Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Азаматтық іс жүргізудегі сот шығыстарының ұғымы және құрамы



бет9/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

2.3 Азаматтық іс жүргізудегі сот шығыстарының ұғымы және құрамы

Мемлекеттік баж ұғымын Салық кодексінің 532 бабы ашуға мүмкіндік береді. Осы баптың ережесіне сәйкес Мемлекеттiк баж – мемлекеттiк уәкiлетті органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем. [3].


Сот шығыстары іс бойынша іс жүргізуге байланысты мемлекеттік баж бен шығындардан тұрады (ҚР АПК 102 бабы) (Кесте 7).
ҚР АПК 103 бабына сәйкес мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату негіздері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.
Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу төлем құжаттарымен немесе кассалық құжаттармен, ал төлемдерді банкоматтар, электрондық терминалдар, қашықтықтан байланысу және «электрондық үкімет» төлем шлюзі арналары арқылы төлеген кезде қағаз жеткізгіштерде немесе электрондық түрде чектермен және түбіртектермен расталуға тиіс.
ҚР АПК 104 бабына сәйкес талап қою бағасы:
1) ақшаны өндіріп алу туралы талап қоюларда - өндіріп алу талап етілген сомамен;
2) абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моралдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талап қоюларда - өндіріп алу талап етілген сомамен;
3) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдар сомасын өндіріп алу туралы талап қоюларда - өндіріп алу талап етілген сомамен;
4) ортақ немесе үлестік меншік болып табылатын мүлікті бөлу туралы, ортақ меншік болып табылатын мүліктегі үлесті айқындау не бөлу туралы талап қоюларда - талап қою берілген кезде мүліктің орналасқан жерінде қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша айқындалатын талап етілетін мүліктің құнымен;
5) алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларда - бір жыл ішіндегі төлемдердің жиынтығымен;
6) мерзімді жедел төлемдер мен оларды беру туралы талап қоюларда - барлық төлемдер мен берулердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
7) мерзімсіз немесе өмір бойы төлемдер мен берулер туралы талап қоюларда - төлемдер мен берулердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
8) төлемдерді немесе берулерді азайту немесе көбейту туралы талап қоюларда - арыз беруші азайтуға немесе көбейтуге үміт артатын, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімдегі жалпы сомамен;
9) төлемдер мен берулерді тоқтату туралы талап қоюларда - қалған төлемдердің немесе берулердің, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
10) тұрғынжайды жалдауды қоспағанда, мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларда - шарттың (келісімшарттың) қолданысының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
11) жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы туралы талап қоюларда – осындай объектілердің талап қою берілген күні орналасқан жерлеріндегі нарықтық құнымен;
12) жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті бөтеннің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап қоюларда - ізделінетін мүліктің нарықтық құнымен, бірақ азамат жасасқан сақтандыру шарты бойынша бағалануынан төмен емес және сотқа талап қою берілген күнінде заңды тұлғаға тиесілі мүліктің теңгерімдік құнынан төмен емес нарықтық құнымен;
13) жылжымайтын және жылжитын мүлікті сатып алу-сату, кепіл, сыйға тарту шарттарын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 157-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мәмілелер бойынша барлық алынған мүлікті кейіннен қайтаруға байланысты өзге де шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюларда - мүліктің сотқа талап қою берілген күнгі нарықтық құнымен айқындалады. Кепіл туралы шартқа дау айту кезінде талап қою бағасы шартта көрсетілген мүлік құнынан аспауға тиіс;
14) бірнеше дербес талаптардан тұратын талап қоюларда - барлық талаптардың жалпы сомасымен айқындалады.
Талап қою бағасын талап қоюшы көрсетеді. Көрсетілген баға ізделінетін мүліктің нақты құнының бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын судья айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет