Қ ұ р ы л т а й ш ы : Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#6453
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
тың урядниктері мен стражниктерін, приставты Мұстафа бастаған бес жігіт қамшының астына алып, 
тепкілейді. Павловтың өзін тепкілеп жүріп, Қожамжар  қару-жарағын тартып алып, күймесі мен атта-
рын өздеріне беріп, сабап-сабап қоя береді. Павловтар кеткен соң, Қожамжар үйлерді жыққызып, үй 
мен нәрселерді, киім-кешекті, сандықтарды арбаға артып, басқа жүктерді түйелерге теңдеп, ауылды 
көшіреді. Көштің бетін өз қыстауы жаққа баратын жолға бұрып, Жетімек, Оразалы, Бегімбай, Терекбай 
- төртеуі бастаған көшті шығарып салады. 
Қос-қос  атпен Мұстафа екеуі суыт жүріп отырып, түнделете жүріп, Есеней ауылына таң ата Пав-
ловтардан бұрын келіп жетеді. Есеней діндар, бес намазын қаза қылмайтын кісі болатын. Қожамжар 
мен Мұстафа келгенде, Есеней ерте тұрып, намазға дайындалып жатты. Бұлар келіп, сәлем берді, Есе-
ней мырза сәлемдерін алды. «Уа, екі Таузарым, таң атпай, қайдан жүрсіңдер?», - деді Есеней. Қожам-
жар: «Намазыңызды оқып алыңыз, сонан кейін сөйлесетін бір сөз бар!», - деді. Бұл екеуі қонақ үйге 
барып жайғасты. Есеней намаз оқуға кетті. Павловтар әлі көрінбеді.  Есеней намазын оқып болып, 
қонақ үйге келді. Қожамжар: «Кіші сұлтан - уездной начальник Павловты көшірімен, стражниктерімен, 
урядниктерімен,  приставымен  қоса  сабап,  ауылды  қыстау  маңындағы  күздікке  көшіріп  салып,  сізге 
келіп тұрған бетіміз! Ендігісін өзіңіз біліңіз!», - деді. Есеней өте ақылды, болжампаз кісі еді. «Мен сен 
екеуіңді осыдан бір апта бұрын Омбыға жұмсап жібергенмін, келіп отырғаны осы. Бұлар емес, басқа 
біреу болу керек. Біреуге ұқсатып, айтып отырған шығарсың. Бұл екеуі саған тимейді!», - деп, екеуіңді 
ақтайын. Сен екеуің түк көрмеген боп сөйлеп, мойындарыңа алмаңдар!», - деді. 
Бұлар  таңертеңгі  шайды  ішуге  отырғанда,  Павловтар  келіп,  Есенейге  амандасып,  Мұстафа  мен 
163

Қожамжарды көрсетіп, «осы екі қазақ бәрімізді сабап, қару-жарағымызды тартып алып, қуып салды!» 
- деп, шағымдарын айтты. Сонда Есеней мырза: «Бұлар емес, сендерді ұрып жүрген басқа біреулер 
болуы  керек!  Адамға  адам  ұқсай  береді,  біреулерге  ұқсатып,  шатастырып  айтып  отырған  боларсы-
здар! Естіген боларсыңдар! Мақаштың Қожығы деген атақты қарақшы бар, сол көп жылдан бері қолға 
түспей жүр! Сол Қожықты ұстату үшін, қылмыстарын тізіп, приговор жасап, әскер сұрап алу үшін, 
осы отырған екеуін осыдан бір апта бұрын Омбыға генерал-губернаторға арнайы тапсырмамен жұмсап 
жібергенмін. Содан кеше кешке келіп, дем алды. Бүгін әңгімелесіп отыр едік, сендер келдіңдер! Бұлар 
адал, бұлардан көрмеңдер! Ал, айыпты адамдарды іздестірейік! Мүмкін сендерге тиісіп жүрген Қожық 
пен оның жігіттері шығар! Оның тұрақты орны жоқ. Ауылдарымен көшіп жүреді, апта сайын жұртын 
жаңартып  отырады.  Урядниктерге,  стражниктерге,  полицейлерге,  атамандарға,  приставтарға,  купец-
терге, әкімдерге соқтығады, кісі сабайды, кісі өлтіреді, керуен тонайды, кісі тонайды, жылқы ұрлайды, 
казачьи станицаларға өрт қояды, кейде қалашықтар мен қалалардың  түнде барып, дүкендерін тонап 
кетеді. Дәу де болса, мұны істеп жүрген де Қожық пен оның қарақшылары болу керек. Тап мұндай 
әрекет тек Қожықтың ғана қолынан келеді. Соны ұстату керек, жазалау керек. Қолыма түспей жүр, 
түссе, жазалар едім, өмірлік каторгаға айдатар едім. Балалары да өзі сияқты көрінеді. Балаларын да 
өзімен қоса өмірлік каторгаға кестірер едім!», - деді. Қожамжар мен Мұстафа да: «Біз сіздерді бірінші 
рет көріп отырмыз, танымаймыз! Кеше кешке Омбыдан келдік! Мұндай сорақы істі бұл өңірде Қожық 
пен оның жігіттері істейді. Соларды тауып, ұстап, жазалаған жөн! Біз де Қожықты ұстай алмай жүрген 
адамдардың біріміз! Біз адалмыз! Бізді босқа жазғырмаңдар?!», - деді. Мұстафа да, Қожамжар да орыс 
тіліне жетік адамдар еді. Бұл екеуі қазақтың айыр көмей, жез таңдай шешендерінің дәл өзі болатын. 
Мұстафа жас еді, оның атқа мініп, ел сөзіне араласқанына үш-ақ жыл болған. Ал, Қожамжар талай 
дауды бастан өткерген жырынды даугер еді, оның үстіне, жас кезінде Кенесарыға қарсы жорықтардың 
бәріне қатысқан кісі болатын. Қожамжар 1838 жылы жазда Варгашаның атақты купеці - граф Соко-
ловты Омбының ар жағында өлтіріп, кеңірдегін суырып алған, оң қолының шынашағы қарысып қап, 
жазылмай, бүкір боп біткен, жас кезінде патша қамалдарына жігіттерін бастап, талай рет жорық жасап, 
жылқы алған. 1836 жылдан бастап, Керей руының аға старшыны болған, ал, Уақ руының аға старшыны 
- Ерменнің Елембайы деген би (1810-1896 жж.) болған. Қожамжар мен Мұстафа мойындарына алма-
ды, аяқтарына отырғызбады. Павлов пен оның адамдары олардың мойындарына қоя алмады, дәлелдей 
алмады.  Павлов  тек:  «Қарға  қарғаның  көзін  шұқымайды»,  -  дегендей,  мұндай  бір-бірін  қорғайтын 
қазақтармен бірге мен ұзақ қызмет атқара алмайды екенмін!» - деген сөзді айтқаннан басқа ештеңе 
дей алмады. Есенейге, Қожамжарға, Болғаға, Тәшкентке еріп, ел аралап, қонақ болды да, Қызылжарға 
қайтып кетті. Елді қорқыта алмады, керісінше, беті қайтып, бұрынғы екпінінен айырылып қалды. Екі-
үш жылдан кейін Павлов Үшбұлақ дуанына ауысып, Керекуге уездной начальник боп барды. Кейін бо-
лыстық штат шыққан соң, біраз жылдан соң, Семейге ауысып, уездной начальник болды. Ал, Есенейдің 
Қожыққа өшігуі, біріншіден, 1841 жылдың көктемінде Кенесары жасағына қарсы соғыста Қожық Керей 
жасағына қосылмады, екіншіден, Қожық Кенесарының тыңшысы болды, Шыңғыс та тыңшылықпен 
айналысты. Үшіншіден, Қожық, оның жігіттері, Шайгөз Уақ Сапақ деген жігіт Кенесары жасағына жол 
көрсетушілер болды. Сапақ жол көрсеткені үшін, Кенесары жасағынан тай алып сойып деп отырды. 
Төртіншіден,  Қожық  Уақтың,  Атығайдың,  Қарауылдың  жылқыларын  Кенесары  жасағына  шығарып 
беріп, артынан екі-үш күн өткен соң, жылқыларынан айырылған елге келіп, өзі: «Жылқыларың табыл-
ды ма? Атаңа нәлет қандай ит екен жылқыларды айдап кеткен? Маған да кездеспеген екен! Бәрін де 
найзамен шабақтап өлтіріп, жылқы алған қалай болатынын көрсетер едім. Екіншіден, жылқы алмай-
тын, басынбайтын болар еді!», - деп, түк білмегенсіп сөйлейтін еді. Бесіншіден, Қожық сырттай Төрт 
момын елін даттап жүрген. Осыны Есеней көңіліне кек тұтқан, өшіккен. 
Баранов деген Қызылжарда полицейдің начальнигі болды, соны Қожық 1846 жылы, яғни жылқы 
жылы жазда қолға түсіріп, он полицейімен қосып, әрқайсысын жеке-жеке құрым киізге бөлеп, шаңы-
раққа асып, астынан тезектің түтінін беріп, ыстап, бір жарым ай ұстап, ақырында бәрін де босатып 
қоя берген. Өлтірмеген, қару-жарақтарын, аттарын бермеген. Жаяу-жолпылап, жадап-жүдеп, екі айда 
Қызылжарға зорға жетіп, қатын-баласын аман-есен көрген оларды Қызылжар мен Омбының ұлықтары 
қызметке қабылдамай қойған. 
Қожық  1839  жылдың  көктемінен  бастап,  жігіт  ертіп,  атқа  мініп,  патша  өкіметінің  бекіністері-
нен  жылқы  тартты.  Біздің  Керейден  Шағалақ  Керей  Ертісбайдың  Медебайы,  Бике  Керей  Баржақсы 
Қожықпен одақтас, қолдас, табақтас боды. Қожықпен алты ай жолдас болды да, Баржақсы одан безініп, 
қол үзді де, жортуылды тоқтатап, ел сөзіне араласып, беделді азамат атанды. Медебай бір жыл жолдас 
164

боды, Медебай-Қожық атанды. Көп кешікпей 1840 жылдың көктемінен бастап, Медебай Қожықпен 
байланысты  үзді.  1841  жылдың  басында  Қожықпен  байланыс  жасап,  Жиентай  Ырсайұлы,  Тайкөт 
Тоғалақұлы, Мүсіреп Жылқыбайұлы  - үшеуі онымен табақтас, одақтас болды да, төрт айдан кейін 
Қожықтан бөлініп кетті. Бұлар Қожықтың опасыздығын, өз еліне жаны ашымайтындығын көрген соң, 
оны  тастап,  одан  бөлек  кетті.  Оның  үстіне,  бұл  бесеуіне  Қожықтан  дереу  қол  үзу  қажеттігін  талап 
етіп, Есеней қатаң ескерткен болатын. Шын мәнісінде, бұл бесеуі де Есенейдің адамдары еді. Есеней-
дің тапсырмасымен Қантай керей Жолан батыр Қожықтың соңына түсті. Бике керей Баржақсы батыр, 
Ескене-Қасаболат керей Айдабол старшын, Таузар керей Қоқы би, Уақ керей Елембай би, Алдай керей 
Мүсіреп, Таз керей Тайкөт, Көшебе керей Жиентай, Шағалақ керей Боқан батыр - бәрі Қожықтың соңы-
на түсті. Бұлар Қожыққа сүйеніш боп жүрген Шыңғыс Уәлихановты сабап, аға сұлтандықтан түсіріп, 
жылқысы мен түйесін айдап алып, Шыңғыс ауылын Құсмұрыннан көшуге мәжбүр етті. Мұны көрген 
Қожық 1842 жылдың қыркүйегінде сарбаздарын ертіп, ауылдарымен көшіп, Торғай бойындағы Қара-
сай-Қошалақта отырған туған қайынағалары Кенесары, Наурызбайға барып қосылды. Бір жыл, яғни бір 
күз, бір қыс, бір жаз бірге қыстады, Кенесарымен бірге Сыр бойына көшті. 1843 жылы күзде Кенесары 
сарбаздарын өзі бастап барып, Кіші жүз Он екі ата Байұлының Жаппас руына жататын Жылгелді, Үңгіт 
елдерін шауып, 137 ауылды тонап, 91 жасауыл мен Байтабын батырдың кегін алды. Бірақ, «әлдеқандай 
уақыт болар!» - деп, артын ойлаған Қожық бұл аттаныс-жорыққа қатыспай, бейтарап қалып қойды. Де-
генмен Қожық Кенесарыға еріп, Шу өзеніне дейін көшіп барды да, Алатауға қарай көшкен Кенесарыға 
ермей, Шу бойынан мекен теуіп қалып қойды. Шуға келгеннен кейін, бірнеше жыл бойы Кенесарыға 
еріп, сан жорыққа қатысып, көп жерді шарлап, үдере көшіп, әбден қалжырап, шаршап-шалдыққан ха-
лықтың басым көпшілігі өздерінің ата мекенін, туған жерін, туған елін, ағайын-туғанын сағынып, кейін 
қарай қайта көшті. Бұл 1843 жылдың тамыз айы болатын. Бұл елдер тұтаса көшпей, үздік-создық шұба-
тылып, бөліне көшті. Міне, осы елдердің бөлек-бөлек көшкенін пайдаланып, Қожық пен оның баскесер 
қарақшылары кейін қарай қайтқан елдің жылқы-түйелерін сыпырып алып, өз жылқылары мен түйе-
леріне қосып жіберіп отырды. Тек Арғын-Қыпшақтың Жанайдар Орынбайұлы, Тәуке, Төлебай сияқты 
батырларының малын алуға бата алмады. Қоқан хандығының бекіністерінен, қырғыз манаптарынан, 
ұлы жүздің руларынан топтап жылқы-түйе айдатып алуды, өткен-кеткен елдің жылқы-түйесін айдатып 
алуды кәсіп етіп, Қожық Шу бойында 1847 жылдың күзіне дейін мекендеп отырады. 
Кенесары (1802-1847 ж.ж.), Наурызбайдың (1821-1847ж.ж.) жасағында 1847 жылдың тамыз ай-
ында алауыздық басталып, Кенесарының сарбаздарын түгелге жуық ертіп, Нысанбай жыршы, Ағы-
бай, Жәуке, Мыңбай батырлар, Досқожа ақын - бәрі бір түнде азық-түліктерін, үй іші жандарын алып, 
арқаға қарай бет түзеп, тайып тұрады. Оларға жолда Қожық кездесіп, қайынағаларын сұрайды. Олар 
Кенесары-Наурызбайдың халдерінің мүшкіл екенін  айтады. Бұл кезде небәрі 850 сарбазбен қалған 
Кенесары-Наурызбай Далбай Асаниязұлы (топ жарған аттың иесі), Иман Дулатұлы, Балық Иманұлы 
(Амангелдінің аталары), Бұғыбай, Бұқарбай сияқты батырлармен, Кеген, Қошқарбай (осы екеуі керей 
руынан)  сияқты  күйеу  балаларымен,  Құдайменде,  Әбілғазы  сияқты  туыстарымен,  Сыздық  деген 
ұлымен  (1830-1917  ж.ж.)  қоса  Қоқан  хандығы  мен  Қырғыз  манаптарының  біріккен  әскерінің  қор-
шауында қалып, қолға түседі. Ұлы жүздің Сыпатай, Байұзақ деген датқалары Кенесарыға азық-түлік 
беріп, көмектескен боп, Кенесарының арқасында ұлы жүздің байларына Қырғыздан жер әпереді. Бірақ, 
ұлы жүздің датқалары мен байлары әскери көмек бермейді, керісінше, қырғыз манаптарымен байланыс 
жасап, Кенесарыға опасыздық жасап, оны Орта жүз бен Кіші жүз сарбаздарының, батырларының та-
стап кеткенін, Кенесарының аз адаммен қалғанын хабарлайды. Рүстем төре де Кенесарыға опасыздық 
жасап кетеді. 
Қожық 550 сарбазбен барып, Кенесарының ауылын көшіріп әкетеді, әйелдерін, балаларын, кем-
пір-шалдарды,  қызметшілерін,  дүние-жиһаздарын,  малдарын  жау  қолына  түсірмей  алып  кетеді. 
Қожыққа Кенесарының Бағаналы найманның Жабай руынан шыққан Зілғара деген сарбазы, Аманжол 
(Мануил), Мәтке (Дмитрий) деген мұсылман дінін қабылдаған, сүндеттелген, қазаққа айналған, әй-
елдері  -  ұйғыр  қыздары,  екі  орыс  қызметшісі  көмектесіп,  көшті  бастап,  Шудағы  Қожық  ауылдары-
на  қосылады.  Әйелдер  Қожықтың  әйелдерімен  дауыс  қосып,  көрісіп  жыласады.  Бұлар  үдере  көшіп 
отырып, Созақ, Шолаққорған айналасын мекендейтін Кіші жүз Жетіруға жататын Тама руының ішіне 
көшіп келіп, Құмкент деген жерге орналасып, мекен етеді. Қожық 1848 жылдың көктеміне дейін бұлар-
мен бірге қыстап шығады. 1848 жылдың көктемінде Қожық өзінің ата мекені Меңзейге, Есіл бойына 
көшіп келеді. Қожыққа еріп Мануил мен Дмитрий де көшіп келеді. Зілғара Ұлытаудағы өз еліне келеді. 
Қожық, Мануил, Дмитрий – үшеуі Омбы төңірегін мекендейтін Мұраталы Балта деген керей руынан 
165

шыққан Дербісалиев деген хатшы арқылы генерал-губернаторға 140 арғымақты сыйға тартып, кешірім 
қағаз алады. Мануил мен Дмитрий өзінің Островкасына (Жаңа қалаға) келеді. Қожық Керей-Уақтың 
басты адамдарына жалынып, кешірім сұрайды. Ал, қырғыздар Кенесарыны, Наурызбайды, Ержанды, 
Құдаймендені, басқа туыстарын, Кеген мен Қошқарбайды, Иманды, Балықты, Далбайды, сарбаздарды 
тартпақтап өлтірді. Ішінде Сыздық, Бұғыбай, Бұқарбай бар қырық алты адам қамаған сарайларын бұ-
зып, атқорадағы күзетшіні тұншықтырып өлтіріп, аттарды мініп, қашып кетті. Кенесары, Наурызбай, 
Кеген, Қошқарбай - төртеуінің бастарын кесіп алып, қазанға қайнатып, тұздап, қырғыздың Кәрібоз, 
Жантай, Жанқараш, Орман, Төрегелді, Алымбек, Боранбай деген жеті манабы Шыңжан өлкесі арқылы 
Барнауыл барып, арнаулы күзетпен Петербургке апарып, патшаға сыйға тартып, көптеген олжаға ие 
болады, дворян атағын алады, қысты өткізіп, елдеріне аман-есен қайтады», - деп, сөзін аяқтады. 
Сол кезде Жансары Уақ Құлыкештің Мұқаны отырып: «Баке, осы әңгімеңіздің жалғасын да қал-
дырмай айтыңыз, тыңдайық, жастар да тыңдасын. Басымыз ылғи мұндай қосыла бермес! Айтқан сөз-
деріміз  кейінге  мұра  боп  қалсын!».  «Айтсам,  айтып  көрейін!»  -  деді  де  Байеке  сөзін  жалғастырды: 
«Кенесарының, Наурызбайдың, Ержан мен Құдайменденің, Кеген мен Қошқарбайдың, Иман мен Ба-
лықтың, Далбайдың, Әбілғазының және төлеңгіттер мен сарбаздардың бейіттері Кекілік-Сеңгір жота-
сының етегінде (қазіргі Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Чапаев атындағы колхоздың терри-
ториясында). Ал, Іле сыртындағы Алатауды, Майтөбені, Ұзынағаш, Қордай, Мерке, Талас аймақтарын 
Кенесары Қырғыздан тартып алып еді, өзіне бұйырмады, ол жерлер ақырында Ұлы жүздің елдеріне 
бұйырды. 
Сыздық 1830 жылы туған, жылы - барыс, Рысайдың Өртемішімен құрдас, әрі туған құда, дос еді. 
Кіші жүздің Жетіруына жататын Ашамайлы Керейіт Нысанбай ақын Қармақшыдан еді, 1822  жылы 
туған, жылы – жылқы. Наурызбаймен бірге тәрбиеленіп, бірге өскен, Қожықпен құрдас еді. Қожық 
52-ден 53-ке қарағанда, айдалып кетті, 1874 жылы. Кіші жүз Әлімұлының Шекті руының Тілеуқабақ 
табынан  шыққан  Бекет  батыр  Серкебайұлы  Көтібар  немересі  осылармен  құрдас  еді.  «Бекет  батыр» 
жырын Таузар керей Сегіз сері Бекет айдалмай тұрып, көп жыл бұрын, яғни 1848 жылы, мешін жылы 
жырлаған. Ал, Бекет батыр Сегіз сері қайтыс болған соң, екі жылдан кейін 1856 жылы айдалып кетті. 
Нысанбай он бес жасында 1837 жылы, яғни тауық жылы жазда Кенесары ордасында Кенесарының хат-
шысы - Сидақ қожа Оспанұлымен айтысып, оны жеңіп, ақын атағына ие болған. Өзі сол жылы көктем-
де ғана, Кенесары қолына келген жетім бала еді. Ал, Далбай Асаниязұлы 1841 жылы көктемде өзінің 
ағасы - Салбайды байқаусызда атып өлтіріп, еліне қара жүз болып, Мыңбай деген ағасының жүйрік 
құла торы атын мініп, жылдан артық уақыт бойы қашып жүріп, 1842 жылдың тамыз айында Кенесары 
тобына келіп қосылған. Құла торы ат Кенесарыға келген соң, топ жарған деген атақ алды. Далбай Кіші 
жүз он екі ата Байұлы ішінде Адай руына, оның ішінде Түрікпен Адай елінен. Ал, Бұқарбай батыр 
Кіші жүз Жетірудың Табынынан шыққан. Ағыбай батыр Орта жүз Арғын - Қыпщақ ішінде Жеті момын 
Арғынның Шұбыртпалы Арғын руынан шыққан. Жәуке батыр Кіші Арғынның Төлек руынан шыққан, 
ал,  Мыңбай  батыр  Кіші  Арғынның  Қырықмылтық  руынан  шыққан.  Жанайдар  Орынбайұлы  батыр 
(1804 жылы туған) Бес Мейрам Арғын ішінде Сүйіндік Арғынның Төртуыл руының Жауғаш-Биғаш 
табынан шыққан. Наурызбайдың алғашқы әйелі - Ханшайым Кіші жүз он екі ата Байұлының Алтын 
руының Сыр бойына көшіп келген аз ғана бөлігінің шонжары Тілеуқабақ дегеннің қызы. Ханшайым-
нан Садық деген 1839 жылы, доңыз жылы туған ұлы (мұны Кенесары асырап алған), Меңсұлу деген 
1841 жылы, яғни сиыр жылы туған қызы болған. Наурызбай қаза табардан алты ай бұрын өзінің шеше-
сі - Асылтастың ағасы - Қарасары Балта деген Керей руынан шыққан Марал ишан Құрманұлының ең 
кенже қызы - Тәуклиге үйленген. Наурызбайдың Тәуклиден перзенті болмаған. Жесір қалған Тәуклиді 
Күнімжан бәйбіше Ержанның баласы - Тайшыққа қосқан, одан Жүніс туған, Жүністен Ысқақ туған. 
Тәукли 1829 жылы, яғни сиыр жылы туған. Тәукли Қармақшы өңірінде туған. 
Қожыққа  Есенейдің  өшігуінің  алтыншы  себебі,  Қожық  Наурызбайды  ертіп  келіп,  Есенейдің 
жылқысын  айдап  кетпекші  болған.  Бұл  -  1843  жылдың,  яғни  қоян  жылының  көктемі.  Оқиға  былай 
болатын. 1841 жылы көктемде қатты жеңіліске ұшырап, Кенесары Керей елімен бітімге келуге амалсы-
здан мәжбүр болды. Өйткені, патша өкіметінің Сібірдегі қамалдарынан олжа түсіру үшін, Керей жерін 
басып өтуге тура келеді. Кенесарыға өш Керей елі оның жасағын өткізбейтін болды. Сондықтан, Қы-
зылжар, Омбы, Қорған, Бағылан, Тюмень керейлерімен міндетті түрде татуласу қажет болды.
Құрамында Ағыбай, Нысанбай, Досқожа, Бұқарбай, Жанайдар, Мыңбай, Жәуке, Төлебай, Әбілға-
зы бар Кенесары елшілігі қара нарға қалың кілем жауып, жанат ішік, жібек шапан алып, ақбоз ат же-
166

тектеп, 350 жорға айдап, Керей еліне келеді. Кілемді, ішікті, шапанды, жорғаларды, ақбоз атты, қара 
нарды Табей мен Тұрлыбекке, Байдалыға, Шөңкеге, Бектасқа әкеп беріп, келісім сұрады. Ай мүйізді 
ісек пен шаңырақ мүйізді серкенің етін асып, басқа бата қылып, енді бір-бірімен жауласпайтын боп, 
келісім-шарт жасап, құран ұстап, анттасты. Келісімге Есеней мен Аулабай, Тәнібай, Итемір, Тілен, Сек-
сен, Белгібай - жетеуі зорға келді, зорға көнді, бұлар сырттай келісімге келгенмен, іштей сенбеді. Қо-
жамжар, Балға, Есеналы, Сибан керей Күсенбай би - төртеуі де зорға көнді. Кенесарының қолға түскен 
адамдары қайтарылмайтын болды. Өйткені, олар өмірлік каторгаға кесіліп кеткен. Келісім бойынша 
Керей еліне Кенесары жасағы бұдан былай шабуыл жасамайтын, Кенесары жасағына Керей елі де бө-
гет жасамайтын болды. Арада өкпе-наз, кек сақталмайтын болып серттесті. Кенесары елшілігі қайтып 
кетті. Бірақ Есеней мырза сақтықты бұрынғыдан гөрі нығайтты да, күзетті бұрынғыдан гөрі күшейтті. 
Әрбір еркек кіндікті азаматы бар үйдің белдеуінде бір-бір жүйрік ат байлаулы, үйде қару-жарақ дайын 
тұрды. Есеней мырза 550 жігітті Белгібай батырға бастатып, Арғын-Қыпшақтан жылқыға тиген 
Наурызбай, Ержан, Қожық, Байтабын деп топшылады.
1841 жылы көктемдегі ұрыста Наурызбай өзінен күші де, шапшаңдығы да, айла-амалы мол Қуа-
ныш батырдың (Сегіз серінің інісі, Сапарғали ақынның інісі, руы - Таузар) найзасына түсіп, ауыр жа-
раланып, жылдан аса төсек тартып жатып, 1842 жылдың күзінде зорға айықты. Талай жорықта болған 
Наурызбайдың беті қатты қайтып, жүрегі шайлықты. Наурызбай 350 жігітті бастап, қасына Қожық пен 
Байтабынды ертіп, Сібірдегі патша қамалдарынан жылқы алмақ болып, олжа түсірмек болып, жорыққа 
шықты. Ол бекіністерге бару үшін, Төрт момын елінің жерін басып өтуге тура келді. Жол көрсетуші 
Қожық болды. Қожық әдейі бұларды Есенейдің жылқысы жатқан Бүркеуге алып келді. Бұл - 1843 жыл-
дың көктемі. Бүркеуге бір қылтадан кіріп, қайтарда, сол қылтадан шығатын. Ортасы кең алаң, айнала 
ит тұмсығы өтпейтін қалың жыныс! Сол алаңда қалың жылқы жатыр. Қойнауда 56 кісілік арнайы жа-
салған ақ орда бар еді. Ол ордада Есеней мырзаның қару-жарақты 55 жылқышысы тұратын. Қасына 
барғанша, ақ орда көзге көрінбейтін, өйткені, орда ағаш ішінде. Ордада керей шеберлері ойып жасаған 
ағаш зеңбірек бар еді. Бұл зеңбіректің стволы үш атқаннан кейін, жанып кететін. Есеней жылқышылары 
шетінен өжет, алып мықты, найзагер, қамшыгер, мерген, сойыл ұруға, қылыш шабуға шебер жігіттер. 
Қожық: «Бұл Есеней деген Керейдің қанішер жуанының жылқысы, реті келсе, айдап кетейік! Реті кел-
месе, үндемей ілгері тарта берейік! Барайық, көрейік, неміз кетеді, болмаса, қалар!», - деп, Наурызбай 
мен Байтабынды азғырды. Әуелі көнбей, артынан барып, Наурызбай мен Байтабын көніп, сарбаздарды 
ертіп, жылқыға таяу келді. Қалың жылқының үстінде қалықтап бірнеше қыран ұшып жүрді, жылқы-
ның ішінен шығып, тұс-тұстан алғыр тазылар үрді, тұс-тұстан асау айғырлар шығып, алдарын орай 
шауып, жылқыға бұларды жолатпады. Қожық пен біраз сарбаздар айғырларды, қырандарды, тазылар-
ды атпақшы болды. Түн болғанмен, ай жап-жарық. Бірақ, Наурызбай ондай жолсыз іске бармады. Жау 
болғанмен, Наурызбай Есенейдің батырлығын, аруақты, киелі, қасиетті, әділ, адал, тура, беделді кісі 
екендігін бағалайтын да мойындайтын. Қожық пен сарбаздарға атуға рұқсат етпеді. «Біз бұл жылқы-
ны ала алмаймыз, жылқыға тие қалсақ, аман-есен құтыла алмаймыз! Ол үшін, әуре болуға болмайды. 
Жылқышыларын тауып алып, Есеней мырзаға сәлем айтып, қосынан дәм татып, орыс қамалдарына 
аттануымыз керек! Көп аялдауға болмайды, түн қысқа!», - деді Наурызбай. Сарбаздарын алдына са-
лып, өзі Байтабын мен Қожықты ертіп, арт жағында жүрді, қосты іздеді. Қойнаудағы ақ ордаға келді: 
«Кім бар? Бар болсаң, жолығып кет, бері шық!», - деді Наурызбай өзі ордаға таяу келіп. Есік ашық тұр 
екен. Орда ішінде аузы есікке қаратылған зеңбірек тұр. Жігіттер, қобыз, сыбызғы, домбыра тартып, ән 
салып отыр екен. «Жуанға сәлем айт! Жуанды құдай тегін жаратқан жоқ екен. Батыр етіп, аруақты етіп, 
асыл етіп, құдай анық артық етіп, жаратқан екен. Көсем-қолбасшы екені де рас! Оны мойындаймын!  
«Кенесарының інісі - Наурызбай келіп, жылқыны ала алмады, салтанатына разы болды, қосыннан дәм 
татты», - дегейсіңдер! Нар шөгіп, бақ қонып, аруақ арнаған ордадан дәм татып, аттанайық, жігіттер, бар 
болса, бізге бір-бір жұтым қымыз беріңдер?!», - деді Наурызбай ордадан сыртқа шыққан ақ түйелі жүн-
ді шекпен киген жас жігітке. Есеней жігіттері түнемел қымызға толы сабадан аяқ-аяқ қымыз құйып, 
ұсынды. Наурызбай, Байтабын, Қожық - үшеуі және сарбаздары бір-бір аяқтан қымыз ішіп, алғыста-
рын айтып, қоштасып, аттанып кетті. Сарбаздарын қашан Керей елінің шекарасынан шыққанша, алды-
на салып, өзі, Қожық, байтабын - үшеуі артынан жүріп отырды. Мұндағысы - сарбаздар артта жүрсе, 
жылқы алып кетуі мүмкін деген ойы еді. Расында, Кенесары мен Қожықтың сарбаздары өңкей ұрылар-
дан, қарақшылардан, қашқындардан, елдеріне симай жүрген сотқарлардан, қайыршылардан құралған 
еді.  Яғни  аннан  қашқан,  мыннан  қашқандардың  бәрі  Кенесары  мен  Қожықты  пана  тұтып,  екеуінің 
қолтығына кіріп, сарбаз болған, шаш ал десе бас алатынның өздері болған. Наурызбай бара жатқанда 
167

да, қайтып келе жатқанда да Керей елінің малына тиген жоқ! Наурызбай Қорған жақтан көпестердің 
жылқыларын айдап қайтты, жолды болды.
Жігіттер Есенейге Наурызбайдың сәлемін жеткізумен қатар, оның қасында Қожық та бірге жүр-
генін айтты. Мұны естіген Есеней жылқыға Наурызбайларды бастап әкелген Қожық екенін бірден сезді 
де, бұрынғыдан бетер Қожыққа кектене түсті. 
Қожыққа Есенейдің өшігуінің жетінші себебі, 1842 жылдың жазында Қожық қасына Шортан, Ке-
скентерек, Құйтырқы үшеуін және Шыңғыстың Аба, Тақырбас, Сары деген үш шабарманын, өз жігіті 
- Кәдірсізді ертіп, өзінің сақадай сай 350 сарбазын, Шыңғыстың 35 төлеңгітін бастап, Орынбордан 
Омбыға азық-түлік әкеле жатқан керуенге шабуыл жасау үшін, Құсмұрын бекінісінің Аманқарағай жақ 
бетінде жатып жол тосады. Үлкен керуен кездеседі. Бұлар әдейі «Ошыбайлап!» ұран салып, керуен-
ді қоршап алады, керуенді 45 солдатпен келе жатқан есаул Сотников Қожықты, Кескентеректі, Шор-
танды, Кәдірсізді, Құйтырқыны, Абаны, Тақырбасты, Сарыны бірден таниды. Таң атып келе жатқан 
мезгіл еді. Ал, Сотников бұларды бұрын екі-үш рет Құсмұрында Шыңғыс үйінде көріп еді. Қожықтар 
да Сотниковты кескінінен шырамытты. Сотников бұлардың аттарын білмеді. Қожық: «Мен - Жолан 
деген  Керейдің  батырымын.  Есенейдің  туысымын.  Мыналар:  Медебай,  Мүсіреп,  Тайкөт,  Жиентай, 
Баржақсы, Байкісі, Жанықұл, Белгібай деген жолдастар! Мыналар жігіттерім. Тез қару-жарақтарыңды, 
киімдеріңді, аттарыңды бізге беріңдер! Керуендегі азық-түлік біздікі болады. Өздеріңді тірі жібереміз, 
соған рахмет айтыңдар!», - деп бұйырды. Қожықтың оң жақ шекесінде жарты ай сияқты Таузар Керей 
Қуаныш батырдың қамшысынан қалған таңба-дақ бар еді. Сотников бірден таныды. Оның үстіне, ол 
Жолан батырды, Белгібай, Баржақсы, Жанықұл, Байкісі батырларды, Алдай Керей Мүсірепті, Тайкөт 
Тоғалақұлын, Жиентай Ырысайұлын, Медебай Ертісбайұлын өте жақсы танитын. Олардың аттарын 
да білетін. Олардың үйлерінде де болған. Олармен Есеней үйінде де, Қожамжар үйінде де бірнеше рет 
кездесіп, бірге тамақ ішкен. Сотников өздерін қоршап тұрғандардың Шыңғыс жігіттері екендігін, олар-
дың Керей ұранын, Керей азаматтарының аттарын жамылып тұрғандарын бірден ұғынды. Бұлардың 
сөзіне нанбады. Бірақ, ішкі ойын ашпады, қарсыласудың пайдасыз екеніне көзі жетті. Сұраған киім-
дерін, қару-жарақтарын, аттарды берді, керуендегі азық-түліктерді, көліктерді берді де, керуеншілерді 
ертіп, 45 солдатты ертіп, Сотников жаяу жүріп кетті. Анда-санда отырып, дем алып, жаяу-жалпылап 
келіп, Сіргелі Уақтың ауылдарына жетті. Шаршап-шалдығып келген бұларды ауыл адамдары аяп, 
айран, шай, отқа көмген нан берді. «Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығады», - дегендей, 
оларға ауыл-ауылды аралап жүрген Уақ руының аға старшыны  - Елембай Ерменов кездесті. Сотни-
ков сәлем беріп амандасқаннан кейін, мән-жайды Елембайға түгел баяндады. Елембай сөздің төркініне 
бірден  түсінді  де:  «Сіздер  Шыңғысқа  жолықпай-ақ  қойыңыздар,  өйткені  керуенді  тонатып  отырған 
Шыңғыстың өзі. Шыңғыстың айтатыны да, сол қарақшылардың сөзі. Мен сендерді бірнеше тақтайлы 
арбамен, тарантаспен ат жегіп, арнаулы жігіттер қосып беріп, Қожамжар мен Есенейге жеткізіп саламын. 
Жолда Медебайға, Майкөтке, Жоланға, Жиентайға бұл оқиғаны баяндап бер. Ал, Есеней мен Қожам-
жарға бұл қиын істі міндетті түрде толық айт! Бұларға айтсаң, Жақсы, Белгібай, Байкісі, Жанықұл, 
Мүсіреп - бесеуі де естиді. Мұны Шыңғыс осы сегіз адамды жала жауып, айдату үшін, әдейі істетіп 
отыр. Сіздерді тонаған қарақшылар алыстан келгендер емес, осы өңірдікі, басшысы - Қожық, соңынан 
ергендері - Қожықтың жігіттері мен Шыңғыстың төлеңгіттері. Мен оны үйде жатып-ақ білемін! Осы 
күні Шыңғыс: «Жаппас елінің жылқысын Жолан ұрлады!» - деген жалған лақап таратып, елге өсек 
жаюда, міне, енді екінші жалғанды тағы да дайын етті. Сіз осының бәрін Қызылжардағы кіші сұлтан - 
уездной начальникке, Омбыдағы генерал-губернатор Горчаковқа жеткізіңіз?! Шыңғыс ол да 20 күннен 
кейін  Обағанда  болатын  бес  дуанның  бас  қосқан  чрезвычайный  съезіне  дайындалып  жатыр!  Соған 
Жоланды шақырмақшы. Осында жылқы жоғалтқан жаппастар жүр. Сол жаппастарды Шыңғыс Жолан-
ның соңына салып қойды. Жоланның ұры емес, саудагер екенін өзін де біліп отырсың ғой! Шыңғыстың 
мұнысы - жала, іске аспайды, мұнымен өзіне ор қазуда, бүкіл Төртмомын елін өзіне қарсы қойып алуда! 
Қазір ел бір бөлек, Шыңғыс пен Қожық бір бөлек. Шыңғыс Кенесарының немере інісі. Іштей Кенеса-
рыға тілектес, патша әкімдері алдында сырттай ғана жылтырағаны болмаса, шын мәнінде, Россияға 
қарсы адам, амалсыздан, қорыққанынан патшаға қызмет етуде! Сонымен қатар, естіген-білгенін астыр-
тын Кенесарыға хабарлап отырады. Оны ешкімге сездірмейді. Сыр бермейді, екі жүзді кісі. Мұны адам 
қылған Есеней, мына екі бірдей әрекеті – Есенейге істеген қастығы ғой! Шыңғысқа сенбесін, гене-
рал-губернаторға  жеткіз! Язу Янов та Шыңғысты жек көреді. Менің сізге айтарым  - осы!», - деді. Бұл 
сөздердің бәрі де Сотниковтың көкейіне қона кетті. Сотников Елембайдың бар сөзін мақұлдап, оған 
алғыс айтты. Бұл мәселені Қызылжар мен Омбы әкімдеріне, Есеней мен Қожамжарға толық баяндамақ 
168

боп, уәде берді. Ат пен арбаның бірнешеуін дайындап, Сотников пен оның адамдарын Елембай жолға 
шығарып салды. Сотников рахметін айтып, қоштасып, жүріп кетті. 
Жол-жөнекей Сотников бұл оқиғаны Медебайға, онан соң Жоланға, онан кейін Тайкөтке, онан соң 
Жоланға Жиентайға әйгілеп айтып берді, оларда қонақ боды. Қожамжарға келіп, қонақ болып баяндады. 
Елембай адамдары Қожамжар ауылынан қайтты. Қожамжар өзі бастап, Сотниковтарды Есеней ауылы-
на алып алып жүрді. Жолшыбай Сотниковты қайрап қойды. Есеней ауылына Қожамжар, Сотников, 
оның адамдары келіп, қонақ болды. Болған оқиғаны Сотников Есенейге толық айтып берді. Қожамжар 
приговор жасап, оған Сотников пен оның адамдарының қолын қойғызып алып, Сотниковтермен қо-
штасып, ауылына қайтты. Жолда Итемір ауылына келіп, Итемірмен ақылдасып, дереу хабаршыларын 
аттандырып жіберіп, Керей-Уақтың билерін, старшындарын, ауылнайларын жинап алып, ақылдасып, 
приговорларды көп қылып жасап, билердің, старшындардың, ауылнайлардың қолын қойғызып, мөрін 
басты. Язу Янов та осында еді. Приговорларға Язу Янов пен Итемір, Балға, Есеналы, Тілен, Тәнібай 
сияқты құрметті қазақтар мен заседательдер де қол қойды, мықты күзетпен Омбыдағы генерал-губер-
наторға үкілі почта шаптырды. Бұнымен қатар, Шыңғыстың үкілі почтасын Қызылжар мен Омбыға 
жеткізбей, талату үшін, алдын ала Қожамжар мен Язу Янов көптеген барымташы-жортуылшы жігіт-
терді жолға қойған. Ол жігіттер Шыңғыстың Жолан, Медебай, Алдай Мүсіреп, Майкөт, Жиентай - бе-
сеуін айдатпақ болып, оларды ұстату үшін, приговорлар жасап, отряд сұратып, Омбыға жіберген үкілі 
почтасын жолда ұстап, Қызылжарға жеткізбей талап, приговорларды өртеп жіберді. Күймелі арба мен 
аттарды тартып алып, Шыңғыстың жігіттерін сабап-сабап, кейін қарай жаяу қайтарды. Өздерін таныт-
пас үшін жортуылшы жігіттер бет-ауыздарын шытпен танып алған болатын. Шыңғыс жігіттері өздерін 
талаған кімдер екенін білмеді. Шыңғыстың ойы іске аспады. 
Есеней бұл кезде Аманқарағай дуанының аға сұлтаны еді, әскери атағы - подполковник. Есеней 
Шыңғыстың бұл әрекеттеріне қатты кейіп, налыды. Өйткені, Шыңғыстың жала жауып, айдатпақ болған 
сегіз адамы - Есенейдің жігіттері болатын. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонса, Керейдің билері, 
батырлары, шешендері, палуандары, аға старшындары, ауылнайлары Есенейдің ел ішіндегі құйрығы 
мен қанаты еді. Сондықтан да Есеней Керей елін ынтымақта ұстады. Даулы мәселе бола қалса, сыртқа 
шығармай, билерін, старшын, ауылнайларын жіберіп, дауласқан адамдарды бір-бірімен табыстыра 
қоятын. Мысалы, 1860 жылы көктемде, яғни мешін жылы Таузар Керей Қоқы би мен Сағындық Көше-
бе Қонақ би Ырсайұлы дауласты, жерге таласты, Есбол отырған жерді Қоқы би: «Менікі», - десе, Құдас 
отырған жерді Қонақ би: «Менікі», - дейді. Осы дауды сыртқа шығармай, тоқтату үшін Есеней аға би 
Балта Керей Аулабайды қасына Сибан керей Күсенбай мен Мүсірепті, Ескене-Қасаболат керей Айда-
бол старшынды қосып беріп, Шимойын Сибан Байтастың Айтбайын ертіп беріп, аттандырады. Бұлар 
келіп, Қоқы бидің ауылына түседі. Қоқы биге: «Ассалаумағалейкум, қырғыздың жиені!» - деп, Сибан 
Керей Мүсіреп сәлем береді. Сонда Қоқы би: «Уағалайкумиссалам түрікпеннің жиені!» - деп, сәлемін 
алады. Қоқы бидің өз әкесі - Маржа шабындыда келген қырғыз келіншегінен туған. Маржаның әкесі - 
Тоқтаболат батыр. Маржаның анасы - Ажария  Жайыл қырғынында Тұрсынбай батыр бастаған Керей 
жасағының қолына түскен қыз. Бұл жасақта қарт батыр Тоқтаболат та болған. Ал, Мүсірептің ұлы әкесі  
- Жолымбет (лақап аты - Жолғұтты) батыр да шабынды да Шыныбай деген Сибан керейдің батырының 
қолына түскен Зүлфия деген түрікпен қызынан туған. Жолымбеттің әкесі - Шыныбай батыр. Бесбай, 
Есбай,  Шыныбай  -  үшеуі  Тоқпанбет  баласы.  Аулабай  би  әділ  билік  айтып,  екі  жағын  да  разы  етіп, 
татуластырып, табыстырады. Екі жағы да Аулабай биге алғыс айтады. Сөйтіп, Қоқы би мен Қонақ би 
татуласады. Байтастың Айтбайы Шимойын, Сибан ішінде Жайылған Сибанынан шыққан. Жайылған 
Сибан, яғни, Андарбай, Отарбай, Болат әулеттері Қызылжар мен Соколов аралығын, Соколов пен Мам-
лют аралығын мекен еткен. 1856 жылы тамызда Айтбай бастаған Жайылған Сибан сол ата мекенінен 
көшіп, Есеней мырзаның маңына келіп, қоныс алды. Мына Ырсай полковник пен оның туысы – Есбол-
дың қоныстары - Қапсыт керейдің Қасқа, Шекек деген екі батырының қонысы, Ырсай 95 құлынды бие-
ге сатып алған («Балықты көл», «Сатыбай соры», «Ескі көң», «Атан ауырған», «Мақан» қыстауы, «Өр-
кеш» қыстауы, «Жалпақ шілік», «Таран», «Дайыр қыстаған», «Ырсай қыстауы», «Тоқбай», «Аяқтал», 
«Қонақ шоғы», «Қаражан жалы», «Кішкене көл», «Балықбай өзегі», «Таңажан», «Жамантік қыстауы» 
деген жерлер осы күні «Айымжан» бөлімшесінің территориясындағы жерлер). Қапсыт керейді біздің 
Ескене-Қасаболат керей көшіріп, жер алғанда, Қасқа, Шекек - екеуі еліне ермей, көшпей, қалып қойған. 
Екі жылдан кейін, 1828 жылы, яғни тышқан жылы көктемде Ырсайға кездесіп, 95 құлынды биеге сатып, 
өз еліне көшіп кетіп, туыстарына қосылды. Тек Қапсыт керейдің бір ғана ауылы, яғни Қантай кереймен 
шектес ауылы ғана көшпей қалып, көп жыл отырып, бертін ғана еліне көшіп барды. Жұдырық палуан 
169

(Жұдырықтан Мұстафа туады, Мұстафадан Мүрсали туады) осы ауылдан шыққан еді. Біздің Ескене- 
Қасаболат керей отырған «Шабдар Байтал өзегі», «Беркі ағаш», «Томарлы көл», «Құркөл», «Құдайқұл-
дың қайран көлі», «Ащылы сор», «Байтоғай қопасы» (кейін «Айдабол қопасы»), «Үлкен сор» (кейін 
«Топаш соры»), «Қапсыт қыстауы» (кейін «Топаш қыстауы», «Қуандық қыстауы»), «Тірсекбай», «Са-
рыөлең», «Өзен тал», «Кішкене сор», «Солдат көл», «Суат көл», «Байтоғай қыстауы» (кейін «Айдабол 
қыстауы», «Тынымбай қыстауы», «Жомарт қыстауы»), «Кәрі көң» және басқа жерлер - 1826 жылға дей-
ін Қапсыт керей мекен еткен жерлер. Қапсыт керей бұл жерге Таузар керей Толыбай бидің заманында 
келіп, қоныстанған екен. Толыбай би XVII ғасырдың үшінші ширегінде Естектерді (Башқұрттарды), 
татарларды Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің бойынан көшіріп, бұл жерлерге Ашамайлы керейді, Абақ 
керейді, Уақ керейді бастап әкеп қоныстандырған. Белгілі «Елім-ай!» әнін 1723 жылы 40 жасында 
шығарған Қожаберген жырау - Толыбай бидің бел баласы, ал Сегіз серінің ұлы  әкесі - Шақшақ би - 
осы Толыбай бидің шөбересі.
Тоқпанбет Сибан Жәнібек те ірі батыр болған кісі. Итаяқ - Жәнібектің ең кенжесі. Жәнібек батыр 
1760 жылы, яғни ұлу жылы туып, 1839 жылы қайтыс болған. Балалары тұрмай, ақыры кенжесі - Итаяқ 
тұрақтаған. Жәнібек батыр Итаяққа Кіші жүз он екі ата Байұлының Жаппас руының Наурызбай деген 
атақты биінің Ақмарал деген қызын (Құнияздың шешесі, екінші аты бар) айттырады. Итаяқ ұрын ба-
рып келеді. Итаяқты Ақмарал менсінбейді. Бірақ әкесі еріксіз ұзатады. Итаяқ өте момын, бос, ынжық, 
езгі, жуас кісі болған. Итаяқ Ақмаралды алуға барғанда Жәнібек өзі бірге барады. Ақмаралды отау-
латып әкеле жатқанда, Аманқарағайды басып өтеді. Итаяқ Қарағайдың бұтағына килігіп, астындағы 
ақбоз аттың үстінен түсіп қалуға айналғанда, он жеті жасар Қантай керей Жолан батыр шап беріп, 
ақбоз аттың тізгінінен ұстап атты тоқтатады. Сол кезде Жәнібек батыр Итаяқты жауырынынан ұстап, 
көтеріп алып, Жоланға атты бұрғызып, өзі Итаяқты ердің үстіне мінгізеді. Керей жігіттері намыстанып, 
Итаяқты қаумалап, өз қоршауына алып, ағаш ішінен алып шығады. Сол кезде Жаппас жігіттері мазақ 
қылып, күле бастайды. Сонда Жәнібектің қасында келе жатқан Көшебе керей Белгібай батыр: «Тәйт! 
Үндеріңді өшіріңдер, күлкілеріңе алмас салармын! Жақсы да болса, абайым, жаман да болса, абайым, 
сендер сияқты көргенсіз, бибастақтар күледі екен деп, жақсы ініні қайдан табайын!» - деп, ақырып 
жіберіпті. Жаппас жігіттері жым бола қалады. Жәнібек батыр Белгібай мен Жоланға, басқа керей жігіт-
теріне алғыс айтыпты. 
Жәнібек батыр Бескөлде туған екен. 1826 жылы біздің Ескене-Қасаболат керей мен Тоқпанбет си-
бан  Марьевканың  батыс  жағына  -  Көктерек,  Жалағаш  төңірегіне  қоныстанбақшы  екен.  Өйткені,  ол 
жер - ол күнде осы екі елдің мал салатын жері екен. Бірақ, біздің елдер ол жерге қоныстанбаған, Есе-
ней мырза ол жерлерді өзінің үзеңгілес жолдастары Атығай, Тау батыр мен Тышқан батырға берген 
(қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Сергиевска ауданындағы «Көктерек», «Мектеп», «Социал», 
«Кеңес», «Бірлік», «Жаңа жол», «Жаңа талап», «Бағанаты», Ленин ауылдары қоныстанған жерлер). 
«Тышқан өткелі» деген Есілде өткел бар. Тышқан батыр - Атығайдың Уәйрис (орыс Атығайы) деген 
елінен шыққан белді кісі. Сағындық Көшебенің әуелгі қонысы - Мамлют пен Петухово аралығы және 
Мамлют пен Болатынай аралығы. Казачьи станицалары орнап, қоныс тарылған соң, Ырсай амалсыздан 
көшкен.
1842 жылы жазда Мүсіреп Жылқыбайұлы жорықта еді. Өзін Шыңғыстың ұстатпақ болғанынан, 
жала жапқанынан хабарсыз еді. Мүсіреп Қырғыздан жылқы тартып келе жатып, Құсмұрын төңірегін-
дегі бір балықшының үйіне тоқтап, дем алып, ұйықтады. Мүсірептің сол үйге тоқтағанын Ұлы жүз-
ден жылқы айдап келе жатқан Құйтырқы Шыңғысқа хабарлады. Қожық 45 жігітпен Шыңғыс үйінде 
қымыз ішіп отыр еді. Шыңғыс 45 төлеңгітін қаруландырып қасына ертті, бекіністегі Трофимов деген 
атаман бастаған казак орыс жүздігін ертіп, Қожықты 45 жігітімен, Құйтырқыны 25 жігітімен ертіп, 
аттанып барып, балықшының үйін қоршап алды. Мылтықтарын кезеніп, казак орыстар балықшының 
үйіне кірді де, ұйықтап жатқан Мүсірепті оятып, тұтқындады. Көпке топырақ шаша алмайтынын білген 
Мүсіреп қарсыласпай берілді. Аяқ-қолын бұғаулатып, көк арбаның артына таңып, жас жігіт Мүсірепті 
Имантау бекінісіндегі Беклемишевка апарып, табыс етпек болып, қасына Құйтырқыны, Кәдірсізді, Са-
рыны, Тақырбасты, Абаны және 45  солдатты ертіп, Шыңғыс дереу аттанып, жолға шықты. Қожық 
Құйтырқы әкелген жылқыларды айдап, 45 жігітін ертіп, Меңзейдегі өз ауылына кетті. Трофимов өз 
жүздігін бастап Құсмұрынға кетті. Шыңғыс төлеңгіттері Мүсіреп әкелген жылқыны айдап, Шыңғыс 
ауылына кетті. Ал, Шыңғыс жолда Жақсылық Қарауылдың ауылдарына келіп түстенеді. 
Көкшетау дуанының аға биі  - Көшебе Керей Тілен би (Қанжығалы Асаубай шешенді 1861 жылы 
көктемде Зілғараның үйінде жеңіп, сөзден тоқтатып, әділ билік айтқан кісі) сол ауылда қонақ боп жа-
170

тыр екен. Тіленнің қонысы - Марьевкаға таяу, Есіл бойында болатын Абаны жіберіп, Шыңғыс мәжілі-
стес болмақ үшін, қонақ боп жатқан үйінен Тілен биді өзі түскен үйге шақыртады. Тілен би келе жатып, 
көк арбада бұғаулаулы отырған Мүсіреп Жылқыбайұлын көреді. Мүсіреп Төленді көре сала қуанып: 
«Ассалаумағалейкум, би! Мені көрдіңіз бе? Шыңғыс мені айдатқалы апара жатыр!», - деді. Тілен би: 
«Тәйт! Жай жат! Мен сені көрмей келе жатыр дейсің бе?», - деді. Тілен би үйге кіріп келгенде, Шыңғыс 
пен оның жігіттері сәлем беріп, орындарынан тұра келіп, қол беріп, амандасады. Тілен би сәлемдерін 
алады, Тілен би төрден орын алады. Есендік-саулық сұрасқаннан кейін, Шыңғыс сөз бастап: «Би мына 
кезеп-қарақшы Мүсірепті байлатып алдым, енді ит жеккенге айдатқалы отырмын!» - деп Тілен бидің 
ау-жайын білмек боп, сынай сөйледі. Ешбір саспастан, ойланбастан, Тілен би отырып: «Дұрыс айта-
сың, Шыңғыс балам, «асырамай дұшпан таппайсың», «жаман адамды асырасаң, аузы-мұрныңды қан 
етеді», - дегендей, біздің Керейдің өз малы өзін шаян боп шағып отыр, өзі жақсылық еткен иттері өзін 
қауып отыр. Айдат Мүсірепті, бірақ өзіңді де байқа, Керейден туған өжет ұл-жалғыз Мүсіреп емес 
шығар, көп шығар. Тағы да Керейдің бір әйелі осы Мүсірептей бір ұл табар, солардың біреуі өзіңді 
байлап алып, ит жеккенге айдатып, мал-мүлкіңді талауға салып жүрмесін! Кісілігі бар азамат су ішкен 
құдығына түкірмес болар, ештеңеге шамасы жетпей жүріп, лепірмес болар, көрінгенге нақақтан жала 
жауып, көпірмес болар, өсек-өтірік айтап, өз құнын өзі кетірмес болар, ішкен қымызының тоқтығын 
көтере алмай, есірмес болар! Менің айтарым - осы!», - деді. Шыңғыс бір қуарып, бір қызарып, не дерін 
білмей отырды да: «Би-ай, «өзім айдатамын», - деген сөзіңіз ғой! Ғафу етіңіз!? Ағаттық іс болды, мен 
қателестім!» - деді де: «Босат Мүсірепті, үйге келсін, қонақасы ішкен соң, ауылына қайтар. Онда енді 
менің шаруам жоқ!», - деп, Аба мен Тақырбасқа бұйырды. Олар Мүсірепті босатты. Мүсіреп: «Ассала-
умағалейкум!» - деп, үйге кіріп келді де: «Өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген, әуелі өз 
әкеме амандасайыншы!» - деп, Тілен биге қол берді де, қалғандарына бас изеп, амандасты да, үй иесіне 
қол беріп амандасып, төрге отыра кетті. Шыңғыс пен оның жігіттеріне қол бермеді. Бұл Шыңғыс үшін 
өте жаман белгі болды. Мүсіреп отырып: «Төре, мен қазақтың жылқысын алған жоқпын! Төре-төлең-
гіт-қожа деген бөгде топтың да жылқысын алған жоқпын! Алсам, Қоқан хандығының бекіністерінен 
жылқы  алдым,  оған  несіне  кимаңыз  қыши  қалды.  Алған  жылқымды  түгел  өзіме  қайырып  беріңіз!? 
Патша  солдаттар  мен  казак  орыстарға  тұтқындатып,  қол-аяғымды  бұғаулатып,  көк  арбаның  артына 
байлатып алатындай мен сізге не істедім? Осыны айтшы? Жазығым қанша? Сабаған жоқсыңдар! Ола-
рыңа рахмет! Бірақ, ұзамай, кімді кім байлап, алғанын өз көзіңізбен көресіз! Ол оқиғаны да өзіңіз туғы-
зып отырсыз!», - деді. Ас ішіп болған соң, Шыңғыс жігіттерін жіберіп, өз ауылынан Мүсіреп әкелген 
жылқыларды айдатып алдырып, Мүсірептің өзіне қайтарып берді. Солдаттарды Құсмұрынға қайтарды. 
Мүсіреп жылқыларын айдап, ауылына қайтты. Шыңғыс Тілен бимен бірге бес-алты үйде қонақ блып, 
сол ауылға түнеп, ертеңіне жігіттерін ертіп, түске таяу Тілен бимен қоштасып, өз ауылына қайтып кет-
ті!», - деп, сөзін аяқтады Ескене-Қасаболат керей Байеке. Отырған елдер ақынға көп-көп алғыс айтты. 
Имам Байеке: «Қоныстың өзі тарылып кетті, бара-бара не болар екен? Егер осы қалпымен кре-
стьяндарды қаптата берсе, шұрайлы жерлерді патша әкімдері казак-орыстарға, көпестерге, графтарға 
кесіп бере берсе, енді айналасы 20 жылдың ішінде қоныссыз қалатын түріміз бар, салықты да молайта 
бастады. Мектеп ашуға рұқсат алудың өзі қиын. Бір бақытсыз халық болдық қой! Мына байларға мек-
теп аш, баланы оқыт!», - деп Жамақ, Байдалы, Тәштит, Қожамжар, мен - бесеуміз айтқалы тура отыз 
жыл болды. Сөз ұғатын біреуі жоқ. Көшебе керей Майлы би: «Жақсының асылы кеудесінде, жаманның 
асылы бөксесінде» деген екен! Сол кісілер, әулие ғой. Сол би айтқандай, көп әйел алып, бала туғызу-
ды біледі, ал, ол балаларды дұрыс тәрбиелеп, оқытуды білмейді. Тек малдың тұяғын санап, көп әйел 
алғанға мәз! Мен осы отырған Жама, Нүрке - екеуін, ана Бағдат, Оразақ, Шоқпыт, Жиенбет, Қазыкен 
-  бесеуін  қарақшы  демеймін,  дара  еллер  деп  түсінемін!  Бұл  жетеуінің  іс-әрекеті  -  өздерінше  патша 
отаршылдарына көрсеткен қарсылығы. Бірақ, бұл - өнімсіз іс! Өйткені, аз адамсыңдар, басты қару жоқ. 
Сондықтан ел аралап, салдық-серілік құру керек, саятшы, аңшы, ат бегі, палуан, қолөнерші, саудагер 
бол керек, ұйымдасып орысша мектеп ашып, бала оқыту керек, орыс байларына жем болмау керек. 
Бұны іске асыратын қазіргі  өнерлі жастар - мына сендерсіңдер. Біз сендерге денсаулық, дәулет, бақыт, 
ұзақ ғұмыр тілейміз, батамызды береміз!», - деді. Жама мен Нүрке имам Байекеге алғыс айтты. 
Мұнан соң көпшіліктің өтінуі бойынша Жама Сегіз серінің 1837 жылы күзде Исатай-Махамбеттің 
жорығына қатыспақ болып, аттанып бара жатып, Мақпал сұлумен қоштасып: 
«Сәулем едің, кер маралдай керілген, 
Екі аяқты бір басуға ерінген,
Алдымызда әлдеқандай болар күн,
171

Қатты-ау қысып, құшақтайын беліңнен!» 
- деп басталатын ұзақ өлеңін және сол Сегіз Серінің Кіші жүз Он екі ата Байұлының Адай руының 
батыр, қолбасшы, көсемі Сүйін Үргешбайұлының қызы Теңдікке айтқан әзіл ретіндегі қалжың өлеңін 
әнімен домбыраға қосып, нақышына келтіре, тамаша орындады. Соңғы өлең төмендегіше басталатын:
«Жүйрікте жүйріктер бар жұрт таңғалтқан,
Сұлуда сұлулар бар маржан таққан.
Етегін дүрия көйлек кір шолыпты,
Жан қалқа сізді шаңға кім аунатқан!».
Жамаға елдің бәрі алғыс айтты. Ол күні қонып, Жама мен Нүрке екі Байекенің, Ақан серінің, Құ-
лыкештің Мұқанының, жалпы көпшіліктің батасын алды. Өздері де көпшіліктің құрметіне разы боп, 
алғыс айтты. Ақан сері мен Құлыкештің Мұқаны Байекелер бастаған көпшілікпен қош айтысып, рах-
мет  айтып,  разы  боп,  ауылдарына  аттанды.  Имам  Байекемен,  көпшілікпен  қоштасып,  алғыс  айтып, 
Байеке ақын, Жама, Нүрке үшеуі Қызылжарға аттанды. 
Жол-жөнекей келе жатып, «Қожықтың кейінгі достары кімдер болды? Қожықтың балаларының 
аттары кімдер?» - деп сұрады ойнақы мінезді Жама Байекеден. Байеке: «Қожықтың кейінгі досының 
бірі - Шыңғыс, бірі - Атығай Зілғараның Әлібегі, Қарауыл Мырзабектің Баубегі - біреуі. Осы үшеуімен 
де Қожық құда болды, үшеуінің үш қызын Қожықтың үш ұлы алды. Әлібектің қызының аты - Ақша-
бақ, Баубектің қызының аты - Айбала, Шыңғыстың қызының аты – Рахия. Ал, Қожықтың Ермалай 
деген баласы Ноғай Қарауыл Кемел байдың Үмітей деген қызын алды. Қожықтың Бекежан, Қонақай, 
Бекенай, Шоқанай, Ақанай, Мұқанай, Алмабай, Асай, Досай, Мұсай, Еренай, Ермолай, Шәкенай, Же-
кенай, Асау, Бұланай, Құланай, Мұнанай, Бержан, Сержан, Тіржан, Піржан, Пірман, Ерман, Тілеуке, 
Бестерек, Долана, Доланқора, Көкенай, Жолай, Жұбай және басқа көп балалары болған, Алтыншаш, 
Кенжебике (екеуі де қазақ қызы), Гүлсім (өзбек қызы), Хатима (татар қызы), Халима (башқұрт қызы), 
Салиха (тәжік қызы), Мүкарама (түрік қызы), Алмагүл (қарақалпақ қызы) деген он әйелі болған. Кен-
жебикені айттырып алған, ал, Гүлсім, Зухра, Мүкарама, Ажархан, Алмагүл - бесеуін Қоқан, Бұхар, 
Хиуа хандықтарының саудагерлері он жеті жасар Қожыққа сыйға тартқан. «Бұл бес әйелді жүнге сатып 
алғанмын!» - деп, Қожық мақтанатын. Он жетіден он сегізге қарағанда, Хатима, Алтыншаш, Халима, 
Салиха - төртеуін Қожық тоғыз айдың ішінде алып қашып алған. 
1839 жылы көктемде Стаптан былғары алып, Қосекейдің інісі - Құлжан он бес жасында (Алдай 
керей) бесті ат - Қарасұрмен шыға бергенде, Стапты шабуға 450 сарбазбен келе жатқан Наурызбай, 
Ержан, Байтабын, Бұғыбайларға кездесіп қалады. Бұлардың жандарына Қожық пен Шортан да ерген 
еді. Қарасұрдың ауызға ілінгеніне үш жыл болған. Құнан күнінде бәйгіге қосылған. Содан бері Қарасұр 
алдына ат салмай жүрген. Сол жылы Қарасұр қыстан жүдеу шыққан. «Мұның өзі өрен жүйрік ат, үстін-
дегі баланы аударып тастап, алып қашу керек!», - деді Қожық Наурызбайға. Бұны естіген Наурызбай: 
«Бері кел, інішек!», - деп Құлжанды шақырды. Құлжан тоқтамай, ілгері өте береді. Наурызбайлар қуа 
жөнеледі, бірақ, Қарасұр ат жеткізбей, шаңын бір-ақ көрсетті. Қуып жете алмаған соң, Наурызбай 
күйініп, ыза болып: «Жаман атқыр, сенің де жетпейтін жылқың болады екен-ау!», - деп Ақуыз атты 
қамшымен басқа тартып-тартып жібереді. 
Жолшыбай түстене жүріп, бұлар араға екі қонып, үшінші күні таңертең Қызылжардағы әкесі - Бал-
та керей, шешесі - татар Хасан баба деген қазақтың үйіне келді. Хасан баба оларды жақсы қарсы алды, 
қой сойып, қол қусырып, қонақ етті. Хасан баба Жамамен аталас еді. Жаманың әкесі - Балта керей, 
шешесі - Таз керейдің қызы. Жама әкеден жас қалды. Жаманың шешесі ерінен бес баламен қалды. 
Жанат, Жамалқожа, Жанәбіл, Жама, Жақан деген бес бала. Жама батыр жігіт болды, ал, қалғандары 
момын, шаруа баққан адамдар. Жаманның әкесі де, шешесі де пысық, өжет, қайратты, сөзге шешен, ақ 
жарқын, ер көңілді адамдар еді. Мамлют төңірегін мекендейтін. Жаманың шешесі - Бәтия амалсыздан 
бес баланы асырау үшін, ел аралап, іс соғатын, зергер-ұста Саркөт дегенге тұрмысқа шықты. Саркөт 
езгі жуас, ынжық, момын адам еді. Жаманың әкесінен қалған көп жерді Мамлют пен Қызылжардың, 
Становойдың купецтері тартып алды. Бұл - Жаманың жүрегіне бала кезден-ақ тас боп қатты. Жама өсе 
келе купецтерден кек алу жолын қарастырып жүріп, ақыры қарақшылық жолға түсті. Жама ортадан 
жоғары бойлы, кең иықты, бұғы мойынды, үлкен басты, кең маңдайлы, үлкен қоңқақ мұрынды, үлкен 
өткір  қанталаған  қара  көзді,  бидай  өңді,  дөңгелек  кең  бетті,  қарлығаш  қанатындай  қиылған  қара 
мұртты, шоқша қара сақалды, шалқақтау кең кеуделі кісі болған. 1866 жылы, яғни барыс жылы туып, 
1923 жылы, яғни доңыз жылы қайтыс болған. 1917 жылдан бастап, қарақшылықтан тыйылған.
«Жасым бар жиырмада жылым – барыс,
172

Егерде бұл дастанды етсем таныс.
Баяндай сұлу қызға қосыла алмай,
Арманда өткен екен Қозыке арыс.
Байұлы он екі ата, бірі - Шеркес,
Қом жасап, сары атанға бітеді өркеш.
Айтайын, бес-алты ауыз, құлағың  сал,
Баян мен ертеде өткен Қозы-Көрпеш.
Тыңдаңдар, құлағың сап, ей, жараңдар,
Артыңда қаба құйрық, алдыңда жал.
Айтайын, Қозыке мен ақ Баянды,
Төңкеріп, қудай мойның, құлағың сал.
Әуелі сөздің алды басты айтайын,
Қиылған кең маңдайды қасты айтайын.
Сарғайып санаменен көп жылаған,
Баян мен Қозы Көрпеш жасты айтайын.
Сөйлейін, сөйле десең, бір құдайды,
Жаратқан құдай артық күн мен айды,
Сарғайтып, санаменен көп жылатқан,
Баянның өз әкесі - Қарабайды.
Мығы бар қосай етік табанында,
Тәңірге құлшылық қыл, аманыңда,
Сарыбай, Қарабайдай бай өтіпті,
Ноғайлы ертедегі заманында!», - деп 
басталатын «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу» жырының Сегіз сері нұсқасын осы Хасан баба жазып алып, 
кейін 1909-1910 жылдары Қазан қаласында бастырған. Осы Хасан баба деген жігіттің үйіне Жансақал 
да, оның баласы Жүсіп те келіп түсіп жүретін. Ұмсын сұлу Байеке, Нүрке, Жама - үшеуі келгенде, осы 
үйде қонақта екен, Нүрке көре сап:
«Бақ-дәулет басыңыздан арылмасын,
Тұсыңда бақыт құсы шарылдасын,
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Саумысың, Ұмсын сұлу қарындасым!» , - деп амандасты. 
Нүрке, Жама, Байеке, Хасан баба - төртеуі Қызылжардың базарына келді. Хан базарда Шынтемірдің 
Тұрғыны мен үкілі Ыбырай ақынға кездесіп, амандасып, есендік-саулық сұрасып, шұрқырасып қалды. 
Тұрғынның шатырына бара жатып, Байеке ақын Ақбоз аттың үстінде домбырасын қолға алып тартып, 
ән шырқады. Байекенің домбырасы алмалы-салмалы болатын. Базардағы жиналған жұрттың  назары 
Байекеге ауып кетті. Байеке, Тұрғын шатырының жанына тоқтап, бозбалаларға арнап, тамаша наси-
хат өлең шығарып, әнімен айтты. Осы кезде топтан оқшау қалып, өз жігіттерінің ортасын да тұрған 
Еменалы  болысының  волостной  управителі  -  Бике  керей  Қаракөттің  Бейсенбісі:  «Ерінбеген  етікші, 
ұялмаған өлеңші», - дегендей, ақын, дегендер қартайғанын да білмей өлең айтумен күн өткізген әу-
ейі, желөкпе емес пе?! Бәрі бірдей оның сөзіне елеңдеп, оның өлеңіне үйіріле қалғаны несі?», - дейді 
жақтырмай. Көтеріңкі дауыспен елге естірте сөйлеп, мұны естіген Байеке ақын Ақбоз аттың үстінде 
үзеңгіге шіреніп, домбырасын қолға алып, қағып-қағып жіберіп, әнге шырқап:
Ер болған өз тұсында Ақмырза, Орман,
Бектембай өз жұртына болған қорған, 
Баласы жаңбыршының Жаназар би,
Құтқарған талай ерді құрған тордан.
«Тік шықтым жер астынан» десең дағы,
Қаракөт, әкең сенің қашан оңған?
Жасында бақташы едің, суыққа тоңған,
Бұл күнде болыс болдың бақыт қонған.
Еңбекпен не өнермен жеткен жоқсың,
Байыдың, кездейсоқта арам жолдан,
Омбының бір көпесін тонап алып,
Лезде шонжар болдың, саудасы оңған.
173

Жасында бұл өңірге ұры атаңдың,
Көпестің заимкесіне сан аттандың,
Өлген граф ақшасымен Мекке барып,
Шығанбай екеуін алдыңдар қажы атағын,
Бұл күндерде параны күреп алып,
Ұмыт болды бәрі де ол бастағың.
Өз бетіңмен Бейсенбі жайыңа жүр,
Ақындарда болмасын, еш шатағың!», 
- дейді, өткір үлкен қара көзің Қаракөттің Бейсенбісі мен оның жігіттеріне қадап. Мұны естіген Бей-
сенбі жігіттерін ертіп, базардан тайып тұрды. Себебі, Бейсенбі қанша азулы болыс болғанымен, елдің 
ішінде оның беделі Байекенің беделінен төмен еді. 
Байеке, біріншіден, беделді, қайратты, шешен, өткір, ақын, әнші, музыкант, палуан, атбегі, құсбегі, 
мерген, ақыл иесі, сауықшы кісі еді. Екіншіден, ат-шапан үшін өлең айтпаған кісі болатын. Үшіншіден, 
өз дәулеті өзіне жететін ауқатты шаруа еді. Төртіншіден, еңбекқор адам, бесіншіден, Ескене-Қасаболат 
керей Айдабол старшынның баласы. 
Айдабол старшын  өз тұсында Есеней мырзаның оң қолы болған адамдардың бірі, пысық беделді, 
тоқтаулы кісі болған. Ескене-Қасаболат керей Тоқпанбет кереймен бірге Қызылжар аузынан Есенейге 
еріп, 1826 жылы жазда көшіп келгенде, Айдабол старшын 23 жасар жігіт-тін. Айдабол 1803 жылы, яғни 
доңыз жылы туып, 1868 жылы, яғни ұлу жылы қайтыс болған. Айдаболдың бірінші әйелі - Жәнипа (То-
рыайғыр қыпшақ жаңбыршының Балғожасы деген бидің қарындасы), одан Тәкім, Тәкен, Құдайберген 
туады. Ал, екінші әйелі - Бақытжамалдан (Бақытжамал Кіші Арғынның Шекті руынан шыққан Беген, 
Шеген, Кәдір, Сәдір, Қазы деген билердің үлкен қарындасы) Жәкім, Байеке, Жолке, Жәуке, Жәутік 
туады.  Алтыншыдан,  Байеке  аталы,  азулы  рудың  баласы,  жетіншіден,  ол  -  халықтың  еркесі,  көптің 
адамы! Сондықтан Бейсенбі болыс Баекеге қарсы жауап айта алмай, тайып кетті. Содан бір жыл бұрын 
Байекенің інісі - Жолке мырза Бейсенбі болысты топ ішінде боқтаған. Себебі, Жолке мен Байеке ақын 
Бейсенбіге: «Сағындық Көшебе Шиебеттің Кәтесін би қойма, Ескене керей Әжібектің Тіркесін би қой! 
Өйткені, Кәте жемқор, бүлік адам», - деген болатын. Бірақ, Бейсенбі Шиебеттің Кәтесін би қойған. Осы 
мәселеге  байланысты  Бейсенбі  Байеке  ақынмен,  Жолке  мырзамен,  Ескене-Қасаболат  кереймен  араз 
болған. Бейсенбінің әуелде Байекені қағыта сөйлегені - өштіктің салдары!
Байеке 1840 жылы, яғни тышқан жылы туып, 1918 жылы, яғни жылқы жылы жазда ақ гварди-
яшылардың қолынан қаза тапқан. Байеке «Ер Тоқымбет», «Есім сері мен Зылиха», «Тарғыл төбет», 
«Қарақшы мен қазы», «Кер бие», «Құламерген», «Назымбек пен Гүлше», «Сауыт батыр», «Итіке 
батыр», «Жәнібек батыр», «Есенейдің ерлігі» атты дастандардың, «Маусымжан», «Ботакөз», «Көк 
қаршыға», «Тұлпар», «Жеткіншек» деген әндердің, «Керейдің жақсыларына», «Құнияз аға», «Жақсыбай 
мен Зылиха», «Бәйтен салға», «Жәнікей», «Ғайнижамалға», «Ақ қайың», «Көктерек», «Көк Есіл», «Бей-
сен біге», «Торсанға», «Әділ Жамақ», «Күзембай жомарт», «Ер Мұстафа», «Қызылжар»,  «Болатынай», 
«Айдын көл», «Алуа», «Меңгесер», «Ер Тұрсынбай бабамыз» және басқа өлеңдердің авторы. Сонымен 
қатар, Байеке «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жырының бір нұсқасын жырлаған. «Доңғалағы құтырған 
Шоға» деген сатиралық ұзақ өлең шығарған. Байекенің Маусымжан, Ғайнижамал, Бақтығайша деген 
сұлу, ақылды әйелдері болған. Осы күні Байекеден ұрпақ жоқ. Байеке 1872 жылы Біржан сал Қожағұлов 
жаз айында Пішпектен келе жатып, Жетісудағы Матаймен қоныстас отырған Тарақты Арғын Аққозы 
Мұсажанұлы деген құдасының өтінуімен арнайы іздеп барып, Арғын атынан айтысып, Сараны жеңген-
де, Біржанның қасында болған. Біржанға ерген 34 жігіттің бірі - осы Байеке. Айтыс «Ешкі өлмес» деген 
кішкентай таудың бауырында болған. 
Біржанның Ержан деген ағасының баласы - Мұхаммеджан Тарақты Арғын Ақкозының Айман де-
ген қызын алған. Тарақты Аққозы Жетісу өңірінде бір-екі үй, үш-төрт үй боп шашырап жүрген керей-
лерді, уақтарды, арғындарды, қыпшақтарды жинап алып, өзінің төрт ауыл Тарақтысына қосып, 260 үй-
дің басын құраған. Матай Найман мен Жалайырдың ортасынан ойып тұрып, жер алған. Өзі сол елдерге 
болыс болған, қолына палуан, әнші, жыршы, ақын, мерген, атбегі, құсбегі ұстаған. Бірақ, Аққозының 
ақындары Матай Найманның Ырысбек, Тұрысбек, Есімбек Мамановтар деген мырзалардың Сара де-
ген ақынынан жеңіліп қала берген. Осыған ыза болған, намыстанған Аққозы Біржан қонаққа келген-
де, оны Сарамен айтыстырған. Біржан Сарамен айтысқанда, 47 жаста болған. «Екі жыл қырық беске 
келгеніме», - деген жол тармағы айтыстың кейінге өзгеріске ұшырап, «Екі жыл отыз беске келгеніме», 
- деп айтылып кеткен. 
174

1905 жылы жазда Аққозының асын берген соң, оның елі бір үй қалмастан, тік көтеріле көшіп, Са-
рыарқаға қайтып кеткен. Сарамен айтысқанда, Біржанның қасында Таузар Керей Сегіз серінің Мұста-
фасы, Бике керей Шәрке сал Қорабайұлы, Балта керей Жақып ақын, Көшебе Керей Аңдамас Есболұлы 
палуан, Таузар Керей Доби палуан, Алдай Керей Арықбай шешен, Жансары Уақ Құлыкештің Мұқа-
ны, Атығай Зілғараның Аюы болды. Байеке Шыңғыстың Қоқышын, Жақыбын, Уақ Тілемістің Торса-
нын, Ташатын, Атығайда Жаулыбай, Шоқатты, Мақыны, Қарауылда Мырзалының Сералысын, Уақта 
Қожықты,  оның  Қоқанайын,  Самай  Керейде  Құрымбайдың  Нұрғожасын,  Бике  Керейде  Қаракөттің 
Бейсенбісін, Таз Керейде Тайкөттің Садақбайын (Сүлейменнің әкесі), Алдай Керейде Тоқайды, Мұса-
ны, Жапарды сынап, олардың кемшіліктерін айтып, өлеңге қосқан. Байеке Тұрсынбай батырды, Итіке 
батырды, Манақа батырды, Жәнібек батырды (Құнияздың атасы), Есеней мырзаны, Белгібай батыр-
ды, Сегіз серіні мақтап, дастандар шығарған. «Керейдің жақсыларына» деген өлеңінде Қожамжарды, 
Итемірді, Тәнібайды, Иса мен Төлемісті, Жамақты, Байдалы мен Тәштитті, Бектас пен Сексен палуан-
ды (Сибан Мүсіреп шешеннің нағашысы), Сазанбай, Қуаныш, Баржақсы, Боқан, Жолан, Байкісі, Жа-
нықұл, Мұстафа, Өсіп батырларды, Табей, Тұрлыбек советниктерді, Аулабай, Тілен, Есеналы, Балға би-
лерді, Күзембай, Шабақ, Құнияз, Шынтемір, Жансақал, Байжан, Жұрнаш, Қолбай, Дүйсе мырзаларды, 
Мүсіреп, Қозыбай, Арықбай, Маңдай, Өртеміш, Ақпан шешендерді, Сибан бай, Танабас күйшілерді, 
Біржан, Көрпе, Көрпеш, Құнан, Жанат, Жанақ, Нияз сері, Құшан сері, Шәрке сал сияқты ақындарды, 
Доби, Аңдамас, Күшібай, Қазы (Қазының баласы - Мырзатай да палуан, әнші, музыкант болған), Дәу-
летбай, Жұдырық, Қисық, Қоңқай сияқты палуандарды мақтап, жырлап шыққан: 
«Бұл Байдалы, Жамақ, Тәштитті кім білмейді,
Баласы Орта жүздің соңдарына ерген,
Шабақ пен Күзембайды кім білмейді,
Тамаша салтанатты дәурен сүрген», 
-  деп  басталады.  Байеке  өз  ауылындағы,  Болатынайдағы,  Мамлюттегі,  Қызылжардағы  мүсылманша 
медреселерді тамам еткен, бірақ молда болмаған. Арабша сауатты, орысша сөйлей білген кісі. Бұлар-
ды Тұрғын жігіттері аттан құрметпен түсіріп алып, шатырға бастап енгізеді. Арнайы мал сойғызып, 
қонақасы береді. Байеке, Жама, Нүрке, Оразақ, Шоқпыт, Қазының Мырзатайы - алтауы түні бойы ән 
салып, өлең айтады. Бұларға қосылып, Үкілі Ыбырай ақын мен Тұрғын өзі де көптеген әндерді орын-
дайды. Тұрғын «Төрт дәруіш», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» дастандарының бір-бір нұсқаларын, «Жа-
рылғамыс  пен  Алуа»,  «Айсары-Шолпан»,  «Мұхаммед-Ханапия»  деген  дастандарды  жырлаған  кісі. 
Ертеңіне базардан керек-жарақ нәрселерін сатып алып, Байеке тобы Тұрғын-Ыбырайлармен қошта-
сып, Хасан бабаның үйіне аттанады. Осы алдағы қыстың басындағы қан сонарда Нүрке, Жама, Оразақ, 
Шоқпыт - төртеуі Тұрғын, Ыбырай, Мырзатайларға келіп, бірге аң ауламақ боп, уәде береді. Осыдан  
үш  жыл  бұрын  жазда  Мәулекей  Жұмашев  (әкесі  -  Балта  Керей,  шешесі  -  татар)  пен  Жүсіпбекқожа 
Шайхұлисламов екеуі Керей еліне келіп, Сегіз серінің «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Бекет батыр», 
«Ер Тарғын», «Ер сайын», «Шора батыр», «Қамбар батыр», «Жабай батыр», «Зейне Зайыб» сияқты 
дастандарын,  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»  деген  әңгімесін,  «Ғайни  қыз»,  «Әйкен-ай», 
«Жылыой», «Қарғаш», «Гаухартас» деген әндерінің сөздерін, 35 жұмбағын, ғақлият сөздерін Тәштит-
тен, Байдалыдан, Жамақтан, Көшебе Керей Есболдың Аңдамасы деген қарт түйе палуаннан, Атығай 
Тоғыжан ақыннан, Байеке имам-ақыннан, Байеке Айдаболов ақыннан, Күзембай, Шабақ, Шынтемір 
мырзалардан,  Мұстафа  (Сегіз  серінің  өз  баласы),  Жетімек  (Сегіз  серінің  туысының  баласы),  Өсіп, 
Боқан, Көсән батырлардан, Үкілі Ыбырай ақыннан, Шынтемірдің тұрғынынан, Қазының Мырзатай-
ынан,  Жама  қарақшыдан,  Сибанбай  күйшіден  жазып  алған.  Бұл  адамдардан  Нияз  сері  мен  Құшан 
серінің әндерінің сөздері мен өлеңдерін де жазып алды. Кейін «Зейне Зайыб» дастанын өз атынан Мәу-
лекей бастырды, ал, Жүсіпбекқожа өз атынан «Қыз Жібек» дастанын бастырды. 
Шын мәнісінде, Сегіз серінің дастандары, өлеңдері, әндері, ғақлият сөздері, жұмбақтары батыр 
ақынның  көзінің  тірісінде  қазақ  даласына  серінің  Орынбай,  Арыстанбай,  Нияз,  Медебай,  Көшен 
сияқты  достары  мен  Шәрке  сал,  Арықбай  шешен,  Қозыбай  шешен,  Көрпе,  Тоғжан,  Біржан,  Боқан, 
Жангөз, Байеке, Қазы, Аңдамас, Аббас, Күшібай, Жақа, Боранбай, Ақпан, Өртеміш, Нұржан, Қожан, 
Дәулетбай, Қисық сияқты шәкірттері, жас мейманы - Жаяу Мұса сияқты адамдар арқылы ерте күнде 
кеңінен тараған, елге белгілі болған. 
Байеке тобы Хасан бабаның үйіне қайтып келді. Хасан баба бұларды әдеттегісінше жылы шырай-
мен қарсы алып, аттарынан түсірісіп, аттарын байласып, қонақтарды үйге бастап, енгізді. Қонақтар 
175

жайланып отырып, қымыз ішіп, шай ішті. Онан соң, көпшіліктің өтінуі бойынша Нүрке ән салды. 
Ұмсын сұлу да осында еді.
«Қонысым Қызылжардың батысында, 
Керейдің Таузар атты болысында.
Тағдырдың жазуымен болдым ғашық,
Марьевка төңірегінің бір қызына.
Жігітке жолдас қайда теңдесіндей,
Бірге өскен жастайынан еш кемсінбей,
Сол бір қыз көз алдымда көлбеңдейді,
Құлпырған жазға салым көкаршындей.
Айтқаны әнге шырқап, бәйіт еді,
Ақ жүзі ай бейнелі кейіпте еді,
Еппенен жанасалап, келсем дағы,
Жан қалқа айтпай сырды кейітеді.
Секілді көлге біткен құрақтаймын,
Бейне бір ойнақтаймын құр аттайын,
Татардың қыздарымен қалжақтассам,
Оны да ұнатпайды қалқатайым!»,
- деп басталатын «Жан қалқа» атты өзінің шығарған әнін Нүрке домбыраға қосып, нақышына келтіре 
орындады. Бұл ән Ұмсын сұлуға арналған болатын. Мұны отырған жұрттың бәрі де, Ұмсынның өзі де 
білетін. Отырғандар Нүркеге алғыс айтып, тағы да бірнеше ән айтуын қолқалап, сұрады. Нүрке Құшан 
серінің,  Ақан  серінің,  Құлыкештің  Мұқанының,  Жақып  ақынның,  Үкілі  Ыбырай  ақынның  әндерін 
нақышына  келтіре  орындады.  Мұнан  соң,  көпшіліктің  сұрауы  бойынша  делебесі  қозып  отыратын 
Жама қарақшы Сегіз серінің әндерін орындады да, домбыраға қосып, әндетіп, «Қыз Жібек» даста-
нын жатқа айтып берді. Онан соң Біржан сал мен Шәрке салдың әндерін орындады. Ал, Оразақ пен 
Шоқпыт, Жаяу Мұсаның «Сұрша қыз», «Шапибай-ау», «Көкаршын», «Сиса-Сиса», «Баянауыл», «Көк 
қаулан», «Гүлхаш», «Қаулау» сияқты әндерін орындады. Хасан баба Нияз серінің әндерін орындады. 
Байеке бастаған үйде толып отырған көпшілік Нүрке, Жама, Оразақ, Шоқпыт, Хасан баба – бесеуіне 
алғыс айтты. Бұл бесеуі жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Мәжілістен кейін қонақасы беріл-
ді. Қонақасы жеп болған соң, шай ішіп, қымыз ішті. Қонақ кәде жасады, қонақтар дем алды. Ертеңіне 
дәм ішкен соң, Хасан бабамен, оның зайыбы - Сәлимамен, Ұмсын сұлумен қош айтысып, Байеке тобы 
аттанып кетті. Оразақ, Шоқпыт, Жама, Нүрке - төртеуі Байекені Дубровнойға дейін шығарып салды. 
Байеке ол төрте уіне алғыс айтып, батасын беріп, қош айтысып, базаршылармен бірге ауылына қайтты.
Байекені шығарып салып, бұл төртеуі Макушинге аттанды. Бұлар Қорғанда Таз Керей Құтаяқ 
палуанмен, Макушинде Бекарыстанның Ыбырайы деген Көшебе Керейдің жігітімен, Омбыда Балта 
керейден  шыққан  Ақбалтыр,  Бағдат  деген  қашқын  офицерлермен  байланыс  жасаушы  еді.  Бұл  1896 
жыл еді. Ал, Ақбалтыр осыдан кейін үш жыл өткен соң, өзін-өзі атып өлтіреді, Бағдат 1901 жылы, яғни 
сиыр жылы күзде ауырып қайтыс болған. Бағдат 1864 жылы туған, жылы - тышқан. Бағдат Балуан Шо-
лақпен құрдас екен, екеуінің күші тең болған, екеуі күресіп, бірін-бірі жыға алмаған. Ақбалтыр 1863 
жылы туған, жылы - доңыз. Ақбалтыр Бағдат пен Балуан Шолақтан күшті болған. Бір қыз ойнақта 
1889 жылы, яғни сиыр жылы жазда Балуан Шолақпен үш рет күресіп, үшеуінде де Ақбалтыр Балуан 
Шолақты жығып кетеді. Сонда Ақбалтыр 26 жаста, Балуан Шолақ 25 жаста болған. Құтаяқ 1856 жылы 
туған,  жылы  -  ұлу,  үлкен  жортуылшы-барымташы,  түйе  палуан  болған.  1899  жылы  Кіпитанның  55 
казак орысын аттан сойылмен ұрып, түсіріп кеткен. Ыбырай Жамамен құрдас болған, атақты қарақшы 
болған. Бұлар әдеттегісінше көпестерден жылқы алып, Керейдің ашамай таңбасын басып, Орынбор 
жаққа апарып сатып, ол жақтан алған жылқыны Омбы, Қызылжар, Қорған, Тюменьге әкеп сатты, таңба 
Кіші жүз елдерінікі. Орал өңірінің купецтерінің жылқысын алып, оған Кіші жүз елдерінің таңбасын 
басып, көбінесе, бұларға әкеп өткізетін Көшебе Керейдің қаңғыбас барымташысы - Есім сері еді. Есім 
сері кіші жүзден Зылиқа деген сұлу қызды алып қашып, жасында көп бейнет көрген. Ақыры еліне кел-
ген, аман-есен жаудан құтылған, үй боп кеткен. 
Қыс басталды. Уәде бойынша Нүрке, Жама, Оразақ, Шоқпыт - төртеуі Шағалақ Керей Шорманның 
Шілтемірі дегеннің үйіне келді. Шілтемір мырза беделді болыс еді. Тұрғын ақын осы Шынтемірдің 
баласы. Үкілі Ыбырай   осы Шынтемір мырзаның ақыны. Бүкіл Шағалақ Керей ішінде қазанына арам 
ас салмайтын үйдің бірі - Шынтемір үйі, бірі - Тұрғын үйі, бірі - Үкілі Ыбырай үйі, бірі - Боқан баты-
176

рдың үйі, бірі - Дүйсекей зергердің үйі. Осы бес үйден басқа Шағалақтар бастығы Медебай, Шөректің 
Мұратбегі болып, ұрлық етін жеуші еді. Шағалақтың жігіттері шетінен әнші, музыкант, сөзге шешен, 
сауықшыл, кербез, сәнқой, ат ойынына, көкпарға шебер, мерген, саятшы, аңшы, атбегі, балташы, ұста, 
барымташы еді. 
Көршілес Атығай, Қарауыл, Уақ елдері: «Шағалақ Керейдің бұзауына дейін, Таз Керейдің лағына 
дейін ән салады!» - деп, аңыз қылатын. Расында да солай болатын. Тұрғын мырза Нүрке тобын жақсы 
қарсы алды, жігіттері қонақтарды құрметпен аттан түсіріп, аттарын байлап, өздерін қонақ үйге ертіп 
әкеп енгізді. Бұлар үйге «ассалаумағалейкум!» деп, кіріп келіп, Шынтемір мырза, Үкілі Ыбырай, Қазы-
ның Мырзатайы - үшеуінен бастап, үйде отырған азаматтармен қолдасып амандасты, есендік-саулық 
сұрасты, төрден орын алды. Қысырдың қымызын, шай ішті, қонақасыға тай сойылып, қазан асылды, 
әңгіме-дүкен басталды. Әңгіме аң аулау туралы болды. Бұл ауылда үш күндей ат тынықтырған соң, 
төртінші  күні  сайланып,  төртеуі  Тұрғын,  Үкілі  Ыбырайға  еріп,  Қазының  Мырзатайымен  бірге  аңға 
шықты.  Қолдарына  бүркіт  ұстап,  мылтық  асынып,  қарыларына  сойылдарын  іліп,  алғыр  тазыларын 
ертіп, қос-қос атпен аттанды. Мінгендері өңкей жарау сәйгүлік аттар еді. Жолшыбай қырандарына, 
тазыларына қасқыр, түлкі, қарсақ алдыра отырып, жолдағы ауылдарға қонақ бола жүріп, жалғыз жа-
ман тауға барып, аң аулап, бәрі де қанжығаларына қасқыр, түлкі, қарсақ терілерін топтап байлап, елге 
оралды. 
Елге қарай бет алғанда, Нүрке Тұрғын мырза, Үкілі Ыбырай, Қазының Мырзатайы - үшеуіне Са-
май керей Жансақалдың Жүсібінің қызы - Ұмсынмен уәдесі бар екенін айтып, сол Жансақал ауылына 
жолшыбай соға кетуді өтінді. Нүркенің өтінішіне ешкім қарсы болмады, бәрі мақұлдады. Бұлар кешке 
таман Жансақал ауылына келіп, Жүсіптікіне келіп түсті. Жүсіп үйде жоқ екен. Жігіттері қарсы алып, 
аттан құрметпен түсірісіп, аттарын байлады, өздерін қонақ үйге ертіп келді. Бұлар үй іші жандарымен 
амандасып, төрге жайланып отырды, қымыз ішті, шай ішті, семіз жабағы сойылып, қазан асылды. Сол 
күнгі мәжілісті, сапарды суреттеп, Ыбырай өзінің «Аңшының әні» деген атақты әнін шығарды: 
Бір қызық ит жүгіртіп, аң ауласа,
Мінген ат шабуылдан танауласа.
Кигенің іші қызыл орман түлкі,
Құлпыртып жез сабаумен сабауласа.
Болғанда, бедеу жарау, атың қату,
Жігітке лайық па қарап жату.
Бір серілік-жастықта ерлік бойға қонып,
Жігітке ол бір дәурен дуылдату.
Қызыл жел көңіліңді қыздырмалап,
Тұрмай ма тағатыңды бұздырмалап.
Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы - 
Үшеуі ер жігітке құйрық-қанат.
Қалың бет, солыңқы төс, қамыс құлақ,
Бөп-бөлек, ойынды еті тұрса құлап,
Жүйрікті бір досыңнан сұрап алып,
Жайланып  кереуетте жатсаң сұлап.
Бүркітің тұрса сонда саңқ-саңқ етіп,
Күтулі саятшымен бабы жетіп,
Қанды көз, қайқы тұмсық, қарауытып,
Ұмтылып, көрінгенге тап-тап етіп.
Қарғылы тұрса тазың сылдыр қағып,
Керіліп бір сілкінсе, дір-дір қағып.
Ертемен аңға шығар мезгіліңде,
Алдыңнан жетіп келсе, сылаң қағып.
Сол күні түсе қалса, аң құмарың,
Лепіріп соға қалса ынтызарың.
Бүгілтіп жылқыдағы жарау атты,
Ертемен алып келсе, малшыларың.
Итті алып, аңға шықсақ, құсты біреу,
Еріне алтын балдақ етіп тіреу.
177

Жігіттің бес күн жарым ғұмырында,
Па, шіркін! Болса деген бұл - бір тілеу!
Таулардан түлкі қашса бұлдыр қағып,
Соңынан қуса тазы сылдыр қағып,
Кейінгі саятшының дабылымен,
Шайқақтап қыран ұшса, бұлтты жарып.
Алғанда қыран бастан, тазы таңнан,
Құтылмас қашқан түлкі қос қыраннан.
Жігіттің бес күн жарым ғұмырында,
Мұншама қызық өтер сұм жалғаннан.
Ұзақ күн түлкі қуып, тауды айналып,
Кеш батып, қараңғыда көз байланып.
Олжаны қанжығаға байлай салып, 
Қонуға қызды ауылға ыңғайланып.
Желіккен сол көңілмен қайтқанда елге,
Мінген ат қырауытып батса терге.
Өлеңші-домбырашың қасында боп,
Кез болсаң, қоналқада бұраң белге.
Аққұман, ақ самауырын тұрса қайнап,
Шай құйса, бір бұраң бел көзі жайнап.
Ол күні қыз әкесі үйде жоқ боп,
Отырсаң ілтипатпен күліп-ойнап.
Ол қызға бір жеңгесі қастау келсе,
Анасы желөкпелеу жастау келсе.
Бір жігіт босағада түлкі сойып,
Қалжыңды әзіл сөзін бастай берсе.
Сол жігіт бастай берсе, әзіл сөзін,
Отырса, қызға жігіт қадап көзін.
Сол шақта махаббаттың оты лаулап,
Балқиды қорғасындай бойда сезім.
Тоқтабай - әкең аты, Нүрке өзің,
Сұлумен сыр шертісер келді кезің.
Шынтемірдің Тұрғынына еріп едің,
Қыздардың ақмаралын көрді көзің,
Қазақта баға жетпес арулар бар,
Иранның бағында өскен бейне жүзім.
Ағаңа мен сияқты той жегізіп,
Сұлуды алып, бітірсеңші істің тезін!».
Ұмсын  сұлу  мен  оның  Әсем  деген  жеңгесі  қонақтарға  шай  құйып  берген  болатын.  Сол  ауылға 
жақындағанда, тазыға алдырған бір арлан түлкіні сол үйде сойып, Нүрке түлкі терісін сол үйге сый-
лаған болатын. Жүсіптің Жүніс деген туысының әйелі Балжан қонақасы беруді басқарған. Тұрғын жі-
гіттері әңгіме айтып, ән салып, түні бойы мәжілісті қыздырған. Қонақасы жеп, қысырдың қымызын 
ішіп, шай ішіп, ас басқан соң, қонақ кәде жасап, қонақтар дем алды. Ертеңіне жайымен тұрып, дәм 
ішіп, бәйбіше мен жігіттерге алғыс айтып, қош айтысып, Тұрғын тобы ауылына аттанды. Аттанарда 
Нүрке Ұмсынмен ерекше қоштасты. Түнде жеңгетайға жүрген жігіттердің көмегімен ел ұйқыға бас 
қойған кезде, Нүрке Ұмсынға оңаша жолығып, сырласып еді. Ұзақ сөйлескен болатын. Нүрке ертеңіне 
шала ұйқы болды. Бұлар Шынтемір ауылына келді. Нүрке, Жама, Шоқпыт, Оразақ - төртеуі Шағалақ 
керейдің ауылдарын аралап, бір апта бойы қонақ болып, рахмет айтып, қоштасып, жүріп кетті. Баяғы 
кәсіптеріне көшті. 
1897 жылдың, яғни, тауық жылының көктемінде бұларға Көшебе Керейден Елеукенің Жиенбеті, 
Қантай Керейден Арбабайдың Қазыкені деген 17-18 жасар екі жігіт келіп қосылды. 1900 жылы, яғни 
тышқан жылы бұларға Таузар Керейден Кәрібайдың Әкімжаны деген он жеті жасар жігіт көктемде 
келіп  қосылды.  Сөйтіп,  бұл  жауынгер  топ  жеті  адамнан  құралды.  Жансақал  асқан  бай  кісі  болды. 
Ауылында 1864 жылдан, яғни тышқан жылынан бастап, мешіт пен медресе болды. Мешітінде 260 кісі 
178

сиярлық орын болды, жұма намазына 260 кісі жиылатын. Сол 260 кісіні ешкімнен ыдыс-аяқ, табақ-те-
геш алдырмай-ақ, өз үйі-ақ ыдыс-аяқ, тегеш-табақпен қамтамасыз ететін.  Жансақалда 1450 жылқы, 
560 түйе, 480 сиыр, 850 қой-ешкі болды. Бұл жетеуі кейін қолға түсіп, Сібірге айдалады. Сонда Нүрке 
төмендегіше басталатын өлеңді шығарды:
«Туған жер-Қызылжарым кейін қалған,
Біздерді алыс жолға дәм айдаған.
Мерзімді уақытында бармаған соң,
Артымда Ұмсын сұлу қапаланған.
Жасымнан Нүрке қашқын атанғанмын,
Тұтқын боп, жау-дұшпанға маталғанмын.
Ізіме полицейлер түскен шақта,
Баруға Ұмсын қызға бата алмадым.
Жүгірдім ана дерттен мына дертке,
Іліндім жүгірем деп қасіретке,
Қарлығаш қанатындай қара мұртым,
Тиесің қашан шіркін ақша бетке!.....»
Үкілі Ыбырай ақын Сандыбайұлы 1856 жылы, яғни, ұлу жылы Көкшетау дуанында Жалғыз Жа-
мантау деген жерде (Қазіргі Көкшетау облысының Володаровский (бұрынғы Айыртау ауданы) ауда-
нының территориясында) орта шаруаның семьясында туған. Ыбырайдың әкесі – Сандыбай ел ішінде 
Қарамұрын ұста атанған. Ыбырайды әкесі молдадан оқуға бермеген, үйде ұстаған. Бірақ, Ыбырай жа-
ратылысынан алғыр, зерек боп туған, естігенін есіне қатты сақтайтын еді. Ыбырай өз әкесінің қасында 
болды. Он үш-он төртке келгенде, әкесіне көмектесіп, көрік басумен айналысты. Ауылы керуен жолы-
на таяу еді. 
Атбасардың  базарына  барып,  сауда  жасап,  керуенімен  жора-долдастарымен  үйіне  қайтып  келе 
жатқан Шағалақ Керей Шынтемір мырза Сандыбай ауылының жанындағы көлдің жағасына тоқтап, 
шатыр тігіп, тай сояды, жігіттерін Сандыбай ауылына жұмсап, бір қазан, екі-үш самауырын сұратады. 
Өйткені, өздеріндегі қазан мен самауырын жетпейді, себебі, кісілері көп болады. Жігіттері самауырын 
мен қазан әкеледі, ет асылады, шай қайнатылады. Шынтемір жігіттерімен әңгімелесіп отырып, қымыз 
ішеді. Сонан соң қобыз тартып, Махамбеттің «Қайран Нарын», «Ақ найза», «Көңілім», «Мұңайма», 
«Жорық», «Көсем», «Жұмыр қылыш», «Тұлпар», деген күйлерін, Сегіз серінің «Алмас қылыш», «Көк 
семсер», «Болат қанжар», «Қос қыран», «Ақбоз ат», «Ақбас атан», «Көк найза» деген күйлерін, Құр-
манғазы Сағырбайұлының (1811-1879 ж.ж.) «Қайран шешем» деген күйін, Сазанбай Маманайұлының 
«Тарғыл бұқа», «Шұбар жендет», «Алғыр тазы», «Бәйгі күрең» деген күйлерін орындады. Қобыздың 
даусы (үні) Сандыбай ауылына анық естілді, бұл күйлер көрікші бала Ыбырайға ерекше әсер етті. 
Шынтемір ірі әнші, ірі ақын, ірі музыкант еді. Жасында Тәштит, Жамақ, Байеке имам, Біржан сал, 
Мұстафа, Көрпе ақын, Шәрке сал - жетеуіне еріп, төрт-бес жылдай салдық-серілік құрған. Онан кейін 
Тәштит, Жамақ, Байеке имам - үшеуіне еріп, ел билігіне араласып, ақындықты, күресті, салдық-серілікті 
22 жасында қойып кеткен еді. Шынтемір әуелі өз ауылындағы медресені, онан кейін Болатнайдағы 
медресені, Мамлюттегі медресені, ең ақырында Қызылжардағы медресені тамам еткен. 
Бармаққазы  шыққан  семіз  тайдың  еті  пісуге  жақындағанда,  Шынтемір  жігітін  жұмсап,  ауыл 
адамдарын әйелдерімен, бала-шағаларымен қоса дәм ішуге шақыртты. Он үйлі ауыл еді. «Ерулік бе-
ретін жөніміз бар еді, малдың ыңғайы келіңкіремей тұр, бізге баруға ұят», - деп ауыл адамдары қы-
сылып қалды. Ауыл адамдарының қысылып-ұялып тұрғанын сезген Шағалақ Керей Тілеубай палуан: 
«Біз ешкімді сынамаймыз, жағдайды түсінеміз, бәріңіз де біріңіз қалмай, тезірек жиналып келіп, дәм 
ішіңіздер?!», - деді. Ауыл адамдары келіп, Шынтемірге сәлем берді. Оның жігіттерімен амандасты, көк 
шалғынға жайланып отырды. Ет түсіріліп, табақ-табақ ет тартылды. Әңгіме-кеңес қызды, ән шырқал-
ды. Ет жеп болған соң, қымыз ішілді, онан соң шай ішілді. Мұнан кейін ауыл адамдары Шынтемірді 
жора-жолдастарымен, керуеншілерімен қоса, қонаққа шақырды. Ауыл адамдары үйлеріне барған соң, 
орталарынан шығарып, үш семіз ісек, екі семіз серке сояды, қонақтарға арнап, тәуір деген үйлерін 
тігеді, ет асылады. Шынтемір жігіттері ауылдан алған ыдыс-аяқтарын ауыл адамдарына табыс етіп, 
алғыс  айтады.  Ыдыс-аяқтарды,  төсеніштерді,  шатырларды  жинап,  арбаға  артып,  аттарды,  нарларды 
жегіп,  Шынтемір  жора-жолдастарымен,  керуенімен  ауылға  келеді.  ауылдағы  адамдар  жақсы  қарсы 
алып,  қонақтарды  арнаулы  үйлерге  бастап  әкеп  орналастырады.  Аттарды,  нарларды  ағытып,  арнау-
лы орындарға байлайды. Арбаларды бірыңғай қояды. Қонақтарға қымыз береді. Қымыз ішіп отырып, 
179

Шынтемір мырза: «Әлгінде біз келген кезде, әне бір ұстахана жақтан ән салған баланың даусы естілді, 
сол кімнің баласы, сол баланы маған шақырып әкеп беріңіздерші!?», - деді ауыл адамдарына. Сонда 
Қарамұрын: «Ой, мырза, ол біздің әлгі есер жаман бала ғой. Әншейін көрік басып тұрып, өзінен өзі 
ыңылдап өлең айта береді. Оны сіздің үстіңізге кіргізуге ұят!», - деді сасқалақтап сөйлеп. Шынтемір: 
«Кісінің жаманы жоқ, есер емес, есті бала болып шықса, қайтесің, жаман емес, жақсы бала болып шық-
са, қайтесің?! Өз балаңызды өзіңіз кемітіп, керексіз етпеңіз. Сол бала - тегін бала емес, сонда бірдеңе 
бар! Менің алдыма келтіріңіздер?!», - деді. 
Шынтемірлер ауылға келген кезде, Ыбырай ұстаханада Мадияр Керей Нияз серінің «Нияз әнін» 
ырғағына келтіре айтып отыр еді. Ыбырай ол кезде домбыра тартуды білмейтін еді. Ауыл адамдары 
бала Ыбырайды Шынтемір отырған үйге ертіп әкелді. Ыбырай сәлем бере кіріп келіп, Шынтемірге, 
оның  жігіттеріне,  керуеншілеріне  қол  беріп  амандасты.  Шынтемір  сәлемін  алып,  қолымен  нұсқап: 
«Інім, маған қарама-қарсы отыр!», - деді. Ыбырай Шынтемірдің қарсы алдынан отырды. Шынтемір: 
«Әнші бала, өлең шығарып, айта аласың ба?», - деп сұрады. Ыбырай: «Ептеп өлең шығарып айта ала-
мын!». Шынтемір: «Оның жақсы екен, ал, домбыра тарта аласың ба?», - деп сұрады. Ыбырай: «Домбы-
ра тарта алмаймын!». Шынтемір: «Бұдан басқа балаңыз бар ма?» - деп, Қарамұрыннан сұрады. 
Қарамұрын: «Бұдан үлкен де, кіші де балаларым бар!», - деп жауап берді. «Ондай болса, осы ба-
лаңызды маған беріңіз, мен тәрбиелейін, іні қып алайын! Біреу туысып, туыс болады, біреу қиысып, 
туыс болады! Сіз маған аға болыңыз, бұл бала маған іні болсын! Жыл сайынғы соғымыңыз менен бол-
сын! Бөтен емеспіз! Бәріміз де Төрт момынның баласымыз!
Көрік бастыртуға салып, бұл баланың бақытын байламаңыз!? Туыс болайық!?», - деді Шынтемір Қа-
рамұрынға. Шынтемірді жігіттер, керуеншілер, ауыл адамдары қостап, «Мырза дұрыс айтады. Мырзаға 
сіз аға болыңыз. Ыбырай іні болсын! Ыбырайды беріңіз, мырза өзі тәрбиелесін!» - десті Қарамұрынға. 
Көпшіліктің ауқымынан шыға алмай, көніп қалған Қарамұрын Ыбырайға: «Балам, ағаңа ересің бе?», - 
деп сұрап еді, Ыбырай «Мырзаға еремін, іні боламын!», - деді ойланбастан. «Міне, жігіт, дұрыс айтады, 
уәдесін берді, дұрыс болды!», - деп, жұрт шу ете түсіп, қуанды. Қарамұрын келісім берді. Шай ішті, 
онан кейін ет түсіріліп, табақтар тартылды. Ет жеп болған соң, Шынтемір Ыбырайға өзі білетін ән-
дерін айтқызып көрді. Қымыз ішіп, шай ішіп, қонақ кәде жасап, Шынтемір тобы жатып, ұйықтап, дем 
алды. Ертеңіне жайымен тұрып, жуынып, киініп, қымыз ішіп, шай ішіп, аттарды, нарларды арбаларына 
жегіп, ауыл адамдарына алғыс айтып, олармен қоштасып, Шынтемір тобы Ыбырайды өздеріне ертіп 
алып, ауылына аттанды. Ауыл адамдары бұларды қозы көш жерге шығарып салды.
Шынтемір ауылына келген соң, Ыбырайды киіндірді, оған қобыз, сыбызғы, скрипка, домбыра, сыр-
най тартуды үйретті. Ауыл медресесінен оқытты, онан кейін Болатнайдағы медреседе оқытып, оныда 
бітіргізді. Ыбырай хадимше сауат ашты, орысша тіл үйренді. Он жеті жасар Ыбырай айтысқа түсіп, 
ақын атағына ие болды. Әрдайым Керей руының атынан айтысты. Ыбырай Матақай керей Көрпе ақын
нан, Нұралы керей Біржан салдан, Бике керей Шәрке  салдан, Мадияр керей Нияз серіден, Алдай ке-
рей Арықбай шешеннен, Балта керей Байеке имам-ақыннан, Жақып ақыннан, Ескене-Қасаболат керей 
Байеке ақыннан үлгі алды, оларды ұстаз тұтты. Шынтемір қырық жетіні қырқа матап, беріп, Кәкима 
деген сұлу қызды отаулатып, Ыбырайға алып беріп, өз қасына бөлек отау үй етіп қондырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет