Қ ұ р ы л т а й ш ы : Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет24/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#6453
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

З.М. 
ТӨЛЕ-
НОВА
ҚР 
БҒМ ҒК 
Ш.Ш. 
Уәлиханов 
атын. Та-
рих және 
этнология институтының 
аға ғылыми қызметкері,  т.ғ.к. 
ТҰЛҒАЛАРҒА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ
Жуырда Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен көр-
некті тарихшы-ғалымдар Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, 
Серікбай Бейсембайұлы Бейсембаев пен Қазақстан Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, та-
рих ғылымдарының докторы Бегежан Сүлейменұлы Сүлейменовтің туғанына 100 жыл толуына орай 
Республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  өтті.  Онда  әйгілі  тарихшы-ғалымдардың  ғылыми 
мұрасын зерттеудің теориялық және методологиялық аспектілері, Қазақстан тарихын зерттеудегі ға-
лымдардың еңбектерінің алатын орны мен маңыздылығы, ұлт тарихында өзіндік бағыт-бағдарымен 
ерекшеленген қос тұлғаның өмір жолдары мен артында қалған мол ғылыми мұралары талданып, за-
мандастары мен әріптестері, шәкірттері мен ұрпақтары ой бөлісті. Сондай-ақ конференция жұмысы-
ның аясында Орталық ғылыми кітапхана олардың еңбектерінің көрмесін ұйымдастырып, көпшілік 
қауымның ғалымдар мұрасымен жақынырақ танысуына мүмкіндік жасады. 
188

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық тарихты қалпына келтіруге және тарихи сананы қалыпта-
стыруға бағытында жүргізіп отырған саясаты Қазақстан қоғамының саяси және ғылыми белсенділі-
гінің артуына, ұлттық тарихты белгілі ғылыми дәрежеде саралау деңгейіне көтеруге жаңаша серпін 
беруде. Егемендік жағдайында Қазақстанның ғалымдары тарихи сананы қалыптастырудың жаңа тұжы-
рымдамасын дайындауға және оның қоғамның барлық саласында қолданыс табуына барынша қызмет 
етуде. Соның бір көрінісі ұлттық тарих ғылымына қызмет еткен белгілі қазақ тарихшылары Серікбай 
Бейсембайұлы Бейсембаев пен Бегежан Сүлейменұлы Сүлейменов Қазақстан тарихының өзекті мәсе-
лелері бойынша жазылған мұраларын бүгінгі күн талабынан бағамдап, олардағы құнды пікірлер мен 
тұжырымдарды заманауи сұраныстарға сай ғылыми айналымға енгізу болып отыр.
Конференция  жұмысында  ғылыми-танымдық  баяндамаларымен  сөз  алған  ғалымдар  қоғамдық 
пікірге маңызды әсері бар Қазақстан тарихының, қоғамдық-саяси дамудың өзекті мәселелері және көр-
некті тарихшы-ғалымдарымыздың еңбектерінің құндылығына баса назар аударды. Қазақстан ғылымы 
және тарихи тұлғалардың рөлі мен мәнінің өтпелі еместігі, олардың әсері мен қазіргі кезеңдегі Қа-
зақстандағы және дүниежүзінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси үрді-
стермен байланысына жан-жақты тоқталды. 
Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжановтың «Академик 
С. Бейсембаев және Қазақстанда тарих ғылымының дамуы» атты баяндамасында ғалымның ғылымға 
келуі, қызметтік өсу баспалдақтары мен шығармашылығын саралай келіп: «С. Бейсембаевтың зерт-
теуші және ғылымды ұйымдастырушы ретіндегі таланты КОКП ОК жанындағы Марксизм-Ленинизм 
институтының қазақстандық филиалын басқарған кезінде толығымен ашылды.
Бұған елдегі қоғамдық-саяси жағдай да өз әсерін тигізді: жеке басқа табынушылықты сынау мен 
хрущевтік жылымық жазықсыз жазаланып, қуғындалған ақын-жазушылардың шығармашылық мұра-
ларының қайта оралуына, Е. Бекмахановқа қатысты әділеттіліктің қалпына келтірілуіне жағдай жаса-
ды; Ә. Марғұланның жетекшілігімен Ш. Уәлиханов еңбектерін кешенді зерттеу мен баспаға дайындау 
басталды; Қазақстанның оңтүстігінен археолог Х. Алпысбаев алғаш рет тас дәуірінің ескерткіштерін 
тапты; Ұлт мақтаныштары – М. Әуезов пен Қ. Сәтбаев Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.
Жаңа директор өзінің білімі мен тәжірибесіне арқа сүйей отырып, ғалымдардың күш-қуатын бірік-
тіре, ұжымды көлемді де кешенді ғылыми еңбектер жазуға бағыттай алды. Бұл мақсаттарға жету үшін 
өз  ісін  білетін,  талантты  мамандардың  басын  қосу  және  зерттеудің  деректік  базасын  кеңейту  керек 
болды. Қысқа мерзім ішінде екі міндет те тамаша орындалды»,- деп пайымдайды. 
189

Сонымен қатар академик С. Бейсембаевтың «Отандық тарихнаманың өзекті тақырыптары қарасты-
рылатын  «Қазақстан  Компартиясы  тарихының  мәселелері»  мақалалар  жинағы  басылымын  тұрақты 
түрде жариялауға қол жеткізе» алғандығына  баса назар аударылды.
Қос тұлғаның ағалық қамқорлығын көрген әрі ұзақ жылдар әріптес ретінде институт қабырғасында 
қатар қызмет еткен академик М.Х. Асылбеков профессор Бегежан Сүлейменов туралы мазмұны терең 
баяндама жасады. Баяндамашының берген кең мағлұматы бойынша бүгінгі жас ғалымдар өр мінезді, 
ашық  пікірді  жақсы  көретін  Бегежан  Сүлейменовтің  өмір  жолымен  жан-жақты  таныса  алды.  Ресей 
Федерациясы мен Қазақ КСР-нің Білім беру министрліктерінің жолдамасымен мәскеулік білім алған 
жас ғалымның ғылым жолындағы қадамы қазіргі Абай атындағы педагогикалық институтта ұстаз-
дық әрі ғылыми кеңесінің мүшесі ретінде басталады. Ғалымның тарих ғылымының қойнауына терең 
үңілген, көшпелі даланың күмбірлі керуеніндей салмақты ғылыми жүгін арқалаған Әлкей Хақанұлы 
Марғұланмен арадағы терең сыйластығы пен өзара түсіністігі кез-келген адамның қызығушылығын 
тудыратынды. Осынау бір қиын жылдарда Абай атындағы ҚазПИ-ның доценті бола жүріп, 1942-1943 
жж. Шетел тілдері институтының директоры болған Б. Сүлейменов «институттың материалдық-тех-
никалық негізінің, профессорлық-оқытушылық құрамының өсуі мен нығаюына, оқу үрдісінің жақса-
руына, жалпы білім беретін мектептер мен жоғарғы оқу орындарына жетіспей жатқан болашақ шетел 
тілдері оқытушыларын тәрбиелеуге көп қайрат жұмсады. Жаңа кафедралар, оның ішінде француз тілі 
кафедрасы ашылды, шетел тілдері оқытушыларының саны, соның ішінде француз тілі бойынша екі 
есе өсті, шетел тілдерін оқыту әдістемесі бойынша жаңа кабинеттер жасақталды. Бегежан аға бойына 
сіңген қасиеті бойынша, қазақ жастарын қабылдау мен оқытуға көп көңіл бөлді. 1941 ж. Институттағы 
160 студенттің тек 8-і ғана қазақ ұлтынан болғанын айту жеткілікті. Қазақ жастарын институтқа тарту, 
оларды жатақхана және стипендиямен қамтамасыз ету Бегежан ағаның айрықша көңіл бөлген жұмысы 
болып табылды».
1943  ж.  қараша  айында  КСРО  Ғылым  Академиясы  Қазақ  филиалының  басшысы  Қ.И.  Сәтпаев-
тың шақыруымен Тіл, әдебиет және тарих институтына директордың орынбасары, кейіннен 1945 жыл-
дан бастап Тарих, археология және этнография институтының Ревоюцияға дейінгі Қазақстан тарихы 
бөлімін басқарды, Қазақ ССР  Ғылым Академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімінің Ғалым хатшылығын 
да атқарады. 
Ғалым-тарихшы Қазақстан тарихының революцияға дейінгі кезеңінің терең зерттеушісі әрі осы 
дәуірдің аса ірі деректанушы және тарихнамашыларының бірі ретінде республика көлемінде ғана емес 
сол тұстағы одақ көлемінде де кең танылды. Оның қаламынан «Восстание 1916 года в Казахстане» 
(Алматы, 1947. - 213 б.), «Революция 1905-1907 гг. в Казахстане» (Алматы, 1949. – 252 б.), «Рабочее 
и аграрное движение в Казахстане (1907-1914 гг.)» (Алма-Ата, 1957. - 566 б.) және өзге де бірнеше 
материалдар мен құжаттық жинақтар жарық көрді. Олар осы күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ, 
бүгінгі жас ғалымдар мен ізденушілер үшін маңызды методикалық құрал ретінде пайдаланылуда.
Ұлт тарихы үшін қалтқысыз қызмет еткен қос ғалымның мұрасы мен еңбек жолы, ұстаздық тәлімі 
жөнінде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор М.Қ. Әбусейіто-
190

ва, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары У.Х. Шәлекенов, А.Б. Қалыш 
және  Б.  Кәрібаевтар,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеттің  профессоры 
Ә.Н. Құдайбергенов, Б. Сүлейменовтің жерлесі Қазақ аграрлық университетінің профессоры Ж. Ораз-
баевтар да үлкен толғаныспен ой бөлісті.  
Конференцияға қатысушылар назарына ұсынылған институт бас ғылыми қызметкері, қос ғалым-
ның ұстаздық мектебінен өткен Қ.С. Алдажұмановтың «ХХ ғасырдың 60-80-шы жылдарындағы Қа-
зақстан: тарих және тарихшылар» тақырыбындағы мазмұнды баяндамасында 100 жылдықтары аталып 
өтіп жатқан С. Бейсембаев пен Б. Сүлейменовтың замандастары академиктер Ә. Марғұлан, А. Нүсіп-
беков,  Р.  Сүлейменов,  М.  Қозыбаев,  К.  Нұрпейіс,  профессорлар  Г.Ф.  Дахшлейгер,  П.Г.  Галузо,  Е.Д. 
Ділмұхамедов, Х. Арғынбаев, М.С. Мұқанов және басқалары заманы бір, өткен тағылымдық мектебі 
бір болғанымен, әрқайсысы ұлт тарихына қызмет етуде өзіндік сара жолдарымен, қалаған ғылыми мек-
тебімен із қалдырған көрнекті ғалымдар.
Сондай-ақ ғалым егер жазушылар қауымында М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафиндер - классик 
қаламгерлер шоғыры деп айрықша аталатын болса,  жоғарыда аты аталған тарихшы-ғалымдар да осын-
дай құрметке ие деген бағасын берді. Сондай-ақ Қ. Алдажұманов мына бір мәселеге ерекше назар ау-
дарды. Бұлар кешегі кеңестік заманда аясы тар идеологиялық қысаңдықта ойын ашық айта алмаса да, та-
рих ғылымының дамуына зор үлес қосты. Мысалы, 70-ші жылдары Тарих, археология және этнография 
институтында жүзеге асырылатын ғылыми тақырыптардың 70 пайызы кеңестік дәуірді дәріптеуге 
арналатындығын да баса көрсетті. Тіпті, С.Бейсембаевтың Шоқан сыйлығына ие болған «Ленин және 
Қазақстан», «Г.Ф. Дахшлейгердің «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казах-
стана» кітаптары осы күнге дейін зерттеушілер үшін ғылыми құндылығын жойған жоқ. 
Келесі бір мысал, П.Г. Галузо 60-70-ші жж. Ресей империясындағы революциялық қозғалыстар-
дағы  шаруалардың  рөлін,  отаршылықты  ақиқат  тұрғысынан  көрсеткені  үшін  екінші  рет  қудалауға 
ұшырады. 
Институт қабырғасында қызмет еткен осы ғалымдардың барлығы дерлік замана талабына сай жаз-
са да, тарих ғылымына адалдық пен ақиқат жолында қызмет еткен абзал жандар екендігін атап өтті. 
Сондықтан да болар, ғалымның «тарих және тарихшылар» деп атау бере отырып, тарих ғылымының 
қоғам алдындағы міндетіне баса назар аударуы.
Аға буын өкілдермен қатар осы биік мінберден сөз алған институттың ғылыми қызметкері Р. Ора-
зовтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Біріккен Ведомстволық Мұрағаты-
ның (ҰҒА БВМ) 11-қорындағы Бегежан Сүлейменовке қатысты құжаттық материалдарды пайдалана 
отырып жасаған баяндамасы және сол құжаттар негізінде дайындаған көрсетілімі конференция жұ-
мысына қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Жас ғалым алғаш рет ғылыми айналымға осы 
мұрағаттың қорында сақталған жеке тектік құжаттарын тиімді енгізе алған.
191

Келесі  сөз  кезегі  Серікбай  Бейсембаевтың  үлкен  қызы  Нәдия  Шәріпова-Бейсембаеваға  келген 
тұста  жұртшылық  ұрпақ  сабақтастығы  мен  баланың  әке  алдындағы  парызының  қаншалықты  терең 
де пайымды екендігіне тағы да бір сәт көз жеткізіп, үлкен тебіреніспен әке туралы естелікті тыңдады. 
Өз кезегінде Нәдия апай осындай игі шараны ұйымдастырып отырған институт басшылығына алғыс 
білдіре отырып, Б.Т. Чердабаевтың «Наследие веков. Памятники истории и культуры Западного Казах-
стана» атты кітабын сыйға тартты.  
Осылайша тарихта өзіндік орны бар, қазақстандық білім мен ғылымның, ұлттық мәдениеттің да 
муына зор үлес қосқан Серікбай Бейсембаев пен Бегежан Сүлейменов сынды тұлғалардың есімі ұр-
пақтар жадында мәңгілік сақталуы мақсатында ұйымдастырылған шара көпшілік жиналған қауымның 
ойын бір арнаға тоғыстырып қана қойған жоқ, келешекке бағдар боларлық мазмұнды әрі жүк артарлық  
резолюция баптарын қабылдау туралы ортақ шешімге келді:
-  Әйгілі тарихшы-ғалымдардың өмірі мен қызметін, Қазақстан мен Орта Азия тарихындағы ала-
тын орны мен рөлін егемендік тұрғыдан одан әрі мазмұндау;
- С.Б. Бейсембаев пен  Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасына қатысты жаңа деректерді 
іздеу мен анықтауды жалғастыру;
- Ұлттық тарих ғылымы мен оң тарихи сананы қалыптастыруға олжа салған тұлғалы зерттеушілер 
жайлы ғылыми еңбектер дестесін дайындап, жарыққа шығаруға кірісу.
- конференция материалдары жинағын дайындап, жарыққа шығару.
Қазақстан тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан, кеңестік дәуірде өмір сүріп, кеңестік идеология 
қыспағында жүріп кешенді зерттеулер жүргізген тарихшы-ғалымдарымыздың тағдыры мен ғылыми 
мұрасын зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 
Әйгілі тарихшы-ғалымдардың қоғамдық, ғылыми-шығармашылық қызметін талдап сараптап, баға 
беру, құнды жақтарын көрсету мақсаты ғылыми конференцияның маңыздылығын арттыра түседі. Өй-
ткені С.Б. Бейсембаев пен Б.С. Сүлейменов сияқты тұлғалардың өмірі мен ғылыми мұрасы келер ұр-
паққа үлгі-өнеге, берер тағлымы мол, Қазақстан тарихнамасына қосылған елеулі үлес.
ҚОСЫМША
 
Қазақстан тарихын Жоғары оқу орындарында оқыту мәселелерін 
шешуге арналған «Дөңгелек үстел» стенограммасы
ОТАН ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2012 жылдың 15 қазанында Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің та-
рих, археология және этнология факультетінде Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыр-
тылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласынан туын-
дайтын Қазақстан тарихын Жоғары оқу орындарында оқыту мәселелерін шешуге арналған «Дөңгелек 
үстел» өтті. Пікір алмасуға Алматы қаласы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құра-
мымен бірге, ғылыми ұйымдардан белгілі тарихшылар мен ғалымдар қатысып, бүгінгі таңда Қазақстан 
тарихын оқыту айналасында туындап отырған мәселелерге байланысты ой бөлісіп, қорытынды шыға-
192

руды  мақсат  етті.  Пікір  алысу  үш  мәселенің  төңірегінде  өрбіді:  1.  Қазақстан  тарихы  оқулықтарына 
байланысты; 2. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихының оқу бағдарламасы мен кредиттер саны 
жөнінде;  3.  Қазақстан  тарихынан  қабылданатын  мемлекеттік  емтиханды  3-курсқа  ауыстыру  туралы 
ұсыныс жайлы.
Төменде «Дөңгелек үстел»  стенограммасын жариялап отырмыз.
– Ж.Қ. Таймағамбетов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих, археология және 
этнология факультетінің деканы, профессор: Құрметті әріптестер! Келгендеріңізге көп рахмет, сіздерге 
ризашылығымды білдіремін. 
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамын құру туралы» бағдарлама-мақаласында елбасымыз Н. Назарбаев 
«Қазақстан тарихы пәнін қайта қарау керек» деген ойды айтқан еді. Тапсырма Ғылым және білім ми-
нистрлігіне берілді. Одан біздің ректор Ғ. Мұтанұлы профессор Талас Омарбековке бұрынғы шыққан 
оқулықтарды сараптама жасау туралы тапсырма берді. 
Сіздер өздеріңіз білесіздер, Қазақ ССР тарихы Кеңес дәуірінде тек 1958 жылдан бастап ғана оқыты-
ла бастады. Оның өзінде ол тек ССРО тарихының бір бөлігі ретінде ғана таптық тұрғыдан оқытылды. 
Мен бұған тоқталмай-ақ қояйын. Таптық концепцияға қарсы болғандарды қуғындады, оны білесіздер, 
атап айтатын болсақ, Е. Бекмахановты атап көрсетеміз. Міне, мына біз отырған аудитория осы атақты 
тарихшының атымен аталады. Егемендік алғаннан бастап туған өлке тарихына қызығушылық таныта 
бастадық. Көптеген басылымдар жарық көре бастады. Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихты жаңаша жаза 
бастадық.  Шүкіршілік,  бүгінде  «тарихтағы  ақтаңдақтарды»  жазып,  зерттеген  М.  Қозыбаев,  К.  Нұр-
пейісов, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков сынды көрнекті тарихшыларымыз бар. Бірақ соған қарамастан, 
біз оқыту-әдістемелік салада дағдарысқа да тап болдық. Тарихшы емес мамандардың жазған тарихи 
әдебиеттердің көптеп басылуы нәтижесінде  мектеп оқушыларының ҰБТ тапсыру барысында дұрыс 
балл ала алмауына әкеліп соқты. Осының барлығы, Елбасымызды да министрлікке Отан тарихынан 
жазылатын оқу құралдарын қайта қарау және ЖОО мен орта мектептерде тарихты оқыту түрін өзгерту 
туралы арнайы тапсырма беруге алып келді. Осыған байланысты біз, сіздермен бүгін бас қосып, жина-
лып отырмыз. Жасырын емес, соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде тарихты оқытуға 
байланысты көптеген мақалалар да арытқ-кем жарияланып жатыр. Әсіресе, орта мектептерге, ЖОО-да 
мүлдем сабақ беріп көрмеген адамдар біздерге, тарихшы-мамандарға, тарихты қалай оқыту керектігін 
үйретіп отырғанын баса айтқым келеді. Менің өз басым бұнымен келіспеймін. 
Қазір сіздердің рұқсаттарыңызбен алғашқы сөзді Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, 
тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбекұлына бергім келіп отыр. Осы кісі басқара-
тын кафедрада он екі ғылым докторы, профессорлар, көптеген доценттер жұмыс атқарады. Міне осы 
ғалымдар бұрын жарық көрген Отан тарихына қатысты оқулықтар мен оқу құралдарын қайта қарап, 
сараптаудан өткізіп шықты. Ал енді осы жөнінде өздеріңіз де пікір білдірсеңіздер жөн болар еді.    
– Т. Омарбеков, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, 
профессор: Қош келдіңіздер! Біздер, яғни шынын айтқанда «дөңгелек үстел» басына әңгімелесуге Қа-
зақстан тарихынан «нан жеп жүрген» адамдарды және осы факультеттің үш кафедра меңгерушілерін 
ғана шақырдық. Деканымыз айтып өтті, біздің кафедра республика бойынша ең үлкен кафедра. Біз-
де былтыр 33 адам жұмыс істеді, биыл 34 адам жұмыс жасайды. Оның 12-сі ғылым докторы. Мұнда 
ҚазҰУ-дан шақырылған министрліктің комиссия мүшелігіндегі Атабаев Қамбар Махамбетұлы, Бере-
кет Бақытжанұлы отыр. Бірақ та, өткенде Астанада болған конференцияға Берекет Бақытжанұлы бара 
алмай  қалды,  сондықтан  біздің  пікірлеріміз,  Қазақстан  тарихы  мәселесі  Астанаға  айтылмай  қалды. 
Атабаев Қамбар Махамбетұлы  деректану  мен методологияның  маманы, сондықтан  ол  бұл мәселені 
көбірек қозғап айтып жүр. Көптомдық үлкен еңбек жазып жатқан Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және 
этнология институтының директорын шақырып отырмыз. Ғылыми жағынан да, оқулық жағынан да, 
сабақ беру жағынан да барлығымыздың тағдырымыз Қазақстан тарихына байлаулы. Басқа тарихшы 
мамандарды шақырмадық. Тіпті, археологтарды, шығыстанушыларды, дүниежүзі тарихы мамандарын 
да бүгінгі бас қосуға шақырған жоқпыз. Басты мәселе – Қазақстан тарихын қалай оқытуымыз қажет? 
Алдарыңызда жатқан бағдарламаға қарап, тақырыптан ауытқымауларыңызды сұраймын. Прагматика-
лық, практикалық тұрғыдан қарауларыңызды өтінемін. 
Мен, Ректорат тапсырысымен Қазақстан тарихы оқулықтарына, кафедрада сараптама жасаттым. 
Жалпы саны он екі автордың оқулығына қорытынды шығардық. Жақсы жағын да көрсеттік, кемшілік-
терін де ректоратқа айттық. Сонда тоқталғаным, бізде ЖОО-да оқулықты кімдер жазып жатыр? Өз-
деріңіз білесіздер Сәйден Жолдасбайұлы, Есенғазы Қуандық, Қуаныш Қаражан, Георгий Кан және т.б. 
193

жеке авторлар өздерінің бастамасымен, өздерінің инициативасымен жазып жатыр. Оларға оқулық жаз 
деп жатқан адам да, мекеме де жоқ. Бұл – бір. 
Екінші менің айтайын дегенім: барлығыңыз назарларыңызды мынаған аударыңыз, бізде тарихшы-
ларды дайындау үш сатыға бөлінген: бакалавр, магистратура, докторантура. Ал енді, Қазақстан тарихы 
жалпы курс ретінде қайда оқытылады, ол әрине бакалавриатта ғана оқытылады. Ал магистратурада 
ол сала-сала бойынша таңдау курстары негізінде әртүрлі мәселелерге бөлініп кетеді. Осы бакалаврға 
жаңа жүйе, кредиттік технология бойынша бір де бір арнайы оқулық жоқ екен. Сәйден Жолдасбаевтың 
«Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан» атты оқулығы бар. Бірақ оның тілі ауыр,  өте ғылыми жа-
зылған және де типтік бағдарламаның арнасынан шығып кеткен. Мұндайда стандартқа сәйкес келе ме, 
келмей ме? – деген мәселе бар. Ал тарихшы-бакалаврларымызда Қазақстан тарихынан әлі де оқулық 
жоқ. Назар аударыңыздар: Бакалаврларға арналған жаңа жүйеге сәйкес, Қазақстан тарихы деген оқу-
лық жоқ. Ең болмаса оны жеке адам жазса. Тіптен ондай да жоқ. Шығып жатқан «Лекциялар курсы» 
тарих емес факультеттердегі бакалаврларға арналған деп жазылған. Бұл бір мәселе. 
Тағы да назарларыңызды аударайын деген мәселе: ол оқу-методикалық кешен мәселесі. Оқу-ме-
тодикалық кешенді министрлік әдетте жоғарыдан екі-үш адамға тапсырады, олар типтік бағдарлама 
жасайды. Содан индикативті жоспардың негізін жасайды, стандарт жасайды. Ал қалған тарихшыла-
рымыз сыртта қала береді. Сондықтан, менің ойымша, оқу-әдістемелік кешенді Қазақстан тарихынан 
маманданған кафедралар ғана жасаулары керек. 
Үшінші  айтайын  дегенім,  қаржыландыру  мәселесі.  Министрліктің  көңілі  қазір  тек  қана  мектеп 
оқулықтарына бөлініп отыр. Оның жанындағы оқулық жазу орталығы тек мектепке оқулық жазумен 
айналысады. Және мектеп оқулықтары ғана қаржыландырылып жатыр. Жоғары оқу орындарындағы 
оқулық мәселесі көтерілмейді. Ең болмаса, тарихшылар дайындайтын оқулықты, ЖОО оқулықтарын 
гранттық негізде қаржыландырса жақсы болар еді. Бізде тарихшылар құрған қоғамдық ұйымдар бар. 
Ол ұйымдарға министрлік назар аударып отырған жоқ. Сондықтан да министрліктегілердің жоғарғы 
мектептегі тарихшылар қауымымен байланысы өте нашар. 
Соңынан айтарым, бізде энтузиаст тарихшыларымыз бар, Қазақстан тарихын ешкім айтпаса да 
өздері  жазып  жатқан.  Ал  енді  солардың  оқулықтарын  таңдап  алатын,  іріктейтін  уақыт  болды.  Оны 
кім іріктеуі керек? Оны министрлік емес, осы сіздер мен біздер, оқу үдерісін жүргізіп жүрген маман 
адамдар іріктеуіміз керек. Жазылған оқулықтардың қайсысы студенттерге қолайлы, қайсысы аудито-
рияға лайық, қайсысы типтік бағдарламаға сәйкес деген мәселені біздер, оқытушы-ғалымдар шешуіміз 
керек. Авторларды, жеке оқулықтарды іріктеуді маңызды мәселе ретінде қарауымыз қажет. 
Енді сөз соңында айтайын дегенім, «Айқын» газетінің бетіндегі  хабарламаны көрдіңіздер, онда Қа-
зақстан тарихын оқытуды 3-курсқа ауыстыру туралы мәселе айтылды. Бұны қатты қолға алып жатыр. 
Бұл Мемлекет тарихы интитутына берілген тапсырмадан туындаған қорытынды. Сіздер бұған жеңіл 
қарамаңыздар. Неге бұл тапсырманы Қазақстан бойынша ең үлкен ҚазҰУ-дың Қазақстан тарихы ка-
федрасына тапсырмасқа? Себебі біз мұндай мәселелерге қарсы шығамыз! Егер біз Қазақстан тарихын 
3-курстан бастап оқитын болсақ, шын мәнінде біз 2 жылға жұмыссыз қаламыз. Онсыз да қауқары ша-
малы Қазақстан тарихы кафедралары тарайды. Ал 3-курста техникалық немесе жаратылыс тануға бай-
ланысты ғылым салалары өздерінің пәндерін оқытуға көңіл бөлетіндіктен, 3-курс студенттері оқуды 
бітіруге  бір  жыл  қалған  мамандар  біздің  Қазақстан  тарихын  не  қылады?  Оларда    бұл  кезде  жұмыс 
берушілермен келісім шарт жасау басталады. Қазір заман өзгерді, сондықтан мәселеге басқаша қарау 
керек. 
– Х.М. Әбжанов, профессор, тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов  атындағы Тарих 
және этнология институтының директоры: Қазақстан тарихын оқыту, оқулықтарын дайындау, мето-
дикасы туралы Елбасы күнде айта бермейді. Ал енді айтылған екен, біз осыны  жүз пайыз қажетіміз-
ге жаратайық. Біз Қазақстан тарихының екі деңгейін анықтап алуымыз керек. Бірі – тарихшылар, 
екіншісі – тарихшы емес үшін оқыту методикасын жасау. Біріншісі жаман оқытылып жатқан жоқ, ал 
екіншілер үшін проблема бар. Мына мемлекеттік емтихан, оқулықтарға байланысты проблемалар осы-
дан келіп туындайды. Осы екеуінің ара жігін ашып, екі түрлі оқулықтар жасайтын  уақыт келді. Біз 
бір-бірімізді сынамай, нақты ұсыныстар айтайық, нақты іске көшейік. Меніңше, тарихшы еместерге 
оқытылатын кредит саны өсуі тиіс. Барлығы 30 сағат лекция, 15 сағат қана семинар. 30 сағатта бүкіл 
тарихты қалай айтып шығады. Осыдан келіп «Қазақстан тарихының тәуелсіздік алған жылдарын ғана 
оқытайық» деген сөздер шықты. Өйткені бәрін алып үлгермейміз. Осыны жоғарыға жеткізуіміз керек. 
Содан кейін өліп бара жатқан мамандықтар бар. Мысалы, Қазір Қазақстанда екі ғана антрополог қал-
194

ды. Шет тілдеріндегі тарихи жазбаларды оқитын адамдар да жоқ. Ондай мамандар қазір мүлде дайын-
далмайтын болды. Осы мамандықтарды дайындауды қолға алмасақ, ертең бұл салалар өледі. Тағы бір 
айтатын нәрсе, оқулық жазатын адамдарға алты ай ма, бір оқу жылы ма, еңбекақысын сақтай отырып 
қажетті уақыт бөлген жөн болар.
–  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет