77
де сазды әуеннің әсерімен көңіл сер-
гиді де адам жаны жай тауып, өзінің
ауру халін ұмыта бастайтын болады.
Фараби да осы пікірге қосылады. Му-
зыка бізді қиындыққа шыңдауға,
ауыр еңбекке төзуге көмек етеді. Сон-
дықтан да, кемеңгер ойшыл шаршап-
шалдығуды ұмыту үшін, көңілді жұ-
бату үшін ән салу қажет деп тапқан.
Фараби ұғымында ән және оған қа-
тысты аспаптар сезім, қиялды оята-
тын, сананы нұрландыратын болуы
керек. Музыкалық нағыз өнер мело-
дияларды (әуендерді) барынша тар-
тымды етіп орындауда көрінеді. Фа-
рабидің пікірінше, ән салудың түр-
лері де сан алуан. Мәселен, мұнда ро-
мансты, жоқтауды, мұңды лирикалық
шығарманы (элегияны) шақыруға
керекті қабілеттен төгілмелі өлеңді
термелеп (тақпақтап) айту немесе бас-
қа өлең түріне бейім дарындылық әр
түрлі болады.
«Музыканың ұлы кітабында» ол му-
зыкалық форманың үш түрі бар еке-
нін еске салады. Оның біріншісі адам-
да жай ғана рақат сезімін тудырады.
Екінші түрі – құмарлықты, іңкәрлікті
қоздырады. Музыканың үшінші түрі
қиялды оятып, санада небір ғажайып
бейнелердің тоғысуына жағдай жа-
сайды. Осы үш жайтқа бірдей ие
болған музыка ғана кемеліне келген
музыка болады. Ол бізге өлеңдей әсер
етеді, поэзияға ұқсас міндет атқара-
ды. Егер музыканы өлеңге лайықта-
са, оның әсері де, ондағы сөздер де
мәнерлене түседі. Мұндай жағдай тек
адамның даусы тудыратын музыкада
болады. Адам, тіпті, жануар да әдет-
те аса қуаныш сезіміне бөленгенде,
не ауыр қайғыға ұшырағанда сазды
дауыстар шығарады. Адамның да-
уысы көңіл күйінің басқа да жағ-
дайларына байланысты болады. Ол
қайғыны, мейірімділікті, ашуды біл-
діре алады. Музыкалық әуендер адам-
дардың жұмыс істеу кезінде, демалыс
сағаттарында, әр түрлі формада қиы-
сып келуі тиіс. Мәселен, жағымды
сезім оятатын музыка демалыс үшін
қолданылады, ол бізді жақсы тынық-
тырады, оның жұмыстан шаршаған-
дықты ұмыттырып, өзіне баурап әке-
тетін қасиеті де болады.
Ұлы ғұламаның музыкалық қабілет
(дарын) жөніндегі пікірлері де көңіл
аударарлықтай. Адамның мелодия
тудыра алу қабілеті ойлау әрекетіне
қарағанда ең негізгі қабілет болып
саналады. Теориялық музыка өнері
ақыл, ой-санамен тығыз байланысты,
тек осындай жағдайда ғана музыка ті-
лін жақсы түсінуге болады. Ғылым-
дардың қай саласы да табиғи түрде
кездесетіндігін, кейде бұлар өнердің,
іс-әрекеттің барысында туатынын ай-
та келіп, айырықша дарынды адам-
дарда жоғарыда айтылған музыка-
ның үш түрін бірден шығарарлық мүм-
кіндігі байқалады дейді ғалым. «Му-
зыканың ұлы кітабында» Фараби:
музыкалық қабілет адамның туыстан,
табиғатынан берілген дарыны, бұл
қабілет оның музыка шығармаларын
жасауына, оларды жанға жайлы етіп
тудыруына жағдай жасайды, мелодия-
ны санасына толық сәулелендіріп жат-
пай-ақ, суырып салатындай дарыны
бар музыканттар да болады, дегенді
ескертеді. Мәселен, мұндай дарыны бар
музыкант қатарына Фараби медине-
лік Мабаданды жатқызады. Кейбір му-
зыканттардың елестету, қиялдау қабі-
леті аса күшті болады. Олар музыка-
ны дыбыс сезіміне сүйенбей, яғни
Достарыңызбен бөлісу: