Қ азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Мектепке дейінгі педагогика



бет3/8
Дата03.05.2023
өлшемі82,7 Kb.
#89426
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Баяндама

Мектепке дейінгі педагогика
Мектепке дейінгі педагогика - жалпы педагогиканың бір саласы. Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту туралы және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Ол мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесіндегі ғылыми негізделген теорияны зерттейді. Бұл кезеңде бала организмінің дамуы тез, үдемелі болғанымен, әлсіз де нәзік, кінәмшіл келеді.Алайда бала осы шақта қимылды, ойлауды, сөйлеуді менгереді. Бұл кездегі бала тәрбие мен қоғамның, ортаның ықпалын қабылдағыш, тез әсерленгіш, ми қатпарлары шартты байланыстардың шапшаң құрылуына байланысты болады да, бұл шартты байланыстар тұрақты келеді. Осы кезеңде қабылдағаны баланың бүкіл өміріне, сана сезіміне, міңез-құлқына ерекше әсер етеді. Ол өмірден алғашқы тәжірибелер жинақтайды, сана-сезімі, адамдармен қарым- қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауышта оқыту мекемелерінің арасындағы білім беру кызметінің мазмұнымен сабақтастығын ғылыми негіздеу;
- жас ерекшеліктеріне карай балалардьң отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда жан-жақты және толық дамуын камтамасыз ету үшін балалармен жұмыс істеудің мазмұнын, әдістерін және технологиясын анықтау;
- ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды окыту мен тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамалары мен технологияларын әзірлеу;
- әртурлі топтардағы мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруде вариативті білім бағдарламаларын колданудың технологияларын және әдістерін ғылыми негіздеу;
- оң нәтижелерді тәжірибеге енгізу үшін педагогикалық қызмпеттің тәжірибесін зерттеу жэне жинактау. [4]
Мектепке дейінгі тәрбие
Тәрбие- жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік – білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет-әрекетін жемісті ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады. Мектепке дейінгі шақта баланың дамуы мен тәрбиесі туралы айтқанда, ең алдымен, адамнын. жеке басынын, жалпы дамуына, тәрбиесіне тоқталамыз. Қоғамда өмір сүретін, сол қоғамнын мүшесі, қоғамда атқаратын рөлі, орны, белгілі құқығы бар накты адамды — жеке адам деп түсінеміз. Жеке адамнын белгілі дәрежеде рухани, денесі және психикасы жағынан дамыған тұлғасы, белгілі көзқарасы, өзгелермен қарым-катынасы, өзіндік талап-тілегі, белсенділігі т. б. моральдық касиеттері болады. Бұлардын бәрі даму, тәрбие аркылы бірте-бірте қалыптасады. Ал қалыптасу дегеніміз адамның, жеке басының дамуы мен тәрбиенің нәтпжесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Адам қасиеттерінің дамуы сәбилік шақтан басталып, мектепке дейінгі, мектеп шағында да, есейген шақта да жетіле береді. Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын ғалымдар «ұлы бастаулар уақыты» деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педагогтар және баланың өзі қадағалап, реттей алады. Әрбір солдаттың дорбасында- маршалл аса таяғы, тек бір ғана шарт бойынша, егер ол «аса таяқты» «солдаттың» жастық шағында ата-ана, мұғалімдер, көршілер, бір сөзбен айтқанда, баланың, жасөспірімнің, жастардың тәрбиесіне қатысы бар адамдар араласса.(В.Чурбанов) Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және енбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық-әлеуметтік орта және тұкым куалаушылық сияқты негізгі факторлардьщ бәрі пайдаланылады.
Балалар өзін қоршаған ортаны, дүниені ересек адамдардың басшылығымен танып біледі. Тәрбиелеу мен үйрету процесінде адамзат қоғамының дамуы барысында жинақталған рухани байлықты мецгеруі балалардың кабілетінің, дамуыныц, сана-сезімінің, ерік-қайратының, мінез-құлқының, тәртібінің қалыптасуының қажетті және негізгі шарты болып табылады. Тәрбиеде балалардың іс-әрекетін басқарудың, ұйымдастырудыц маңызы зор. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие — адам калыптасуының алғақы баспалдағы. Осы кезде игерген баланың рухани байлығы өмір бойына із калдырып, оның дұрыс дамуына негіз болады. Сол себептен де мемлекет алғашқы күндерден бастап мектепке дейінгі тәрбие моселесіие ұқыптылықпен қамқорлық жасап келеді. Іс-әрекет процесінде балалар заттардың жеке қасиеттерімен танысады, құрбы-құрдастарымен араласады, өмірлік тәжірибе жинақтайды. Сөйтіп, тәрбие беру мақсаты – адам тұлғасының қалыптасуына бағытталған қызметтің күтілетін нәтижесі. Мақсат осындай әрекеттің мотиві болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде мінсіз мақсатқа бағыт алу аса қажет. Ғылым бүгінгі күні адам қандай «қасиетімен» жерге келген, қай салада ол біршама табысты және өзін көрсете алады деген сауалдарға әлі жауап бере алмайды. Біреуін тежеп, басқасын (ересек таңдаған) дамыта отырып, қателіктер жібермеу үшін, бала өзін түрлі бағыттарда сынап көретін жағдайларды жасау қажет.
Ересектің міндеті – баланың дамуын мұқият бақылай отырып, осы балаға тән және құнды болып табылатын, оның маңайында тұлға үйлесімділігі қалықтайтын негіз бола алатын бүршектерді өткізіп алмау керек. Осы үдерістің құрамдас бөлшегі болып көркемдік білім саналады – өнертанымдық білімді, іскерліктерді, дағдыларды меңгеру үдерісі, көркем шығармашылыққа қабілетін дамыту. [5]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет