Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары



бет5/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1.6 Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары

«Принцип» (қағидат) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді білдіреді. Принциптер - орталық ұғым, азаматтық іс жүргізу құқығынын мәнін, сипатын және негізгі ерекшіліктерін көрсететін іс жүргізу зандарының барлық жүйесінің бастауы.


Тарихи принциптер қазіргі қоғамдағы сот, әділсот қандай болуы керек деген ұғым, идея ретіндегі құқыктың тиісті саласына қарағанда ерте пайда болады. Принциптерді жіктеу дегеніміз олардың кұрамын азаматтық процестің принпиптерін жіктеу негізі деп аталатын қандай да бір белгілері бойынша жеке топтарға бөлу. Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері мазмұны мен таратылу саласына қарай (жалпы кұқықтық, саларалык, салалық принциптер және жеке құқықтық институттардың принциптері) деп бөлінеді.
Жалпы құқықтық принциптер - бұл құқықтың барлық салаларына, соның ішінде азаматтық іс жүргізу құқығына тән принціптер. Оларға демократизм, парасаттылық және зандылық жатады.
Салааралық принциптер - бұл азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және құқықтың өзге де салаларының принциптері. Оларға әділсотты тек соттың жүзеге асыруы, заң мен сот алдында барлық азаматтардың тендігі, соттардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға бағыныштылығы, істерді қараудағы алқалық (коллегиялық), іс жүргізудегі ұлттық тіл, жариялылық, нақты шындық, жұртшылықтың қатысу принциптері жатады.
Салалық принциптері - бұл тек азаматтык іс жүргізу құқығына диспозитивтік, тартыстық, тараптардың іс жүргізудегі теңдігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының салалық принциптері азаматтық істерді қарау мен шешу, сот шешімдерін қайта қараудағы, сондай-ақ сот немесе орындау процесі кезіндегі өзге де каулыларды орындау кезіндегі коғамдық қарым-қатынастарды реттейтін құқық нормаларында бекітілген (Кесте 2,3).
Жеке құқық институттарының принциптері - бұл мысалы, тек азаматтық істерді сотта талкылау институтгарына ғана тән іс жүргізу принциптері (өзінділік, ауызшалық).
Әдебиетте принциптерді ұйымдастырушы-функционалдық және функционалдық деп екіге бөлу қабылданған.
Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық қағидалары: сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы; судьялардың ауыстырылмайтындығы, тағайындалуы және сайлануы; судьялардың тәуелсіздігі және тек заңға бағынуы; азаматтық істерді жеке дара және алқалы құрамда қарау; азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі; тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу; сот талқылауының жариялылығы; сот ісін жүргізу тілі.
Азаматтық іс жүргізу құқығының қызметтік (функционалдық) қағидалары: диспозитивтілік; сайысушылық (жарыспалылық); тараптардың тең құқылы болуы; сот талқылауының ауызша және тікелей жүргізілуі; үзіліссіздік.
Принциптердің осы екі тобы бір-бірімен өзара тығыз байланысты және көбінесе бір принцип ұйымдастырушы-функционалдық, функционалды ретінде де бола алады. Принциптердің екі топқа бөлінуі кейбір деңгейде шартты болып келеді.
Азаматтық процесс принциптерінің қатарына заң (ҚР АПК 2-тарауы) мыналарды жатқызады:
- заңдылық;
- әділсотты тек сот жүзеге асырады;
- тұлғаның құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін сот жүзінде қорғду;
- тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін кұрметтеу;
- жеке өмірге қол сұқпаушылық. Хат жазу, телефон аркылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарламалар құпиясы;
- жеке меншікке кол сұқпаушылық;
- соттардын тәуелсіздігі;
- барлығының сот пен заң алдында теңдігі;
- тараптардың жарыспалығы мен тен құқықтылығы;
- ішкі сенім бойынша дәлелдемелерге баға беру;
- куәгерлік жауап беру міндетінен босату;
- мамандандырылған занды көмек алу құқығымен қамтамасыз ету;
- сот талқылауынын жариялылығы;
- сот талқылауы барысында қауіпсіздікпен қамтамасыз ету;
- сот актілерінін міндеттілігі;
- іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерге шағымдану бостандығы [1].

Әдебиет:
1 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет