мұғалімі, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
СУ КӨЗДЕРІНІҢ АНТРОПОГЕНДІК ЛАСТАНУЫ 
 
Аңдатпа. Су ресурстарын ластанудан қорғау, оларды ұтымды пайдалану және 
болашақта  су  қорының  таусылуы  экологиялық  мәселелердің  маңызды  бір  саласы 
болып табылады. Зерттеу жұмысы судың негізгі ластану жолдарын, ластанған суды 
тазалау әдіс-тәсілдерін қарастырады. Таза ауыз су мен табиғи су көздерінің адамның 
іс-әрекеті салдарынан жарамсыз болуын зерттеп-саралайды, келешек ұрпаққа тигізер 
зардабын анықтайды. 
Кіріспе.  Қазіргі  кезеңде  адам  мен  оны  қоршаған  ортаның  қарым-қатынасы 
күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш 
күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе, ХХ ғасырдың 
екінші  жартысынан  бастап,  адам  мен  табиғат  арасында  жаңа  жағдай  қалыптасты. 
Адамзат  қажетіне  керек  шикізатқа  сұраныс  материалдық  өндірістің  көлемін 
арттырды,  жер  қойнауы  мен  мұхит  байлығы  жедел  игеріле  бастады.  «Табиғатқа 
бағынбаймыз,  оны  өз  игілігімізге  айналдырып,  бермесін  тартып  аламыз»  деген 
көзқарас  қалыптасты.  Мұның  барлығының  жер  бетіндегі  тіршілікке  тигізетін  әсері 
табиғаттың  өзіне  тән  құбылыстардан  –  табиғи  өзгеріс  пен  жел,  су  тасқыны,  жер 
сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. 
Жер  бетіндегі  экологиялық  жағдайдың  өзгеруі,  әсіресе,  ғылыми-техникалық 
өрлеумен  тікелей  байланысты.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  әлем  елдерінің 
көбі  өнеркәсібін  дамыту  жолына  түсті.  Егер  соғысқа  дейін  дамыған  елдер  қатары 
оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жаппай етек 
алды. 
Өнеркәсіптің  дамуы  жер  қойнауындағы  қазбаларды  игеруді  ұлғайтты.  Өз 
кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті. Екіншіден, бұл жылдарда дүние жүзіндегі 
демографиялық  жағдай  да  үлкен  өзгеріске  ұшырады.  Жер  шары  бойынша  халық 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
107 
саны тез өсіп кетті. Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы 
қарасаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 млн. халық болса, 1850 
жылы  ол  екі  есе  өсіпті,  яғни    халықтың  екі  есе  көбеюіне  бұл  тұста  150  млн.  жыл 
керек  болған  екен.  Халықтың  жылдам  өсуі  табиғатқа  деген  «тұтыну  қысымын» 
өсірді.  Табиғат  өзінен  шыққан  шығынды  қайта  қалпына  келтіріп  отыратын 
уақытының мерзімінен жаңылды. 
Үшіншіден, қалалар көбейіп, оларда тұратын халық саны артты. ХХ ғасырдың 
басында жалпы халықтың 10% ғана қалада тұрса, ғасыр соңында бұл 50%-ға жетті. 
2001  жылы  Қазақстандағы  қала  халқы  54%-ға  жетті.  Осынша  көп  адамның  шағын 
аумаққа  жиналуы  жерге  түсетін  салмақты  күшейтті,  қала  мен  қала  маңының 
ластануы 
ұлғайды. 
Бір 
сөзбен 
айтқанда, 
адам 
өзінің 
өнеркәсіптік 
шығармашылығымен қоршаған ортаның үдерістеріне  кеңінен  араласып, оларға кері 
әсерін  тигізді.  Қала  маңында  шоғырланған  өндірістік  орындар  қалдықтарының 
тікелей  су  бассейніне  тасталуы  –  су  ресурстарының  шектен  тыс  ластануына  әкеліп 
соқты.  Ал  судың  ластануы  дегеніміз  –  адам  ағзасының  ластануы,  денсаулық 
мәселесінің шиеленісуімен тікелей байланысты. Денсаулығы нашар адамның жұмыс 
істеу қабілетінің төмендеуі, денсаулығын көтеруге қажет қаражат, дәрі-дәрмек сатып 
алуымен байланысты болса, ол – әлеуметтік жағдайына әсерін тигізеді. Бұл әркімнің 
отбасылық өміріне де нұқсан келтіретіні түсінікті. 
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-ғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи 
байлық  та  соншалықты  мол  әрі  алуан  түрлі.  Ұлан-байтақ  өлкенің  қысы  Сібірдің 
қақаған аязындай бет қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады. 
Жер  бедері  бірде  тайгаға  ұқсаса,  бірде  шөлге  ауысады.  Аспанмен  таласқан  асқар 
таулар алыстан көз тартады. Республика аумағын емін-еркін төрт белдемге: орманды 
дала, дала, шөлейт және шөл белдемдеріне бөлуге болады. 
Ежелден  мал  шаруашылығымен  айналысқан  ата-бабаларымыз  жайылымдарды 
маусымның  өзгеруіне  қарай  сауатты  пайдаланған.  Өмірлік  тәжірибе  оларды 
табиғатты  сақтауға  үйреткен.  Жайлауды  тақырлап  көшкен  ауыл  келесі  жазда  жер 
қалпына  келіп,  шөп  жетілгенде  ғана  қайтып  келген.  Сондықтан  да  ұзақ  ғасырлар 
бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының қалыптасуында үлкен өзгерістер болмаған. 
Қазіргі  жағдай  тіптен  басқаша.  Онда  пайдаланылған,  тапталған,  өсімдіктері 
жаншылған  табиғаттың  қайта  жаңаруына  уақыт  берілмейді.  Шөп  жетілмей, 
қылтанақтап  шығып  келе  жатқанда-ақ  оны  жаншып  таптау  етек  алған.  Бір  кездері 
игерілместей  болған  Қазақстанның  кең  байтақ  жері  бұл  күнде  экономикалық 
қуатымызды  арттырып  отырған  өндіргіш  күштердің  өсуінің  арқасында  қоршаған 
орта  жағдайлары  ескерілмей,  аз  уақыттың  ішінде  экологиялық  дағдарыстар 
аймағына айналды. Табиғат байлығы ысырап болды. Табиғатқа деген тұтынушылық 
көзқарас қалыптасты. Қоғамдық қажеттілікті жалғыз ғана фактор санап, техникалық-
экономикалық есепті соған негіздеп құру орын алды. 
Еліміздегі  экологиялық  дағдарысқа  химия,  мұнай,  металлургия,  отын 
өнеркәсібінің  жедел  және  көп  мөлшерде  дамуы  да  әсерін  молайтып  отыр.  Жыл 
сайын  Қазақстандағы  су  қоймаларына  химиялық  қоспалармен  ластанған  6  млрд. 
текше метр ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 
млн.  тонна  қатты  қалдықтар  қоқысқа  тасталады.  Басқа  да  шикізат  көздерін  игеру 
ауаны  ластаумен  қатар  жүргізілуде,  олардың  қатарына  мыс,  қорғасын,  мырыш, 
күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай, т.б. кен орындары 
жатады. 
Өнеркәсіптің дамуымен, ең алдымен, су ресурстарының ластану қаупі ұлғаюда. 
Ең  үлкен  қауіпті  мұнай  өнімдері  тудырады.  Мұнай  өнімдері  танкермен  тасығанда, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
108
мұнай  құйылатын  ыдыстарды  жуғанда,  сол  ыдыстардың  су  бетінде  жарылуынан, 
теңіз  түбінен  мұнай  көлемінің  көп  мөлшерде  табылуынан  дүние  жүзілік  мұхиттың 
мұнай  өнімдерімен  ластану  қаупін  ұлғайтады.  Су  ресурстарының  ластануы  егістік 
алқабына  себілген  минералды  тыңайтқыштармен,  улы  химикаттардың  қар,  жаңбыр 
суларымен  ағып  қосылуы  арқылы  жүреді.  Осының  нәтижесінде  континенталдық 
суларда қоректік элементтердің шектен тыс көбеюі байқалады. 
Судың антропогендік ластану жолдары. Құрлықтағы әр түрлі және көптеген 
табиғи  сулардың  ластану  көздерін  В.П.  Максаковский  табиғи  және  антропогендік 
деп  екі  топқа  бөледі.  Табиғи  суларды  ластандырудың  негізгі  көздері:  газдар,  су 
тасқыны  болғанда  олармен  бірге  қалқып  ағатын  ауыр  тау  жыныстары  және  күкірт 
қоспаларының  суда  еруі,  ауыр  металдар  және  радиоактивті  элементтер,  сонымен 
қатар жердегі флюидті және жанартаулық құрылымдар. 
Құрлық  суларының  ластануы,  оларға  таулардан  ағын  сулармен  бірге  келіп 
түсетін  табиғи  тау  жыныстарының  арасында  өзара  өтетін  физикалық-химиялық 
үрдістерге, 
атмосфералық 
жауын-шашынға, 
су 
балдырларының, 
суағы 
бактериялардың  және  басқа  да  микроорганизмдердің  тіршілік  әрекеті  мен 
биологиялық белсенділігіне байланысты. 
Ал  құрлықтағы  сулардың  антропогендік  ластануы  оның  сапасына  табиғи 
тұрғыдан  ластануынан  гөрі  анағұрлым  көп  кері  әсер  етеді.  Себебі  адамдардың 
қоныстанған  жерлерінде  олардың  өндірістік,  шаруашылық,  тұрмыстық  жұмыстары 
мен  әр  түрлі  себептерге  байланысты  улы,  уытты  заттардың  көптеп  жиналып 
қалуынан  болады.  Осындай  жекелеген  аймақтарда  судың  химиялық  құрамының 
өзгеруі  соншалықты,  олар  өздеріне  тән  геохимиялық  құрамынан  әлдеқайда 
аномальді болып кетеді. 
Құрлық  суларының  антропогендік  ластануының  басты  көздері  –  адамдардың 
шаруашылықтағы  әрекетімен  тығыз  байланысты.  Ластанудың  көздері  ретінде 
өнеркәсіптің  барлық  салаларын,  көлік  және  ауыл  шаруашылығын,  үй-жай 
шаруашылығы  мен  өндірістік  емес  орта  шаруашылығын  айтуға  болады.  Бірақ  та 
олардың құрлық суларын ластауға қатысы біркелкі емес. Құрлықтағы жер беті және 
жер  асты  суларын  ластауда  ең  үлкен  үлес  қосатын  өнеркәсіп  салалары  мыналар: 
электроэнергетика  кәсіпорындары,  қара  және  түсті  металлургия,  мұнай  химиясы 
және  мұнай  өңдеу,  ағаш  өңдеу  және  целлюлоза  –  қағаз  өнеркәсіптері.  Ауыл 
шаруашылығы  –  су  көздерін  ең  ірі  ластаушылардың  бірі.  Ол  таза  су  көздеріне  тек 
топырақтың таза шайындысын ғана емес, сонымен қатар органикалық заттарды, мал 
шаруашылығы  фермаларындағы  қоқыс  қалдықтарды,  улы  химикаттар  мен 
тыңайтқыштардың  қалдықтарын  да  тастап  отырады.  Табиғи  сулары  ең  ірі 
ластаушысының  бірі  қалалардағы  үй-тұрмыстық  шаруашылығы  болып  табылады. 
Олар  да  су  көздерін  көптеген  минералды  және  органикалық  заттардың 
қалдықтарымен ластайды. Олардың барлығы да адам денсаулығы үшін өте қауіпті. 
Гидросфераға  әр  түрлі  заттардың  түсуіне  байланысты  ластанудың  физикалық, 
биологиялық және химиялық түрлерін жеке-жеке бөліп қарастырады. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет