Қ азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет8/8
Дата03.05.2023
өлшемі82,7 Kb.
#89426
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Баяндама

ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем шығармалармен танысқан сайын, олар арқылы балаға тәрбие беру, шығармадағы жақсылықты бала бойына дарыту – әрбір педагогтің міндеті. Әл - Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы»,- деген сөзі мына бізді, болашақ педагогтерді бей-жай қалдырмады. Себебі, балабақшадағы әр бүлдіршін, әртүрлі отбасынан, әртүрлі тәрбие алған, олардың бойында жақсы да, жаман да қылықтары бар, ал осы жағымсыз қылықтарының олардың қасиеттеріне айналуына, жалпы даму психологиясына кері әсерін тигізетін келеңсіз жағдайларға қарсы тәрбиені көркем шығармадағы жағымды кейіпкерлердің іс – әрекеттері арқылы жеткізуге болады.
Бүгінде мына біз, ұстаз деген ұлы мамандықтың тұтқасын ұстап, балаларға «жаман мен жақсыны» ара-жігін ажырата білуді, оларға үлкендер тарапынан берілген бағаны түсінуді, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуді мақсат етіп отырмыз. Адамды жаксы ететін де, жаман ететін де - тәрбие. Сондықтан, балаларды өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттілігі, бірінші орынға қою керек деп білеміз. Тәрбие - ана сүті арқылы қанға сіңіп, санаға дариды. Ұлттық рухта тәрбие алмаған, тілін, дінін, ойынын, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа Отанды қорғауға сенім арту, болшақтың тізгінін ұстату қиын. Балаға тәрбиенің дәні балабақшада себіліп, негізіне жол ашылады. Сол себепті, балаға бесігінен бастап дұрыс тәрбие дәнегін сеуіп, оны дұрыс, күтіп, баптай білсек, баланың тұғыры биік тұлға болып қалыптасары анық.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. С.Н.Жиенбаева, Р.К.Бeкмaғaмбeтoвa, А.Ж.Сыздықбаева, Ә.И.Бөлшекбаева «Мектепке дейінгі педагогика» // Альманах - 2018. – 41-49 б.

  2. Ә.Меңжанова, Г.Исмағұлова, Е.Дайрабаев «Мектепке дейінгі педагогика» // Алматы-Мектеп 1982ж

  3. С.Н.Жиенбаева, Р.К.Бeкмaғaмбeтoвa, А.Ж.Сыздықбаева, Ә.И.Бөлшекбаева «Мектепке дейінгі педагогика» // Альманах - 2018. – 51 б.

  4. Н.А.Ветлугина «Балабақшадағы эстетикалық тәрбие» // Алматы-Мектеп 1983

  5. Мұқанова Б.Ы., Төлеубекова Р.К. «Педагогика» // Алматы, 2003

  6. С.А.Козлова, Т.А.Куликова «Мектепке дейінгі педагогика» // Академия - 2015. – 188 б.

  7. Г.К.Ахметова, З.А.Исаева, Н.С. Әлқожаева «Педагогика» // - -

  8. Р.Қ.Аралбаева «Мектепке дейінгі педагогика» // Алматы – 2012. – 192 б.

  9. С.А.Козлова, Т.А.Куликова «Мектепке дейінгі педагогика» // Академия - 2015. – 196 б.

  10. Андабекова С. «Мектепке дейінгі педагогика» // Алматы – 2014. – 25-26 б.

  11. «Білім шапағаты» газеті, №12 шығарылым, 10 қараша 2013 жыл, 14 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет