127
барып біртіндеп ой тізбегі пайда
болады. Үш жастағы бала үлкендер-
дің сөзін (тақпақ, өлең, ертек) тыңдау-
ға өте әуес келеді. Осыдан барып
баланың ой-өрісін өсірудің, оған тәр-
бие берудің алғашқы сатысы баста-
лады. Сөздік сигналдар бөбектердің
мінез-құлқын тәрбиелеудегі шешуші
рөлге ие бола отырып, тәрбиешілерге
де зор міндет жүктейтіні сөзсіз. Осы
кезден бастап балалардың сөйлеу бел-
сенділігін арттыру үшін, ересек адам-
дар баламен үнемі сөйлесіп, пікірле-
сіп отырулары керек. Екі жасқа қа-
рай балада бір сөзден құралатын жай
сөйлемдер, одан былай қарай екі-үш
сөзден құралатын жай сөйлемдер
туады. Екі жастың аяғында тіл даму-
дың жаңа кезеңі басталады. Бұл ке-
зеңде бала ана тілінің көлемінде бі-
раз сөздерді, атауларды меңгереді.
Жанұяда жақсы тәрбие алған бала-
ның осы уақыттағы сөздік қоры 800-
1000-ға дейін жетеді. Бала кішкентай
өлеңдер мен ертектерді тез жаттап
алатын болады. Бұл айтылғандар оның
барлық психикалық процестерінің
дамуына (қабылдау, ес, ойлау, ерік т.б.)
қолайлы жағдайлар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: