Эстетикалық тәрбие Эстетикалық тәрбие дегеніміз баланың қоғамдық өмірдегі, табиғаттағы еңбектегі, тұрмыстағы, көркемөнердегі әсемдікті дұрыс қабылдау, түсіну қабілетін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны творчестволық жасап, өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады.
Өмірде«Эсетикалық тәрбие», «Көркемдік тәрбие», «Эстетикалық даму» деген үш түрлі түсінік бар:
Эстетикалық тәрбие – кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді.Эстетикалық тәрбие көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану процесінде, адамдармен қарым қатынас процесінде де тәрбиеленеді.
Көркемдік тәрбие- көркемөнер құралдары арқылы тәрбиелеу. Көркемдік тәрбие эстетикалық тәрбиенің ең негізгі бөлімі болып саналады.
Эстетикалық даму дегеніміз баланың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері мен творчестволық қабілетін ұштау, өмірдегі, көркемөнердегі әсемдікті түсініп қабылдауына, жан құбылысының тебіренуіне педагогикалық жағынан ықпал ету аоқылы баланың эстетикалық сезімін дамыту.
Эстетикалық сезім дегеніміз өмірдегі, көркемөнердегі, әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рақаттану. Ол- адамға ғана тән жоғары сезім.Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттеседі. Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдық пәктік және өмір меп өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбіне эстетикалың тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды. Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті болады және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының, ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін дұрыс пайдалану қажет. Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмеи етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынтады. [7]
Айналадағыларға деген эстетикалық, көзқарасты тәрбиелеу баланың жеке басының көптеген қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі. Бұл - жас кезеңдерді айқын ажырату қиын соғатын күрделі де ұзақ процесс. Сабақтарда жүргізілетін көркем тәрбие программасы біршама қалыпқа түсіріліп жазылған болуы мүмкін. Ғылыми зерттеулердің негізінде көркемдік іс-әрекеттің әр түрі бойынша білім мен дағдылар көлемін, сондай-ақ әр түрлі жас топтарындағы балалардың қабілеттері меп тәртіптілігінің даму деңгейін анықтауға қол жетті. Балабақшадағы тәрбиенің ең маңызды міндеттерінің бірі — баланы мектепке даярлау. Сондықтан мектепке даярлау тобының жұмыс мазмұны, онда қазіргі мектеп талаптары және оның даму перспективалары ескерілетіндей болып құрылады. Баланың мектепке даярлығы оның қажетті білім жәпе дағдыларды бойға жинақтауынан ғана емес, жаңа жағдайда еркін бағдарлау және әрекет ете білуінен де көрінеді. Егер педагог оқыту мен тәрбиелеудің кезеңінде балалардың бұрын игергендеріне сүйенсе және балаларды бұдан әлдеқайда жоғарырақ сатыларда күтіп түрған жаңалықтарды бағдар тұтса, бұл жағдайда оның жақсы нәтижелерге қолы жетеді. Эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмысты дұрыс үйымдастыру үшін оның әр түрлі жас топтарындағы балалар тәрбиесінің жалпы міндеттеріне сәйкес үлгі тұтарлықтай мазмұнын белгілеу нақтылы талантарын анықтау жөн. Бұл эстетпкалық тәрбие құралдары мен әдістерін іріктеуде кездейсоқтыққа, жүйесіздікке, біржақтылыққа ұшырамауға мүмкіндік береді, практик-педагогтарға жұмысты жоспарлауға, материалды белгілі бір ізге қоюға, оның түп мақсатын көруге көмектеседі. Эстетикалық тәрбие программасы өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетін қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтанып, сезімнің, бейімділік пеп қабілеттің дамуына бағытталған. Бұл қасиеттердің көрініс беруін және олардың дамуын қадағалау білім және дағдыны үйретудің нақты нәтижелерінен қиындау. Бұл дамудың бірізділігін анықтау маңызды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу үдерісі әрқашан нәтиже алу ықыласымен байланысты. Сол – соңғы нәтиже үшін педагогикалық ғылымның теориясы, жүйесі, технологиялары жасалып, практикамен тексеріледі, бекітіледі