Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет30/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
1. Талапкер А-ның талабын негіздейтін дәлелдеу пәнін анықтаңыздар
2. Талап қоюды немесе талапқа қарсылықты негіздейтін мән- жайлардың бар болуын немесе жоқ болуын әрбір тарап қандай дәлелдемелермен растай алады?
3. Егер тарап сот талап еткен дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұрау салуы бойынша сот белгілеген мерзімде ұсынбаса, онда сот қандай қорытындыға келеді?
4. Жауапкер табыстамаған ауысымдық есепте, кран журналында тіркелген мәліметтерді жауапкердің мүддесіне қарсы бағытталған деп сот есептей алады ма?
5. Бұл жағдайда куәлардың айғақтары қандай маңызға ие?
6. Талапкермен табысталған ауысымдық есепті талапты негіздейтін анық дәлелдеме ретінде сот тани алады ма?
7. Талапкердің қандай талаптары қанағаттандыруға жатады?
Тізіп беріңіздер.


7. Талап және талап қою
7.1 Талап қою ісінің ұғымы
7.2 Талаптың ұғымы, оның түрлері және элементтері
7.3 Талапқа құқық және талап қоюға құқық
7.4 Жауапкердің мүдделерін қорғау. Талапқа қарсылық білдіру


7.1 Талап қою ісінің ұғымы

Талап қою бойынша іс жүргізу - талап қою арқылы қозғалатын, соттың бұзылған, сол сияқты дауланған құқық немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау бойынша қызметін реттейтін процессуалдық тәртіп (ҚР АПК 148-162 баптары). Талап қою арқылы іс жүргізу сот ісін жүргізудің ең негізгі нысаны. Азаматтық істердің басым көпшілігі құқық туралы даудан туындайды, ал оларды сотта шешу тәртібі талап арызын беріп, талап қою бойынша іс жүргізуді қозғаудан басталады (Кесте 25).


ҚР АПК 150 бабына сәйкес судья талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.
Талап қою арызын бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдап, судья сот ісін жүргізу тілін көрсетумен бірге азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
ҚР АПК 151 бабына сәйкес талап қою арызын қабылдаудан бас тарту келесі жағдайларда болуы мүмкін:
1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі шығарылған дау бойынша, осы Кодексте көзделген негіздермен іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот ұйғарымы болса;
3) төреліктің нақ сол тараптар арасындағы нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі дау бойынша қабылданған шешімі болса және бұл туралы сотқа белгілі болса, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартады.
Судья талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымды ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарады, ол талап қоюға қоса берілген барлық құжаттармен бірге арыз берушіге табыс етіледі немесе жіберіледі.
Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту талап қоюшының нақ сол жауапкерге нақ сол нысана және нақ сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.
Егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, соттың талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымында талап қоюшыға қай органға жүгінгені дұрыс болатыны көрсетіледі. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет