Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет106/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘДЕП

ӘДЕП


79

«Хрестоматиясы»  2005  жылы  «Да- 

рын»  баспасы  арқылы  жарық  көрді. 

Соңғы оқу құралының орыс тіліндегі 

нұсқасы 1997 жылы «Рауан» баспасы- 

нан 108 мың тиражбен шықты.



ӘДЕПТІЛІК  –  халқымыздың  ұлт- 

тық  психологиясының  өзегі,  иман- 

дылық  пен  адамгершіліктің  басты 

белгісі, оның ғасырлар бойы қалып- 

тасқан  қоғамдық  санасының  прак- 

тикалық  көрінісі,  барлық  кісілік  қа- 

сиеттердің жиынтығы. Әрине, «Тауы- 

на  қарай  аңы,  заманына  қарай  за- 

ңы», «Әр елдің салты басқа, иті қа- 

ра  қасқа»  дегендей,  әдептіліктің  әр 

елде тарихи, әлеуметтік өзіндік ерек- 

шеліктері де болғандығы белгілі. Ал, 

қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі 

ешбір  тапты,  ұлтты,  нәсіл  мен  жы- 

ныс  айырмашылықтарын  алаламай- 

ды.  Онда  релятивизм,  абсолютизм, 

антитеза дегендер кездеспейді. Әдеп 

сақтау  отбасында,  ауыл-аймақ,  ел-

жұртта қалыптасқан мінез-құлық нор- 

маларын бұзбауға міндеттейді. Мұны 

бұзған  адамға  қауымдастық  атынан 

сол ұжымның өкілі өз пікірін айтуға, 

тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені 

әдеп сақтау  әлеуметтік дәстүр. Әдеп 

сақтаудың  экологиялық  астары  да 

бар.


Әдепті  адам  табиғаттың  досы,  оны 

қызғыштай  қорғай  да  біледі.  Таби- 

ғаттың әсемдігі мен сұлулығына, әде- 

мілігіне әрбір адам зиян келтірмеуге 

тиіс. Мәселен, суды ластау, талды ке- 

су, қайнардың көзін ашпау, жолдағы 

тасты алып тастамау, көкті жұлу, ақ- 

қуды  ату,  құдыққа  түкіру    барып 

тұрған әдепсіздік. Әдеп сақтау  мі- 

нез-құлық  пен  қарым-қатынастың 

қалыптасқан,  халықтың  өзіндік  мі- 

нез-құлық кодексі.

Осы  ереже  бұзылса,  халықтық  дәс- 

түр  де  бұзылады,  ұлттық  намысқа 

нұқсан келеді. Әдеп сақтау  халық- 

тық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіп- 

ке, құлдық етіп, еріксіз бағыну емес, 

бұл ата дәстүрді құрметтеу, қастерлеу, 

дәл айтқанда адамгершілік борышты 

өтеу.  «Әдептілік    әдемілік»  дейді 

халық.  Әдептілік    ізеттілік,  кіші- 

пейілділік, көпшілдік деген сөз. Отба- 

сындағы  әдептілікті  де  әлеуметтік 

қарым-қатынастың  негізі  ретінде, 

әр адам қатаң қадағалап, бұзуға жол 

бермей, оны қалыптасқан ереже деп 

түсінуі қажет. Талап қою, әдептіліктің 

орындалуын талап ету  бүкіл қазақ 

жұртының,  оның  мың-мыңдаған  әу- 

леттерінің қастерлі міндеті.



ӘДЕТ – адамның іс-әрекетіндегі мі- 

нез-қылығына  байланысты  тұрақты 

қасиеті.  Психологиялық  тұрғыдан 

алғанда Ә. адамның белгілі бір іс-әре- 

кет  түрін  бұрынғы  өмір  тәжірибе- 

сінде  қалыптасқан  дағдылары  мен 

біліміне сүйене отырып жүзеге асыру- 

ға септігін тигізеді. Адамның тарихи 

дамуында  ол  көпшіліктің  игілігіне, 

әдет-ғұрып,  салт-дәстүрге  айналып, 

халықтық сипат алуы мүмкін. Ә. адам- 

ның  қажеттілігін  өтеуге  сәйкес  қай- 

таланып  отыратын  әрекет.  Ол  адам- 

ның кез келген іс-әрекетінің түрінде 

кездеседі.  Еңбек  сүйгіштік,  жақын 

адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау 

алдында  серуендеп,  жуынып-шайы- 

ну  –  әдеттің  ұнамды  әрі  пайдалы 

түрлері. Ал ұстамсыздық, біреудің сө- 

зіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу 

– әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағым- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет