Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет104/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   877
ӘБУН

ӘБУН


78

есту мүшесінің жәрдемінсіз-ақ көңіл- 

де, жадында шығара алады. Музыка- 

ны қабылдауда адамның барлық түй- 

сіктерінің маңызы зор. Фараби ұғы- 

мында мұндай түйсіктер табиғи және 

табиғи  емес  болып  екіге  бөлінеді. 

Табиғи жағдайда түйсік жанға рақат 

таптырады. Табиғи емес жағдайда түй- 

сік  көңілдің  құмарлығын  онша  қан- 

дыра алмайды.

Жалпы  өнер,  ғылым  атаулының  бә- 

рі – зор дарын, арнаулы қабілет, өл- 

шеусіз  еңбек  сіңірудің  жемісі.  әл-

Фараби  адамның  музыкалық  қабі- 

летінің  дамып,  қалыптасуына  тума 

қасиеттермен қатар тіршілікте біртін- 

деп  қалыптасатын  образдарға  бай 

қиялдың  ақыл-парасатпен  қосақта- 

лып келуіне ерекше мән береді. Оның 

ойынша,  дарын-ақыл-парасат  пен 

қиялдың ойдағыдай қиылысқан жиын- 

тығы. Нағыз өнер үшін бұлар шын- 

дықпен жанаса келіп, ақиқат елес ту- 

дыруы қажет.

Фарабидің  музыка  туралы  айтқан- 

дарынан  мына  төмендегідей  кейбір 

педагогикалық  қорытындылар  да 

туындайды. Мәселен, музыка өнерінің 

әр түрлі бөліктерін оқудың, үйрену- 

дің арқасында ұғынуға болады. Шә- 

кірт алдымен үйретушінің әсерлі ме- 

лодияны (күйді) тудырған қимылына 

еліктеуге тырысады. Ол өзінің барлық 

көрген-естігенін айнытпай қайталау- 

ға  тиіс.  Естіген  музыканы  жадында 

берік сақтап, қиялына берік қондыра 

алатындай,  музыканы  бұлжытпай 

қайталай алатындай қабілетке жеткен- 

нен  кейін  барып,  ол  үлгіні  қажет 

етпейтін болады. Шәкірт бұл кезең- 

нен өткеннен кейін белгілі бір шығар- 

маны ешбір қиналмай-ақ, шапшаң да 

ептілікпен ойнау дәрежесіне жеткен- 

ге дейін жаттығады да, содан соң же- 

тік музыкант болып шығады. Сөйтіп, 

ол табиғи дарынның мүмкіндігіне асып 

түсетін дәрежеге түседі. Музыкалық 

шығарманы жаттап алып, есінде берік 

сақтау  үшін  шәкіртке  мол  тәжірибе 

керек  болады.  Мұнсыз  музыкалық 

идея  іске  аспай  қалады.  Ал  музыка 

шығарушылық мәселесіне келсек, ол 

үшін жан-жақты жаттығу қажет. Осы- 

мен қатар музыканың түрлерін (жанр- 

ларын) бір-бірімен салыстыра, мело- 

дияларды  талдай  ажыратып,  әрбір 

тонның (сазды үннің), дыбыстың әсе- 

рін мұқият бағалай білу керек. Шәкірт 

өз бетінше жаңа мелодия ойлап шы- 

ғару  дәрежесіне  жеткенше  бұл  жат- 

тығу жүргізіле беруі тиіс. Әл-Фараби- 

дің  психология  ғылымының  басқа 

да  салаларына  байланысты  айтқан 

салиқалы түйін-тұжырымдары тиісті 

жерлерінде сөз болып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет