Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет17/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
4.3 Процессуалдық іске ортақ қатысудың ұғымы, мақсаты, негіздері және түрлері. Тиісті емес тараптар.

Іс жүргізуге тең (ортақ) қатысушылық – бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалардың қатысуы.


ҚР АПК-нің 49-бабында: «Бірнеше талап қоюшы бірлесіп бір немесе бірнеше жауапкерге талап қою беруі мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес әрекет етеді. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне сенімхат негізінде тапсыра алады [2].
Егер:
1) бірнеше талап қоюшының немесе бірнеше жауапкердің ортақ құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса;
2) бірнеше талап қоюшының немесе бірнеше жауапкердің құқықтары мен міндеттерінің негізі бір болса;
3) бірнеше талап қоюшының немесе бірнеше жауапкердің біртекті (ұқсас) құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса, іске бірнеше талап қоюшының немесе
жауапкердің қатысуына жол беріледі»
Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:
1 - процессуалдық-құқықтық мағынада.
2 - материалдық-құқықтық мағынада (Кесте 12).
Процессуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:
1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 3 талап қоюшы мен 1 жауапкердің қатысуы;
2-ші түрі – бәсең қатысуы – сотта жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 1 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы;
3-ші түрі – аралас бірігіп қатысуы – бірден сотта талап қоюшы мен жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы, 3 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы.
Материалдық-құқықтық мағынады 2 түрде қарастырылуы мүмкін:
1-ші түрі – қажетті (міндетті) – заң бойынша іске барлық қатысушылардың (талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы, ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу;
2-ші түрі факультативті (міндетті емес) – бірігіп қатысуын міндетті түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы (АПК-нің 171-бабы 2-бөлігі). Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптардың қатысатын біртектес, не бір талап қоюшылардың бір жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін біп іске біріктіруге құқылы (АПК-нің 171-бабы 3-бөлігі).
Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі сотта өкіл бола алады (АПК-нің 58-бабы).
Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар.
Тиісті тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары бойынша даулы құқық қатынасының субьектісі болуы мүмкін деген болжау.
Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушысы емес, яғни даулы құқық қатынасының субьектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған тарап (Кесте 13).
Тиісті тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы мүмкін. Тиісті емес тарап – азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі бар тұлға. Ол тараптың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болады, яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондықтан сот тиісті емес талап қоюшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан бас тартуға болмайды.
Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін:
1) сотпен - өз ықыласы бойынша (ҚР АПК-нің 170-бабы 3-бөлігі).
2) талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АПК-нің 50-бабы 1-бөлігі).
Барлық жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек (ҚР АПК-нің 50-бабы 2-бөлігі), ал тиісті емес жауапкердің тиістімен орын ауыстыруда келісімнің қажеті жоқ.
Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.
Тиісті емес тарапты тиістімен орын ауыстырған жағдайда сот сәйкесті ұйғарымын шығарады.
Тиісті емес жауапкерді тиіті жауапкермен орын ауыстыру оның екі жолы болады:
1) талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім берсе;
2) талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім бермесе.
Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды. Бұған қоса азаматтық процесте керісінше болуы мүмкін, яғни тиісті емес талап қоюшы. Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондықтан мұнда тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды.
Сот азаматтық процесте тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет