Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектісі



бет14/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

3.4 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектісі

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және арнайы (Кесте 8).


Жалпы объект - сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект - нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтың іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы).
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны - азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу қүқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше субъектілердің мінез-құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.

Әдебиет:
1 Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оқу құралы (альбом-кесте). – Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 108 б.


2 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz


Бақылау сұрақтары:

  1. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастары ұғымы қандай?

  2. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының ерекшеліктері неде?

  3. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының түрлері қандай?

  4. Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік дегеніміз не?

  5. Азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік дегеніміз не?

  6. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектісі қандай?



Есеп 3. Асанов сотқа жарты жыл бұрын ұрланған ұялы телефонын қайтару туралы Иманбаевқа талап арыз қойды. Талапқа қарсылық білдіре отырып, Иманбаев ұялы телефон Армановтан сатып алынғанын, ал Арманов ұялы телефонды Михайловтан сатып алғанын айтты.
Іс жүргізуге кім қатысады? Әрбір қатысушының процессуалдық жағдайын анықтаңыздар.
Есеп 4. Дәулетбекова сотқа берген арызында жауапкер Дәулетбековпен некеде тұратынын, үш баласы барын көрсеткен. Жұмыс орны бойынша есеп бөлімі бірінші некеден туған қызына табысының ¼ бөлігін алимент ретінде ұстап қалады және Байбатыроваға қызын асырауға жіберіп отырады, қалған бөлігін Дәулетбеков өзі алып қояды. Қалған ақшаға үш баласын асырап-бағу мүмкін емес болғандықтан Дәулетбекова жауапкерден алимент өндіруді сұраған. Талап арызына қажетті құжаттар тркелген. Сот істі тыңдауға тағайындаған және сот отырысына тараптарды, куә ретінде Байбатырованы шақырту туралы соттың кеңсесіне нұсқау берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет