Мектепке дейінгі кезеңде баланы тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері Тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелеу процесінің көзделген нәтижелері мен сапасын бағалау критерийлерін анықтайды. Олар процеске динамика мен бағдар береді.Тәрбиелеу мақсаттары, О. П. Морозова көрсеткендей, әртүрлі негіз бойынша жіктелуі мүмкін:
• мақсаттың масштабына қарай - стратегиялық (глобалдық), тактикалық, стратегиялық, локалдық түрде;
• нақтылық дәрежесіне қарай – нақтылы, жақын, тікелей;
• уақытша негізіне қарай – қашық, жақын, тікелей;
• мазмұнына қарай – физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік- адамгершілік, эстетикалық тәрбие мақсаттары;
• тұлғаға ықпал ету сипатына қарай – дидактикалық (оқытушылық), тәрбиелік, дамытушылық, түзетушілік.
Тәрбиелеу мақсаттары мемлекеттік заңнамамен заңдастырылған мемлекеттік жалпыға білім беру міндетті стандарттарымен тығыз бай- ланысты. Педагогикалық мақсаттар ҚР «Білім туралы» Заңы арқылы өтеді, бала құқығы туралы Конвенциямен, бала құқығы туралы Заңмен анықталады. Мектепке дейін білім беру мақсаттары мектепке дейінгі Тұжырымдамада көрсетілген. Бұл нормативтік құжаттарда мектепке дейін тәрбие берудің жалпыланған (глобалды, идеалды) мақсаттары белгіленген және диагностикалау көрінісін береді.«Білім туралы» Заңда мектепке дейінгі білім берудің мақсаты мек- теп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу, денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жеке қабілеттерін дамыту, дамуындағы кемшіліктерін түзету.
Мектепке дейін тәрбие беру тұжырымдамасы заңнамалармен үндес. Онда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаты мына төмендегілерді көздейтін баланы жан-жақты үйлесімді дамыту деп қарастырады:
• денсаулығын сақтау және нығайту;
• толыққанды дене дамуын қамтамасыз ету;
• жан-жақты психикалық дамыту және бала тұлғасын
қалыптастыру.
Сонымен, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мақсаты
тұлғаның, оның әрекетінің жан-жақты үйлесімді дамуына негізделеді. Өз кезегінде «жан-жақты тәрбиелеу және дамыту» термині көптеген диагностикалауға жататын ішкі мақсаттарды көздейді. Тәрбиелеу процесі басқару процесі ретінде физикалық, интеллектуалдық, психикалық, адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік дамытуды, еңбекке дайындықты, білім беру субъектісінің экологиялық, жыныстық, құқықтық, экономикалық мәдениетін дамытуды біріктіреді. «Үйлесімді» ұғымы тұлғаның жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келісілген, сабақтас, бірқалыпты дамуын білдіреді.
Шын мәнінде осылай қойылған мақсат адамның табиғи мүмкіндіктерін құрайтын тұқымқуалау белгілерінің барынша толық ашылуын көздейді.
Тәрбиедегі үйлесімділік және жан-жақтылық идеясы тарихи тұрғыда жаңа емес. Шығыста ол VIII-IX ғғ. (Аль-Фараби, Ибн-Сина және т.б.), қайта өрлеу дәуірінде пайда болды, кейін ХVIII ғ. фран- цуз ағартушылары өз еңбектерінде қарастырған. Ресейде мұндай мақсат қою революционер-демократтардың аттарымен байланы- сты, кейіннен оны заңдастырылған негізде КСРО (Қазақ кеңестік социалистік Республикасы) енгізді. Бұл мақсат ЮНЕСКО-ның көптеген халықаралық декларацияларына енді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсаты мақсатқа жету траекториясын көрсететін міндеттерде нақтыланады. Метепке дейінгі тәрбие беру міндеттері мазмұнына қарай – физикалық тәрбие, ақыл-ой, әлеуметтік-адамгершілік, эстетикалық, еңбек, экологиялық, жыныстық тәрбие болып жіктеледі. Осы міндеттерді ашып көрсетейік.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу міндеттері:
Дене тәрбиесі міндеттері – денсаулықты сақтау және нығайту, дамып келе жатқан организмді жетілдіру, қозғаушы біліктері мен дағдыларын, денелік сапаларын, мәдени-гигиеналық дағдыларын, дене тәрбиесі мен саналы өмір салтына тұрақты оң эмоционалдық көзқарас қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері – тілін, ойлау түрлерін дамыту, көрнекті-бейнеліден логикалық ойлауға көшу, дүниетанымын қалыптастыру, сенсорлық эталонды, заттар- мен жұмыс жасаудың перцептивті (тексеруші) амалдарын меңгеру, күнделікті өмірде эталондарды пайдалану білігін қалыптастыру, ой әректі мен ойлау амалдарын дамыту.
Әлеуметтік-адамгершілік тәрбиенің міндеттері – адамгершілік қасиеттерін, үлкен адамдармен және балалармен өзара қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту; сезімі мен істеген амалдарын үйлесімде көрсете білу және басқару; тәртіп мәдениетін тәрбиелеу, адамгершілік, сана (талдау және бағалау) қалыптастыру; әлеуметтік тұрғыда негізделген адамгершілік нормаларын меңгеру, басқа адамдарға, өмірге оң эмоционалдық қатынас орнату.
Эстетикалық тәрбие – әдемілікті сезіну, әлемге эстетикалық тұрғыда қарау, көркемдік жағынан дамыту, өмірде, өнерде әдемілікті бағалай білу және өзі де соны жасай алу білігін қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері – қызмет көрсету білігі мен дағдыларын қалыптастыру, айналасындағы жақын адамдарына қамқорлық жасай білу, қарапайым еңбек амалдарын орындай алу, бірігіп еңбек ету білігі, басқалардың еңбегіне оң эмоционалдық көзқараспен қарау, кәсіби еңбек мамандықтары туралы білімді меңгеру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетінің міндеттері – адамның ақылына байланысты болатын табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыру; табиғат субъектілеріне көмек беруге дайындық (қоректендіру, отырғызу және т.б.), табиғатқа оң көзқарас қалыптастыру, экологиялық дүниетаным негіздерін білу.
Мектеп жасына дейінгі баланы жыныстық тәрбиелеудің міндеттері – жыныстық тәртіп негіздерін қалау, дұрыс жыныстық идентификацияға ықпал ететіндей орта ұйымдастыру; баланың өзінің жынысымен байланысты тәрбие түрін қалыптастыру; басқа жынысқа оң көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
Балаларды мектепте оқуға дайындаудың міндеттері – метептегі оқуға балалардың жалпы және арнайы дайындығын қалыптастыру. Ол үшін жоғарыда аталған міндеттерді шешу және балаларды мектеп пәндерін оқып меңгеруге және мектепке мотивациялық, әлеуметтік, тұлғалық, интеллектуалдық, физикалық тұрғыда дайындау арнайы педагогикалық жұмыстар жүргізу. [6]
Жоғарыда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі міндеттері қарастырылды. Оларды іске асыру педагогикалық практи- када мақсатты орындауға - мектеп жасына дейінгі баланы үйлесімді дамытуға бағытталады. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие берудің мазмұнына сол сияқты құқықтық сана негіздерімен, экономикалық тәрбие бастамаларымен таныстыру да кіреді. Бала өмірінің әртүрлі аясы (отбасында және білім беру мекемелерінде, әлеуметтік орталықтарда, бір-бірімен өзара қарым-қатынаста) оның жан-жақты дамуына стихиялық және бағытты мақсатты түрде әсер етеді. Эстетикалық тәрбие методикасының негізіне бала мен педагогтың баладағы көркем құндылықты қабылдауға, өнімді іс-әрекетке деген творчестволық қабілеттерді, әлеуметтік, табиғи, затты ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады
Өмір құбылыстарын эстетикалық қабылдау әрқашан да дара әрі таңдамалы. Оныің негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзінде сәбидің бастан кешіргені қуанышының, талпынысының, толғануының маңызы зор.