Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Процестік мерзімдердің ұғымы және мәнісі, түрлері



бет8/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

2.2 Процестік мерзімдердің ұғымы және мәнісі, түрлері

Процестік мерзімдері - бұл талап (талап арыз, арыз, шағым) бойынша азаматтың істерді қозғау, қарау мен шешу (шешім шығару), оларды (апелляциялық қадағалау және жаңадан аныңталған мән-жайлар бойынша) қайта қарау тәртібін ҚР азаматтық процесстік Кодексімен белгіленген мерзімдер.


Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімдер ішінде жасалуға тиіс. Бұл әрекеттер соттың азаматтық істерді қарауынан, соттың және азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың әр түрлі әрекеттерінен тұрады.
АПК немесе сот белгілеген уақыт ішінде қандай да бір іс жүргізу әрекеттері жасалуы мүмкін немесе жасалуы тиіс, ең алдымен, азаматтық істерді дұрыс және уақтылы қарауға және шешуге бағытталуы тиіс [1].
Аса маңызды іс жүргізу әрекеттерін жасау мерзімдері АПК-де белгіленген. Мысалы, сот бұйрығын шығару мерзімі (139-бап), азаматтық істерді қарау және шешу мерзімдері (183-бап), сот отырысының хаттамасын жасау мерзімі (283-баптың төртінші бөлігі), сот отырысының хаттамасына ескертулер келтіру мерзімі (284-бап), азаматтардың мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтінішпен сотқа жүгіну мерзімі (294-бап), апелляциялық шағымды, наразылықты беру (436-бап) және басқалар.
Іс жүргізу мерзімдерін белгіленуі сотта азаматтық істердің тез және дұрыс қаралуына көмектеседі. Іс жүргізу мерзімдері туралы жалпы мәліметтер ҚР АПК-і 121-126-баптармен қарастырылған [2]. Іс жүргізу мерзімдерін жаратылысы бойынша екі нысанға бөлуге болады:
1) заңмен белгіленген мерзімдер;
2) сотпен белгіленген мерзімдер (Кесте 5).
Жоғарыда аталған іс жүргізу мерзімдер түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы мынада:
- заңмен белгіленген іс жүргізу мерзімі сотқа және басқа да азаматтық іске қатысушыларға міндетті;
- заңмен белгіленген іс жүргізу мерзімін сот және тараптар, іске қатысушылар өзара келісімдері бойынша өзгерте алмайды;
- сотпен белгіленген іс жүргізу мерзімі азаматтық іске қатысушыларға байланысты тек сотпен бекітіледі;
- сотпен белгіленген іс жүргізу мерзімі соттың өзімен керек болған жағдайда өзгертілуі мүмкін және іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбесе, оны сот тағайындайды (ҚР АПК 121 бабының 2-бөлігі).
ҚР АПК 122 бабына сәйкес процестік әрекеттер жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіле отырып, дәл күнтізбелік күнмен айқындалады немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен айқындалады. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезең ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен айқындалатын процестік мерзімнің ағымы оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.
ҚР АПК 123 бабына сәйкес процестік мерзімдердің аяқталуы анықталған. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді.
Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы тиісті айында бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.
Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келген жағдайда жылдармен, айлармен және күндермен есептелетін мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
Жасалуына мерзім белгіленген процестік әрекет мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін поштаға, телеграфқа тапсырылса немесе өзге де байланыс құралдары арқылы берілсе, онда мерзім өткізіп алған болып есептелмейді.
Егер процестік әрекет тікелей сотта жасалуға тиіс болса, онда мерзім сотта белгіленген ішкі тәртіптеме қағидалары бойынша жұмыс аяқталатын сағатта бітеді. Осы бапта көзделген процестік мерзімдерді есептеу тәртібі сотқа берілетін электрондық құжаттарға да қолданылады.
ҚР АПК 124 бабына сәйкес процестік мерзімді өткізіп алудың салдарлары белгіленген. Процестік әрекеттерді жасау құқығы осы Кодексте белгіленген немесе сот тағайындаған процестік мерзімнің аяқталуымен жойылады.
Процестік мерзімдер аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы мәлімделмесе, сот оларды берген адамға қараусыз кері қайтарады. Процестік мерзімнің өтуі іске қатысатын адамды процестік міндеттерін орындаудан босатпайды.
ҚР АПК 125 бабына сәйкес іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұрумен бірге барлық өтпеген процестік мерзімдердің жүруі тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодексте көзделген негіздер бойынша тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған күннен басталады.
Сот іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап процестік мерзімдердің жүруі жалғасады.
ҚР АПК 126 бабына сәйкес процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру анықталған (Кесте 6)
Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады.
Егер осы Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.
Сот өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін процеске қатысушының мүмкіндігін шектейтін заңды не сот актілерін сот бұзған жағдайда (іске қатысатын адамға сот актісінің көшірмелерін уақтылы жібермеуі; егер сот актісі адам білетін тілге аударылмаса, сот ісін жүргізу тілін білмеуі; құқық мирасқорлығын дұрыс ресімдемеуі), сондай-ақ оған уақытында шағым жасауға немесе наразылық білдіруге кедергі болған өзге де мән-жайлар болған кезде сот актілеріне шағым жасау, наразылық келтіру үшін осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруге міндетті.
Өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арыз арыз иесіне өзінің құқықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған күннен бастап бір айдан кешіктірмей процестік әрекеттер жасалуға тиісті сотқа беріледі. Арыздың қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысатын адамдар хабарландырылады, алайда олардың кез келгенінің келмеуі арыздың қаралуына кедергі келтірмейді.
Мерзімді қалпына келтіру туралы арыз берумен бір мезгілде құқықтарды қорғау туралы талап берілуге, мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін растайтын құжат ұсынылуға тиіс.
Соттың өткізіп алған процестік мерзімді ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
Соттың процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет