Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет101/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘБУН

ӘБУН


75

неше  топқа  бөлінеді.  Мұның  бірін- 

шісіне кедей-кепшіктер жатады. Фа- 

рабидің  ұғымынша,  бұлар  ерекше 

қамқорлықты  қажет  ететін  адамдар. 

Мұндайлардың мұң-мұқтажын қана- 

ғаттандыруды үнемі естен шығармау 

керек.  Егер  адам  кедейлігін  айтып 

босқа мүләйімситін болса да, бірден 

жазғырмай аздап көмектесу қажет, яғ- 

ни оның тауын шақпаған дұрыс. Ал, 

шын  мағынасындағы  жарлы  адамға 

ерекше  көмек  жасау  қажет.  Фараби 

осындай топ өкілдерінің біріне мед- 

ресе шәкірттерін жатқызады. Кейбір 

шәкірттер, – дейді ол, – білім алуды 

өздерінің  қара  басының  қамы  үшін 

пайдаланғысы келеді. Бұл өте жаман 

әдет.  Мұндай  шәкірттердің  ісін  сын 

көзбен қарап, теріс мінездерін алды- 

мен  өздеріне  түзеттіру  жағын  ойла- 

ған жөн. Ал, мінезі әуелден түзу шә- 

кірттерге білім ешбір қиындықсыз қо- 

нады. Осыларды оқытып, тәрбиелеу- 

ге  ешуақытта  да  жалықпау  керек. 

Ұстазының жәрдем беріп, көмектесе- 

тіні  де  осындай  шәкірттер,  –  дейді 

ұлы ғұлама.

Ізгі қала тұрғындарының үшінші то- 

бына әлеуметтік жағдайы барша жұрт- 

тан жоғары тұратындар жатады. Бұл 

категорияға кіретіндер – қала басты- 

ғы, оның әртүрлі жәрдемшілері мен 

серіктері.  Фарабидің  айтуынша,  бұ- 

лардың да жақсы қылығын мадақтап, 

әділдігін жұртқа айтып отыру керек. Ал 

қала бастығының кемшілігін тікелей 

айтпай, жанамалап, үлгі-өнеге түрін- 

де, мақал-мәтелдер арқылы салысты- 

ра, яғни астарлы әсем сөздермен ғана 

сырласып отырулары тиіс. Осылайша 

өмір сүрген адам ғана өзіне де, өзінің 

қаласына да қиянат етпей, ар-ожданы 

таза адам болады. Фараби қоғамдық 

(әлеуметтік) психология саласында өз 

заманы үшін сындарлы пікір айтқан 

ұлы ойшыл. Оның осы мәселеге орай- 

лас  көптеген  пікірлері  қазіргі  әлеу- 

меттік  психологияның  кейбір  ғылы- 

ми  қағидаларымен  үндесіп  жатқан- 

дығы  былай  тұрсын,  бұлары,  тіпті, 

өзінің оригинальдығымен, күн тәрті- 

біне  алғаш  қойылуымен  жұрт  наза- 

рына  бірден  түседі.  Біздің  ойымыз- 

ша,  Фараби  осы  мәселе  жөнінен  де 

бүкіл Шығыс әлемінде алғаш ой тас- 

тап, өзін биіктен көрсете білген, өре- 

сі жоғары әмбебап ғұлама.

В). Фарабидің ән мен музыка жайлы 

толғаныстары. Оның осы төңіректегі 

ой-тұжырымдарын сөз еткенде біз ал- 

дымен  оның  музыка  саласында  тұ- 

жырымдаған басты принциптерін қа- 

растыруымыз  керек.  Әбу  Насыр  әл-

Фарабиден  бұрын  музыка  теориясы 

жөнінде біршама ғылыми пікір айт- 

қан Пифагор мектебінің өкілдері еді. 

Фараби болса өзінен бұрынғы музы- 

ка  теоретиктерінің  айтқандарын  те- 

рең зерттеп, олардың кем-кетік, ша- 

лағай  жерлерін  ғылыми  сарапқа  са- 

лып түсіндіреді.

Фараби музыканы математиканың ірі-

ірі жеті тарауының бірі деп санайды, 

ол  оны  екі  тұрғыдан  қарастырады. 

Мұның біріншісі – практикалық музы- 

ка да, екіншісі – теориялық музыка. 

Ғұлама, сөйтіп, музыканы ғылымның 

белді бір саласына жатқызады да, оны 

басқа ғылымдармен (математика, пси- 

хология, этика, философия т.б.) қосар- 

ластыра  қарайды.  Ұлы  ғалымның 

музыка саласындағы еңбектері жайлы 

«Философиялық трактаттардың» ал- 

ғы сөзінде былай делінген: Ибн Сина- 

ның даңқы, ең алдымен, «Медицина 

каноны»  арқылы  шыққан  болса,  әл-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет