Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет7/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
1. Сот ісін жүргізу тілі қағидасына сипаттама беріңіз: оның мәнісі, мағынасы, азаматтық сот ісін жүргізудің басқа да қағидалары жүйесінде алатын орны.
2. ҚР АПК-нің сот ісін жүргізу тілі қағидасын тиісінше іске асырудың заңдық кепілдіктері, мазмұны, іске асыру тетігі бекітілген баптарға талдау жүргізіңіздер.
3. Бірінші сатыдағы сотпен қандай қателіктер жіберілген?
4. Сот жіберілген қателіктерді қалай жоюға болады?
5. Апелляциялық сатыдағы соттың әрекеттеріне баға беріңіздер.


2 Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу
2.1 Азаматтық сот ісін жүргізудің ұғымы. Азаматтық іс жүргізу сатылары
2.2 Процестік мерзімдердің ұғымы және мәнісі, түрлері
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі сот шығыстарының ұғымы және құрамы
2.4 Азаматтық-құқықтық дауларды реттеудің балама тәсілдері


2.1 Азаматтық сот ісін жүргізудің ұғымы. Азаматтық іс жүргізу сатылары


Азаматтық сот ісін жүргізу – азаматтық істі қарап, шешу барысында пайда болатын соттың және басқа да қатысушы субъектілердің іс жүргізушілік әрекеттерінің жиынтығы (Кесте 1)
Азаматтық іс жүргізу сатылары - бір-біріне жақын іс жүргізушілік мақсаттардың біріктілігін сипаттайтын, біртұтас азаматтық сот ісін жүргізудің құрамдас бөліктері. Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады (Кесте 4):
1 - Іс қозғау сатысы.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды:
1) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы бойынша;
2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол тиісті ұйғарым шығарады.
2 - Істі сот талқылауына дайындау сатысы. Азаматтық істерді қарағанда әзірлік жүргізеді, оның мақсаты – істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды:
1) талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені шешеді;
4) іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ баларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.
5) Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қарастыру мәселесін шешеді.
6) Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
3 - Сотта іс қарау сатысы. Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.
4 - Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс). Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады (ҚР АПК 403 бабы). Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа үш судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.
5 - Сот актілерін орындау сатысы. Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай).
6 - Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады. Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады:
1) іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;
2) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;
3) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері;
4) сот шешімін шығаруға негіз болған басқа орган қаулысының бұзылуы.
Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АПК-нің 55 тарауында көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет