Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,03 Mb.
#8002
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

МҦРАТБЕК Арайлым, 
Ҥш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар 
дарынды балаларға арналған «Мҧрагер» мектебінің 
4 «В» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: СІРГЕБАЕВА Асия Сатыбалдықызы, 
Ҥш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар 
дарынды балаларға арналған «Мҧрагер» мектебінің 
бастауыш сынып мҧғалімі, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ҚАРЛЫҒАШ – АДАМНЫҢ ДОСЫ 
 
Аңдатпа.  «Қарлығаш  –  адамның  досы»  атты  ғылыми  жоба  табиғаттың  кӛркі, 
бақшаның әні мен сәні болған қанатты достарымыз – құстар жайлы ізденуге, соның 
ішінде қарлығаштың адамдардың досы екенін дәлелдеуге арналған. 
Зерттеудің мақсаты: 
-  Киелі  құс  –  қарлығаш  туралы  шығармалар  мен  ырым-жоралғыларды  оқып, 
білу; 
-  Табиғаттағы  құстардың  кереметтілігі  жайлы  ғылыми-зерттеу  жұмысын 
жүргізу арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру
- Ӛзінің қатар құрбыларын табиғатты аялауға шақыру. 
Зерттеу жҧмысының ғылыми болжамы.  Егер қарлығаштардың табиғаттағы 
рӛлі  мен  адам  ӛміріндегі  маңызы  айқындалса,  балалардың  құстардың  қоршаған 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
89 
ортаға келтірер пайдасы туралы танымдары кеңейіп, тыныс тіршілігіне мән беріліп, 
құстардың кейбір түрлерінің жоғалып кетуінің алдын алар едік. 
Зерттеу барысында: 
- «Қарлығаш» сӛзінің шығу тарихы зерттеліп, қарлығашқа сипаттама жасалды; 
- Қарлығаштың түрлері жіктеліп, олардың ұя салу ерекшелігі қарастырылды
- Қарлығаш құсқа қатысты ырым-жорамалдар жинақталды; 
-  Ақын-жазушылардың  киелі  құс  туралы  шығармалары  таныстырылып, 
мазмұны жан-жақты талданды. 
Жҧмыстың  орындалу  әдістері:  қарлығаш  туралы  баспасӛз,  энциклопедия, 
интернет  материалдарымен  жүйелі  түрде  танысу,  оларды  жүйелеп  жинақтау, 
ғылыми ізденіс жұмыстарына байланысты бақылау жүргізу. 
Кіріспе.  Биыл  жазда  біздің  үйдің  маңына  қос  қарлығаш  пайда  болды.  Олар 
бірін-бірі  қуалап,  ойнап  жүретін.  Мен  оған  қызыға  қарайтынмын.  Бір  байқағаным: 
аузында тістеген шӛбі бар құстардың үйіміздің тұсына келуі жиілей түсті. Аңғарып 
қарасам, кіп-кішкентай қарлығаштар біздің үйдің қабырғасына ұя салып жүр екен. 
Мен  қарлығаштардың  еңбекқорлығы  мен  іскерлігіне  таң  қалдым.  Жаз  бойы 
қарлығаштарды  бақылаумен  болдым.  Олар  туралы  түрлі  мәліметтер  оқуға  зейінім 
ауды. Күн салқындай бастағанда қарлығаштарымнан кӛз жазып қалдым. Пайымдай 
келе, олардың жылы жаққа ұшып кеткенін түсіндім. 
Сабақ басталғаннан кейін сыныбымызға жетекшілік етіп Сіргебаева Асия апай 
келді. Апайдың сабақ түсіндіру әдісі ұнады. Осыдан барып ұстазымнан қарлығаштар 
туралы сұрай бастадым. 
Асия  апай  бағыт  беріп,  жетекшілік  ете  отырып,  киелі  құс  қарлығаш  туралы 
зерттеу жұмысымды бастап кеттім. Бұл зерттеу жұмысым алдағы жаз айларында да 
жалғасын табатынына сенімдімін. 
Негізгі  бӛлім.  Орнитология  (грекше  ornіtos  –  құс  және  logos  –  ғылым)  – 
зоологияның  құстар,  олардың  жүйеленімі,  жекеше  және  тарихи  дамуы, 
физиологиясы, экологиясы, жер бетіне таралуын зерттейтін саласы. 
Орнитология  терминін   алғаш  рет  ғылымға   XVI  ғасырда  италиян  ғалымы  У. 
Альдрованди енгізді [1]. 
Құстар  –  омыртқалы  жануарлардың  ұшуға  бейімделген  тобы.  Денесі 
қауырсынмен  қапталып,  алдыңғы  аяқтары  қанатқа  айналған  [2].  Құстар  ӛздерінің 
қайда  екенін  білдіру  үшін  немесе  ұя  салатын  және  қорек  табатын  жерлерін  қору 
үшін ән салады. Қазақстанда құстардың 500-ден астам түрі мекендейді. 
Қарлығаш  сӛзi  «қара»,  «ала»,  «құс»  деген  сӛздердiң  кiрiгуiнен  шыққан. 
Қарлығаш  (лат.Hirrundinidae)  –  торғай  тәрізділер  отряды,  әнші  торғайлар  тобының 
тұқымдасы [3]. 
Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi 
қара ала құс. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. 
Басқа  құстардан  бiр  айырмашылығы  –  жемiн  ұшып  жүрiп  ұстайды.  Суды  да 
ұшып  жүрiп  iшедi.  Бауыры  ақшыл,  арқасы  қоңыр,  жасыл  жылтыр.  Арктика  мен 
Антарктидадан басқа жердiң бәрiн мекендейдi. 
Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі  кең,  езулерінің арасы алшақ. 
Қанаттары  жіңішке  әрі  ұзын.  Дене  бітімі  ерекше  сымбатты.  Саусақтары  қысқа,  әрі 
әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. 
Қарлығаштың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті  жылтыр. Сыртқы түрінен 
еркегі  мен  ұрғашысының  айырмашылығы  байқалмайды.  Дене  тұрқы  9-23  см, 
салмағы 10-60 г. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
90 
Бүкiл  әлемде  қарлығаштың  80  түрi  бар.  Оның  4  туысқа  жататын  5  түрi 
Қазақстанда кездеседi. Олар:  жар қарлығашы, құз қарлығашы, қос реңдi  қарлығаш, 
сепкiлтӛс қарлығаш, кент қарлығашы. 
 
 
Кент  қарлығашы.  Қарлығаш  еліміздің  барлық  жерiне  тараған.  Орман-тоғай, 
ӛзен-кӛлдер  маңында,  шӛлдi  және  таулы  ӛңiрлерден  жиi  ұшыратасың.  Жыл  құсы. 
Күз түсе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып кетедi. Жылына бiр рет, қыста түлейдi. 
Екiншi  жылы  ұрпақ  бередi.  Екi-екiден,  кейде  топтанып,  шыңға,  тiк  жарға,  кейде 
тұрғын үй қабырғаларына, ағашқа жапсыра ұя жасайды. 
 
 
 
Жар  қарлығашы.  Ұяны  топырақ  пен  сазды  сiлекейiн  араластырып  қалайды. 
Iшiне  майда  шӛп,  қауырсын,  мамық  тӛсейдi.  Қарлығаштың  кейбiр  түрлерi  жарға 
үңгiп iн қазады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
91 
 
 
Секпілтӛс қарлығаш. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, 
дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар. 
 
 
 
Қҧз  қарлығашы.  Қарлығаш  –  пайдалы  құс.  Зиянды  насекомдарды,  әсiресе, 
шыбын-шiркейдi ӛте кӛп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi. 
Қос  реңді  қарлығаш.  Қарлығаштар  жылына  екi  рет  жұмыртқалайды.  Алты-
жетi  күннен  соң  жасап  бiтiрген  ұясына  3-тен  7-ге  дейiн  жұмыртқа  салады.  Екi-үш 
аптада  балапан  басып  шығарады.  Балапандары  алғаш  қызылшақа  болады. 
Балапандарына  жем  iздеуге  шығарда  ұядан  құлап  кетпесiн  деп,  аяқтарын  қылмен 
байлап кетедi. 
Қарлығашқа  қатысты  кӛптеген  ырым-жорамалдар  да  бар.  Мысалы:Қарлығаш 
биiктеп ұшса – күн ашық болады. Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады. Қарлығаш 
жылы  жақтан  оралған  кезде  қораға  қонса,  қой  егiз  туады.  Ақ  мол  болады.  Ал  үй 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
92 
жақтауына  немесе  шатырына  қонса,  сол  үйдiң  жан  басы  кӛбейедi,  бақ  қонады. 
Түсiңде қарлығаш кӛрсең бақытқа кенелесiң... 
 
 
Қорытынды.  Ата-бабаларымыз  қарлығашты  ежелден  жақсы  кӛрген. 
Қарлығаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат 
қойған. Қарлығашқа кӛптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел,  жұмбақтар,  жыр жолдарын 
арнаған.  Аңыз-ертегiлерде  қарлығаштың  адамдарға  жасаған  кӛмегi  айтылады. 
Мысалы, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегiсi, Тӛле бидiң қалай «Қарлығаш 
би» атанғаны туралы аңыз... 
Белгiлi  қазақ  ақындары  қарлығашқа  арнап  талай  жыр  жазған.  Мысалы, 
Мұқағали  Мақатаевтың  «Қарлығашым,  келдiң  бе?»,  Тұманбай  Молдағалиевтiң 
«Қарлығаш»,  Қастек  Баянбаевтың 
«Қарлығаштар»,  Тәкен  Әлiмқұловтың 
«Қарлығаш» атты шығармалары бар. Олай болса, қарлығашты қорғау – баршамызға 
ортақ iс. Бiз бiр ауыздан: 
Қарлығаштар самғасын, 
Жұмыр жердi шарласын. 
Жылы жақтан қайтқанда
Қанаттары талмасын! – дегiм келедi. 
Құпия сырға толы құстар әлеміне ену арқылы қарлығаштың қасиетті құс екенін 
ескере отырып, тӛмендегі ұсыныстар арқылы жүзеге асыруды кӛздеп отырмын: 
-  Сыныптас  достарыма,  ӛзімнің  қатарластарыма  қарлығаштың  қасиеті  туралы 
ақпарат беру; 
- Қарлығаштың ұясын бұзбау; 
- Жыл құстарына қамқорлық жасау; 
- Қыстап қалатын құстарды қамқорлыққа алу. 
 
Әдебиеттер 
1  Қазақстан:  Ұлттық  энцклопедия  /  Бас  редактор  Ә.  Нысанбаев.  –  Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. 
2 Биология. 7 сынып / Қ. Қайым. – Алматы:  «Атамұра» баспасы, 2007. – 269-
270 бб. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
93 
3 Құстар біздің досымыз / Е. Раушанов. – Алматы: «Жазушы» баспасы, 2007. – 
155 б. 
4 Қазақстан табиғаты. – Алматы, 2005. – 12-152 бб. 
5 «Сұрақ және жауап» энциклопедиясы. – Алматы, 2007. – 104-105 бб. 
ОРЫНОВ Бейбарыс Кенесҧлы, 
Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2 «А» сынып оқушысы, 
Ақадыр кенті, Шет ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ИЛЬЯСОВА Рахия Ильясовна, 
Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің жоғары санатты 
бастауыш сынып мҧғалімі, Ақадыр кенті, Шет ауданы, 
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
АДЫРАСПАННЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ 
 
Адыраспан  –  түйетабандар  тұқымдастарына  жататын  кӛп  жылдық  ӛсімдіктер 
туысы, терең тамырлы ӛсімдік. Сабағы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық 
иісті, дәрілік ӛсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ кӛбінде 30 см тӛңірегінде 
ӛседі.  Тау  беткейлерінде,  жол  бойында,  жазық  далаларда  кӛктейді.  Жаз-күз 
мезгілдерінде жемістейді. 
Қазақстанда адыраспанның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық 
Азия,  Солтүстік  Африка  мен  Мексикада  6  түрі  кездеседі.  Қазақстанның  шӛл-
шӛлейтті,  сортаңды  жерлерінде,  әсіресе  Шу,  Іле,  Сырдария,  Сарысу  ӛзендері 
бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі ӛседі. 
Сабағы  бұтақты,  салалы  тамыры  10  м  тереңдікке  дейін  кетеді.  Гүлі  ақ,  сары 
түсті  және  ол  1-3-5-тен  топталып,  сабақ  басында  орналасады.  Мамыр  –  шілдеде 
гүлдейді.  Жемісі  –  кӛп  тұқымды  қауашақ.  Тұқымы  ұсақ  бозғылт  не  қара  түсті.  Ол 
еліміздің  шӛл,  шӛлейт  жерлерінде  әсіресе,  Шу,  Іле,  Сырдария,  Сарысу  бойында 
қаптап ӛседі. 
Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы 
аймақтардан  тұрады.  Республика  аймағында  6000-ға  жуық  ӛсімдік  түрлерін 
кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты 
игерумен бірге дәрілік ӛсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. 
Ерте  заманнан  бері  мал  бағумен  айналысқан  кӛшпелі  қазақ халқы шӛптердің, 
жалпы ӛсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
94 
Әли Ибн Сина, Беруни, Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе 
дәрілік ӛсімдіктерді тауып, пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 
40%-ы  ӛсімдіктен  дайындалады  екен.  Бұған  дәлел  халық  нақылы:  «Дана  кӛптен 
шығады, дәрі шӛптен шығады». Сонымен бірге: «Сенің денеңнің қуаты – ӛсімдіктің 
шырынында»,  -  деп  айтқан  екен  медицинасы  ілгері  дамыған  Қытай  елінің  дәрігері 
Шин Нон. 
Шындығында  ӛзіміз  табиғат  берген  байлыққа  кӛңіл  аудара  бермейміз. 
Жасыратыны  жоқ,  адыраспан  –  барынша  улы  ӛсімдік.  Оның  мұндай  қасиеті  барын 
аталмыш  ӛскінді  ыстау  үшін  отқа  тигізген  кезінде  ұшатын  ащы  түтінінің  ӛзі 
байқатады.  Ӛсімдіктің  химиялық  құрамына  кӛз  жүгіртсек,  бұл  сӛзіміздің  дәлелді 
екенін анық аңғара түсер едік. 
Адыраспанның  тұқымында  3,5-6  пайыз  алкалойд,  60  пайыз  гармалин,  30 
гармин  және  шамалы  ғана  мӛлшерде  гармалол,  пеганин  (вазицин)  мен 
дезоксивицинон  шӛбінің  құрамында  1,5-3  пайыз  алкалойд,  60  пайыз  пеганин  мен 
вазицинон  бар.  Бұдан  басқа  аздау  кӛлемде  пеганидин,  пегамин,  дезоксипеганидин, 
пеганол  табылған.  Тамырында  –  1,7-3,3  пайыз,  сабағында  –  0,23-3,57  пайыз, 
жапырағында  –  1,07-4,96  пайыз,  гүлінде  –  2,82  пайыз,  жемісінде  –  1,08  пайыз, 
тұқымында  2,38-4,59  пайыз  алкалоидты  заттар,  хинализин  мен  индол  бар.  Ал  жас 
ӛсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мӛлшері 2 есе кӛп келеді. 
Адыраспанның  пайдасы.  Халық  емінде  адыраспанды  әр  түрлі  ауруларға  ем 
ретінде қолданған. Қазақтар бұл шӛптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. 
Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. 
Бір  ескеретін  жайт  –  мал  артық  мӛлшерде  емделсе  немесе  адыраспанды  жеп 
қойса,  улануы  ықтимал.  Адыраспан  ертіндісі  ауылшаруашылық  зиякестерімен 
күресу  үшін  қолданылады.  Ежелгі  бояғыш  ӛсімдік.  Тұқымынан  қызыл  түске 
бояйтын,  әсіресе  жүннен  тоқылған  бұйымдарды  бояйтын  бояу  алынады.  Түркияда 
ерте  заманнан-ақ  адыраспаннан  қызыл  бояу  алып,  онымен  ұлттық  бас  киімі  – 
фесканы  бояған.  Ши  тоқымасында  әлі  күнге  дейін  адыраспаннан  жасалған  бояуды 
пайдаланады. 
Тұқымда 14-16% май бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға 
пайдаланады.  Түйе  табандар  тұқымдасы  ежелгі  аты  –  грек  тілінде  редапоп  –  рута, 
араб тілінде ӛсімдік деген мағынаны береді. 
Адыраспан  ерітіндісінің  ауыл  шаруашылығындағы  зиянкестермен  күресте  де 
орны  ерекше.  Ол  сонымен  қатар  ертеден  бояғыш  зат  ретінде  кәдеге  асады.  Оның 
тұқымынан  негізінен  жүннен  тоқылған  бұйымдарды  бояйтын  бояу  алынады. 
Мәселен,  ши  тоқымасында  әлі  күнге  дейін  адыраспаннан  жасалған  бояуды 
пайдаланады.  Түркияда  ерте  кезеңдерден-ақ  адыраспаннан  қызыл  бояу  алып, 
онымен ӛздерінің ұлттық бас киімдері – фесканы бояған. 
Пайдалану мӛлшері: сабағы мен жапырағынан – 4-8 грамм, тұқымынан – 0,1-
0,5 грамм. Адыраспанның құрамында адыраспан сілтісі, ұшпа май бар. 
Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде 
жинап алады екен. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-
жетілген  бұтақшаларын,  жапырағы  мен  гүлін  бір  қиқымын  жерге  түсірмей  кӛлдей 
орамалға  түйеді.  Алғанда  тамырдан  жоғары  жағынан  ұқыпты  кесіледі.  Кептірер 
кезде  темір  шатыр  астындағы  кӛлеңкелі,  ауа  ӛтіп  тұратын  жерге  қойылады. 
Осылайша ол екі жыл сақталуы керек. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
95 
Ал  тұқымын  ӛскіннің  қауашағы  ашыла  бастаған  кезде  теріп  алады.  Оны  да 
тӛбесі  жабық  болғанымен,  ауа  ӛтіп  тұратын  бастырма  астында  кептіреді.  Астына 
мата тӛсеп, сосын тұқымын шӛбі мен қауызынан ажыратады.  
Емдік  қасиеттері.  Емдік  мақстта  адыраспанның  шӛбін,  яғни  бұтақтарын, 
жапырақтарын  пайдаланады.  Халық  медицинасында  шӛбін  ревматизм,  қышыма, 
безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. 
Адыраспанды ирак халқы «Уарау Аспанд» деп атайды. Бұл «Барлық ауруға ем» 
деген  сӛз  екен.  Ғылымда  адыраспан  ӛсімдігін  1928  жылдан  бері  дәрі-дәрмекке 
пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шӛптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді. 
Фармакологияда адыраспан шӛбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр 
айдауды  жақсарту,  тер  шығару,  ішек  құрттарын  ӛлтіру,  орталық  жүйке  жүйесін 
қоздыру үшін қолданылады. 
Емдеу  тәсілдері.  Қазақ  халқының  ерте  заманнан  келе  жатқан  емшілік 
қасиеттері  ӛте  кӛп.  Сол  емшіліктің  бір  саласы  әр  түрлі  шипалы  шӛптермен  емдеу 
болып табылады. Оның шӛбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы 
ауруы бар науқастың бӛлмесін залалсыздандырады. 
Адыраспанның  ем  болатын  аурулары.  Улы  деген  ӛсімдіктің  ӛзі  пайдалы. 
Қазіргі  заманда  адам  денсаулығын  сақтау  жайындағы  күрес,  бүкіл  елдің  қасиетті 
парызы. Ӛсімдік – тіршілік кӛзі, ӛзегі. Дәрілік ӛсімдіктермен айналысу денсаулықты 
сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға кӛмектеседі. 
Қазіргі  уақытта  ӛз  ӛлкемізде  ӛсетін  ӛсімдіктерді  дер  кезінде  жинап,  кептіріп,  шӛп 
қайнатпаларын дайындасақ, жанға шипа, дертке дауа болары сӛзсіз. 
Адыраспанның қарсы кӛрсеткіштері.  Адыраспан ӛсімдігі – улы. Ӛсімдіктің 
таралатын  жері.  Шӛл,  шӛлейт,  жайылымды  жерде,  тасты  аймақта,  құмды  ӛзен  мен 
кӛл  жағасында,  жақын  ауыл  аймақтарда,  жол  жағасында,  үй  маңында  ӛседі. 
Адыраспанды  жазда  немесе  күзде  жинап,  жаңа  күйінде  немесе  турап  кептіріп 
дайындайды.  Тұқымын  піскенде  жинап  алады.  Қасиетті  уы  бар,  ӛкпені  тазалап, 
жӛтелді басады, уытты қайтарады. 
Адыраспаннан жасалатын дәрілік тҧнбалар қасиеті. Дәрілік шикізат ретінде 
шілде  айында  бұтақшаларын,  жапырағы  мен  гүлін  жинап  алады.  Халық  емшілері 
адыраспанды адамның құяңын, сегізкӛздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал 
дәрігерлік  тәжірибеде  оның  тұнбасымен  малдың  қышыма  қотырын,  түрлі  тері 
ауруларын  емдейді.  Оның  құрамында  алкалоидтар  бар.  Халық  медицинасында 
адыраспанды 
буын 
ауруын 
емдеуге 
пайдаланады, 
қайнатылған 
суын 
безгекпенауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. 
Адыраспаннан  жүн  мен  жіптерді  бояу  үшін  күрең  қызыл  бояу  алынады. 
Тұқымы  мен  кӛк  шӛбінен  алынған  тұнбаны  адыраспан  шаруашылық  зиянкестеріне 
қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы ӛсімдік, дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, 
күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды. 
Тұмау  тиіп  ауырғанда,  отбасы  мүшелерін  адыраспанға  тұз  қоса  отырып 
аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ 
емшілікте  адамның  буынын  сырқыраудан,  аяқ-қолын  қақсаудан  емдеу  үшін 
адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені  үш мәрте булайды. Жел-құздан 
қозған  буын  ауруын  емдеу  үшін  адыраспанның  жас  сабағын  қиып  алып,  жаншып 
буынға тарту керек. 
Суықтан  болған  ауруға,  терісі  бӛрткен  кезде  адамды  адыраспан  суына 
шомылдырған.  Құяңмен  ауырған  адам  адыраспанның  сабақ,  жапырақтарын 
қайнатып,  күніне  ұдайы  екі  жеті  қатарынан  ішуі  керек.  Tic  қақсап  ауырғанда, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
96 
адыраспанның  шӛбімен  ыстағаннан  кейін  басылады.  Ұмытшақтық  меңдетсе, 
адыраспанды  сабағы  мен  жапырағын  бірге  қайнатып  ішеді.  Кӛшпелілер  кесіртке 
тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың 
қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолӛнерде қолдананылатын түрлі 
жіптерді бояу үшін адыраспанды кӛп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады. 
 
 
Адыраспанға сипаттама 
Ӛсім-
дік 
аты 
Биіктігі 
Гҥлдеу 
мерзімі 
Кездесетін 
орны 
Пайда-
ланатын 
бӛлімі 
Жинау 
мерзімі 
Қандай 
ауруға 
пайдаланады 
Ады-
распан 
30-60 см 
Мау-
сым, 
шілде 
айлары 
Сортаң 
топырақты 
далаларда 
Шӛбі, 
жапыра-
ғы, гүлі 
Тамыз, 
қыркү-
йек 
Бел ауруры, 
бас ауруы, 
асқазан 
Адыраспан  –  халық  ҧғымында...  Халқымыз  дәрулік  шипасынан  бӛлек 
әулиелік  қасиеті  мол  санаған  шӛптерінің бірі  «адыраспан»  деп  аталады.  Біздің  ата-
бабаларымыз  сондықтан  оны  үйдің  босағасына  іліп  қойып,  осы  арқылы  отбасын 
алуан  түрлі  бәле-жәлелерден  сақтауға  тырысқан.  Осы  ӛсімдіктің  түтінімен  үйдің 
ішін  түгел  ыстап,  сол  жын-шайтандарды,  жаман  адамдардың  лас  ниеттері  мен 
қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған. 
Атам  қазақ  ӛзі  аса  киелі  деп  білген  бұл  ӛсімдікті  ӛсіп  тұрған  жерінен  жұлып 
аларда да, оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. Біріншіден, оны қауызы толып, тұқымы 
толық  піскен  кезде  ғана  жұлған.  Екіншіден,  ер  адамның  ғана  жұлуына  рұқсат 
етілген.  Үшіншіден,  сол  жұлатын  адамның  жаны  ғана  емес,  үсті-басы  таза,  дәреті 
бар  екеніне  мән  берілген.  Тӛртіншіден,  жұлушы  кісі  міндетті  түрде  құдайға 
құлшылық етіп, ӛсімдіктің сағағына қолын тигізген. 
Бұл  ӛсімдіктің  қасиеттілігі  сондай,  адамды  тіл-кӛзден  сақтап,  үйді  зиянды 
қуаттан  арылтады.  Сондықтан  да  адыраспанды  атам  қазақ  киелі  санап,  үйдің  кіре 
берісіне  іліп  қояды.  Адыраспанды  тек  жұма  күндері  ғана  жұлады.  Жұлар  алдында: 
«Қасиетті  адыраспан,  сізді  бізге  берді  Әзірет  Оспан»,  -  деп  айту  керек.  Себебі, 
Мұхаммед пайғамбардың тӛрт сенімді серіктерінің бірі Оспанды бір қатерден алып 
қалған  екен.  Оспан  жолдастарымен  бір  жиында  отырғанда,  жаулары  байлаулы 
тұрған  аттарын  босатып  жіберген,  сонда  олардың  жан-жаққа  бытырап,  жоғалып 
кетпеуіне  осы  адыраспан  себеп  болыпты.  Оспанның  атының  шылбыры  бір  түп 
адыраспанға оратылып қалыпты. Басқа аттар сол араға келіп, жиналып тұрған. Сонда 
Мұхаммед  пайғамбар  Оспанға:  «Сенің  құрметің  үшін  осы  шӛпке  киелі  қасиет 
дарыды», - деген екен. Содан бері адыраспан ӛсімдігі киелі саналады. 
Адыраспан қазақ үшін қасиетті шӛп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп 
үйдің  ішіндегі  кӛрнекілеу  жерге  –  кереге  басына  іліп  қояды.  Жаңа  үйге  кірерде 
босағаға  жын-шайтан  мүлдем  жоламасын  деп,  адыраспанмен  аластаған.  Сонымен 
қатар,  бұл  ӛсімдікті  иесіз  үйді  иесі  жоқ  кезде  жайлап  алған  беймәлім  жын-
шайтандардан  тазарту  үшін  адыраспанның  бір  бұтағын  отқа  салып  тұтатып, 
аластайтын  болған.  Сондай-ақ,  ауыл  әйелдері  бірігіп  текемет  басқанда,  әзірленіп 
жатқан  текемет,  киіздің  қасына  кӛз  тимесін  деп  адыраспан  және  қызыл  түсті  мата 
тӛсейді.  Ӛйткені,  ондайда  текеметке  немесе  киізге  кӛз  тисе,  салынған  ӛрнектер 
қиғаш  немесе  қисық  түседі-міс.  «Адыраспан,  адыраспан  шыққан  жерді,  сірә, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
97 
баспан»,  -  деп  келетін  магиялық  формула-тіркес  адыраспанның  дәстүрлі  түсінікке 
сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек. 
Адыраспанның  магиялық  киелі  қасиетімен  бірге,  емдік  шипалығы  да  бар. 
Алайда,  адыраспан  –  улы  ӛсімдік.  Қаратау  сілемдерінде  ӛсетін  адыраспанды 
ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады. 
Қазақстанның  дәрілік  ӛсімдіктері  –  Республикамыздың  ұлттық  байлығы. 
Академик  Н.И.  Вавилов:  «Ӛсімдіктер  әлемі  неткен  бай  еді,  бірақ  біз  оны  тым  аз 
пайдаланымыз-ау!»  - деген екен. Оны тиімді пайдалануға ӛсіп-ӛндіру  мен қорғауға 
ғалымдар ған емес, бүкіл халық атсалысуы керек. 
Дәрілік  ӛсімдіктер  кептірілген  шӛп,  тұнба,  қайнатынды,  шай,  ұнтақ,  т.б. 
түрінде  қолданылады.  Дәрілерді  дайындау  үшін  шикізат  ретінде  пайдаланылатын 
дәрілік  ӛсімдіктер  бӛлек  іріктеледі.  Дәріні,  кӛбінесе,  жабайы  ӛсімдіктерден  алады. 
Кӛптеген ӛсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік ӛсімдіктер дейді. 
Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шӛптерден жасалған. Соған 
қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шӛптердің бәрі бірдей медициналық 
тұрғыдан  ӛз  бағасын  алған  жоқ,  ал  ондай  шӛп  қолында  барлар  кебіне  оны  қате 
пайдаланады.  Ӛз  ӛлкеңіздегі  осындай  шӛптерді  зерттеуге  тырысыңыз  және 
қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. 
Кейбір  дәрілік  шӛптер,  егер  оларды  ұсынылғанынан  артық  мӛлшерде 
қабылдаған  жағдайда,  ӛте  улы  келеді.  Бұл  орайда,  осы  заманғы  дәрілер  әлдеқайда 
қауіпсіз, себебі олардың мӛлшерін оңай анықтауға болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет