Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет102/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘБУН

ӘБУН


76

Фараби  «Үлкен  музыка  кітабының» 

авторы ретінде әйгілі. Бұл – эстетика, 

психология, акустика, математика, ас- 

пан өнері проблемаларын қамтитын, 

жинақты шығарма. Осы трактат жа- 

йындағы кіріспе пікірлерден ізденіс-

зерттеудің  тыңнан  жүргізілгені,  со- 

қыр  сенім  атаулыдан  аулақ,  айқын 

творчестволық программаның алға қо- 

йылғаны көрінеді... Ол музыка прин- 

циптерін және соған қатысы бар мә- 

селелерді  зерттеумен  тынбайды.  Ол 

өзіміз  қолданып  жүрген  музыкалық 

аспаптарды  үйреніп  алғанға  дейін 

зерттеуін жүргізе береді. Сөйтіп осы 

аспаптардың көмегімен принциптер- 

дің қалай жүзеге асырылатынын көр- 

сетеді.

Фараби  еңбектерінде  музыканың 

адамның эстетикалық сезімдеріне қа- 

лайша  әсер  ететіндігі,  оның  әртүрлі 

жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін 

қалайша туғызатындағы, адамның эс- 

тетикалық  талғамы,  яғни  әсемдік 

пен  көріксіздікті  бағалай  алуы,  бір 

сөзбен айтқанда, оның талғамдарды 

қалыптастыруға  қалайша  әсер  ете- 

тіндігі сөз болады. Бұларда, сондай- 

ақ  эстетикалық  сезімдердің  дүние- 

дегі  әсемдік  пен  күйкі  заттарды  қа- 

былдаудағы атқаратын рөлі, музыка- 

ның  адам  организмін  бірқалыпты 

күйге  келтіруі  жайлы  әңгіме  бола- 

ды.  Фараби  жақсы  музыкалық  шы- 

ғармалардың  адамгершілік  қасиет- 

терді  қалыптастырудағы  маңызына 

тоқтала келіп, эстетикалық талғам мен 

этикалық ұғымның тығыз байланыс- 

та екендігіне ерекше назар аударады.

Ұлы ойшыл музыканың адамға беретін 

әсерінің  сырларын  дәлелдей  келіп, 

мұның адам өміріндегі алатын ғылы- 

ми зор маңызын былайша түсіндіре- 

ді:  «Бұл  ғылым  (музыка,  ән)  өзінің 

байсалдылығынан  айырылған  адам- 

ды түзеуге, қызба адамды бірқалып- 

ты ұстауға құдіреті әбден жетеді». 

Бізге эстетикалық сезімдердің әртүр- 

лі  жағымды,  жағымсыз  эмоциялар- 

дың жиынтығы екендігі, онда махаб- 

бат пен жек көрушілік, қуаныш пен 

қайғы, тағы осындай адамның толып 

жатқан көңіл күйлерінің тоқайласып 

жататындығы  белгілі.  Музыка  трак- 

таттарының  бірінде  Фараби  былай 

дейді:  музыканың  негізгі  мақсаты 

адамның  эстетикалық  қажетін  қана- 

ғаттандыру.  Бұл  поэзияға  да  ортақ 

қасиет,  өйткені  поэтикалық  тіл  мен 

музыка тілі бір-біріне етене қабысқан 

кезде ғана музыканың әсерлілігі арта 

түседі.  Адамзатқа  тән  ерекше  бір 

жақсы қасиет – өзін қоршаған дүние- 

нің  әсемдік  сырларына  үңілу,  содан 

рухани  нәр  алу,  өзінің  нәзік  сезімін 

образдар арқылы паш ету; «Музыка- 

ның ұлы кітабы» деген еңбегінде Фа- 

раби дауыс өнеріне үлкен мән беріп, 

оны жоғары бағалайды. Ән өнері адам 

жанының  нәзік  сезімін  бейнелейтін 

тамаша құралдардың бірі. Оны адам- 

зат  тарихынан  бөліп  қарау  мүмкін 

емес, өйткені, ол – адамдармен бірге 

өсіп, біте қайнап келе жатқан айны- 

мас жан серігі, өмір өткелінің сырла- 

рын дауыс арқылы бейнелейтін жан- 

ды тарих. Ежелгі дүниенің ұлы ойшы- 

лы Аристотель өзінің «Саясат» дейтін 

еңбегінде музыканың ізгі моральдық 

принциптерді қалыптастырудағы зор 

маңызы туралы айта келіп оны тәнді 

ширатып,  шыңдайтын  гимнастика- 

мен салыстырады, мұның адам ден- 

саулығына пайдасы мол екендігін ай- 

тады.  Тән  ауырғанда  көңілдің  күрт 

түсуі табиғи құбылыс. Сондай кездер- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет