Мейрам Жардаев
студент, Назарбаев Университеті
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАЛАРЫ
In this research online learning of Kazakh language was studied. These days there are several
Kazakh language learning online web sites, and they were tested for how they are easy to follow,
their effectiveness, what kind of people can learn from them and what exactly they can learn; fur-
thermore, they were compared with some other language learning web sites.
Қазақстан – егемендігін 25 жыл бұрын алған, жас республика, алайда біздің еліміздің
тарихының тереңдігі ғасырлардай. Тіл – ел байлығы, асыл қазынам деп бекер айтпаған, тілі
жоғалған елдің болашағы бұлтты. Қазақ тіліміз анадан балаға, ұстаздан шәкіртке ауызекі
айтылып, қаламмен қағазға жазылып үйретіліп келген. Есік алдында XXI ғасыр, білім мен
озық технология ғасыры. Білім алу жүйесі бірнеше сатыға көтерілген, барлақ жағдайлар
жасалып келеді, оқимын дегенге таңдау көп. Елбасымыздың 3 тілді, тұғырлы саясатының
арқасында, Қазақстан көшбастап келе жатқан елдермен терезесі тең ұстап тұр.
3 тілді саясаттың кері әсерлері де көзге түсе бастады, ғалымдар, қоғам қайраткерлері осы
саясатты сынға алып, оң және кері пікірлерін айтуда. Ағылшын, орыс тілдері үшін қазақ
тілінің мәртебесі төмендеп, тілге деген сұраныс азаюда деген пікірлер жүруде. Негізінде бұл
мәселенің астарын келетін болсақ, тілге деген сұранысты көбейту үшін тілді үйрену үшін
барлық қолайлы жағдайлар жасау қажет. Олардың ішіне кітаптардан бастап видео сабақтар-
дың барлығы кіреді. Қазіргі жаңа ғасырда ғаламтор жүйесі үлкен бір қозғаушы күш болып
табылады, оны біз кез келген қажеттілікпен қолдана аламыз. Егер оны дұрыс пайдалана
білсек, қазақ тіліміздің оқытылуында үлкен бір қадам деп ойлаймын. Қазір елде қазақ тілін
білмейтін жандар өте көп, алысқа кетудің қажеті жоқ, мәселен өз тілін жетік білмейтін қазақ
бауырларымыз бен қарындастарымыз жетіп-ақ жатыр. Одан бөлек жүзге жуық өзге елдің
азаматтары бар, міне соларға қазақ тілін үйрену үшін жағдай жасау қажет. Ғаламтор деген
бүгінгі күні өте жетімді әрі тиімді құрал, сондықтан электронды тіл оқытуды жетілдіру
қажет. Ия, бүгіннің өзінде, ғаламтор желісінде онға жуық қазақ тілін оқытатын ғаламтор
беттері бар, алайда олардың қаншалықты пайдалы екені, қандай қоғамға арналғандығы,
қандай тіл біліктілігін қажет ететіндігі, олардың ағылшын тілі сияқты тілдерді үйрететін
ғаламтор парақшаларымен ұқсастық, айырмашылықтары барша жұртқа мәйім емес. Қазақ
тілін білетін халық санының азаюы, қазақ тілінің қолданылуының төмендеуі, ел болашағы
үшін ана тіліміздің рөлі, және тілді үйренуге деген сұраныс, қажеттілік осы тақырыптың
өзектілігін айқын көрсетіп тұр.
Бұл жұмыс қазақ тілін оқытудың бар электрондық нұсқаларын қарастырады, оларды
сынға алып, басқа тілдерді оқытатын электронды желілермен салыстырады. Келешекте осы
электронды оқытуды жетілдіру жолдарын қарастырады.
116 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН
Камила Ижанова
студент, Назарбаев Университеті
ОТАНДЫҚ ФИЛЬМДЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
This article focuses on the aspects of the language use in the domestic films and provides the
concrete examples from these films. The general idea is based on studying the theory of spoken Ka-
zakh language and identifying its features.
Тіл мәдениеті – күнделікті өмірдегі тіл қолданыс ерекшеліктерін зерттейтін тіл білімінің
бір саласы. Ол негізгі үш түрлі тілдік нормадан тұрады. Олар: этика, коммуникативті норма,
тілдік норма. Фильмдердегі қолданылатын ауызша тіл мәдениеті тілдік норманың ішіне кіретін
орфоэпиялық, лексикалық және грамматикалық нормаларға негізделеді. Бұл жерде орфоэпи-
ялық норма сөздердің дұрыс айтылуына жауап береді. Ал лексикалық және грамматикалық
нормалар сәйкесінше сөз таңдалымын, мағынасын қарастыра отырып, сөйлем құрылысы мен
құрамын зерттейді. Біздің қарастыратын фильмдеріміз де осы нормаларға сәйкес талданады.
Кинокөріністерде тіл қолданысының аясы өте кең. Адамдардың бір-біріне махаббатын
білдіруі, ұрсысуы, анайы сөздерді қолдануы, осының бәрі тіл мәдениетінің қандай екенін
көрсетеді. Тіл мәдениеті қазақтардың әдет-ғұрпынан да хабар беруі мүмкін.
Негізінен фильмдер әртүрлі уақыт аралығын қамтитындықтан, олардан тіл қолданысының
уақыт өте қандай өзгерістерге ұшырағанын көре аламыз. Мысалға, «Жау жүрек мың бала»
фильмі XVIII ғасырдың басындағы оқиғаларды қамтыса, «Анаға апарар жол» фильмінде 1930
жылдар сипатталады, ал «Шал» фильмінде бүгінгі күннің көріністері бейнеленген.
Фильмдердегі қазақ тілінің қолданысы күнделікті өмірдегі тіл қолданысына айтарлықтай
әсер етеді. Себебі көрермендердің құлағы қазақ тілінің қолданысына үйреніп, күнделікті
өмірде кинокартинадан естіген қазақ тілін қолдана бастайды. Жастардың сұранысына ие
фильмдер мемлекеттегі тіл қолданысының аясына әсер етеді. Көрсетілетін кезеңі мен оқиғала-
рына байланысты фильмдердің тілдік қолданыстары әртүрлі болып келеді. Бұл мақаланың
мақсаты – фильмнің тіл ерекшеліктерін зерттей отырып, оларды жастарға түсіндіріп беру.
Сол арқылы жастардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Қазақстандағы киноиндустриясының қарқынды дамуы бұл тақырыпты таңдауымыз-
дың негізгі себебі болды. Жылына кем дегенде 12 отандық фильм көрерменге жол тартады.
Жергілікті кинотеатрларда отандық фильмдерді көрсету күн санап жиілеп келеді. Оған дәлел
көрерменнің сұранысына ие «Жат», «Жол», «Өмір-ай», «Жау жүрек мың бала», «Келинка Са-
бинка», «Келинка Сабинка 2», «Рэкетир», «Рэкетир 2», «Көшпенділер», «Құнанбай», «Тараз»,
«Анаға апарар жол» және т. б. бола алады.
Аталмыш фильмердің барлығы дерлік, әртүрлі жастағы көрермендерге жанрларының
сан-алуандылығымен қызықтырады. Осы мақалада жасөспірімдер аудиториясындағы фильм-
дердің қазақ тілінің қолданыс аясы сипатталады.
| 117
Медет Шатаев, Айдын Жамбыл
Назарбаев Университетінің 3- курс студенттері
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ:
ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
In this article, current teaching position of Kazakh language at Nazarbayev University is being
focused. Raising the level of Kazakh language was proposed.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге
еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас
болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Еліміз егемендік алып, дербес мемлекет болып
қалыптасқалы бері туған тіліміз де өз тәуелсіздігін алды. Осы уақыттар аралығында тіліміздің
қалыптасуы мен дамуында түрлі жетістіктер мен кемшіліктер болып жатыр.Қазақ тілінің
қолданыс аясы да әр салада түрлі деңгейде. Мемлекеттік тілге деген қажеттіліктер мен оны
білуге деген талаптардың да біртекті емесекені анық.
Тілдің мәртебесі, қоғамдық беделі оның басты екі тұғырына тікелей байланысты. Біріншіден –
білім беру саласы. Екінші – басқару жүйесі. Егер осы екі жүйеде тіл дұрыс және керекті деңгейде
қолданылса, тіліміздің беделі мен мәртебесі арта берері даусыз. Әрине, «көш жүре түзеледі», бірақ та
тіліміздің қолданыс деңгейін кеңейту аясында біршама өзгерістер жасалуы керек. Әрбір Қазақстан
Республикасының азаматы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» дейтін деңгейге жеткізуіміз тиіс.
Бүгінгі таңда ғылым күннен күнге алға тоқтаусыз қадам басуда. Әлемде жыл сайын көптеген
ғылыми жұмыстар, кітаптар, жобалар басылып шығарылады. Осылардың басым бөлігі ағылшын
тілінде басылып шығарылатыны айқын. Яғни, бүгінгі күні сапалы білім алу үшін, заманға сай
болып, ғылыммен бірге алға жылжу үшін, ағылшын тілін білуі аса маңызды болып табылады.
Соңдықтан, әлемдегі заманауи жоғары оқу орындарында білім беру жүйесі ағылшын тілінде негіздел-
ген. Назарбаев Университеті де осындай мекемелердің қатарына жатады және оның басты мақсаты
сауатты, білімді, болашағы зор және бәсекеге қабілетті жастарды даярлап, келешекте мемлекетті
алға жетелей алатын мамандарды өсіру. Университет қабырғаларында барлық іс-шаралар, сабақтар
ағылшын тілінде болғанымен, ешқандай мамандығымызға қарамастан қазақ тілін міндетті оқыту
саясаты біз үшін үлкен мақтаныш. Қазақ тілінің атаулары мен бағыттарының түрлі болғандығы
да жақсы. Дегенмен, қазақ тілінің қолдануы біз үшін аса жеткіліксіз болып көрінеді. Қазақ тіліне
байланысты клубтардың аздығы мен үйірмелердің жұмыс жүргізілмейтіндігі көңіл көншітпейді.
Осы жұмыста Назарбаев Университетінің студенттерінің қазақ тілінің қандай деңгейде
қолданатынын анықтап, қазақ тілін білу университет ішінді қаншалықты маңызды екенін
зерттеп және болашақта университет түлектері үшін қандай әсерін тигізетінін көрсетеміз.
Студенттер тарапынан түрлі ұсыныстар айтуды жөн көріп отырмыз.
118 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН
Шара Ақат
студент, Назарбаев Университеті
Ә. БӨКЕЙХАНҰЛЫ АУДАРУЫНДАҒЫ А.П.ЧЕХОВТЫҢ «ХАМЕЛЕОН»
ШЫҒАРМАСЫНА ҒЫЛЫМИ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
This scientific article is dedicated to determine the strategies and peculiarities in the translated
version of Chekhov’s story «Chameleon». The translation was done by A. Bokeykhanuly. The main
objective is to identify the quality of translation (preservation of the communicative and expres-
sional peculiarities of the original text) by using the method of comparison.
А. П. Чеховтың «Хамелеон» әңгімесі, 1884 жылы «Осколки» журналының № 30 басылы-
мында алғаш рет жарық көрген еді. Жазушылық атты сара жолға енді қадам басып келе жатқан
жас Чеховтың дара жұмысы ретінде, бұл әңгіме көпшілік халыққа арнап жазылды. Қоғам-
дағы екіжүзді, өз пайдасы үшін дәл кесерткедей (Хамелеон) құбылатын ұсақ шенеуніктердің
бейнесін автор шағын әңгіме арқылы жеткізуге тырысқан. XX ғасырдың басында, қазақ та-
рихындағы ұлы қайраткерлердің бірі Ә. Бөкейханұлы бұл шығарманы алғашқылардың бірі
болып аударды. Мәтінде көтерілетін тақырып қай қоғамға болса да жат емес. Жоғары шенді
шенеушіктердің көңілін табуды ойлап, өз мүддесі үшін ғана «еңбек ететін» бастықсымақтар
қазақ қоғамында да жетерлік. Ендеше, аудармашының дәл осы шығарманы талдап алуы бекер
емес. Бұл ғылыми жоба үшін дәл осы әңгіменің таңдап алыну себебі: біріншіден, әңгімеде
қозғалатын тақырып бүгінгі қоғам үшін де өзекті, екіншіден, аударма ерекшеліктерін (автор
стилінің сақталуы мен экспрессияның айшықты түрде берілуі) талдау арқылы, аударма са-
пасына мән беріп, аударума үрдісіне терең бойлау.
Аудармада, Ә. Бөкейханұлы қаламгердің авторлық стилін толығымен сақтауға тырысқан.
Мысалы, түпнұсқада тәрізді, мәтін баяндау түрінде беріліп, полиглогтардан құралған; Чеховқа
тән еркін құрылым мен қысқа да нұсқа сөйлемдер легі падаланылған; диалогтардың белсенді
қолданылуының сақталуы әңгіменің экспрессиялық қасиетін дәл жеткізуге мүмкіндік берген.
Жұмыс нәтижелеріне сәйкес қорыта айтқанда, Ә. Бөкейханұлы аудару барысында ав-
тордың жеке ерекшеліктері мен рецепиент менталитетін, сол замандағы стандарттарға сай
аударып, түпнұсқаның берер әсерін дәл беріп, ұтымды әрі салиқалы аударма жасағандығы
көрсетілді. Бұл, қазақ аударма тарихы үшін, сонау Абай атамыздың дара жолын жалғастыру
жолындағы үлкен қадамдардың бірі болғаны сөзсіз. Талдау жұмыстары қазақ тілінің байлығы
мен әлемдік деңгейге көтерілуіне, өзге тілдермен терезесі тең екенін паш етіп, тілімізді әрі
қарай дамытуға үлкес үлес қосары анық.
| 119
МАЗМҰНЫ
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ
3
William Fierman
REFLECTIONS ON REVERSING KAZAKH LANGUAGE SHIFT: MIGHT ALMATY
FOLLOW BAKU’S PATTERN?
4
Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы
«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ИДЕЯСЫНА НЕГIЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛІК
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯСЫ
5
Х. Ю. Миннегулов
ВЗАИМОСВЯЗИ КАЗАХСКОЙ И ТАТАРСКОЙ СЛОВЕСНОСТЕЙ
6
Ерназарова З. Ш.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» КОНЦЕПТІСІНІҢ КОГНИТИВТІ
МОДЕЛЬДЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
7
Prof.Dr. Naciye Yıldız
KAZAK ATASÖZLERİNDE «AZ» SÖZÜNÜN İŞLEVİ
8
Фируза Агаева
ВЗГЛЯДЫ АБАЯ О ЯЗЫКАХ
9
Гүлтас Құрманбай
НӘТИЖЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН ОҚЫТУДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ
КРЕАТИВТІ СИПАТТАРЫ
10
Нұралы Құдайберген
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМІ (ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ
КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ)
11
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
12
Юлай Шамилоғлұ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДИПЛОМАТИЯ ТІЛІ РЕТІНДЕГІ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
13
Анар Салқынбай
ҮШТІЛДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ӨМІРШЕҢДІГІНІҢ НЕГІЗДІЛІГІ
14
Сейдулла Садықов
АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ӨЗЕГІ
15
Ерден Қажыбек
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІЛ
16
Нұрлан Кенжеахмет
КӨК ТҮРІКТЕРГЕ ДЕЙІНГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ (Б.З. I–V ҒҒ.)
17
М. Қ. Ескеева
ТҮРКІ ТІЛДЕРІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ ОРНЫ
18
Кудеринова Куралай
ПРОФЕССОР НҰРГЕЛДІ УӘЛИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ СТИЛИСТИКАСЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ БІР МӘСЕЛЕСІ
19
120 |
МАЗМҰНЫ
Тұяқбай Төрегелді
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ КОМПАРАТИВИСТИКА
20
Калимаш Бегалинова
ОСОБЕННОСТИ ЯЗЫКОВОЙ ПОЛИТИКИ КАЗАХСТАНА В УСЛОВИЯХ ГЛОБАЛИЗАЦИИ 21
Ш. Ш. Жалмаханов, Ж. Ағабекова, З. Ордабаева, Е. А. Бөкетов
ӘБІЛҚАСЫМ ӘЗ-ЗАМАХШАРИДЫҢ «МУКАДДИМАТ ӘЛ-ӘДӘБ» СӨЗДІГІ
(ХІІ Ғ.) МЕН ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨМЕКШІ МОРФЕМАЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
22
А. Маемерова
«ҚЫСАСУЛ ӘНБИЯ» ЕСКЕРТКІШІ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
23
Құдасов Сейсенбай
АРМЯН-ҚЫПШАҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ ТАРИХЫН
ЗЕРТТЕУДЕГІ ОРНЫ
24
Бахыт Еженхан-ұлы
ҚАЗАҚ ХАН-СҰЛТАНДАРЫНЫҢ ЦИН ПАТШАЛЫҒЫНА ЖІБЕРГЕН
ХАТТАРЫНДА КӨРІНІС ТАПҚАН ҚАЗАҚТЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖАЗБА ТІЛІ
25
Конкабаева Назым
«АТ-ТУҺФА АЗ-ЗАКИЯ ФИЛ-ЛУҒАТ АТ-ТҮРКИЙЯ» ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАРИХИ-
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
26
Райкулов Канат
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
27
Ермекова Жанат
БИ-ШЕШЕНДЕР МҰРАСЫНДАҒЫ АР – НАМЫС МӘСЕЛЕСІ, ОТАНШЫЛДЫҚ ТӘРБИЕ
28
2-СЕКЦИЯ: ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
30
Өмірхан Әбдиманұлы
«МӘҢГІЛІК ЕЛ»– ЕЖЕЛДЕН ӘДЕБИЕТТІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ
31
Гүлдархан Смағұлова
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЗІРГІ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
32
Бағдан Момынова
СӨЗ МӘДЕНИЕТІ: СӨЙЛЕУ ӘДЕБІНДЕГІ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛДАР ҚЫЗМЕТІ
33
Б. Шалабай
КӨРКЕМ МӘТІНДІ ТАЛДАУДЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
34
Р. Авакова, Д. Андабаева
КOНЦEПТOCФEPA КAЗAХCКOЙ, ТУPEЦКOЙ, И AНГЛИЙCКOЙ ЛИНГВOКУЛЬТУP
35
Г. Ж. Пірәлі
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ ПОЭТИКАСЫ
36
Ш. Қ. Құрманбаева
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МІНДЕТТЕРІ
37
Nadežda Christopher
DESCRIBING AND ANALYSING KAZAKH: THE PARTICLE ĞOJ AND WIDER
IMPLICATIONS
38
| 121
Арай Жундибаева
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТІРЕГІ
39
Қ. Жанұзақова
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАР
40
Көпбаева Меруерт
ФИЛОЛОГ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН АЛҒЫШАРТТАРЫ
41
Жолшаева М. С.
СӨЗ БОЙЫНДАҒЫ МӘДЕНИ КОД – ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ
42
Ф. Н. Жұмабекова
«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІН» ДАМЫТУ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ПАРЫЗЫ 43
Гүлжан Досжан
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ
ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
44
Жанар Әбдіғаппарова
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ СІҢІРГЕН
ЕҢБЕКТЕРІ
45
Ермек Адаева
МӘТІННІҢ ӨМІР СҮРУІНІҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
46
Г. Ж. Байшукурова
ВОЗРАСТНЫЕ КОНЦЕПТЫ В КАЗАХСКОЙ И РУССКОЙ КАРТИНЕ МИРА
47
С. М. Сапина
ӨЛШЕМ МАҒЫНАЛЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ
48
Қоңыратбаева Жанар
ҰЛТТЫҚ ТОПОНИМИЗАЦИЯ ҮДЕРІСІ ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫН БАЙЫТУДЫҢ
БІР КӨЗІ РЕТІНДЕ
49
Жұматаева Сауле
ТІЛ МЕН ДҮНИЕТАНЫМ ТҰТАСТЫҒЫ
50
Ұ. К. Исабекова
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ «ҚҰТ» КОНЦЕПТІСІ
51
Керімбекова Баян
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗДЕРІН БІЛІМ ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 52
Әміржанова Назира
ПРОБЛЕМЫ КУЛЬТУРЫ РЕЧИ И ЯЗЫКОВОГО ЭТИКЕТА МОЛОДЕЖИ
В КАЗАХСКОЯЗЫЧНОМ ИНТЕРНЕТ ПРОСТРАНСТВЕ
53
А. Т. Бокаева
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА ӘДІСТЕРІ
54
Какжанова Фазира
К ВОПРОСУ О КАТЕГОРИИ ВИДА В КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ
55
Б. Жылқыбекұлы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ҮЛКЕН» СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
56
122 |
МАЗМҰНЫ
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР
57
З. Күзекова
TEACHING PROFESSIONAL KAZAKH LANGUAGE IN KAZAKHSTAN
58
Қ. Қадашева, Ұ. Асанова, С. Омарова
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ (БАҚ МАТЕРИАЛДАРЫ) ТИІМДІЛІГІ
59
Оразалиева Э. Н.
PROFESSIONAL DIRECTION IN THE KAZAKH LANGUAGE LEARNING SYSTEM
60
Б. Б. Жахина
КОНСТРУКТИВТІ ТЕОРИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ
61
Иманбердиева С. Қ.
КЕЙС ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
62
Ж. Т. Дәулетбекова
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТЕР ЖАСАУДЫҢ
ТАЛАПТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
63
А. Ф. Зейнулина
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕСІ
64
Т. Ермекова
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ӘДІС ПЕН ДІТТЕМНІҢ
МАҢЫЗЫ
65
Енгілік Жұматаева
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ОНЕРІН ӨРКЕНДЕТУ
66
Г. Омарбекова
PROCESSES OF GLOBALIZATION AND GLOKALIZATION IN KAZAKH LANGUAGE
TEACHING
67
М. Құсайынова
ҚАЗАҚ ТАРИХИ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ
68
Zeinep Zhumatayeva
CULTURAL LINGUISTICS IS THE EFFECTIVE METHOD OF TEACHING THE
LANGUAGE AND CULTURE OF THE COUNTRY
69
Ж. Байтелиева
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ ҰҒЫМДАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
70
Б. Ақбұзауова
ҚОСЫМША МАМАНДЫҚ ҚАТАРЫНА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АУДАРМАТАНУ ІСІНІҢ РӨЛІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
71
М. Ибраева
CREATING ONLINE LEARNING ENVIRONMENTS FOR LANGUAGE ACQUISITION
72
Салтанат Иманқұлова
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР, ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
73
С. К. Қасымова
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОО-ДА ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
74
Ә. О. Ыбырайым
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР
75
| 123
М. Х. Шаяхметова
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
76
Б. Т. Кульбаева
СОВРЕМЕННЫЕ ЭЛЕКТИВНЫЕ КУРСЫ В РАМКАХ ПРОФИЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ
77
А. Шенгун
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТІЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
78
Ш. Л. Ерхожина
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТЫҢ ІЗДЕНІСТЕР МЕН ЖАҢА БАҒЫТТАР
79
Б. Б. Динаева
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
80
Ш. Д. Абдиева
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР
81
А. Р. Найманбай
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР
82
З. А. Құламанова
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
83
Ә. С. Мұхтарова
ҚАЗАҚ ТІЛІН ТҰТАС ОЙЛАУ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
84
Р.Ж Абнасырова, К. Т. Әлімжанова
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТАҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
86
К. С. Алдашева
ЖАҢА СӨЗДЕРДІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ МЕҢГЕРУДІҢ
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІДЕРІ
87
А. М. Рахимова
ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ТІЛДІК ТҰРҒЫДАН ЖАҢАША ЗЕРТТЕЛУІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕТІКТЕРІ
88
Г. К. Өтебаева
«ІСКЕРЛІК ҚАЗАҚ ТІЛІ» КУРСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
89
К. Көпеш
«КЕРІ АУДАРЫЛҒАН САБАҚ» – ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ
90
М. Нұркентаева, С. Абжанова, С. Мұсабекова
FAMILY LANGUAGE POLICY IN KAZAKHSTANI FAMILIES
91
Г. К. Мадина
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
92
С. Абжанова, С. Мұсабекова
RESEARCH INTEGRATED TECHING IN LANGUAGE
93
Б. Х. Ақжолова
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ
94
А. А. Букаева
АҚПАРАТТЫҚ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ
САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
95
124 |
МАЗМҰНЫ
Н. В. Лемяскина
WHAT TO TEACH: TOPICS AND SITUATIONS
96
Н. В. Паршукова
LISTENING TO ACCENTS
97
В. В. Власова
HOW TO ENGAGE STUDENTS INTO INTERACTIVE DISCUSSIONS
98
Н. Е. Байсаков
ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ СУРЕТТЕРДІҢ ОРНЫ
99
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН
100
Д. Айтжанова
БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛИНГИСТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
101
Б. Р. Қожахметова
СӨЗ СӨЙЛЕУ ШЕБЕРЛІГІ – ТАБЫС КЕПІЛІ
102
Камила Керимбаева, Нурай Жамишева
FUTURE OF THE KAZAKH LANGUAGE IN THE HANDS OF YOUNG GENERATION
103
Б. Керимкулова
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
104
Айгерім Құсайынқызы
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ ТІЛ ЖАЙЛЫ…
105
Ақерке Камал
ЖАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІ ТҮСІНУ ДЕҢГЕЙІ
106
Ақтөре Мансүров
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН
107
Айткужина Іңкәр, Ғабдолла Азат, Құмарғазы Ұлан Маратбаева Әйгерім, Нұрсадық Меруерт
АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
108
Айдын Тлеубаева, Эльвира Насырова
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ АУДАРМАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР
109
Мұстафа Орынбасар
ЖАСТАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ ВИДЕО ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
110
Жазира Жұмабай
ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ
111
Күнтубек Алдияр, Болат Бекжан
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘРЖІМА МӘСЕЛЕСІ: АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ
МЕКЕМЕЛЕРІ АТАУЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ
112
Жұлдыз Дарынова, Алтынай Смагулова
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚАТЕ ЖАРНАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БОЛДЫРМАУДЫҢ
ШАРАЛАРЫ
113
А. А. Гумаров
ПУТИ РАЗВИТИЯ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В УСЛОВИЯХ ГЛОБАЛИЗАЦИИ
114
Мейрам Жардаев
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАЛАРЫ
115
| 125
Камила Ижанова
ОТАНДЫҚ ФИЛЬМДЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ СТИЛЬДІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
116
Медет Шатаев, Айдын Жамбыл
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
117
Шара Ақат
Ә. БӨКЕЙХАНҰЛЫ АУДАРУЫНДАҒЫ А.П.ЧЕХОВТЫҢ «ХАМЕЛЕОН»
ШЫҒАРМАСЫНА ҒЫЛЫМИ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
118
Ұйымдастыру комитеті:
Қазақ тілі, әдебиет және мәдениет департаменті,
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі,
Назарбаев Университеті.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қ, Қабанбай батыр к-сі, 53,
Блок 8, 2-ші қабат, офис 8228.
Байланыс телефоны:
+8 (7172) 70-61-73; 70-62-67; 70-59-35;
Факс: +8 (7172) 70-60-54.
128 |
МАЗМҰНЫ
Достарыңызбен бөлісу: |